- •«Халықаралық стандарттау және сертификаттау» пәнінен дәрістер жиынтығы
- •5В073200- «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының студенттері үшін
- •Халықаралық стандарттау және сертификаттау
- •5В073200- «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының студенттері үшін
- •Тақырыбы: Халықаралық электротехникалық комиссия
- •Тақырыбы: Халықаралық стандарттауға қатысатын халықаралық ұйымдар
- •Тақырыбы: исо 9000 сериялы хаықаралық стандарттардың жүйесі
- •Тақырыбы: св сертификаттау
- •Тақырыбы: Сертификаттау бойынша сен комитеті
- •Сенсер Комитеті
- •Тақырыбы: Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары
- •Тақырыбы: Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты
- •Тақырыбы: Мемлекетаралық Кеңес стандарттау, метрология және сертификаттау.
- •Сапаның құжатталған жүйесін атап өтіңіз
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Джамалова З.И.
«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы
«Халықаралық стандарттау және сертификаттау» пәнінен дәрістер жиынтығы
5В073200- «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының студенттері үшін
Шымкент, 2015 ж
Ф.7.03-18
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті
Джамалова З.И.
Халықаралық стандарттау және сертификаттау
пәнінен дәрістер жиынтығы
5В073200- «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының студенттері үшін
Шымкент, 2015
УДК 006.91 (075)
Құрастырған: Джамалова З.И. «Халықаралық стандарттау және сертификаттау» пәнінен дәрістер жиынтығы. Шымкент: М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҚМУ, 2015 ж._ _ бет.
Дәріс жиынтығы «Халықаралық стандарттау және сертификаттау» пәнінің оқу жоспарына және типтік бағдарламасына сәйкес әзірленген.
Дәріс жиынтығында халықаралық стандарттау және сертификаттаудың негізгі талаптары, негізгі құжаттары, өнім сапасы, метрология және халықаралық стандарттау облысында әсер етуші жағдайлары, халықаралық стандарттау және сертификаттау облысындағы негізгі терминдер және түсініктерді, сонымен қатар халықаралық стандарттау және сертификаттау жайында толық ақпарат қарастырылған.
Дәріс жиынтығы 5В073200- «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының студенттеріне арналған.
Рецензенттер:
Бекібаев Н.С. – С ж/е С профессоры, т.ғ.д.
Қалдыбекова Ж.Б. – С ж/е С доценті, т.ғ.к
«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының мәжілісінде талқыланған
“____ ” _______ 2015 ж, № _ хаттама,
Механика және мұнайгаз ісі факультетінің әдістемелік комиссиясы талқыланған
“____ ” _______ 2015 ж, № ___ хаттама,
Баспаға М.Әуезов атындағы ОҚМУ әдістемелік кеңесі ұсынған (хаттама № ____ «____»___________ 20 ж. )
© М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, 2015 ж.
Шығарылымға жауапты Джамалова З.И.
Мазмұны
1. Стандарттау бойынша халықаралық ұйым – ИСО |
5 |
2. Халықаралық электротехникалық комиссия |
7 |
3. Халықаралық стандарттауға қатысатын халықаралық ұйымдар |
9 |
4. Стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар |
11 |
5. Халықаралық стандарттаудың өзекті сұрақтары |
14 |
6. Қолдану облысын ескере отырып жасалынатын стандарт |
16 |
7. Халықаралық стандартты өңдеу реті |
18 |
8. Стандартқа өзгертүлер әзірлеу, бекіту және ендіру рөлі |
21 |
9. Халықаралық сертификаттау негізі |
23 |
10. Халықаралық стандарттаудың әдісі және принципі |
25 |
11. Бақылау орталықтарын аккредиттеу бойынша халықаралық конференция (ИЛАК) |
28 |
12. Сертификаттау бойынша халықаралық келісім |
34 |
13. ИСО 9000 сериялы хаықаралық стандарттардың жүйесі |
29 |
14. СВ сертификаттау |
36 |
15. Стандарттау бойынша Еуропалық комитетті сертификаттау бойынша Ассоциация (СЕНСЕР) |
38 |
16. Сертификаттау бойынша СЕН комитеті |
40 |
17. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары |
46 |
18. Халықаралық стандарттарды әзірлеу тәртібі |
48 |
19. Сапа жүйесінің сертификаттау |
52 |
20. Халықаралық стандарттар |
56 |
21. ИСО 9000 сериялы стандарттар |
59 |
22. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты |
61 |
23. Өңірлік және халықаралық стандарттар жүйесі |
63 |
24. Мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық деңгейдегі стандарттау метрология және сертификаттау жүйелері |
67 |
25.Халықаралық стандарттарды әзірлеу процесәнәі жүргізілуі |
74 |
26. Мемлекетаралық стандарттау жүйесінің жұмысы |
79 |
27. Мемлекетаралық Кеңес стандарттау метрология және сертификаттау |
83 |
28. Халықаралық сауда ұйымының мәні мен ролі |
85 |
29. Бүкіләлемдік сауда ұйымының сыртқы саудадағы ролі мен міндеттері |
89 |
30. Сапа түсінігі |
95 |
Қолданылғын әдебиеттер тізімі |
102 |
Дәріс 1
Тақырыбы: Стандарттау бойынша халықаралық ұйым – ИСО
Дәріс жоспары:
1. Стандарттау бойынша халықаралық ұйымның даму тарихы.
2. Ұйымның мақсаттары мен міндеттері
Даму тарихы
Халықаралық стандарттау ұйымы - ИСО 1946 жылы БҰҰ комитетінің отырысында стандарттау саласындағы 25 ұлттық ұйымның шешімімен құрылған және Жарғының ратификациялануына байланысты сол жылы ресми түрде іс жүзіне кірісті. Ұйымды және оның атауын құру барысында ұйым атауының аббревиатурасының барлық тілде бірдей аталу қажеттілігі ескерілді. Сол үшін грек тілінің isos – тең сөзін қолдануға шешім қабылданды. Әлемнің барлық тілінде Халықаралық стандарттау ұйымы қысқаша ISO (ИСО) деп аталады. ИСОның қызмет аймағы – электротехника мен электроникадан басқа барлық салалардағы стандарттау. Қазіргі уақытта ИСО құрамына өздерінің ұлттық стандарттау ұйымдары бар 120 ел кіреді. ИСО құрамында барлығы 80нен астам комитет-мүшелер бар.
ИСОның мақсаттары мен міндеттері:
ИСО қызметінің мақсаты – халықаралық тауаралмасу мен өзара көмекті жеңілдету үшін әлемдік масштабтағы стандарттауға жәрдемдесу, интеллектуалды, ғылыми, техникалық және экономикалық қызмет саласындағы ынтымақтастықты кеңейту.
Стандарттаудың негізгі объектілері мен стандарттар саны (стандарттаудың барлық саны бойынша %пен есептелінген):
Машина жасау – 29, химия – 13, метал емес материалдар – 12, кен мен металдар – 9, ақпараттық техника – 8 , ауыл шаруашылығы – 8, құрылыс – 4, арнайы техника – 3, денсаулық қорғау мен медицина – 3, негіз қалаушы стандарттар – 3, қоршаған орта – 3, тауарларды орау мен транспорттау – 2.
Соңғы жылдары ИСО сапа жүйелерін стандарттауға көп көңіл бөлуде – халықаралық стандарттарды жетілдіру мен баспаға шығару.
Ұйымдық құрылым
Басқарушы органдар – Бас ассамблея, Кеңес, Техникалық басқарушы бюро.
Жұмысшы органдар – техникалық комитеттер (ТК), подкомитеттер (ПК), техникалық консультативтік группалар (ТКГ)
Бас ассамблея – комитет-мүшелермен тағайындалған лауазымды тұлғалар мен делегатттардың жиыны. Әр комитет-мүше саны 3тен аспайтын делегаттар ұсынуға құқылы. Корреспондент мүшелер және абонент мүшелер қадағалау қызметін атқарады.
Кеңес – Бас ассамблея сессияларының үзілістері кезінде ИСО жұмысын басқарады. Консультацияға арналған сұрақтарды комитет-мүшелерге жіберуге және оның шешімін комитет-мүшелерге тапсыруға құқығы бар.
ИСО комитеттерінің қызметі
СТАКО – халықаралық стандарттарды жетілдірудің принциптері мен әдістері бойынша ИСО Кеңесіне әдістемелік және ақпараттық көмек көрсетеді. Стандарттаудың негіз қалаушы принциптері мен бұл салада тиімді нәтижелерге қол жеткізуге арналған ұсыныстардың дайындығын зерттейді. Халықаралық стандарттарды халықаралық саудада қолдану бойынша терминология мен ұйымдастыру ісімен шұғылданады.
ПЛАКО – ИСО жұмыстарын жоспарлау, техникалық жақтарды ұйымдастыру, координациялау бойынша ұсыныстарды дайындайды, ТКны құру мен өсіруге арналған ұсыныстарды қарастырады, комитеттің айналысатын стандарттау аймағын белгілейді.
КАСКО – стандарт талаптарына өнімнің, қызмет, процесс және сапа жүйесінің сәйкестілігін растау сұрақтарымен айналысады. Өнімді, қызмет, процесс және сапа жүйесін сынау мен бағалау, сертификаттау бойынша сынақ зертханалары мен ұйымдарының компетенциясын растау жетекшілігін жетілдіреді. Сертификаттаудың ұлттық және аймақтық жүйелерінің өзара мойындалуы мен қабылдануына, халықаралық стандарттардың сынау мен сәйкестілікті растау аймағында қолданылуына көмек көрсетеді.
КАПОЛКО – стандарттау арқылы тұтынушылардың көңілін қамтамасыз етеді, тұтынушыларды оқыту бойынша программалар құрады, халықаралық стандарттар туралы мәлімет береді, тұтынушыларға арналған басылымдарды шығарады, тұтынушы тауарларының эксплуатациялық мінездемесін зерттеу үшін стандартты әдістерді жетілдіріп отырады.
ДЕВКО – стандарттау саласындағы дамушы елдердің сұраныстарын зерттейді, осы саладағы рекомендацияларды дамытады.
РЕМКО – стандарттық үлгілерге (эталондарға) тиісті жетекшілік бойынша сұрақтармен айналысады, ИСО қызметін халықаралық метрологиялық ұйымдармен координациялайды.
ИНФКО – стандарттауда ақпараттық қамтамасыздандыру жұмыстарын атқарады.
ИСО перспективалары
Нарықпен байланыс орнату – басымды жетілдіру таңдамасы
Өз жұмысының тиімділігін арттыру нәтижесінде жалпы және уақтылы шығындарды азайту
Дүниежүзілік сауда ұйымына көмек көрсету
Өнеркәсіпте жаңа стандарттарды құруға ынталандыру, техникалық көмек көрсету шарттарына негізделген ДТҰмен қарым-қатынастарды дамыту.
Бақылау сұрақтары:
ИСОның негізгі мақсаты мен міндеті.
ИСО шығаратын стандарттар саны және сала мен қызмет түріне байланысты стандарттаудың негізгі объектілері.
ИСОның ұйымдық құрылымы – жетекші және жұмысшы органдары. ИСО комитеттерін атап шығыңыз.
ИСО даму перспективалары.
Дәріс 2
