Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции_ХСС_каз._30.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Тақырыбы: Халықаралық стандарттауға қатысатын халықаралық ұйымдар

Дәріс жоспары:

  1. Еуропалық экономикалық комиссияның негізгі міндеттері

  2. ООНның өндірістік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО)

  3. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ)

Еуропалық экономикалық комиссия ООН (ЕЭК ООН) – ООНның экономикалық және әлеуметтік кеңесінің органы. Стандарттау саласындағы негізгі міндеті – үкімет деңгейіндегі негізгі бағыттар мен осы саладағы басымдылықты анықтауды дамыту.

ЕЭКтің ұйымдық құрылымы

Жұмысшы топ – стандарттау саласындағы саясат сұрақтарымен айналысады

Көлік комиссиясы – көлік заттарын жаңарту Ережелерін дайындайды

Ауыл шаруашылығы комитеті – ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау мен сертификаттау

Орман комитеті – орман тауарларын стандарттау, сертификаттау және оның сапа бақылауы

Елді мекен комитеті – құрылыс өнімінің бірдей сапа нормаларын қабылдауға келісім беру

Көмір бойынша жұмысшы топ – көмірді классификациялаудың халықаралық жүйесі

ООНның өндірістік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО)

Ұйымның мақсаты – жеке және бірегей қызмет арқылы халықтың тамақ пен өмір деңгейін жалпы қызметтестік арқылы көтеру, өнімнің тиімділігін арттыру және өндірістік пен ауылшаруашылық өнімдерін бөліп беру, ауыл шаруашылық өмірінің деңгейін жақсарту.

Ұйымдық құрылым:

  • жер мен суды дамыту бөлімі (ирригация, кәріз мәселесі, ауыл мекенін сумен қамтамасыздандыру);

  • ауылшаруашылық техника бөлімі – ауылшаруашылық жұмыстарының механизациясы, ауыл құрылысы;

  • өсімдіктерді өсіру мен қорғау бөлімі;

  • атомдық энергияны тамақ өндірісінде және ауыл шаруашылығында қолдану бойынша жануар өнімдері, орман ресурстары, орман өнеркәсібі мен саудасы, балық ресурстары бөлімі.

Ұйымның халықаралық стандарты бақылау әдістерін (балық шаруашылығы мен изотоптарды қолдануда), сапа талабын (судың, балық аулайтын траулердің, ауыл мекеніне арналған жер үйдің) унификациялауға тиісті. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесе отырып тамақ өнімдеріне арналған халықаралық стандарттар орнатады.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ)

БДҰ мақсаты – барлық халықпен жоғары деңгейлі денсаулыққа қол жеткізу.

Негізгі міндетттер – денсаулық сақтау қызметтерін дамыту, ауруларды алдын ала емдеу және олармен күресу, денсаулық сақтау саласында кең көлемді кадр құру, қоршаған ортаны сауықтыру.

Ұйымдық құрылымы:

  • денсаулық пен қоршаған орта бөлімі;

  • денсаулық қорғау бөлімі;

  • фармакология мен токсикология бөлімі.

БДҰ 40тан астам ТК- ның жұмысына қатысады және ИСО да консультативтік мәртебеге ие.

«Кодекс Алиментариус» комиссиясы – ФАО мен БДҰның бірлескен комиссиясы – азық-түлік тауарларына стандарттар орнатады.

«Кодекс Алиментариус» мақсаты:

  • үкімет және үкімет емес ұйымдармен жүргізілетін тамақ өнімдерін стандарттау жұмыстарын туралау;

  • денсаулыққа зиян өнімдер мен залымдықтан тұтынушыларды бөгеттеу;

  • тамақ өнімдерінің әділетті сауда нормаларын орындауды қамтамасыздандыру;

  • стандарттардың проектілерін ақырғы жөндеу;

  • халықаралық сауданы тамақ өнімдерімен жеңілдетуге қызметтестік таныту.

Негізгі міндеттері:

  • негізгі тамақ стандарттары бойынша халықаралық келісімдер орнату;

  • бұл стандарттарды стандарттаудың ұлттық жүйесінде қолдану.

Тамақ өнімдерінің стандартталуының негізгі аспектілері:

құрамы, қоспалар, ластаушылар, минералды тыңайтқыштардың қалдықтары гигиена, сынап көру, анализдеу, этикеттеу.

Бақылау сұрақтары: Халықаралық стандарттауға қатысатын халықаралық ұйымдарды атаңыз.

ООНның Еуропалық экономикалық комиссиясының (ЕЭК ООН) негізгі міндеттері.

Бұл ұйымның ұйымдық құрылымы жайлы айтыңыз.

ООН ЕЭКның Жұмысшы тобы, Комиссиясы мен комитеттерінің қызметіндегі айырмашылықтар.

ООНның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) мақсаты мен міндеті.

ФАОның ұйымдық құрылымы. Бұл ұйыммен жетілдірілетін халықаралық стандарттар стандарттаудың қай аспектілеріне тиісті.

БДҰның негізгі мақсаты мен міндеті.

Дәріс 4

Тақырыбы: Стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар

Дәріс жоспары:

  1. Стандарттаудағы жалпы еуропалық ұйым СЕН мақсаты және міндеті

  2. Стандарттаудағы жалпы еуропалық ұйым СЕНЭЛЕК құрылымы

  3. Стандарттаудағы жалпы еуропалық ұйым ЕТСИ.

Еуропалық стандарттау комитеті (СЕН)

Негізгі мақсаты – еуропалық стандарттарды (евронорм EN)жетілдіре отырып сауданың тауар мен қызмет арқылы дамуына көмектесу.

Еуропалық стандарттарды дамыту аймағы – авиация үшін жабдықтар, су ысытқыш және газды құралдар, көтеру механизмдеріне арнаулы қосымша жабдықтар, балқытып біріктіру мен кесу, құбырлар мен трубалар, насосты жабдықтар

Ұйым құрылымы – Бас ассамблея, Әкімшілік кеңес, Бағдарламалы комитеттер, техникалық бюро, Техникалық комитеттер, сертификациялау комитеттері

Электротехника саласында Еуропалық стандарттау комитеті (СЕНЭЛЕК)

Мақсаты – ЕС пен ЕАСТмен бірлесе электротехникалық өнімге стандарттар әзірлеу.

Негізгі міндеттері – мүше елдердің халықтық стандарттары арасындағы, стандарттар талабына өнімнің сай болуын сертификаттау процедуралары арасындағы әрбір техникалық айырмашылықты жою.

Стандарттаудың негізгі объектілері:

  • ауыспалы токтың 50ден 1000 Вольтқа дейінгі және тұрақты токтың 75-1500 Вольт кернеуі бар өнеркәсіптік және тұрмыстық жабдықтар;

  • медициналық электрлі жабдықтар;

  • электромагниттік үйлесімділік, соның ішінде радиокедергілер;

  • тек жарылу қаупі төнген ауа қабатында қолданылатын жабдықтар;

  • өлшеу амалдарының метрологиялық қамтамасыздандырылуы.

Электрлі байланыс саласындағы Еуропалық стандарттау комитеті (ЕТСИ)

Комитет 1988 жылы электрлі байланыс аймағындағы стандарттарды тез үйлестіру мақсатында құрылған. Негізгі мақсаты – жалпы стандарттарды жасау. Бұл стандарттар негізінде электрлі байланыстың комплексті инфрақұрылымы қалыптасады.

Скандинавия елдері арасындағы стандарттау ұйымы (ИНСТА)

1952 ж. Дания, Норвегия, Финляндия, Швеция елдері арасында құрылған.

Негізгі міндеті – скандинав мемлекеттерінің келісілген ұлттық стандарттарын құруға, ұлттық нормативтік құжаттардың техникалық талаптарының унификациялануына, ақпарат алмасуды ұйымдастыруға көмек көрсету. «4F» Ережесі – ИНСТАның жұмыс принципі.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің халықаралық ассоциациясы (ACEAH)

Құрамы – АСЕАН- қа мүше елдердің ұлттық стандарттау мен сертификаттау ұйымдары: Малайзия, Таиланд, Индонезия, Сингапур, Филиппины, Бруней Даруссалама, Въетнам.

Малайзияның стандарттар мен өнеркәсіптік зерттеулер институты (СИРИМ) – сауда мен өнеркәсіпке көмектесуші стандарттауды дамыту мен жетілдіру, адам өмірі мен денсаулығына өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стандарттарды ендірудегі өнеркәсіптік кәсіпорындармен кеңес өткізу, жаңа технологиялар саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, ИСО және ХЭКтің халықаралық стандарттары жайлы ақпаратпен өнеркәсіптік ортаны қамтамасыздандыру және олардың ұлттық үлгіде қабылдауға жәрдемдесу.

Таиландық өнеркәсіптік стандарттар институты (ТӨСИ) - өнеркәсіп министрлігінің құрылымды бөлімшесі, жоспарлаудан бастап қабылдауға дейінгі стандарттаудың барлық жұмыстарын іске асырады. Стандарттар жоспары мүдделі жақтардың текстпен, және де техникалық талаптармен толық келіскен жағдайда ғана қабылданады. ТӨСИ өнімнің сәйкестілігіне жүргізілетін сертификаттау жұмыстарына жетекшілік етеді, сонымен бірге өзі және басқа өндірістік пен университеттік зертханалар ТӨСИ бұйрығымен сынақтар жүргізеді.

Индонезияның Ұлттық Стандарттау Кеңесі (ИСС)

Міндеті - әртүрлі стандарттау және сертификаттау ұйымдарының қызметін, стандарттау бағдарламаларын туралау, метрология саласында ұлттық саясатты дамыту, консенсустан кейін ұлттық стандарттарды қабылдау, әлемнің метрологиялық орталықтарында ұлттық эталондарды түгендеу, тексерістің ұлттық процедураларын жоспарлау.

Панамерикандық стандарттау комитеті (КОПАНТ)

Құрамы – Аргентина, Боливия, Бразилия, Чили, Колумбия, Коста-Рика, Эквадор, Доминикан Республикасы, Мексика, Панама, Парагвай, Перу, Тринидад-Тобого, Уругвай, Венесуэланың ұлттық ұйымдары.

Мақсаты – аймақтық стандарттарды жасау мен қолдану бойынша мүше елдердің арасында қызметтестікті дамыту арқылы аймақтық саудадағы техникалық барьерлерді басқару, ұлттық стандарттау бағытындағы мәселенаманы таңдауда қызметтестік көрсету, ИСО мен ХЭКте латынамерикалық елдердің жұмысы, аймақтық нормативтік құжаттардың өз талаптарымен үйлесімді болуы.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы стандарттау (ТМД)

ТМД елдерінің қатысушылары арасындағы мемлекетаралық кеңес стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы қызметін «Стандарттау, сертификаттау және метрология саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімге» байланысты іске асырады. Ұйым сұрақтары ГОСТ 1.0-92 «Мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын жүргізу ережелері. Жалпы қағидалар» ережелеріне сәйкес шешіледі. Мемлекетаралық кеңестің міндеті – ИСО, ХЭК, СЕНмен ынтымақтастықты дамыту, мемлекетаралық кеңес айналасында сынақ зертханаларын аккредитациялау бойынша еуроазиаттық аймақтық ұйым құру, стандарттау, сертификаттау, метрология саласында оқу тәртіптерін унификациялау мәселелерін шешу.

Негізгі мәселелер – сәйкестілікті растаушы аймақтық жүйені жасау және бірдей ережелер мен бірдей сәйкестілік белгісіне көшу.

Бақылау сұрақтары:

Еуропалық стандарттау комитетінің (СЕН), электротехника саласындағы Еуропалық стандарттау комитетінің (СЕНЭЛЕК), электрлі байланыс саласындағы Еуропалық стандарттау комитетінің (ЕТСИ) негізгі мақсаты, міндеті мен объектілері.

Осы ұйымдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Скандинав елдері арасындағы стандарттау ұйымының (ИНСТА) құрылу және даму тарихы.

Қанша және қандай елдер оның құрамына енеді.

«4F» Ережесі не білдіреді. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің халықаралық ассоциациясының (АСЕАН) құрамын ата.

Ассоциацияның барлық қатысушы елдерінің ұлттық стандарттау және сертификаттау ұйымдарының қызметін атап, түсінік беріңіз. Олардың айырмашылығы неде.

Панамерикандық стандарттар комитетінің (КОПАНТ) мақсаты мен негізгі міндеттері.

Қай елдер бұл құрылымға кіреді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы (СНГ) стандарттау.

Құрамы, мақсаты және міндеті. Қандай басты мәселелермен бұл ұйым айналысады.

Дәріс 5

Тақырыбы: Халықаралық стандарттаудың өзекті сұрақтары

Дәріс жоспары:

  1. Халықаралық стандарттаудың өзекті мәселелері

  2. Халықаралық стандарттаудың қолданылу ережесі

Негізгі басымды бағыттар мен міндеттері:

  • денсаулық сақтау мен қауіпсіздікпен қамтамасыздандыру

қоршаған ортаны жақсарту;

  • ғылыми-техникалық процеске қызмет көрсету;

  • үйлестірілмеген нормативтік құжаттардың пайда болу салдарын туғызатын халықаралық саудадағы техникалық барьерлерді жою;

  • стандарттау аймағында саясат туралы ООН ЕЭКтың ұсыныстары.

Стандарттарды үйлестіру.

Стандартты үйлестіру – стандарттың мазмұнын басқа стандарт мазмұнына сәйкестендіру. Бұл тауардың (қызмет) өзара алмастырылуна, стандартта сақтаулы сынақ нәтижелері мен ақпаратты өзара түсінуге мүмкіндік береді.

Ұқсас стандарттар – мазмұны мен формасы толық ұқсастырылып үйлестірілген стандарттар (ұлттық стандарттау жүйесінде қабылданған халықаралық және аймақтық стандарттың нақты аудармасы).

Бірыңғайланған стандарттар – мазмұны ұқсас, алайда формасы жақсартылған үйлестірілген стандарттар.

Үйлестіру деңгейі

  • халықаралық деңгейде үйлестірілген – бұл стандарттар халықаралық стандартпен үйлестірілген;

  • аймақтық деңгейде үйлестірілген – аймақтық стандартпен үйлестірілген;

  • көпжақты негізде үйлестірілген стандарттар – 3 не одан көп стандарттау органдарымен үйлестірілген;

  • екіжақты негізде үйлестірілген стандарттар – стандарттаумен айналысатын 2 органмен үйлестірілген.

Келісілген стандарт (біржақты келісілген стандарт) – басқа стандартпен келісілген нормативтік құжат. Осы бойынша 1-стандартқа сәйкестендіріліп көрсетілген өнім, процесс, қызмет, сынақ, ақпарат 2-стандарттың да талабына сай болуы керек, бірақ керісінше емес.

Салыстыру стандарты - әртүрлі стандарттау органдарымен бір ғана өнімге (процесс, қызмет) бекітілген нормативтік құжат. Түрлі талаптарды қамтиды, алайда стандарттау объектісінің бір ғана мінездемесіне (қасиетіне) қатысты, бір ғана әдістермен бағаланады.

Үйлестіру үшін нормативтік құжатты таңдаудың критериі:

  • өзара алмастырымдылық деңгейін қамтамасыздандыру мен стандарттау объектісінің техникалық үйлесімділігінің дәрежесі мен оның қызметтестіктің экономикалық және техникалық тиімділігіне әсері;

  • сынақ нәтижелерін мен өнімнің сапа бақылауын өзара мойындаудағы стандарт мағынасы;

  • стандарттың басқа да нормативтік құжаттарға әсер ету дәрежесі;

  • саудада стандарттың шынайы не потенциалды техникалық барьер құру қасиеті.

Ұлттық стандарттауда халықаралық стандарттарды қолдану тәртібі – негіз ретінде халықаралық, аймақтық стандарттарды қолдану. Текстте халықаралық нормативтік құжатқа сәйкестілік белгіленеді, не одан ауытқылады. Ұлттық стандарттардың үйлестірімділу дәрежесіне әсер етуші факторлар – сыртқы саудаға ел экономикасының бейімделу деңгейі, ішкі нарықтың сиымдылығы.

Мемлекеттік стандарттардың халықаралық стандарттармен үйлесімділігі.

ФАО/БДҰ Комиссиясының «Кодекс Алиментариусы» елге сапасыз, қауіпті және бұрмаланған азық-түлік өнімдерінің әкелімінен сақтайды, отандық тамақ өнеркәсібінің бәсекелестігін арттырады, біржақты және көпжақты қатынастарда тамақ өнімдерін сертификаттау жүйесін өзара мақұлдайды.

Халықаралық стандарттардың қолданылуы

Қолдану ережесі:

Халықаралық (аймақтық) стандарттардың аутенттік мәтінін еш толықтыру мен өзгеріссіз мемлекеттік қазақстандық нормативтік құжат (ГОСТ РК) ретінде қабылдау.

Халықаралық (аймақтық) стандарттардың аутенттік мәтінін стандарттау объектісіне қойылған қазақстандық талаптар ерекшелігін айқындайтын толықтырулар қабылдау керек. Бұл нормативтік құжатты белгілеу барысында отандық стандарт шифрына сәйкес халықаралық (аймақтық) стандарт нөмірі қосыла жазылады.

Халықаралық стандартты қолдану (жеке қағиданы (норманы) шеттен қолдану) және оларды отандық нормативтік құжатқа енгізу. Бұл ҚР МСС ережелерімен рұқсат етіледі, бірақ бұл жағдайда халықаралық стандарт ақпарат көзі ретінде қолданылады.

Халықаралық стандарттың тікелей қолданылуы – оның басқа нормативтік құжатта қабылдануына қарамастан қолдану

Жанама қолдану – стандартты, сол стандарт қабылданылған басқа нормативтік құжат арқылы қолдану.

Бақылау сұрақтары:

Халықаралық стандарттаудың негізгі басымды бағыттар мен міндеттері атап өтіңіз (жазбаша түрде).

Халықаралық стандарттардың қолданылуықандай тәртіппен жүргізіледі?

Дәріс 6

Тақырыбы: Қолдану облысын ескере отырып жасалынатын стандарт

Дәріс жоспары:

  1. Стандарттар категориясының түрлері

  2. Стандарттардың жіктелуі.

Стандарт – консенус негізінде жасалған, белгіленген органмен бекітілген және белгілі бір салада оптималды реттеу дәрежесіне жетуге бағытталған нормативті құжат.

Стандартта әртүрлі әрекет немесе олардың нәтижелеріне тиісті жалпы принциптер, ережелер, сипаттамалар жалпыға ортақ және көп ретті қолдану үшін орнатылады.

Стандарт категориясы – фирмалық, халықаралық, аймақтық, ұлттық, әкімшілік-аймақтық.

Жалпыға ортақ – фирмалық, халықаралық, аймақтық, ұлттық, әкімшілік-аймақтық.

Салалық немесе фирмалық стандарттар өнімнің белгілі бір саладағы өнімге қолдану үшін жасалады, салада орнатылған норма, ереже және Мемстандарт негізгі талаптарына қарсы болмауы тиіс.

Салалық стандартты басқарудың мемлкеттік органдары қабылдайды, МЕСТ талаптарына, салалық стандарттар талабының сәйкестігіне жауапкершілікте болады.

Салалық стандарттаудың объектілері – өнім салада қабылданған процестер салалық стандарттау бойынша ұйым жұмысының ережелері, типтік бағдарламалар, саладағы метрологиялық қамтамасыз ету ережелер.

Салалық стандарттарды қолдану диапазоны – берілген стандартты қабылдағандар басқарудың мемлекеттік органдар ведомствасындағы кәсіпорындар.

Басқа бағынудағы шаруашылық әрекет субъектілері стандартты ерікті негізде және міндеттілік дәрежесін сақтау тұтынушы мен әзірлеуші арасындағы келісім бойынша қолданатын кәсіпорынмен анықталады. Міндетті талаптарды орындауды бақылау берілген стандартты қабылдаған ведомствамен орындалады. Халықаралық стандарттар – кез келген елдің сәйкес органдары үшін ашық және басқа аймақтар немесе саяси, экономикалық қатысушылары қолданатын және өңделген стандарттар.

Аймақтық стандарттар (аймақтық стандарттау)- бұл әсер ету тек қана әлемнің экономикалық,саяси және географиялық аймағының біріне сәйкес келетін мемлекеттік органдар үшін ашық.

Ұлттық стандарттау-белгілі бір мемлекетте стандарттау.

Терминдік стандарттау – терминге стандарттар техникалық және заңды құжаттарда оларды бірегейлеу және негізгі стандарттарды айқын анықтау адамның әсер етуі жағдайының көп аймағында негіз ретінде қолданылатын стандарттар (мысалы, метрлік бірлік ИСО-да қазіргі заман талабына сай стандарттарлған, жіберулер және кедір-бұдырларға ИСО стандарттары және тағы басқалар)

Бақылау сұрақтары:

Стандарттың қандай категориялары бар?.

Қолдану саласына қарай өңделген стандарттарды көрсетіңіз. Халықаралық стандарт дегеніміз не?.

Терминдік және негіздік стандарттарға анықтама беріңіз.

Стандарттарды өңдеу, қабылдау және қолдану ретін көрсетіңіз.

Салалық стандарттау объектілері.

Стандартта құрылған негізгі талаптарды орындаудың бақылауын кім жүргізеді.

Дәріс 7

Тақырыбы: Халықаралық стандартты өңдеу реті

Дәріс жоспары:

  1. Стандарттарды өңдеу кезеңдері және әзірлеуді ұйымдастыру

  2. Стандартты тексеру және бекіту кезеңдері

  3. Стандартты қайта қарау рәсімі.

Комитет жақтағы қызығушы жақ – мүше, техникалық комитет, бас ассамблея комитеті (ИСО мүщесі болып табылмайтын ұйым) ИСО-ға стандартты өңдеуге өтініш жібереді.

Комитеттермен келісу бойынша бас хатшы – ТБ сәйкес құру туралыбасқарушы техникалық бюро мүшелері ұсыныс береді.

ТБ егер комитеттің көпшілігі жағдайында құрылады – мүшелері «жақтап» дауыс берсе және олардың бесеуі осы ТБ-да РГ мүшесі болғысы келсе, техникалық басқару бюросы стандарттың халықаралық мәніне көз жеткізсе.

Стандарт жобасына қатысты бірегей шешімге жету кезінде техникалық бақылау хатшылығы үшін тіркелген және сілтемеленген барлық комитет мүшесіне дауыс береді. Жобаны біріктіру кезінде дауыс берушінің 75 пайызы 4 халықаралық стандарт ретінде шығарылады.

Стандарттарды өңдеу кезеңдері:

1 кезең – өңдеуді ұйымдастыру;

2 кезең – стандарт жобасын әзірлеу (бірінші басылым) және оны қарауға және келісуге тарату;

3 кезең – стандарт жобасының баспасының соңғы әзірлеу және бекітуге ұсыну;

4 кезең – бекіту және тіркеу;

5 кезең – басылым.

Стандартты әзірлеуді ұйымдастыру:

Стандарттарды әзірлеуде ИСО-ны техникалық басқарушы бюросына стандартты әзірлеуге өтінішті дайындау және беру қарастырылады.

Комитеттермен келісу бойынша бас хатшы – ТБ сәйкес құру туралыбасқарушы техникалық бюро мүшелері ұсыныс береді.

ТБ егер комитеттің көпшілігі жағдайында құрылады – мүшелері «жақтап» дауыс берсе және олардың бесеуі осы ТБ-да РГ мүшесі болғысы келсе, техникалық басқару бюросы стандарттың халықаралық мәніне көз жеткізсе.

ТБ стандарт жобасын әзірлеуді ұйымдастыру:

– ТБ мүшелерінен стандарт жобасын әзірлеу үшін жұмысшы топ құрамын және олардың подкомитеттерін анықтайды;

– бекітілген бағдарламаға сәйкес стандартты әзірлеу кезеңдері бойынша жұмыстарды орындау кезеңдерін орнатады.

Стандарт жобасын әзірлеу (бірінші басылым)

Жұмысшы топ стандарт жобасын және оған түсіндірме жазбаны әзірлеу керек.

Түсіндірме жазбада төмендегілер келтіріледі:

– стандартты әзірлеудің техника-экономикалық негіздемесі;

– сәйкес құжат тапсырмасын көрсетумен стандартты әзірлеу үшін негіз;

– халықаралық деңгейде стандарт нысанының сипаттамасын стандартты әзірлеудің мақсатқалайықтылығының негіздемесі;

– ИСО талаптарына стандарт жобасының сәйкестігі туралы ақпарат;

– стандарт жобасының басқа стандарттау бойынша нормативті құжаттармен өзарабайланысы, оларды қайтақарау, өзгерту немесе алып тастау туралы мәлімет;

– стандарт жобасын қарау және келісуге тарату туралы мәлімет;

– ақпарат көздері;

– стандарттау нысанының патенттік тазалығы туралы мәлімет.

ТБ стандарт жобасының талаптарға сәйкестігіне тексереді және оны ТБ мүшелеріне түсіндірме жазбамен жібереді.

Стандарт жобасына қатысты бірегей шешімге қол жеткізілгенде ТБ барлық комитет-мүшелерге дауыс беруге тіркеу және тарату үшін Орталық Хатшылыққа береді.

Стандарт жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды келесі реттілікте жазу ұсынылады:

– жоба бойынша жалпы;

– стандарт мазмұны реттілігінде бөлім, бөлімше, қосымшалары бойынша.

Стандарт жобасына барлық ескертулер негізделінген және нақты сипаттамаға ие болуы тиіс.

Қарауға орнатылған мерзімнен соң түскен ескертулер мен ұсыныстар әзірлеуші кейінгіденескермеуге болады және стандартты қайта қарауға немесе оларға өзгертулер ендіруде ескерілуі мүмкін.

Стандарт жобасын соңғы басылымға ұсыну және бекітуге беру.

ТБ алынған пікіржәне ұсыныстарды ескеріп стандарт жобасын соңғы басылымға ұсынады және ол бойынша дауыс беру жүргізеді.

Отырыс шешіміне протокол жасайды. Жиналыс протоколында ТБ әрбір мүшесінің дауыс беру нәтижесі көрсетілуі тиіс.

Дауыс берушілердің 75 пайыз келісілгенде, ол халықаралық стандарт ретінде басылады.

Дайындаушы қабылдаған және қабылдамаған ескертулер мен ұсыныстар стандарт жобасы бойынша пікірді қосады.

Стандартты бекіту және тіркеу

Бекітуге келесілер бағытталады: ағылшын, француз және орыс тілдерінде стандарт жобасының соңғы басылымы, жалпы қаптамада жасау.

Негізін қалаушы (ұйымдастырушылық-әдістемелік) және жалпы техникалық стандарттар, қабылдау ережелері, үлгі алу, бақылау әдістері, буып-түю, маркировкалау, сақтау және тасымалдау стандарттары бекітіледі оны әрекет ету мерзімін шектеусіз. Мұнда стандарттар ИСО талаптарына сәйкес периодты тексеруге жатады.

Өнімге, технологиялық процеске және қызмет көрсетулерге стандарттар 5 жылдан артық емес өнім және технологияны жаңарту мерзімін ескере шектелген әрекет мерзіміне бекітіледі.

Бекітілген стандарттардың әрекетке ену күні оларды бекіткен 1 жылдан ертерек емес, стандартты ендіруді қамтамасыз етуші қажет іс-шараларды орындауды ескере орнатылады.

Стандарт орнатқан талаптарды сақтау үшін қажетті жағдайлар болғанда елдер мерзіміне дейін оларды әрекетке ендіру шегінде стандартты ендіру құқығына ие, бірақ мемлекеттік тіркеу және бекіту күнінен алдын емес.

Бекітілген стандарттар ИСО-ның Халықаралық реестріне ендіріледі.

Стандартты алып тастау және жаңарту.

Стандартты жаңарту оларға өзгертулер ендіру немесе қайта қарау негізінде іске асырылады.

Стандартты тексеру.

Стандартты тексеру әрекет етуші стандарт нормаларына сәйкестігін, ғылымның, техниканың және технологияның даму деңгейі, экономика, тұтынушы қажеттіліктері анықтау үшін жүргізеді.

Тексеру кезінде әрекет етуші және ендіріліп жатқан нормалар мен ережелерге сәйкестік орнатылуы тиіс.

Стандарттарға өзгертулер ендіру, сонымен қатар:

– стандарттардың әрекет ету мерзіміне ұзарту, шектеу және шектеулерді алу ендіріледі, сонымен қатар стандарттар әрекетін қайта қалпына келтіру немесе оларды алып тастау өзгертулер түрінде жасалады.

Экономика және тұтынушылар қажеттіліктері тексерілетін стандарт деңгейіне сәйкес кезінде және стандарт нормалары мен талаптарына қатысты оларға өзгертулер мен қосымшалар ендіру қажеттіліктері болмағанда, олардың әрекет ету мерзімін ұзарту және шектеу, сонымен қатар стандарттар әрекетін қалпына келтіру ИСО-ның ұйымдастырушылық-реттеуші құжатымен жасалады.

Бақылау сұрақтары:

Халықаралық стандартты әзірлеу ретін көрсетіңіз.

Стандартты әзірлеу кезеңдерін атап өтіңіз.

ИСО-ның Техникалық басқарушы бюросына стандартты әзірлеуге өтінішті кім дайындайды және береді.қандайда жағдайда халықаралық стандартты әзірлеуге өтініш қабылданады.

Дәріс 8

Тақырыбы: Стандартқа өзгертулер әзірлеу, бекіту және ендіру реті.

Дәріс жоспары:

  1. Стандартқа өзгертулер әзірлеу, бекіту және ендіру реті.

  2. Стандартты қайта қарау.

  3. Стандартты қолдану.

Стандартқа өзгертулер әзірлеу, бекіту және ендіру реті.

Стандартқа өзгертулер стандарт талаптарына жеке қосымшалар немесе ерекшеліктер, оның әрекетін ұзазрту, шектеу немесе қалпына келтірулер ауыстыру кезінде әзірленеді.

Егер өзгертулердің мәтін көлемі әрекет етуші стандарттан 50 пайыз асса, онда әрекет етуші стандарт оны бекіткен соң бір ай мерзімде өзгертулермен қайта басылуы тиіс.

Стандартқа өзгертулерді жаңа прогрессивті талаптар және жаңа өнімнің әрекет етуші стандарт бойынша шығарылатын өнім сәйкестілігі мен өзараалмасымдылық талаптарын бұзбай, сонымен қатар әрекет етуші жүйенің халықаралық талаптармен, халықаралық нормалар мен талаптар гармонизациясы бұзылуын болдырмайтындарды ендіру кезінде әзірленеді.

Басылымдық және (немесе) сілтемелік сипаттамадағы өзгертулер өнім сапасына талаптардыңнегізделген ауыстырымдылығы (қосу, алып тастау) немесе халықаралық стандарттар талаптарымен гармонизациясы өзгертулерін әзірлеуде қарастырылады.

Стандартқа өзгертулер жобасын ИСО-ның Техникалық басқарушы бюросына бекітуге ұсынады.

Стандартқа өзгертулер жобасымен бірге өзгертулер жобасын қарау және келісуді растайтын түпнұсқа құжаттар, пікірлер мәліметі және түсіндірме жазба көрсетілуі тиіс. Түсіндірме жазбада ендірілетін өзгертулер негізделуі тиіс

Өзгертулер ИСО-ның ұйымдастырушылық-реттеушілік құжатымен әрекетке ендіріледі және бекітіледі. Бекітілген өзгертулер ИСО-ның халықаралық реестріне ендіріледі.

Стандартты қайта қарау.

Өнімге стандартты қайта қарау орнатылған жаңа прогрессивті талаптар кезінде, егер олар жаңа өнімнің әрекет етуші стандарт бойынша шығарылатын өнім сәйкестілігі мен өзараалмасымдылық талаптарын және (немесе) өнім сапасының жаңа көрсеткіштерін өзгертуге бұзушылыққа алып келмесе іске асырылады.

Стандартты қайта қарау кезінде әрекет етушінің орнына жаңа стандарт әзірленеді. Сонымен қатар, алдыңғы әрекет етуші стандарт алып тасталынады, жаңа стандартта қандай стандарт орнына жасалғандығы көрсетіледі. Жаңа стандартқа ескі стандарт белгісін соңғы екі санын бекітілген жылы өзгертіліп беріледі. Қайта қарастырылып жатқан стандарт жобасы егер оның қолданылуы техникалық регламентте қарастырылған болса, онда міндетті түрде көрсетілген техникалық регламент әзірлеушісімен келісуден өтеді.

Жобаны дауыс берушілердің 75 пайызы қолдаса, ол халықаралық стандарт ретінде басылады.

Нақты өнімге стандартты қайта қарау жағдайында, егер қажет бөлшектерді дайындау және эксплуатациялаудағы өнімге жөндеу жүргізу қажет болса, ал негізгі бұйымдардың шығарылуы тоқтатылған болса, әзірлеуші әрекет етуші стандартқа өзгертулер жобасын дайындайды.

Өзгертулерде «Осы стандарт қажет бөлшектерді дайындау және эксплуатациялаудағы өнімге жөндеу жүргізу үшін ғана қолданады» деп оның таралу саласын шектейді. Осы жағдайда стандарттың тіркеу номерін сақтап қалады, сонымен қатар стандарттың әрекет мерзімін шектеуді егер ол шектелген болса алып тастайды.стандартты кейіннен өзгертуге жатпайды.

Стандартты қайта қараумен қатар қайта жаңарту бойынша жұмыстар немесе стандарттау бойынша өзара байланыстағы нормативті құжаттарды алып тастау іске асырылады.

Стандартты қолдану.

Бекітілген стандарттар ИСО-ның барлық мүшелері өнімді өндіріске әзірлеу, дайындау, іске асыру, қолдану (эксплуатациялау), сақтау, тасымалдау және утилизациялауда, қызмет көрсету және жұмыстарды орындау кезінде қолданады. Стандарттар заңнамалық актілерде, басқа нормативтік құқықтық актілерде, техникалық регламенттерде, келісім-шарттарда, басқа да құжаттарда тікелей немесе сілтеме жолымен қолданылады.

Бақылау сұрақтары

Стандарт жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар реті көрсетіңіз: Стандарт жобасының соңғы басылымы бойынша дауыс беру қалай жүреді?.

Стандарт жобасының соңғы басылымы қандай тілдерде бекітіледі және жіберіледі?.

Стандарттың әрекет ету мерзімі, Стандартқа өзгертулер ендіру және қайта қарау реті.

Дәріс 9

Тақырыбы: Халықаралық сертификаттау негізі

Дәріс жоспары:

  1. Халықаралық сертификаттау кезеңдері

  2. Сертификаттау бойынша жұмыс жүргізу үшін негізгі критерилер.

Сертификаттауға нұсқама-өнімнің анықталған талабына сәйкес бекітіледі.

Сертификаттау бойынша жұмысты ұйымдастыру реті және жүргізу сынау қорытындысының ұдайы өнімділігі анықтылығы мынандай болуы тиіс, сертификаттаудың обьективтілігін жеткілікті қамтамассыз ету үшін өнімді дайындаушылар үшін-патенциалды эксперттерге және осы әнімді талап етуші импортшыларға да экономикалық тиімді және жеткілікті болуы керек.

Сертификаттау бойынша жұмысты жүргізу үшін негіз болып табылатындар.

– Біріншіден, өнім тұтынушылар қызығуына (жауап беруі) импортшылар әлемі заңы талабына, дайындаушылар мүмкіндігіне жауап беруі бойынша пікір айтуға болатын белгілерді бұйымға сәйкестік сипаттама келтіретін өнімге таңдау нормативті техникалық-құжат, анық біртекті түсіндіретін құрамда болуы керек. Осы мақсатта өнімге талап арнайы құжатта белгілі ережеге бағынады: стандартқа, ТШ-қа, нормаға, спецификацияға және сол сияқты стандарттарға. Стандарт талабы негізгі және дәл бақылауға жатады.

– Екіншіден, сертификаттау жүйесі өзіне өнім үлгілерін сынау элементін, өнімнің стандартқа сәйкестігін анықтауға қажет құрал ретінде қосады. Сертификаттау жүйесінің үшінші жақтан тиімділігі,әсіресе көп жақты қарым-қатынаста, сертификаттау бойынша ұйым атағына белгілі дәрежеде негіз болады. Бұл атақ өз кезегінде қондырғы сенімділігін және сертификаттау жүргізетін персоналдың хабардарлығына, қауіпсіздігіне байланысты. Сол үшін зерттеу орталықтары және зертханалар барлық қажетті қондырғылар және квалификацияланған персоналға ие болады, сертификаттауға қатысатын қанағаттандыратын жақтардың зерттеу әдістерімен жұмыс істеуі ерекше маңызды.

– Үшіншіден, технологиялық үрдістердің тұрақтылығы.Өндірістік әсердің жоғарғы деңгейде қамтамасыз етуінің кәсіпорынның мәнді шығынымен байланысты ұлттық экономика жағдайына байланысты емес.Өндірісте сапаны басқару жүйесіне кіріспе оның әсер етуін бақылау және бағалау қатарында өндіріс тиімділігі белгілі дәрежеде көтеріледі,берілген сапалы көрсеткіштермен өнім тұрақты өндірілуіне қабілеттендіріледі.

– Төртіншіден, сертификаттау жүйесі сетификаттау бойынша А-да жұмыс жүргізу қщзытындыларына бағынышсыз төрт жақсызға базалануы тиіс.Дайындаушының оның бұйымы стандарт талабына жауап беруі, сенімділікке әрқашанда жауп бермеуін сендіру.Тұтынушы Л өнімге өзінің сапа бақылау жүйесін жасайды, ол сауда да, өндірісте де жеткілікті таратылған. Бірақ қазір техника, техналогия және өндірісте ғылымның дамуына байланысты, өнімді шығарушыларға әсер етпейтін басқарушы органдармен тиімді және үнемді болатын еді.Сыртқы көзқараста дәл “независимость”әсер етуші сертификациялық қорытынды сауда және халықаралық эконоьикалық байланыс көпшілік мәнге ие болады.Сертификаттауды басқарушы осындай органдармен стандарттау органы болуы мүмкін сонымен бірге коммерциялық ұйымдар немесе басқаруды құру. Олар сынақ жүргізу үшін зертханалар анықтайтын, персоналдық хабардарлығын,барлық қажетті жұмыстардың әдістемелік қамтамасыз ететін орындыуы және тағы басқа сәйкес қызмәтке ие болуы керек.

– Бесіншіден, сертификаттау жүйесін таңдау,өнімнің әрбір жеке түріне іс жүзілік және тиімділік талабына жауап беруі тиіс.

– Алтыншыдан, сертификаттау және әдістер принципі оның функциялау ретінің жүйесі сертификаттың басқа жүйелерімен өзара салыстырмалылығын қамтамасыз ететін сертификаттауға осындай ыңғай халықаралық экономикалық қатынасты және сырқы сауданың дамуын қабілеттендіреді,сертификатталған өнімді әлемдік саудаға кепілді шығару сертификаттауды халықаралық байланыс үшін барьерге айналдыруы мүмкін.

–Жетіншіден, өнім және бұйым қалыпты қорытынды кезінде олардыңсертификаттау сәйкес орталықтарда немесе зерханаларда ,екі арнайы белгі, бір таңбалау түрінде,бес сертификатқа, үш этикетке, төрт өткізуші құжатқа,алты – сертификатталған тауарлар қатарына қосылған немесе олардың сертификаттау құқын алып олардың өндірісіке шығарылғаны жөнінде бекітілуі.

Бақылау сұрақтары:

Халықаралық стандарттың нұсқасы, принципі және мақсаты.

Сертификаттау бойынша жұмыс жүргізу үшін негізгі критерилер.

Өнім үлгісін сынағын жүргізу кезінде сынау орталығы және зертханасына қандай талаптар ұсынылады.

Өндіріске техналогиялық үрдіс тұрақтылығына сапа жүйесін функциялау және ендірудің әсер етуі.

Сіз сертификаттау әсер етуінің “независимость” қорытындысын түсінігінен не түсінесіз.

Саудада барьерлер шегінде сертификаттаудың басқа жүйелерімен өзара сәйкестігі әсер етуі ме.

Дәріс 10

Тақырыбы: Халықаралық стандарттаудың әдісі және принципі

Дәріс жоспары:

  1. Халықаралық стандарттың негізгі проблеммалары және олардың шешу жолдары

  2. Сәйкестікті бағалау бойынша ИСО-ның арнайы комитеттері

Халықаралық практикада сертификаттауға амал әр елде және әр түрлі салада (бір ел ішінде) бір үлгіде болмайды. Сертификаттау бойынша жұмыс жүргізуде осы жүйеде қолданылған әр түрлі әдістер және жүйелер қолданудан көп өзгерістер туындайды.

Қамтамасыз ету қиындықтары-сертификаттау әсер етулерінің қорытындыларын өзара мойындау ұлттық заңдылықтардың ерекшелігімен, қызыққан елдер арасындағы болатын өзара байланыс,бірлесіп істейтін елдердің мемлекеттік инспекциялық (бақылаушы) қызметін мойындау үшін критерийлерін анықтау ыңғайына ерекшелік, олардың ұлттық зерханаларын аккредиттеу, сәйкестік заңына сай заңды орнату құқығына дұрыс емес сертификаттарды иелену және лицензияны қоюға заңды жауапты,сонымен бірге сертификатталған өнімнің сапа тұрақтылығына жауапты.Осы сертификаттау салдарынан әр түрлі сәйкестендірілмеген тәсілдер кезінде оны жүргізу жақтармен осы елдермен сыртқы сауда дамуы қатынасында,олардың экономикалық байланысы үшін салалы кедергі жасауы мүмкін. Осы үшін сертификаттаудың жалпы принципін өңдеу жақтарына қатысты қызығушылардың осы облыстағы саясатпен келіспегендердің барлығына қажет. Принцип және сертификаттау жүйесін функциялауды қамтамасыз етеді және халықаралық сертификат бойынша жұмыс жүргізу практикасының анализіне халықаралық ұйымды ұсыну. Осы қатынаста елеулі атаққа Европалық экономикалық комиссия БҰҰ (ЕЭК БҰҰ) шегінде қабылданған ұсыныстар болып табылады. Осы ұсыныстар басқармаға(құжат ЕЭК/СТАНД/17) басқа елдер үшін жаңа барьерлерге келісім аймақтық және басқа локальды сипатқа үзілуі мүмкін,сертификаттау бойынша халықаралық келісім үшін жалпы принциптерді табу қажеттігінен шығады. ЕЭК БҰҰ мүше елдер басшысының сеніміне кіру сертификат боиынша келісімді бекітуге әсер етті.

ЕЭК БҰҰ ұсынған негізгі принциптер негіздік сияқты өту тшін елдер арасындағы экономикалық бірлестік үшін өзара тиімді талапты орнату қажеттігінен шығады:

  • Сертификаттау бойынша келісімнің ашық сипаты кезкелген жақтан қатысу,әсер етуші ережені дайын қабылдау және оларды (көрсетіп кетуге болады) бақылауға қабілетті және негіздік үшін.

  • Теңділік және міндеттікке құқық жәнебарлық өнімге қатысты тең режим немесе ел ішінде өндірілген табылған келісімдермен-сынау қорытындылары және сертификаттау жүйесін өзара мойындау, экспорттаушы елде өткізілген стандартқа сәйкес орнату үшін.

  • Сертификаттау процедурасы сертификаттау бойынша келісім талаптарына жауап береді,кепілдеудің аса маңыздылығына ие болу үшінтиісті құрал және квалификацияланған персоналдар нұсқауы.

  • Ұлттық стандарттар келісімі.

  • Техникалық жетістікке сенімділікке және сәйкес ұлттық ұйымдарға әділдік жіне сертификаттау жүйесін сертификаттау бойынша тиімді функциялаудың шамалы талабын қажет ретінде өзара келісім.

Өзара келісімге жетуді қабілеттілік шаралары:

  • Сертификаттаудың ұлттық жүйесі жайында ақпарат алмасу,персонал квалификациясы жайында бастапқыларды қоса олардың олардың техникалық мүмкіндіктері және административті жағдайлары:

  • Барлау және бақылау жүйесі ұйымымен танысу үшін басқа елдің сертификаттау бойынша органының эксперттері қатысу:

  • Сертификаттау бойынша келісімді өткізу, мүшелер арасында техникалық және административтік әсер етудің бірлесуі,бір түрлі түсіндіруді қамтамасыз ету және сынау құрылғысын тексерү координациясы шегінде келісім жағдайын қабылдау үшін шаралар қолдану:

  • Жақсы жұмыс тәжірибесі және бақылау әдісі жайында ақпарат алмасу

  • Соңынан келетін қорытындыларды мүмкіндігінше талқылаумен инспекторларды бірігіп оқыту және бақылау сынағын жүргізу.

ИСО-дан сертификаттау бойынша принциптер мәліметі. “Сәйкес стандарт бойынша сертификаттау жүйесінің үшінші жағымен принциптер кодексіатауын алған сертификаттау талабына ерекше көңіл аударады, стандартта келтірілген сипаттамалардың айқындығын анықтау, сынау және өлшеу әдісінің қайта жаңғыртылымдылығы.

Кәсіпорында сапаны басқару үрдісіне көңіл аударуға қабылдау, сертификаттау жүйесіне кодексі ашық бақыланады, көзқараста реттеу реті қарастырылады, жүйені функциялау ұйымы осы түрде сертификаттау бойынша ұйым қызығушылық тудыратын жақ кодекс жағдайын толық бақылауды кепіл ете алады.

Сынақ зертханасы және ұйымдардың, өндіріс тексеруін орындаушы хабардарлығын бағалау критерийін анықтау бойынша ИСО жұмыстары.

Жарияланған басшылық, «сынақ зертханасын бағалау үшін жалпы талап», «сертификаттау бойынша органды бағалау үшін жалпы талап» реттеуші.

Сәйкестікті бағалау бойынша ИСО-ның арнайы комитетті (КАСКО) халықаралық жоспарда сәйкес келетін мінездемені өңдеуде сертификаттау сұрақтарын зерттеумен айналысады.

Жаңа комитеттің мүшесі – актив мүшес 35 ел,басқа елдің стандарттауы бойынша ұлттық органдарынан 24 ел бақылаушы.

КАСКО жапсырмалары: стандартқа өнім сәйкестігін бағалау әдісін оқу; өнімді сертификаттау, қызмет көрсету, процестер, инспекциялау және сынау облысында халықаралық басшылықыты дайындау; бақылау және сертификаттау бойынша органдар сынау зертханаларының хабардарлығы сапаны басқару жүйесін бақылау; сапаны қамтамасыз етудің аймақтық жүйесін және ұлттық қабылдау және өзара мойындауға көмектеседі; сынау мақсатына, инспекция, бағалау және сертификаттау үшін халықаралық стандарттарды кеңейту және ұсыну. КАСКО құжаттары сертификаттаудың жалпы ережесі үшінші жақпен, сертификаттау жүйесін жасаудың негізгі принципін жасау, сонымен бірге сынау қорытындысын сынау бойынша және өндіріске үшінші жақпен сапаны басқару жүйесін тіркеу және бағалаудың жалпы ережесі.

КАСКО жұмысының бағдарламасы сертификаттау жүйесінде жасалған әдістемелік қамтамасыз етуге ИСО жұмысын анықтау қарастырылады. ИСО және МЭК – ИСО/МЭК2 бірегей басшылығы жасалған халықаралық сертификаттау жүйесінің жалпы үрдістер ережесін өңдеу, ұлттық, аймақтық және халықаралық сертификаттау жүесі бірігей принцип негізінде дами алады және берілген сертификаттарды білу кезінде және өзара келіскен баға қорытындысында жұмыс өткізу.

Бақылау сұрақтары:

  1. КАСКО жұмысының бағдарламасы, сертификаттау жүйесінде жасалған әдістемелік қамтамасыз етуге ИСО жұмысын анықтау қалай қарастырылады.

  2. Европалық экономикалық комиссияның атқаратын қызметі?

Дәріс 11

Тақырыбы: Бақылау орталықтарын аккредиттеу бойынша халықаралық конференция (ИЛАК)

Дәріс жоспары:

  1. Аккредиттеу бойынша халықаралық конференция (ИЛАК)

  2. Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰ-ның келісіміне аккредиттеу

Сертификаттау негізіне сынақ жатуына байланысты, осы жүйеге ерекше мән беретін сынақ зертханалары, басқармалық ұйым немесе осы сертификатталған мақсаттар үшін арнайы аккредиттелген. Осы байланыста сынақ зертханаларын аккредиттеу бойынша (ИЛАК) халықаралық конференция әсер етуіне қызығушы байланыс көрсетеді. ИЛАК конференциясы ақпарат ауысу және құқық бойынша тәжірибе және өнімді сынау қорытындысының техникалық сұрағын халықаралық мойындау үшін жыл сайын жаңартылады. Бұл мойындау екі жақты бекіту жолымен қамтамасыз етіледі және зертхананы аккредиттеу жүйесін мойындауды көп жақты келісу, сонымен бірге сынақ зертханасын аккредиттеуге қатысты сұрақтар бойынша қызығушы халықаралық ұйымдармен бірігу.

ИЛАК периодты жаңарған басылымды шығарады: «сынақ зертханасы және аккредиттеу жүйесі бойынша халықаралық анықтама.

ИЛАК жұмысында барлық өнеркәсібі дамыған елдер қатысады.

Соңғы жылдары ИЛАК-қа дамушы елдер қатысуы елеулі активтендірілді. Олар осы ұйымды ұйымдастыру өзінің жеке аккредиттеу жүйесін жасау үшін сынақ зертханаларын аккредиттеу бойынша бағалы ақпаратты алу көзі маңызды деп есептейді.

Конференцияларда ИЛАК халықаралық ұйым өкілдерінің активті қатысуын қабылдайды, ЕЭС,ЕЭК, БҰҰ ГАТТ, ИСО, МЭК және т.б. ИЛАК өзінің әсер етуінде КАСКО ИСО-мен жақын бірлеседі.

Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰ-ның келісіміне аккредиттеу

Теңестіру және олардың сәйкестігін бағалау нәтижелерінің сенімділігіне болды, сондықтан экспорттаушы мүше тиісті сәйкестікті бағалау органдарының техникалық құзыреттілігін төтеп; Осы орайда, халықаралық стандарттау органдары берген осы саладағы тиісті бағыттаушылары немесе ұсынымдар, мысалы, аккредиттеу арқылы, тиісті техникалық біліктілігінің дәлелі ретінде растады;

ILAC және IAF— Сәйкестікті бағалау органдарының аккредиттеу әлемдік қауымдастығы

    • Өзара мойындау туралы әлемдік көпжақты келісім арқылы сәйкестікті бағалау қызметінің құзыретін тану

    • Сәйкестікті бағалау тәжірибесін үйлестіру

    • Өнімдер мен қызметтердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін, тиімді тетігі ретінде аккредиттелген сәйкестікті бағалау қызметтерінің жиынтығы

Әлемдік тұжырымдамасы

    • Тестіленіп тексерілетін немесе бір рет сертификатталған

    • барлық жерде қабылданады

    • Бірде аккредиттелген

    • барлық жерде қабылданады

Аймақтық ұйымдарды аккредиттеу

РАС және ILAC келісімдері, аккредиттеу жөніндегі өңірлік ұйымдар аясындағы (МДО / MRA) қолданыстағы шарттар негізінде жұмыс істейді (немесе құрылған)

      • РАС МДО келісімдер таниды EA, IAF, IAAC

      • ILAC MRA келісімдер таниды EA, APLAC, IAAC

Бақылау сұрақтары:

Конференцияға қатысушылар құрамы, шешілген конференциялар тапсырмасы және негізгі әрекеттер.

ИЛАК-та шығарылған периодты басылымдарды көрсетіңіз, онда қандай сұрақтар көтеріледі және шешіледі.

Дәріс 12

Тақырыбы: Сертификаттау бойынша халықаралық келісім

Дәріс жоспары:

  1. Сертификаттау бойынша халықаралық келісім жүргізу тәртібі

  2. СВ жүйесі

Техникалық деңгейді көтеру, экономикалық байланыс, халықаралық сауданы дамытудағы стандарттау құралып, әсер етудің тиімді формасы бұйымның сапа және сенімділігі сертификаттау облысындағы халықаралық бірлестік болып табылады.

Европалық экономикалық бірлестіктегі елдер және еркін сауданың европалық ассоциациясы елдерін сертификаттауға келісу.

Сертификаттау бойынша жұмысты ұйымдастыру сұрануда басқаларға қарағанда тәжірибелі ұйым халықаралық комиссия (электроқұрылғыға талапты орнату және оны тексеру бойынша (СЕЕ)) болып табылады. Осы ұйымға Австрия, Бельгия, Ұлы Британия, Дания, ГФР, Финляндия, Венгрия, Ирландия, Италия, Нидерланды, Нарвегия, Польшия, Испания, Чехословакия, Швеция және Швецария тағы сол сияқты европалық елдердің стандарттау бойынша ұлттық ұйымдары кіреді.

Халықаралық байланыста және электротехникалық стандарттаудың ұлттық көлемде дамуымен және кең қолдану МЭК-те өңдеу, сертификаттауга тек СЕЕ әсер етуінің топшалануы қажетігі жайында сұрақ ертеде көтерілген, европалық бойынша басқа елдер үшін осы ұйымды ашық қылу МЭК-те электротехникалық стандарттауды өңдеумен өтеді. Сол үшін 1984 ж. СЕЕ-ні МЭК-пен алмастыру шешімі қабылдаған. МЭК қамқорлығымен электронды компоненттерді (IECQ жүйесі) сертификаттау және сертификаттау бойынша IECEE жаңа орган өткізеді – электротехникалық және электронды құралдар (тұмыстық электронды құралдар ,жарықтандырғыш құрылғы, тұрмыстық электрқұралдар, портативті электрқұралдар, монтажды материалдар, сымдар, трансформаторлар, кеңселік электрлік және электронды машина аппараттар және тағы басқа ) қатарын сертификаттау.

СВ жүйесі

IECEE органды сертификаттау бойынша әсер етудің негізгі жағдайы бастапқыдай болып қалады, СЕЕ жұмысы практикасына базаланады, солүшін СЕЕ жұмыс тәжірибесін толығымен қараймыз.

СЕЕ электротехникалық бұйым бойынша кепілдеме және ереже берді және сынау салдарын осы ережемен олардың сәйкестігін тексеруді ұйымдастырды. (IEECEE өзінің өзінің әсеретуін СЕЕ стандартты негізінде құрды және МЭК СЕЕ және МЭК стандарт стандарттарымен бірге өңдеді.)

Сертификаттауды қамтамасызету үшін СЕЕ-де толық ассамблея қабылдаған стандарттар техника қауіпсіздік талабын белгіледі, және ұйым мүшесі олар арнайы формальды болмады, олар фактілі түрде елдерге қосылды – бұл қаншалықты ел талабына жол берсе де сәйкес арнайы органдар мүшесі болады.

Толық ассамблеяда қабылдаған стандартқа сәйкес және қандайда бір деңгейдегі стандарттардағы құрылғының түрі үшін, мән тек қана бұйым сәйкестігін дәлелдеуші СЕЕ және МЭК стандарт талаптарына, сертификатқа беріледі.

СЕЕ сертификаттау жүйесі (қысқартылғанда (“СВ жүйесі”)) халықаралық саудада дамуының мақсатына, стандартқа сай келетін электротехникалық бұйым сертификатының меншіктену арқылы СЕЕ-нің толық ассамблеясында бекітілуіне қызмет етеді.

СВ жүйесін жүйе жұмысы ережесін толықтыру және өңдеуге негізгі міндет болып келетін, осы жүйе үшін қолданылған, қабылданған стандарттар, және онда ұлттық ұйым қатысатын сұрақтарды шешудің СЕЕ-нің толық ассамблеясы басқарады.

СЕЕ мүшесінің әрбір ұйымы СВ жүйесіне қатысуға СВ жүйесінде көрсетілген ережеге СВ сертификатын мойындауға дайын жағдайда ұлттық сертификаттау орган сәйкес елде сертификаттау кеңесін (СК) ақпараттандыруы жіберілген болуы мүмкін.

СВ жүйесін басқаруды СЕЕ-нің толық ассамблеясы алдында өз әсер етуі жайында есеп беретін сертификаттаушы кеңес деп аталатын орындаушы комитет іске асырады. СС-ның міндеттері жүйенің дамуы және ережесі шегіндегі СВ жүйесінің функциялау басшылығы болып табылады.

Сертификаттау кеңесі құрамына оның лауазымдық жағы шегіне СВ жүйесіне қатысушы әрбір ұйымнан біреуден кіреді. СВ жүйесіне қатысатын ұйымнан өкілдік ұсынады, ал сәйкес елде сертификаттау бойынша ұлттық органнан ұсынады. Олар элект құрылғыны фирмалармен немесе қандай да бір басқа органмен дайындаушы немесе сатушы байланыста болмауы тиіс.

Сертификаттау кеңесінің отырысында шешім дауыс берудің қарапайым түрімен өтеді, мына талап пен СВ жүйесіне қатысатын ұйымның 2/3 аз емесі осы отырысқа қатысуы тиіс. Егер осы қатысушылар толық болса, 1 айдан ерте емес уақытта басқа отырыс шақырылады, және сәйкес шешім дауыс берудің қарапайым әдісімен отырысқа қатысушы ұйымдар санына байланыссыз қабылданады. Осымен бірге әрбір ұйым бір дауысқа ие болады.

Ескерту жағдайында СВ сертификатын мойындауға байланысты СВ жүйесіне қатысатын, сертификаттау бойынша ұлттық органдардың біреуі, сертификаттау кеңесі СЕЕ толық ассамбалеясынан сәйкестік шегін қабылдауы талап етуге құқылы.

СВ жүйесі қайта тексеру кеңесін қосады, СВ сертификатының техникалық құрамын немесе келіспеуге қатысты қабылдаудың қажет кезінде сертификаттау бойынша ұлттық органда жасалған арыз бойынша шешім қабылдауға рұқсат етеді, СВ жүйесімен СВ сертификатын алып тастау жайында бірлесу, басқа ұлттық органмен берілген, аз ғана қандай да бір байланысқа шек қабылдау сұрағы бойынша СЕЕ-нің толық ассамблеясы ықылас білдіреді, стандарттың техникалық құрамына қатысты, СВ жүйесі үшін қабылданған немесе олардың қарастыру кезінде анықталған талқылаулар.

Қайта қарау кеңесінің шешімі соңғы болып табылады.

СВ жүйесі әртүрлі түрдегі тұрмыстық, элекетротехникалық құрылғылар, кбельдер, шнурлар және т.с.с. СВ жүйесіне қатысты ұйымдармен біріккен стандарпен дайындалған түрде таралады.

СВ жүйесі үшін қабылданған стандарттар реті сертификаттау кеңесінің бюллетенінде жарияланады.

Әрбір әрекет етуші стандарттар бойынша, сонымен бірге СВ жүйесі үшін қайта қабылданған стандарттадың әрбіріне, сертификаттау бойынша әрбір ұлттық орган, СВ жүйесіне қатысушы ол сертификатын мойындады ма сол жайында хабардар етуі тиіс немесе СВ жүйесі үшін егер қабылданған ұлттық стандарттан ауытқу болатын болса, қосымша сынау талап етіледі.

Сынақ зертханасын растау бойынша арыз СВ сынау зертханасы ретінде құрылғының сәйкес түріне байланысты немесе СВ жүйесіне қатысуға тиісті және қатысатын сәйкес ел ұйымына беріледі. Арыз СЕЕ-нің бас хатшысына беріледі және сертификаттау мақсаты үшін СЕЕ-нің толық ассамблеясында қабылданғандай оны СВ-ның сынау хертханасында растауды өткізуді қалайды және стандарттар қатары шегінде жолдамаланады, сынақ құралдарын сипаттау, сынау қызметінде сынау зертханасының персоналының квалификациясы жайында мәлімет береді. СЕЕ-ні тағайындау жақ сәйкес келетін сынау зертханасын тексереді (осымен бірге кем дегенде бір жақ сертификаттау кеңесінің мүшесі болуы тиіс). Осы жақтар сертификаттау кеңесіне өзінің бақылауы және нұсқауыга қатысты арызға қосылған құжаттармен бірге құпия есеп беру тиіс. Сынақ кеңесі СЕЕ-нің толық ассамблеясына соңғы нұсқауды береді.

СВ сертификаты хаттамаға сынақты қосады, егер сертификаттау талабына әрбір тақырып бойынша сілтеме картасымен қажет болса.

Бақылау сұрақтары:

СВ жүйесінің құрылымы қандай?

Сынақ зертханасын растау бойынша мемлекеттік қадағалау қалай жүргізіледі?.

Дәріс 13