Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции_ХСС_каз._30.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Тақырыбы: Халықаралық электротехникалық комиссия

Дәріс жоспары:

  1. Электротехникалық комиссияның даму тарихы және мақсаты

  2. Электротехникалық комиссияның негізгі стандарттау объектілері

  3. ХЭК тің халықаралық стандарттар түрлері және ерекшеліктері

Даму тарихы

ХЭК 1906 жылы 13 ел қатысқан халықаралық конференцияда құрылды. ХЭК электротехника, электроника, радиобайланыс, аспап құру, т.б. ИСО қызметіне кірмейтін салалардағы стандарттаумен айналысады.

ХЭК мақсаты

Электротехника мен радиотехника саласындағы стандарттау мен онымен аралас мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастыққа халықаралық стандарттар мен басқа құжаттарды жетілдіру жолы арқылы көмек көрсету.

ХЭК негізгі стандарттау объектілері:

Электротехникалық өнімдерге арналған материалдар (сұйық, қатты, газ тәрізді диэлектриктер, мыс, қорытпалар)

өндіріске белгіленген электротехникалық жабдықтар (балқытып біріктіру апппараттары, двигателдер, сәулелітехникалық жабдық, кабель)

электроэнергетикалық жабдықтар (буландыру, гидравликалық, беру сызығы, генераторлар, трансформаторлар)

электронды өнеркәсіптің өнімдері (интегралды схемалар, микропроцессорлар)

тұрмыс және өнеркәсіпке арналған электрлі жабдықтар

электрлі инструменттер

байланыс спутниктеріне арнаулы жабдықтар

терминология.

Ұйымдық құрылымы

Кеңес – ХЭКтің жоғары жетекшілік органы, жыл сайын өткізілетін отырыстар ХЭКке мүше әр елде кезек жүргізіледі. Шешім дауыс көпшілігіне қарай қабылданады, ал ұйым президенті шешуші дауысқа ие.

Іс-әрекет комитеті – басты координациялаушы орган. Негізгі міндеті – техникалық комитеттер жұмысын түзету, жұмыстың жаңа бағыттарын анықтайды, әдістемелік құжаттарды жетілдіреді, басқа да ұйымдармен қызметтестікке қатысып, шешім қабылдайды, Кеңестің барлық отырыстарын іске асырады.

Консультативтік групппалар – Іс-әрекет комитетіне бағынады және оның жетекшілігімен қызметтің нақты мәселесі бойынша құрылады, мысалы АКОС пен АСЕТ, КГЭМС, КГТИ және өлшемдерді түзетуге арналған жұмысшы топ.

Халықаралық стандарттарды тікелей жетілдіретін ХЭКтің техникалық органдарының құрылымы – техникалық комитеттер (ТК), подкомитеттер (ПК) және жұмысшы топтар (ЖТ)

Радиокедергілер бойынша халықаралық арнайы комитет (СИСПР) – электронды және электротехникалық құралдар шығаратын радиокедергілерді өлшеу әдістерін стандарттау ісін жүргізеді. Бұл құралдардың сертификациялануы СИСПР стандарттарына сәйкес орындалады.

ХЭКтің халықаралық стандарттар түрлері

Жалпытехникалық – салааралық сипатта, терминология үшін нормативтік құжаттар, стандартты кернеу мен жиілік, бірнеше сынақ түрлері жатады.

Нақты бір өнімге техникалық талап қоятын стандарттар. Бұл стандарттар тұрмыс құралдарынан бастап байланыс спутниктеріне дейінгі кең көлемге таралған.

ХЭК стандарттарының ерекшеліктері

ИСО стандарттарының мазмұнына қарағанда нақтылықпен ерекшеленеді - өнімге қойылған техникалық талаптары, оны сынақтан өткізу әдістері, қауіпсіздік талаптары (нақты тауарлардың қауіпсіздігіне арналған халықаралық стандарттар) баяндалады. Стандарттар мүше елдерде тікелей қолдануға жарамды.

Басқа ұйымдармен ынтымақтастық

Қызметтестіктегі негізгі ұйым – ИСО. Стандарттау, сертификаттау, сынақ лабораторияларын аккредитациялау мен әдістемелік аспектілердегі сұрақтар бойынша ИСОмен бірге ИСО/ХЭК Жетекшілігі мен ИСО/ХЭК Директиваларын жетілдіруде.

Бақылау сұрақтары:

Халықаралық электротехникалық комитеттің (ХЭК) қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. ХЭКтің басты мақсаты.

ХЭКтің негізгі стандарттау объектілерін атаңыз.

ХЭКтің ұйымдық құрылымы және қызмет бағыты.

ХЭК стандарттарының түрі мен ерекшелігін айтыңыз.

ХЭКтің басқа елдермен қызметтестігі және даму болашағы.

Дәріс 3