Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ебекті орау силлабус.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228.35 Кб
Скачать

Ф-ӘД-001/026

Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті әлеуметтік ғылымдар факультеті құқықтану кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Факультет деканы, э.ғ.д., профессор

Ыдырыс С.С ______________

«___». ___ . 2015 ж.

EK 4401 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ пәнінің

Силлабусы

Мамандық аты, шифры: Барлық мамандықтарға арналған

Оқу формасы: күндізгі ___________

Курс: ІV _

7 сем

8 сем

Барлығы:

Кредит/ЕСТS саны

2

2

Сағат саны

Лекция:

Практикалық

_____15_______

_____________

_____15_______

Семинар:

15

15

Лабораториялық

ОБСӨЖ:

15

15

СӨЖ:

15

15

Аралық бақылау (АБ)

2

2

Қорытынды бақылау:

емтихан

емтихан

Силлабусты құрастырған: аға оқытушы Алимбаева А.А.

Мекен жайы, тел. және Е-mail: Түркістан қаласы, aktolkin 15@mail.ru

Кафедрадағы жұмыс уақыты: 09:00-18:00.,

СӨЖ қабылдау мен кеңес беру күндері, уақыты және орны: Сәрсенбі сағ: 09.00 -17.00 кафедрада

Түркістан 2015 ж

Силлабус ҚР БҒМ «___».___.______ ж. №___ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары ХҚТУ-нің Оқу-әдістемелік кеңесінің «___».___. 2015 ж. №___ хаттамасымен бекітілген оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Силлабус кафедраның «___».___. 2015 ж. (Хаттама №__) мәжілісінде талқыланды.

Кафедра меңгерушісі: З.ғ.к., (Phd) қау. профессор Битемиров Қ.Т

Силлабус факультеттің «___».___. 2015 ж. (Хаттама №__) ОӘК-де қаралып, мақұлданды.

Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, э.ғ.к., доцент м.а.: Маханбетова Ұ.Р

  1. КІРІСПЕ

Пәннің мақсаты: «Еңбекті қорғау» пәні студенттерге мамандығы бойынша еңбек қатынастарына түскен кезде, өндірісте ҚР Еңбек заңдарымен көзделген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды, еңбекті қорғауды ұйымдастыруды, еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және бақылауды, қызметкерлердің еңбекті қорғау кепілдіктері, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеру мен есепке алу тәртіптерін оқытып үйрету.

Пәннің міндеттері: Пәннің міндеттері мынадай: студенттерді еңбек жағдайларымен таныстыру; еңбекті бағалау критерийлерін зерделеу және жүктемелерді өлшеу; еңбек сапасын бағалау әдістерін зерделеу. Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттер міндетті: жалпы және жеке гигиенасы туралы; еңбек гигиенасының қолданбалы бағыттары жөнінде туралы түсінікке ие болуға; төтенше жағдайда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін арттыратын жолдар мен әдістерін, төтенше жағдайды болжау және оның салдарын жою әдістерін білуге; физиологиялық және психологиялық жұмыстық жүктемелерді өлшей және талдай білу, еңбек жағдайларының сапасын бағалауды істей білуге; еңбек процесінің ауырлығы мен қызулығын, өндірістік ортаның элементтені гигиеналық бағалауды ескере отырып, оқулық және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеудің, еңбек жағдайларын гигиеналық бағалаудың практикалық дағдыларды меңгеруге; құқықтарын қорғап білуге және жауапкершілікті сезіне білуге т.б. үйрету.

Білім беру бағдарламалары құрылымындағы пәннің орны және қысқаша мазмұны:

Еңбекті қорғау дегеніміз - қызметкерлердің еңбек қызметі барысында еңбегін, денсаулығын, құқығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Еңбекті қорғау пәні-еңбек қызметі барысындағы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қатынастарын оқытатын пән болып табылады. Еңбекті қорғау курсы–қоғамдық еңбек қатынастарында қызметкерлер мен жұмысшылардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдік-профилактикалық, сауықтыру және басқа да шаралар мен құралдарды қосқандағы еңбек қызметі процесіндегі жұмысшының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрылымы мен қызметін таныстырады.

Құзыреттер және пәнді меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптар