- •«Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнінен лекциялар жиынтығы
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы үшін
- •Шымкент-2012 ж қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
- •Мазмұны
- •1 Лекция. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
- •2 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен құқықтары
- •Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
- •Өндірістің метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Лекция. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •4 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жалпы сипаттамасы
- •3 Сурет. І және іі топтардағы кәсіпорынның метрологиялық қызметінің құрылымдық сызбасы
- •Метрологиялық қамтамасыз етуге және оның тапсырмаларына қатысатын кәсіпорын бөлімшелері
- •6 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушы негіздері
- •7 Лекция. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (әрі қарай ужмқ) және заттар мен матиериалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (сүмқ)
- •9 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері
- •10 Лекция. Өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі
- •11 Лекция. Метрологиялық қызметтер. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және рмк „Метрология“ метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •12 Лекция. Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •13 Лекция. Стандарттардың, техникалық шарттардың метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі
- •14 Лекция. Өнім өндіруді және оны шығаруды технологиялық дайындау сатысында мқе талдау
- •15 Лекция. Стандартты емес өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу
- •16 Лекция. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі
- •17 Лекция. Өлшеуді, өқ–ның күйін, және қолданылуын метрологиялық қадағалау
- •18 Лекция. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау түрлерi
- •19 Лекция. Өлшеу құралына тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және тәртібі
- •20 Лекция. Өлшеу құралын тексеру
- •Өлшемдерді орындау әдістемесі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін әзірлеу тәртібі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі
- •21 Лекция. Өлшеу құралын калибрлеу
- •22 Лекция. Тексеру схемалары
- •23 Лекция. Тексеру схемаларының мазмұны және құрылуы
- •24 Лекция. Өқ-ын мемлекеттік сынау. Мемлекеттік қабылдап және бақылап сынау
- •25 Лекция. Сынау жабдығын аттестаттау
- •26 Лекция. Техникалық құжаттаманы мс және мө жайлы ұғымдар
- •27 Лекция. Мс-ге және мө-ге жататын өқ-ына конструкторлық құжаттама
- •28 Лекция. Конструкторлық құжаттаманы метрологиялық бақылау.
- •29 Лекция. Технологиялық құжаттаманы метрологиялық бақылау
- •30 Лекция. Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың міндеттері мен құқықтары
- •3 Лекция. Метрология саласындағы қызметкердің біліктілігі
- •4 Лекция. Метрология саласындағы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
27 Лекция. Мс-ге және мө-ге жататын өқ-ына конструкторлық құжаттама
Дәріс жоспары:
Метрологиялық сарапталынатын конструкторлық құжатар
Метрологиялық өңделінетін конструкторлық құжатар
Конструкторлық құжаттарды зерттеу кезінде МС жүргізуші маман қай өнеркәсіп үшін құжат жасалған болса және онда талап етілген дәлдіктің көрсетілгендей сол өнеркәсіпте болуы туралы қорытынды жасауы шарт.
Егер дайындық жұмыстары жаңа өндіріс орындарын салу кезінде жүргілсе, онда эксперт бұрынғы техникалық өлшеу құралдарын қолдануға болатындығынан хабардар болуы керек немесе жаңа арнайы құралдар жасауы тиіс.
Ал, егер МС жұмыс істеп тұрған өндірісте жүргізілсе, онда эксперт осы өндіріс орнындағы қолда бар өлшем құралдарына жетекшілік етеді, ал егер олар болмаса, онда оларды табу керек.
МС құжаттарды жасап болғаннан кейін жүргізіледі, өйткені кемшілік болған жағдайда оны тузеу өте қиын.
Алайда, мұндай жұмыстар құжат жасаушы оны орындаушыға тапсырған сәтте болуы мүмкін. Басқаша айтсақ, МС жүргізу кезіндедайындаушы талап етілген дәлдік осы өндірістегі бар өлшеу құралдарымен бекітілетіндігіне сенімді болу керек.
Қолдағы бар технологиялық құрал-жабдықтың көмегімен талап етілген дәлдіктің қамтамасыз етілуіне сенімді болу үшін технологиялық қызмет орындары анологиялық экспертиза жүргізуі тиіс.
Құжаттарды жасау кезінде бірмезгілде жасалынатын өнім бойынша мамандар және метрологиялық өлшеу мамандары қатысады. Олар осы құжаттар дайындалып жатқан өндірісте өлшеу үшін қандай параметрлер және құжаттар қандай дәлдік нормасын тағайындауды бірігіп шешеді.
Жұмыс сызбасын салу процесінде детальдың әртүрлі элементтерінің эксплуатациалық қасиеттерін әртүрлі параметрлермен және мәндермен нормалауға болады.Құжат жасау процесінде МӨ бұл параметрлердің тиімді шешімін табуға мумкіндік береді.
Өнімді дайындаушы құжат жасаушымен әкімшілік тұрғыдан байланыспаған жағдайда құжаттарды қабылдауда оның көрсетілген талап етілген дәлдіктері өлшеу кезіндегі сапаға сай келетіндігіне сенімді болу үшін МС қажет.
Кейде нормативті құжаттарда бекітілген метрологиялық ережелер нормалардың сақталуын тексеруді түсіндіретін «метрологиялық бақылау» термині қолданылады.Бұл ұғымның астарында өндіріске арналған құжаттарды дайындау жұмысы жатыр. Мұндай жұмыстар нормативті құжаттарды жасауда әлі де болса жеткіліксіз, метрологиялық бақылау МС жұмысының орнына немесе сонымен бірмезгілде жүргізілуге болады. Егер кәсіпорында өлшеу құралдарының стандартты жинағы болса, онда бұл стандарттардың сақталуын тексеру жұмысын норма бақылаушы жүргізуге болады және маман-метролог экспертті шақырмауға болады.
Конструкторлық құжаттардың МӨ (МС) бөлімдерін қарауда өндірісті дайындау жұмысының бүкіл кешені жасалуда басты негізгі құжат сызба болып табылады. Метрологиялық қамтамасыз етуде барлық өндірісті дайындауда басты этап сызба болып есептеледі, өйткені қалған барлық жұмыстар, оның ішінде технологиялық процестер де сызбаға қатысты жасалады.
МӨ құжаттарды жасаудың барлық этапында жүргізілуі тиіс, бұл жұмыстарды мынадай 3 этапқа бөлуге болады:
техникалық тапсырманың дайындалуы мен жасалуы;
техникалық қосымша немесе сызбаның жасалуы;
жұмыс құжаттарын жасау.
Мұндай этаптарға бөлу келісімшарттың аяқталуына сәйкес орындалған жұмыстың ақысын төлеу үшін орындаушы мен тапсырыс берушілердің арасында қолдануға ыңғайлы , өйткені бұл этаптар белгілі бір жұмыс түрінің аяқталғандығын білдіреді.
Енді біз МӨ(МС) мәселелерін материалдық нақты мазмұнына қатысты өлшеу құралдарын, метрологиялық қамтамасыз етудің өзге де мәселелеріне қатысты көптеген материалдарды бір жерге шоғырлануын құжаттарда көрсету мәселелерін қарастырамыз.
Міндетті МӨ (МС) өлшеу құралдарын дайындау үшін құжаттарды жасау этапында келесі құжаттар қатысуы тиіс:
- жасап шығаруға арыз;
- техникалық тапсырма;
- объектінің талап етілген дәлдігі көрсетілген нормативті құжат немесе өлшеу құралдары үшін өнімнің немесе детальдың жұмыстық сызбасы.
МӨ (МС) техникалық сызбасының этапында техникалық тапсырмаға сәйкес талаптардың таратылуы туралы ұсыныс қатысуы тиіс. Егер техникалық сызба құжат жасаудың кезеңі ретінде қарастырылмаса, онда МӨ (МС) қатысқан жұмыс сызбасына өткізілуі тиіс.
Жұмыс құжаттарын өңдеу кезеңінде жасалады:
өлшем әдістемесімен ескерілген, тағайындалған шама сызбасы;
техникалық шарт;
аттестация немесе өлшеу құралының типін бекіту үшін сынау әдістемесі мен бағдарламасы;
тексеру және басқа эксплуатациялық құжаттардың әдістемесі.
Бақылау сұрақтары:
Метрологиялық сарапталынатын конструкторлық құжатар
Метрологиялық өңделінетін конструкторлық құжатар
