- •1.Экология ғылымындағы «биоценоз», «биогеоцено», «экожүйе» ұғымдарының арақатынасын түсіндір.
- •2.Жер биосферасына ғаламшарлық деңгейдегі экожүйеретінде сипаттама беріңіз
- •3.Биосферадағыорганизмдердіңтүрәралуандылығын, ондағысистематикалықжәнефункционалдықтоптардыңарақатынасынсипаттаңыз
- •7. Экологиялық мониторинг ұғымына анықтама беріңіз, мониторинг түрлерін қысқаша сипаттаңыз.
- •Ластаушы көздер мониторингі
- •Аймақтық мониторинг
- •8. Экожүйелердің орнықтылығы мен биологиялық әралуандылығы арасындағы байланыстылықты мысалдар арқылы түсіндіріңіз.
- •9 Мемлекет деңгейінде және жекелеген аймақтарда флора мен фауна өкілдерін түгендеудің (инвентаризация жүргізудің) биологиялыұ әралуандылықты сақтау үшін маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •10. Мемлекеттік карантин қызметінің Қазақстандағы биологиялық әралуандылықты сақтап қалуға қосатын үлесін бағалаңыз.
- •11. Экожүйелердің күйін бағалаудың тікелей және жанама әдістеріне мысалдар келтіріңіз
- •12. Эталондық экожүйелер туралы түсінік, эталондық экожүйелердің мониторингтік зерттеулер жүргізудегі маңызын сипаттаңыз
- •13. Сулы–батпақты алқаптарды мекендейтін құстарды қоррғауға бағытталған маңызды құжат Рамсар конвенциясының негізгі қағидаттарын тұжырымдаңыз
- •Қорғалатын сулы-батпақты жерлер жүйесін құру.
- •14. Халықаралық маңызы бар экожүйе есептелетін Алакөл–Сасықкөл көлдер жүйесіне сипаттама беріңіз
- •20 Жойылып кету қауіпі төнген түрлерді in-situ және ex-situ сақтап қалу туралы түсінік, бүл әдістердің қолданылу әдістері
- •24. Таукен өнеркәсібінің қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы сипаттаңыз
- •25. Мұнай және газ өнеркәсібінің қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы көрсетіңіз
- •26. Жайылымдық мал шаруашылығының қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы сипаттаңыз
- •27. Егін шаруашылығының қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әссерін мысалдар арқылы сипаттаныз
- •28. Рекреация және туризм салаларының қошаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әссерін бағалаңыз
- •30. Биологиялық әралуандылық туралы конвенцияға сәйкес, биологиялық ресурстарды сақтау және орнықты пайдаланудың қағидаттары.
- •31. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың Қазақстан экожүйелерінде көрініс табуы, мысалдар.
- •32. Өсімдіктер және жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрын құрудың экологиялық маңызын, кадастр құру прициптерін қысқаша түсіндіріңіз.
- •34. Биологиялық әралуандылық туралы Конвенцияға сәйкес «биологиялық әралуандылық» ұғымын түсіндіріп өтіңіз
- •35. Биологиялық әралуандылықты сақтап қалудағы халықаралық ынтымақтастық принциптеріне сәйкес, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі міндеттемелерін баяндаңыз
- •36.Биологиялық әралуандылықты сақтап қалу мақсатында «Ғаламдық экологиялық қордың шағын гранттары бағдарламасы» бойынша Қазақстанда атқарылған жобаларға баға беріңіз
- •37.Қазақстанның шөлді аймақтарының биологиялық әралуандылығына қатер төндіретін факторларға талдау жасаңыз
- •38. Қазақстанның таулы аймақтарының биологиялық әралуандылығына қатер төндіретін факторларды талдаңыз
- •39. «Халықаралық қызыл кітаптың» мақсатын және құрылу принципін қысқаша баяндаңыз
- •40. Кәсіби және әуесқойлық (спорттық) аңшылықтың қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін бағалаңыз
- •41 Кәсіби және әуесқойлық (спорттық) аңшылықтың қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін бағалаңыз
- •43. Табиғи және антропогендік экожүйелер: олардың арасындағы ұқсастықтар және айырмашылықтарын көрсететін кесте құрастырыңыз
- •44. Еуразияның неғұлым ірі құрлықтық биомдарына сипаттама беріңіз
- •45. Мемлекеттік табиғи қорықтар міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз
- •46. Мемлекеттік табиғи қорықшалардың (заказниктердің) міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз.
- •48 Биосфералық резерваттардың құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіріңіз, міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз
- •49 Хайуанат бақтары мен ботаникалық бақтардың биологиялық әралуандылықты сақтауға қосатын үлесін сипатаңыз
- •50 Ех situ жағдайларда өсірілген жануарларды табиғи ортаға қайтарудағы қиыншылықтарды нақты мысалдар арқылы түсіндіріңіз
- •51.«Қазақстанның қызыл
- •52. Табиғи экожүйелер антропогендік экожүйелерге қарағанда орнықты болып есептеледі, осындай көзқарасты жақтайтын дәлелдер келтіріңіз
- •53. Әлемдегі неғұрлым ірі экожүйелердегі адамның іс-әрекеті нәтижесінде болған өзгерістерді сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •54. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде бүлінген экожүйелерді қалпына келтіруге қатысты проблемаларға шолу жасчаңыз.
- •56.Құрлықтықэкожүйелердегіфункционалдықтоптардың (продуценттер, консументтер, редуценттер) арасалмағынсипаттайтындиаграммаларқұрастырыңыз
- •57.Сулық экожүйелердегі функционалдық топтардың (продуценттер, консументтер, редуценттер) арасалмағын сипаттайтын диаграммалар құрастырыңыз
- •59. Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи териториялардың категорияларын сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •60. Арал теңізі аймағының экологиялық проблемалары, аймақ проблемаларын шешуге қатысты жобаларға талдау жасаңыз
34. Биологиялық әралуандылық туралы Конвенцияға сәйкес «биологиялық әралуандылық» ұғымын түсіндіріп өтіңіз
Биологиялық сан алуандықты сақтаудағы және биологиялық ресурстарды тиiмдi пайдаланудағы жауапкершiлiктi, 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта және даму жөнiндегi Конференциясында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қол қойылған биологиялық сан алуандық туралы Конвенцияға ҚР мүше болды.
Конвенция бойынша «биоалуантүрлілік» дегеніміз түрлі тірі организм мекен ететін жерлердегі, атап айтсақ, жер беті, өзен және өзге де экожүйе мен эко-кешенде мекен етіп, сол жердің бөлшегі саналатын организмдер жиынтығы; бұл түсінік өзінің құрамына түр, түраралық, экожүйеаралық алуантүрлілік мағынасын ендіреді.
Жер шарында биоалуантүрлілікті сақтау және жануарлар мен өсімдік түрлерінің биоресурстарын тиімді пайдалану – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі. Осы мәселелерді реттейтін экологиялық алуантүрлілікті сақтау жөнінде халықаралық келісім бар. Ол келісім 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның Қоршаған орта және даму жөніндегі конференциясында әлемдік конвенция қабылданды. 1993 жылғы конвенцияға 168 мемлекет (Қазақстан да бар) қол қойды. Конвенцияға қатысқан елдер өздеріне қандай міндеттер алды? Атап айтар болсақ, әрбір мемлекет өз ресурстарын табиғат қорғау саласындағы саясатының негізінде қолдана алады және іс-әрекеттері өзге мемлекеттер мен өңірлердің табиғатына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге жауапты. Биологиялық алуантүрлілікті сақ-тау, тұрақты әрі тиімді пайдалану мақсатын- да басқа да ортақ мүддесі болған жағдайда мүмкіндігіне байланысты бірігіп, іс-әрекет жасайды. Биологиялық алуантүрліліктің құрамдарына, оны сақтауға және тұрақты әрі тиімді пайдалануға кері ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін процестерге, оның зардаптарына тұрақты бақылау (мониторинг) жүргізіледі. Биологиялық алуантүрлілікті және оның құрамын сақтау және тұрақты, тиімді пайдалану шараларын іске асыру мақсатында мамандарды оқыту және даярлау бағдарламаларын дайындайды және іске асырады, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді. 1993 жылы 29 желтоқсанда биология-лық алуантүрлілік туралы конвенция күшіне енді. Сондықтан 29 желтоқсан – Халықаралық алуантүрлілік күні болып есептеледі. Қазақстан конвенцияға 1994 жылы ғана кірді. Негізі, Қазақстанның экожүйесі күрделі және ерекше болып келеді. Өз жерімізде өсетін өсімдіктердің 500-ге жуық түріне қазір жоғалып кету қаупі төніп тұр. Қазақстанда тіркелген омыртқалылардың 236 түрі Қызыл кітапқа енген. Ұя тепкен құстардың 14 түрі жаһандық маңызы бар құстар болып табылады, оларға да қауіп-қатер бар. Мемлекетіміздің экологиясына, табиғатына байланысты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында республикамызда 2004–2015 жылдарға арналған Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі туралы концепция қабылданды. Осыған байланысты биоалуантүрлілікті сақтап қалу үшін мемлекетімізде ерекше күзетілетін табиғи аймақтар құрылды. Қазақстанда оның аумағы 13,5 млн гектарды немесе 4,6 пайызды құрайды. Экологтардың айтуынша, бұл экологиялық тепе-теңдікті сақтауға жеткіліксіз. Әлемдік стандарт – 10 пайыз. Сондықтан да дамыту және орналастыру концепциясы бойынша ерекше күзетілетін табиғи аймақтарды 17,5 млн гектарға дейін арттыруы көзделіп отыр.
