Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коршаган орта Көшкінбаев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
346.85 Кб
Скачать

2.Жер биосферасына ғаламшарлық деңгейдегі экожүйеретінде сипаттама беріңіз

  Экологиялық жүйелер  

 Экологияның ең негізгі объектісі  экологиялық жүйе,немесе  эко  жүйе   тірі организмдер жиынтығының   қоректену ,  өсу және   ұрпақ  беру мақсатында белгілі бір   тіршілік  ету кеңестігін бірлесе  пайдалануын  тарихи қалыптасқан жүйесі.  Функциялық   тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста  болатын құраыштары бар кез келген  бірлікті  экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы  бірінші рет  ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили  эко жүйенің құрамына организмдерде обиотикалық  орта да  керетін  жер бетіндегі тірі табиғатынтың  негізгі функциясының  бірлігі деп есептеуі және  оның әр бөлігінің  екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады.  Былайша айтқанда экожүйе – заттектердің айналымы мен  энергия тасмалдануы жүретін  табиғи бірлік . Экожүйеде заттектер  айналымының  жүруіне  органикалық малекулалардың сінімділік  түрде белгілі қоры және  орагнизмнің  үш функцияоналды әр түрлі  экологиялық топтары ,   продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек.                                                                                          

Жердегі алғаш организмдер гетеретрофты  болған. Автротрофтар органикалық заттарды синтездесе , гетеретрофтар олармен қоректенелі. Соның нәтижесінде органикалық заттар ыдырайды.

Энергиясы бар экожүйенің ішінде органикалық  заттар автотрофты ағзалармен түзіліп, гетеретрофтар үшін қорек көзі болып  табылады. Қарапайым мысал: жануар өсімдікті жейді. Бұл жануарды кезегінде басқа жануар жеуі мүмкін, осындай жолмен бірқатар ағзалар арқылы энергия тасымалдау жүреді-әрбір келесісі оған шикізат пен энергия беретін алдыңғысымен қоректенеді. Мұндай бірізділік қоректік тізбек деп, ал оның әрбір түйіні – нәрлену деңгейі деп аталады. Бірінші нәрлену деңгейін автотрофтар немесе бірінші реттік продуценттер деп аталына алады. Екінші нәрлену деңгейіндегі ағзалар – бірінші реттік консументтер, үшіншідегілер – екінші ретті консументтер т.б деп аталады. Әдетте төрт немесе бес нәрлену деңгейлері болады, алтыдан асатындары сирек.

3.Биосферадағыорганизмдердіңтүрәралуандылығын, ондағысистематикалықжәнефункционалдықтоптардыңарақатынасынсипаттаңыз

 Биоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті – тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады. Ал ең ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуына оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады. Биосфераның геологиялық тарихының барысында онда тіршілік ететін ағзаларының түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр белгілі бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10-30 млн жыл түрлерінің ішінде өмірі өте қысқа (бірнеше мың) және ұзақ өмір сүретін түрлер – тірі қазбалар да бар. Мысалы, мүктер өзгермеген қалпында шамамен 500 млн жыл , жалаңаш тұқымды ағаш – гингко дәуірінен бері 150 млн жыл тіршілік етіп келеді. Жануарларының ішінен тірі туатын балық латимерияны атауға болады. Ол 60 млн жыл бұрын жойылып кеткен деп есептелінді. Бірақ 1938 жылы Комор аралдарының маңынан табылған.  Экология ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді. Бұл бөлімдерде биоалуантүрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекше туындысы ескеріледі. Олардың арқасында көрсеткіші құрылады, қоршаған ортаға төзімділікті қамтамасыз етеді. Биоалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды. Біз биоалуантүрлілік жайында сөз еткенде, ең біріншіден көптеген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін жатқызамыз. Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және өсімтал ұрпақ береді. Сол уақытта кейбір даралар түрлері басқа даралар түрлерімен еркін шағылыса алмайды. Ғалымдар әрдайым жаңа жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін сипаттап, жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы түрлердің нақты санын ешкім келтіріп бере алмайды. Алайда жануарлардың түрлері өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың, бактериялардың санынан әлдеқайда басым түседі. Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануалардың 173 түрі (109 құстар және 65 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті.  П. Ревелль мен Ч. Ревельдің болжамы бойынша алдағы 20 жылда миллионға жуық түрлер жойылып кетуі мүмкін. Олардың көпшілігі тропиктік ормандарды мекендеушілер.  Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60 пайызы жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану , содан кейінгі орында азық қорының кемуі, зиянкестерді жою және кездейсоқ жемтік тұр.  Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Табиғи ресурстары мен табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған. 

4. Құрлықтық экожүйелердің құрылымдық ерекшеліктері мен өнімділігін сипаттаңыз Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе . Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да керетін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе – зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары:продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек. Жердегі алғаш организмдер гетеретрофты  болған. Автротрофтар органикалық заттарды синтездесе , гетеретрофтар олармен қоректенелі. Соның нәтижесінде органикалық заттар ыдырайды. Энергиясы бар экожүйенің ішінде органикалық  заттар автотрофты ағзалармен түзіліп, гетеретрофтар үшін қорек көзі болып  табылады. Қарапайым мысал: жануар өсімдікті жейді. Бұл жануарды кезегінде басқа жануар жеуі мүмкін, осындай жолмен бірқатар ағзалар арқылы энергия тасымалдау жүреді-әрбір келесісі оған шикізат пен энергия беретін алдыңғысымен қоректенеді. Мұндай бірізділік қоректік тізбек деп, ал оның әрбір түйіні – нәрлену деңгейі деп аталады. Бірінші нәрлену деңгейін автотрофтар немесе бірінші реттік продуценттер деп аталына алады. Екінші нәрлену деңгейіндегі ағзалар – бірінші реттік консументтер, үшіншідегілер – екінші ретті консументтер т.б деп аталады. Әдетте төрт немесе бес нәрлену деңгейлері болады, алтыдан асатындары сирек Продуценттерге (бірінші ретті өнімді өндірушілер) өздерінің денелерін бейорганикалық қосылыстар есебінен құратын автоторлық организм жатады. Олар өздеріне қажетті органикалық  заттектерді Күн энергиясын  пайдаланып,  бейорганикалық заттектерден өздігінен  өндіре алатын тірі оргнизм .  Автотрофты  организмдерге жасыл өсімдіктер,  балдырлар мен фототрофты  бактериялар жатады. Су экожүйелерінде басты продуценттер мұхиттар мен көлдердің үстіңгі қабатының фитопланктонын құрайтындар көбінесе ұсақ болып келетін бір жасушалы ағзалар – балдырлар болып табылады. Құрлықта өнімнің басым бөлігін жалаңаш тұқымдастар мен жабық тұқымдыларға жататын дене құрылысы жоғарырақ түрлер құрайды. Олар ормандар мен далаларда ұшырасады.

5.Сулық экожүйелердің құрылымдықерекшеліктері мен өнімділігін сипаттаңыз. Су физикалық, химиялық тұрғыдан қарағанда ең күрюделі заттың біріне жатады. Оның таза алу өте қиын.Таза су барлық уақытта жеңіл су(Н2О)мен аз мөлшерде ауыр және аса ауыр судан тұрады. Академик А.Карпинский су туралы былай деген. «Су-ең бағалы байлық» Су-тек минералды шикі зат.Ол тек өнеркәсіп пен ауылшаруашылығын дамытушы ғана емес,сонымен бірге өмір жоқ жерге тіршілік сыйлайтын ыстық қан.Су-тірі материаның негізі. Қазіргі кезде сулы ортада тіршілік ететін жану-арлар түрінің саны 150000 немесе олардың жалпы санының 7% ал суда өсетін өсімдіктер түрінің саны 10 000 (80%) жануарлардың ішінде балықтың шамамен 1600 түрі,былқылдақденелілердің ішінде 80 000 түрі,шаянтәрізді-лердің ішінде 20 000-нан астам түрі,қарапайымдылардың 15000-ға жуық түрі және т.б бар.Жануарлардың дене массасының орта есеппен 75% кейбір өсім-діктер массасының 89-90%судан тұрады.Су бетіне түсетін жылу энергияның бір бөлігі тойтарылса, екінші бөлігі булану процесіне жұмсалады.Су қойма-ларының бетінде өтетін булану төменгі су қабаттарының қатты ысуына кедергі жасаса,беткі қабаттың мұздануы мұз түзілгенде жылудың бөлуіне байланысты төменгі қабаттардың салқындауын бәсеңдетеді. Су қоймаларында температураның су қабатының орналасуына байланысты таралуына тікелей стратификация деп атайды.Қыста беттік қабаттан төменгі қабаттарға қарай температураның жоғарылауын кері страфикация деп атайды. Судың тағы бір маңызы мынада:Атмосферада негізінен су булы және тамшылы түрімен мұз кристалдары ретінде болады.Су күн сәулесінің жер бетіне өтуіне айтарлықтай кедергі жасамағанымен жерден шығатын жылуды жібермейді ол планетадағы жылу байланысын реттеп отырушы да.Судың ең негізгі қасиеті ол тіршілік ортасы және барлық организмдердің тіршілігіне қажетті оттектің көзі.Су ең жақсы еріткіш,осыған байланысты барлық өнеркәсіптерде, ауыл шаруашылығында үй-жай,тағы да басқа шаруашылықтарда кеңінен қолданылады.Судың гигиеналық маңызы зор.Ол адам денесін үй-жайды,күнделікті қолданылатын бұйымдарды және т.б.таза санитарлық жағдайда ұстауға пайдаланылады. Жер шарының сулы аудандарының жиынтығын гидросфера деп атайды.Гидросфераға:мұхиттар,теңіздер,өзендер,тоғандар,ми батпақ,топырақтағы,жер астындағы және атмосфералық ауадағы сулар кіреді.Дүние жүзінің ¾ бөлігі су.Мұхит пен теңіздердің жалпы аудандары құрғақ территорияның ауданынан 2,5есе артық.Гидросфера биосфераның басқа бөліктері-литосфера (жер асты сулары),атмосфера(булы дымқыл) және оларда тіршілік ететін тірі организмдермен тығыз байланысты.Гидросфераның жалпы жер көлемі 1455 млн км3. .Жалпы су қорының 97,5% тұзды минаралды болып келеді. Теңіз(мұхит) суарын ерітінді деп есептеуге болады,себебі бұл сулардың құрамындағы тұздардың мөлшері орта есеппен 35г/кг. Менделеев периодтық системасындағы барлық элементтер жер бетіндегі сулардың құрамында(жер асты суларында 62-сі)кез-деседі.Бірақта олардың ішінде теңіз суларының негізгі тұздылығын құрайтындарға натрий,магний,кальций катиондары мен хлорид, карбонат,сульфат аниондарын жатқызуға болады.Басқа химиялық элементтердің мөлшері негізгі иондардікі мен салыстырғанда анағұрлым төмен болғанымен,олардың теңіз бен теңіздегі тірі организмдерде жүретін химиялық процестерге қосатын үлесі өте зор.Олардың ішінде тірі организмдер өз тіршіліктеріне пайдалана-тын азотты,фосфорды,кремнийді еркше атап өтуге болады,бұл элементтердің теңіз суындағы мөлшерін реттеп отыратын теңізде тіршілік ететін жан-жануарлар мен өсімдіктер.

6.Экожүйелердің өзгеруіндегі ортақ үрдістерді (тенденцияларды) және Жердегі биологиялық әралуандылық қатөнген қатерлерді қысқаша сипаттаңыз.. Биоалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды. Біз биоалуантүрлілік жайында сөз еткенде, ең біріншіден көптеген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін жатқызамыз. Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және өсімтал ұрпақ береді. Сол уақытта кейбір даралар түрлері басқа даралар түрлерімен еркін шағылыса алмайды. Ғалымдар әрдайым жаңа жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін сипаттап, жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы түрлердің нақты санын ешкім келтіріп бере алмайды. Алайда жануарлардың түрлері өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың, бактериялардың санынан әлдеқайда басым түседі. Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануалардың 173 түрі (109 құстар және 65 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті.  П. Ревелль мен Ч. Ревельдің болжамы бойынша алдағы 20 жылда миллионға жуық түрлер жойылып кетуі мүмкін. Олардың көпшілігі тропиктік ормандарды мекендеушілер.  Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60 пайызы жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану , содан кейінгі орында азық қорының кемуі, зиянкестерді жою және кездейсоқ жемтік тұр.  Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Табиғи ресурстары мен табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған. Қазақстанның экожүйесі Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлілік бірегейлігімен ерекшелінеді. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті іc жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсімдіктер мен жануарлардың бөгде түрлердің жерсінуі де биоәртүрлілікті жоғалтудың алаңдатар жәйі деп танылды. Биоәртүрлілікті сақтаудың неғұрлым тиімді шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-ін құрайды, бұл биологиялық әртүрліліктің экологиялық теңгерімін сақтау үшін тым жеткіліксіз және 10%-ті құрайтын әлемдік стандарттардан төмен. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейін олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейін Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында биоәртүрлілік объектілерінің жай-күйін бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін ұлғайту және қазіргі табиғи және антропогендік процестерді ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған аумақтарда қалпына келтіру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерін сақтау, елдің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және «Адам және биосфера» бағдарламасы шеңберіндегі биосфералық аумақтар тізіміне енгізу жөніндегі шараларды іске асыру қажет. Республика аумағының небәрі 4,2%-ін алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени мәнін, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің табиғи резерваттары ретіндегі олардың орасан рөлін ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру жөніндегі шұғыл шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін 2006 жылға дейін мемлекеттік биосфералық резерваттардың желісін қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу қажет.Соңғы уақытта, әлемде кең таралған генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдерді әкелу Қазақстан үшін елеулі сыртқы қатер болып отыр. Бүкіл әлем бойынша генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдердің кең таралу қауіптілігін ескере отырып, Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияның Биоқауіпсіздік жөніндегі Картахена хаттамасы қол қоюға алынды. Қазақстанның Картахена хаттамасына қол қоюы өзге елдердің біздің еліміздің аумағында генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдерді трансшекаралық өткізуімен байланысты қызметті жүзеге асырудағы жауапкершіліктерін арттыруға, оларды елге әкелуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға, зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ісінде өзара көмекті, сондай-ақ биотехнологиялар саласындағы ақпарат алмасуды қоса, халықаралық тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.