- •«Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнінен лекциялар жиынтығы
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы үшін
- •Шымкент-2012 ж қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
- •Мазмұны
- •1 Лекция. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
- •2 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен құқықтары
- •Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
- •Өндірістің метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Лекция. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •4 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жалпы сипаттамасы
- •3 Сурет. І және іі топтардағы кәсіпорынның метрологиялық қызметінің құрылымдық сызбасы
- •Метрологиялық қамтамасыз етуге және оның тапсырмаларына қатысатын кәсіпорын бөлімшелері
- •6 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушы негіздері
- •7 Лекция. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (әрі қарай ужмқ) және заттар мен матиериалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (сүмқ)
- •9 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері
- •10 Лекция. Өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі
- •11 Лекция. Метрологиялық қызметтер. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және рмк „Метрология“ метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •12 Лекция. Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •13 Лекция. Стандарттардың, техникалық шарттардың метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі
- •14 Лекция. Өнім өндіруді және оны шығаруды технологиялық дайындау сатысында мқе талдау
- •15 Лекция. Стандартты емес өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу
- •16 Лекция. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі
- •17 Лекция. Өлшеуді, өқ–ның күйін, және қолданылуын метрологиялық қадағалау
- •18 Лекция. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау түрлерi
- •19 Лекция. Өлшеу құралына тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және тәртібі
- •20 Лекция. Өлшеу құралын тексеру
- •Өлшемдерді орындау әдістемесі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін әзірлеу тәртібі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі
- •21 Лекция. Өлшеу құралын калибрлеу
- •22 Лекция. Тексеру схемалары
- •23 Лекция. Тексеру схемаларының мазмұны және құрылуы
- •24 Лекция. Өқ-ын мемлекеттік сынау. Мемлекеттік қабылдап және бақылап сынау
- •25 Лекция. Сынау жабдығын аттестаттау
- •26 Лекция. Техникалық құжаттаманы мс және мө жайлы ұғымдар
- •27 Лекция. Мс-ге және мө-ге жататын өқ-ына конструкторлық құжаттама
- •28 Лекция. Конструкторлық құжаттаманы метрологиялық бақылау.
- •29 Лекция. Технологиялық құжаттаманы метрологиялық бақылау
- •30 Лекция. Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың міндеттері мен құқықтары
- •3 Лекция. Метрология саласындағы қызметкердің біліктілігі
- •4 Лекция. Метрология саласындағы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
2 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен құқықтары
Дәріс жоспары:
Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері
Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі құқықтары
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды іске асыру үшін (салыстырып тексеру, калибрлеу, өндіріс, жөндеу, сынақтар, өлшемді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау, метрологиялық тексеру және басқалар) мемлекеттік басқарма органдары, жеке және заңды тұлғалар метрологиялық қызметтерді құрайды.
Өз әрекетінде метрологиялық қызметтер:
- Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасының заңды және нормативті құжаттарын, соның ішінде өлшем бірлігін қамтамсыз ету бойынша;
- стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган (әрі қарай уәкілетті мемлекеттік орган) бұйрықтарын;
- осы ұсыныстар негізінде дайындалған метрологиялық қызмет туралы Ережені;
- мемлекеттік басқарма органы және заңды тұлға бұйрықтарын және жарлықтарын басшылыққа алады.
Метрологиялық қызметтер, олардың бағынушылығына және меншік түрлеріне тәуелсіз, ереже бойынша, құрылымдық ішкі бөлімшелер түрінде пайда болады және басшы метрологтармен басқарылады. Негізгі міндеттері қызметтер және құқықтарды анықтау үшін метрологиялық қызметтер мемлекеттік басқарма органы, құрамында жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты деректер болуы қажет және метрологилық қызметтердің құрылымын, міндеттерін, қызметтерін және құқықтарын анықтайтын метрологиялық қызмет туралы ереже дайындайды
Метрологиялық қызметтер әрекеттерінің мемлекеттік метрологиялық қадағалауын ҚР СТ 2.2 және ҚР ЕР 50.2.24 белгіленген тәртіп бойынша уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қадағалауы бойынша аумақтық ішкі бөлімшелер іске асырады.
Метрологиялық қызметтердің негізгі міндеттеріне:
өлшемнің талап етілетін дәлдігін және бірлігін қамтамасыз ету;
ғылыми зерттеулердің, өндіріс тиімділігінің, өнімдердің, жұмыс және қызмет көрсетудің техникалық деңгейін және сапасын көтеруге бағытталған өлшем құралдарын және қазіргі заманғы әдістерді практикаға енгізу;
әрекеттің негізгі бағыттарын анықтауды, және зерттеулерді, дайындауларды, өндірісті, сынақтарнды, өнімді пайдалануды және басқа әрекет салаларын метрологилық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар орындау;
әрекеттегі заң бойынша белгіленген метрологиялық ережелерді сақтау және өз уақытында енгізу;
ҚР СТ 2.15 талаптарына сәйкес метрологиялық бақылаудың іске асуы жатады.
метрологиялық қамтамасыз етудің дамытудағы негізгі бағыттар мен осы облыстағы ғылыми және техникалық жетістіктерді барынша эффективті пайдалану жолдарын анықтау;
метрологиялық қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік техника-экономикалық, құқықтық және ұйымдық негіздерін халықтық шаруашылықты басқарудың барлық сатысында жасап шығару;
физикалық константа мәндерін анықтау мен өлшемнің жоғары дәлдігін құру мақсатында жаңа физикалық эффектерді пайдалану және іргелі ғылыми-зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру;
елде өлшем бірлігін қамтамасыз ету, метеорологиялық қамтамасыздандырудың негізгі шарттары, ережелері, талаптары мен нормаларын стандартизациялау, ГСН-ді дамыту;
физикалық өлшем бірліктерін пайдалануда жіберілуі мүмкін қателіктерді құру;
физикалық өлшем бірліктерінің мемлекеттер эталондарының жүйесін құру, бекіту және сақтау;
физикалық өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондардан өлшеудің барлық түріне бір ретті жіберілуін құру;
метрологиялық қамтамасыз етудің салааралық бағдарламасын жасап шығару және олардың жүзеге асырылуы бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
ауыл шаруашылығы салаларында метрологиялық қамтамасыздандырудың кешенді бағдарламаларын жасаудың ғылыми-әдістемелік басқармасы;
жоғары дәлдіктегі өлшеудің үлгілі заттарын және жұмысшы эталондарын құру және жүзеге асыру, кешенді тексеру құрылғылары мен зертханаларды жасап шығаруда жоспарлау және координациялау;
өлшем заттарының метрологиялық сипаттамаларына бірлік талаптарын құру;
өлшемдердің сериялық және массалық өндіріске және олардың партиялар мен шекарадан енгізуге арналған мемлекеттік сынамаларының реті;
жоспарлануы және жүргізілуі;
құрылғыларының мемлекеттік тексерілуі;
заттар мен материалдардың қасиеттері мен құралының стандарттық үлгісінің жалпы талаптарын құру;
стандарттық анықтамалық мәліметтердің, заттар мен материалдардың стандартты үлгілерінің, уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметтің басқаруды жүзеге асыру және олардың дамуына қолдау көрсету;
өлшем құралдарының өндірісі, жағдайы, қолдануға және жөндеуіне және метрологиялық ережелері талаптар мен нормалардың сақталуына, сондай-ақ ведомствалық метрологиялық қызметтің іс-әрекеттеріне мемлекеттік бақылау жүргізу;
ерекше дәл өлшемдерді ұйымдастыру және орындау;
метрология облысында кадрларды дайындауды және квалификациясын жоғарылатуды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
метрология облысында халықаралық әріптестік бойынша жұмыстар ұйымдастыру халықаралық сауда, ғылыми-техникалық және экономикалық әріптестіктер үшін қажетті өлшемдердің бірлігі мен талап етілген дәлдігін қамтамасыз ету;
метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын ел қорғанысының қажеттіліктерімен байланыстыру;
метрологиялық қамтамасыз ету облысында ғылыми-техникалық ақпараттарды ұйымдастыру және жүзеге асыру және сериялық немесе массалық өндіріспен шекарадан партиялар мен шығаруға арналған өлшем құралдарын тұрақты көрмелерде экспонирлеу.
Метрологиялық облыстарда негізгі мәселелерді шешуді салалық дәрежеде министрлік жүзеге асырады:
Осы мәселе арасында екі топты бөлуге болады; өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мәселелері және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша келесі төмендегілер жататын қосымша, арнайы мәселелері:
өлшеу, сынау және бақылау кезіндегі бағалауға жататын материалдар, бұйымдар және процестер параметрлерінің номенклатураларын таңдау;
өлшеу, сынау және бақылау нәтижелерінің дәлдік көрсеткішінің сандық мәні мен номенклатурасын, мәселенің оптималді шешімін қамтамасыз етіп олардың көрсету формасын таңдау;
екі жоғарыдағы мәселелерінің шешімдерінің дұрыстығын тексеру мақсатындағы консултивті және технологиялық құжаттардың метрологиялық сараптау;
өлшеу, сынау және бақылау процестерінің жоспарлау, өлшеу, сынау және бақылау әдістемелерін жасап шығару;
өлшеу, сынау және бақылау процестерін техникалық құралдарға сәйкестендіріп қамтамасыз ету;
техникалық құралдарға метрологиялық түзу жағдайда ұстау;
өлшеу, сынау және бақылау процестерін орындау нәтижелерін өңдеу (қажет болған жағдайда);
Өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету мәселелерінен басқа жағдайларды метрологиялық қызмет органдарында мамандар, өндірістік бөлімшелердің, колективтердің түрлі категориялары шешеді: Олар төмендегілерді қамтиды;
өлшенетін шамалардың рационалды номенклатурасын, конструкторлардың параметрлерін, жаңа материалдар, бұйымдар мен процестер олардың қасиеттерін моделдеу және үйрену негізінде жасап шығаратындарды таңдау;
өлшеу, сынау және бақылау процестерін техникалық құралдармен, осы құралдарды жасап шығарушылар болып табылатын министрліктің орталықтанған тәртібі мен қамтамасыз ету;
техникалық құралдарды бүтін түрінде ұстайтын - өлшеу, сынау және бақылау құралдарын жөндеуді жүзеге асырушы ұйымдар мен кәсіпорындар.
Метрологиялық қызметтердің құқықтары
ведомстволық кәсіпорындардың метрологиялық қызметтеріне (мемлекеттік басқарма органдары үшін) және құрылымдық ішкі бөлімшелерге (заңды тұлғалар үшін) метрологиялық еределерді және нормаларды бұзуды жоюға бағытталған міндетті нұсқаулар беруге;
метрологиялық қызмет ету саласында әрекеттегі заңдылыққа, метрологиялық ережелер мен нормаларға қарама қайшы нормативті құжаттарды, бұйрықтарды, жарлықтарды және нұсқауларды жою туралы ұсыныстар енгізуге;
метрологиялық ғылыми орталықпен, мемлекеттік басқарма органдарымен, жеке және заңды тұлғалармен ұсынылған нормативті құжаттарды метрологилық сараптау өткізуге;
жобалық, конструкторлық, технологилық құжаттарға метрологилық сараптау жүргізу, аналитикалық, сынақтық және өлшемдік зертханаларда өлшем жағдайын бағалау кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы ұсыныстарды енгізуге;
техникалық талаптарға жауап бермейтін өлшем құралдарын, типін бекіту мақсатында сынақтан өтпеген өлшем құралдарын, пайдаланылатын құжаттар талабына сәйкес келмейтін шарттарда және тағайындау бойынша пайдаланылмаған, метрологиялық аттестаттаудың мерзімі аяқталған салыстырып тексеруді айналымнан алуға;
метрология сүраұтары бойынша нормативті құжаттар жобалары бойынша қорытынды дайындауға;
метрологиялық бақылауды іске асыр тәртібінде тексеружүргізу үшін қажетті материалдарды метрологилық бақылауға тарлыған құрылымдық ішкі бөлімшелерден алуға құқылы.
Мемлекеттік басқарма органдарының метрологиялық қызметтері сондай-ақ бұзуларды жойғанға дейін сапа бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді шығаруға (сондай-ақ жөндеуден де) немесе жүзеге асыруға әкелген метрологиялық ережелердің бұзылуы жағдайында өнімді өндірісте тоқтату туралы басшылықты ұсынуды енгізуге құқылы.
Сонымен метрологиялық қамтамасыз етудің осы мәселелер тобын шешуде өлшеу ақпараттарының «шығарылуы және тұтынушылармен» байланысты ведомствалық органдар мен техникалық қызметтер қатысуы керек.
Өлшеу нәтижелерінің дәлдік көрсеткіштерінің сандық мәндері мен номенклатурасын таңдауға кеңінен тоқталамыз. Осыған байланысты оның техника-экономикалық суреттемелерге сәйкес өлшеу мәселелерінің дәл класы үшін таңдалатын өнімнің оптималді дәлдігі туралы түсінікті қарастырамыз.
Мысалы, нәтижесі өнімнің сапасын бақылау кезінде пайдаланатын өлшем дәлдіктерінің нормасын таңдау, бақылаудың брак болу ықтималды жіберілуі мүмкін мәндермен сипатталады. Өлшеу дәлдігі қаншалықты жоғары болса, бақылаудың брак болу ықтималдығы да аз және дефекті бұйымдарды эксплуатациялайтын жылдық қайта бақылауға қатысты экономикалық жоғалтуларда азаяды. Бірақ өлшемдердің дәлдігін арттыру материалдық шығынды қажет етеді. Осы жағдайда өлшем дәлдігінің оптималді бақылауды жүргізуге кеткен қаражат көлемі және мүмкін болатын брактан экономикалық жоғалтуы минималды болады.
Осыған орай, метрологиялық қамтамасыздандыру бойынша кез келген ғылыми, техникалық және әлеуметтік мәселелер оның дәрежесін, эффективтілігі мен осы мәселелерді шешу сапасына әсер ететін жалпы критерийлерін сипаттайтын белгілі технико-экономикалық көрсеткіштер базасында құрылуы керек.
Метрологиялық қамтамасыз етудің соңғы мақсаты, жоғарыдағыларды қорыта келгенде – шикізат, материалдар, бұйымдар және процестерді өлшеу, сынау және бақылау нәтижелері бойынша қате шешімдердің қабылдану мүмкіндігін рационалды минимумға алып келу екені көрінеді.
Осы мақсатқа жету үшін метрологиялық қамтамасыз етудің барлық мәселелерін кешенді шешу қажет.
Бақылау сұрақтары:
Метрологиялық қызметтің негізгі міндеттері;
Метрологиялық қызметтің негізгі құқықтары;
Метрологиялық қызметтің негізгі алатын құжаттары.
Олшеудің бірлігі және дәлдігі
Өлшеу бірлігі және дәлдігінің түсінігі теориялық метрология мен метрологиялық тәжірибенің анықтаушысы болып табылады. Осы түсініктердің айырмашылығы және өзара байланыстылығы метрологиялық қамтамасыз етудің түрлі және өндірістік мәселелерін ұйымдастыру формасын, бағытын және сипаттамаларын анықтайды.
Кез келген өлшеу мәселелерінің тиімділігі мен дұрыстығы үшін өлшеу нәтижелерін қолдану мүмкіндігі келесі үш шартпен анықталады:
-өлшеу нәтижелері бекітілген бірлік пен формаларда өңделеді;
-осы нәтижелердің дәлдігінің көрсеткіштерінің мәндері белгілі;
-дәлдік көрсеткішінің мәндері осы нәтижелерге арналған үйлесімді мәселелердің шешімімен қамтамасыз етеді.
Егер өлшеу нәтижелері алғашқы екі шартты қанағаттандырса, онда олардың қолданылу мүмкіндігі туралы қабылданатын негізгі мәселелер анық болады. Мұндай нәтижелерді салыстыруға болады. Олар түрлі мазмұнда, әр түрлі адамдармен кәсіпорындар мен ұйымдарда пайдаланылуы мүмкін. Бұдан шығатыны, өлшем бірлігі қамтылған деуге болады, яғни нәтижелері бекітілген бірлік және форма немесе қателіктері өрнектелетін жағдайдағы өлшемдері берілген ықтималдықпен белгілі болады.
Егер өлшеу нәтижелері осы қасиеттердің біріне ие болмаса, яғни, олардың дәлдігі белгісіз немесе дұрыс емес болса, онда өлшеу тапсырмаларының нәтижесі жарамсыз болып табылады. Мұндай нәтижелерді салыстыруға немесе бірге қолдануға болмайды. Мұндай жағдайларда өлшем бірлігінің жоқтығы туралы айту қабылданған.
Жоғарыда көрсетілген үшінші шарт қолданылатын әдістер және өлшеу құралдарының дәлдігіне арнайы талаптарды анықтайды.
Өлшем бірліктерінің рационалды формасы мен әдістерін іздеу бұрыннан жүргізіліп келе жатыр. Осылайша, 60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың басында КСРО-да өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің негізгі принциптері мен ережелері жасалған. Осы принциптер мен ережелерді өлшем бірліктерді қамтамасыз етуді негізге ала отырып Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесімен (ҚР МӨЖ) Қазақстан Республикасында өлшемдердің бірлігіне және талап етілетін дәлдігіне қол жеткізуге арналған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ұйымдастырушылық, техникалық және нормативтік негіздерді регламенттейтін мемлекеттік стандарттардың кешені құрылған.
Осы жүйенің негізі екі тәжірибеден өткен ереже болып табылады:
1. Техникалық өлшемдердің нәтижелерінің дәлдігі мүмкін болатын себептер мен өлшем қателіктерінің қайнар көздерін алдын ала сараптау негізінде ғана бағаланады. Өлшем нәтижелері алынғаннан соң, олардың нақты дәлдіктерін бағалау мүмкін болмайды.
Сондықтан, өлшеу бірлігін қамтамасыз ету үшін сақталуы өлшеудің берілген ережесі бойынша белгілі дәлдікті кепілдейтін ереже дайындауды және өлшеу жүргізуді, олардың нәтижелерін өңдеу және рәсімдеуді құру және регламенттеу керек.
2. Мемлекеттік стандарттардың кешенін құру және енгізуге дейін метрологиялық қызметтің негізгі және мәні бойынша бірден-бір объектісі өлшеу құралдары болған (өлшемдер және өлшеу приборлары). Бірақ техникалық өлшеулердің нақты дәлдігі көп көлемде аспаптық жағдайда емес, өлшемнің жанама әдістерін енгізуге байланысты әдістемелік қателіктермен жүзеге асырылды.
Сондықтан, өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін метрологиялық қызмет сферасына өлшеу процестері мен нәтижелерін қосу қажет болды. Осыдан өлшеу құралдарының бірыңғайлылығын қамтамасыз етілуімен байланысты дәстүрлік мәселелерді бекіту мен жасаудан тұратын өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету бойынша кешенді мәселелер қарастырылды, олар:
-өлшенетін параметрлердің қолданысқа жіберілуі;
-өлшенетін параметрлердің өлшемдерін сақтау және жүргізу құралдары мен әдістері;
-өлшем бірліктерін эталондардан жұмысшы өлшеу құралдарына беру әдістері мен құралдары;
-өлшеу құралдарын сынау және тексеру әдістері;
-өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын бағалау және бақылау, номірлеу принциптерінің номенклатурасы;
-нәтижелерді өңдеу формалары және өлшеу дәлдіктерінің көрсеткіштері.
Осылайша, метрологиялық ғылымның жетістіктерінің негізінде метрологиялық дайындықтың және өлшеулерді орындаудың, олардың нәтижелерін өңдеу немесе рәсімдеудің ережелері жасалынады. Бұл ережелердің толық, сапалы және жалпы орындалуы метрологиялық қызмет ұйымдарымен жүзеге асырылады және бақыланады.
Өлшем бірліктерін және дәлдігін мемлекет масштабында қамтамасыз етуі басқаруда Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органы және оның аймақтық органдары жүзеге асырады.
Физикалық шамалардың өлшем бірліктері
Алғаш рет физикалық шама бірліктері туралы түсінікті 1832 жылы неміс ғалымы Карл Гаусс (1777-1855) енгізді. Ол ерікті түрде бірнеше тәуелсіз шамаларды таңдауды ұсынды. Бұл шамалардың бірліктері негізгі деп аталды. Содан кейін шама арасындағы заңдық байланысты қолдана отырып басқа шамалардың бірліктері құрылған болатын, олар туындыы деп аталынды. Негізгі және туынды бірліктер физикалық шама бірлігінің жүйесі болып табылады.
Бастапқыда үш негізгі бірлікпен негізделген МГС- ұзындық, салмақ және уақыт (метр-килограмм-секунда) және СГС жүйесі (сантиметр, грамм және секунда) бірлік жүйесі құрылды
1948 жылы ІХ Бас конференцияда өлшем мен салмақ бойынша бірліктің біріккен практикалық жүйесі ұсынылды, онда негізгі бірлік ретінде метр, килограмм, секунда және электрлік шамалардың біреуі ұсынылды.
Жаңа жүйенің негізгі бірлігі ретінде: ұзындық-метр, салмақ-килограмм, уақыт-секунда, ток күші-ампер, термодинамикалық температура-кельвин, жарық күші- кандела қарастырылды.
Х Бас конференциядан кейін өлшем мен салмақ бойынша Халықаралық комитет туынды бірліктердің жаңа жүйедегі тізімін және оны Халықаралық бірлік жүйесі деп атауды ұсынды.
1960 жылы ХІ өлшем мен салмақ бойынша Халықаралық конференцияда соңғы рет жаңа жүйе енгізілді, оған «Халықаралық бірлік жүйесі»(SYSTEM INTERNATIONAL) деген ат берілді ол қысқартылып «SI», «СИ» болды.
Негізгі бірліктер. СИ жүйесінде ұзындықтың негізгі бірліктері ретінде метр (м), уақыт- секунда (с), салмақ- килограмм (кг), электрдің ток күші- ампер (А), термодинамикалық температура – кельвин (К), жарық күші – кандела (кд) және заттар саны –моль (моль).
СИ жүйесі бойынша туынды бірліктер төмендегі 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте. СИ жүйесінің туынды бірліктерінің мысалдары, атауы негізгі және қосымша бірліктерден құралған
Шамасы |
Бірлік |
|
аталуы |
белгіленуі |
|
Аудан |
метр квадрат |
|
Көлем, сыйымдылық |
метр куб |
|
Жылдамдық |
метр секундта |
|
Үдеу |
метр секунд квадратта |
|
Бұрыштық жылдамдық |
радиан секундта |
|
Бұрыштық үдеу |
радиан секунд квадратта |
|
Толқындық сан |
-1 дәрежесі метрде |
|
Тығыздық |
килограмм метр кубта |
|
Бөлінетін көлем |
метр куб килограмда |
|
Электр тогының тығыздығы |
ампер метр квадратта |
|
Магнит ағынының |
ампер метрде |
А/м |
Мольдік концентрация |
моль метр кубта |
|
Ионды бөлшектердің ағыны |
-1 дәрежесі секундта |
|
Ионды бөлшектердің ағын тығыздығы |
-1 дәрежесі секундтың -2 дәрежесі метрге |
|
Жарықтық |
кандела квадрат метрге |
|
2-кесте. Өзіндік атауы бар СИжүйесінің туынды бірліктері
Шама |
Бірлік |
СИ негізгі бірліктері арқылы тұрлаулы бірліктердің белгіленуі |
|
|
аталуы |
жазылуы |
|
Жиілік |
Герц |
Гц |
1/с |
Күш |
Ньютон |
Н |
Кг* |
Қысым |
Паскаль |
Па |
Кг/( |
Энергия, жұмыс, жылу саны |
Джоуль |
Дж |
Кг* |
Қуат, энергия ағыны |
Ватт |
Вт |
Кг* |
Электр саны, электр заряды |
Кулон |
Кл |
А*с |
Электр кернеуі, электр потенциалы |
Вольт |
В |
Кг* |
Электр сыйымдылық |
Фарад |
Ф |
|
Электр кедергісі |
Ом |
Ом |
Кг* |
Электр өтімділік |
Сименс |
См |
|
Магнит индукциясының ағыны |
Вебер |
Вб |
Кг* |
Магнит индукциясы |
Тесла |
Тл |
Кг |
Индуктивтілік |
Генри |
Гн |
Кг* |
Жарық ағыны |
Люмен |
Лм |
Кд*ср |
Жарықтық |
Люкс |
Лк |
Кд*ср/ |
Радионуклеидтің активтілігі |
Беккерель |
Бк |
1/с |
Сәулелену дозасы |
Грэй |
Гр |
|
Эквиваленттік сәулелену дозасы |
зиверт |
Зв |
|
3-кесте. Арнайы атауларды қолдану мен құрылған СИ жүйесінің туынды бірліктердің мысалдары
Шама |
Бірлік |
|
аталуы |
белгіленуі |
|
Күш моменті |
Ньютон-метр |
Н*м |
Беттік керілу |
Ньютон метрге |
Н/м |
Динамикалық тұтқырлық |
Паскаль-секунд |
Па*с |
Электр зарядының вакуумдық тығыздық |
Кулон метр кубқа |
Кл/ |
Электрлік орын ауыстыру |
Кулон метр квадратқа |
Кл/ |
Электр осінің кернеуі |
Вольт метрге |
В/м |
Абсолюттік диэлектрлік өткізгіштік |
Фарад метрге |
Ф/м |
Абсолюттік магниттік өткізгіштік |
Генри метрге |
Гн/м |
Салыстырмалы энергия |
Джоуль килограммға |
Дж/кг |
Жылусыйымдылық жүйесі, энтропия жүйесі |
Джоуль кельвинге |
Дж/К |
Салыстырмалы жылусыйымдылық, салыстырмалы энтропия |
Джоуль килограмм кельвинге |
Дж/(кг*К) |
Энергия ағынының беттік тығыздығы |
Ватт метр квадратқа |
Вт/ |
Жылуөткізгіштік |
Ватт метр-кельвинге |
Вт/(м*К) |
Мольдік ішкі энергия |
Джоуль мольға |
Дж/моль |
Мольдік энтропия, мольдік жылусыйымдылық |
Джоуль моль-кельвинге |
Дж/(моль*К) |
Жарық күшінің энергиясы (сәулелену күші) |
Ватт стерадианға |
Вт/ср |
Сәулелену экспозициялық доза (рнетгендік және гамма-сәулелену) |
Кулон килограммға |
Кл/кг |
Қуаттың енген дозасы |
Грей секундқа |
Гр/с |
4-кесте. СИ бірліктерімен бірге қолдануға рұқсат етілген жүйеден тыс бірліктер
Шама |
Бірлік |
|
аталуы |
белгіленуі |
|
Салмақ |
Тонна |
Т |
|
Салмақтың астрономикалық бірлігі |
С.а.б. |
Уақыт |
Минут |
Мин |
Сағат |
Сағ |
|
Тәулік |
Тәул |
|
Жазық бұрыш |
Градус |
... |
Минут |
... |
|
секунд |
... |
|
Көлем, сыйымдылық |
Литр |
Л |
Ұзындық |
астрономикалық бірлігі |
А.б. |
Жарықтық жыл |
Жар.ж. |
|
Парсек |
Пк |
|
Оптикалық күш |
Диоптрия |
Дптр |
Аудан |
Гектар |
Га |
Энергия |
Электрон-вольт |
эВ |
Толық қуат |
Вольт-ампер |
В*А |
Реактивті қуат |
Вар |
Вар |
Температура |
Градус Цельсия |
|
5-кесте. Қолдануға уақытша рұқсат етілген жүйеден тыс бірліктер
Шама |
Бірлік |
СИ бірлігіне аудару |
|
аталуы |
белгіленуі |
||
Ұзындық |
Теңіздік миля |
Т.миля |
1852 м |
Салмақ |
Карат |
Кар |
2* |
Сызықтық тығыздық |
Текс |
Текс |
|
Жылдамдық |
Узел |
Уз |
0,514 (4)м/с |
Айналу жиілігі |
Секундта айналу |
Айн/с |
1*
|
Минутта айналу |
Айн/мин |
1/60 |
|
Қысым |
бар |
Бар |
|
6-кесте. Ондық дәрежелері және сөз алдына қойылу белгісінің аталуы
Көбейткіштер |
Алдына қойылу
|
Көбейткіштер |
Алдына қойылу |
||
аталуы |
белгіленуі |
аталуы |
белгіленуі |
||
|
экса |
Э |
|
атто |
а |
|
пета |
П |
|
фемто |
ф |
|
тера |
Т |
|
пико |
п |
|
гига |
Г |
|
нано |
н |
|
мега |
М |
|
микро |
мк |
|
кило |
к |
|
милли |
м |
|
гекто |
г |
|
санти |
с |
|
дека |
да |
|
деци |
д |
