- •«Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнінен лекциялар жиынтығы
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы үшін
- •Шымкент-2012 ж қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
- •Мазмұны
- •1 Лекция. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
- •2 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен құқықтары
- •Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
- •Өндірістің метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Лекция. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •4 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жалпы сипаттамасы
- •3 Сурет. І және іі топтардағы кәсіпорынның метрологиялық қызметінің құрылымдық сызбасы
- •Метрологиялық қамтамасыз етуге және оның тапсырмаларына қатысатын кәсіпорын бөлімшелері
- •6 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушы негіздері
- •7 Лекция. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (әрі қарай ужмқ) және заттар мен матиериалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (сүмқ)
- •9 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері
- •10 Лекция. Өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі
- •11 Лекция. Метрологиялық қызметтер. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және рмк „Метрология“ метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •12 Лекция. Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •13 Лекция. Стандарттардың, техникалық шарттардың метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі
- •14 Лекция. Өнім өндіруді және оны шығаруды технологиялық дайындау сатысында мқе талдау
- •15 Лекция. Стандартты емес өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу
- •16 Лекция. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі
- •17 Лекция. Өлшеуді, өқ–ның күйін, және қолданылуын метрологиялық қадағалау
- •18 Лекция. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау түрлерi
- •19 Лекция. Өлшеу құралына тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және тәртібі
- •20 Лекция. Өлшеу құралын тексеру
- •Өлшемдерді орындау әдістемесі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін әзірлеу тәртібі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі
- •21 Лекция. Өлшеу құралын калибрлеу
- •22 Лекция. Тексеру схемалары
- •23 Лекция. Тексеру схемаларының мазмұны және құрылуы
- •24 Лекция. Өқ-ын мемлекеттік сынау. Мемлекеттік қабылдап және бақылап сынау
- •25 Лекция. Сынау жабдығын аттестаттау
- •26 Лекция. Техникалық құжаттаманы мс және мө жайлы ұғымдар
- •27 Лекция. Мс-ге және мө-ге жататын өқ-ына конструкторлық құжаттама
- •28 Лекция. Конструкторлық құжаттаманы метрологиялық бақылау.
- •29 Лекция. Технологиялық құжаттаманы метрологиялық бақылау
- •30 Лекция. Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың міндеттері мен құқықтары
- •3 Лекция. Метрология саласындағы қызметкердің біліктілігі
- •4 Лекция. Метрология саласындағы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
12 Лекция. Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
Дәріс жоспары:
Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары болып келесілер табылады:
- метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында дайындау кезеңінде және өнімдердің, жұмыстар және қызмет етудің барлық түрін өндіруде өлшем жағдайын талдауды өткізу;
- өнімдерді, қызмет етуді және сапа жүйелерін ертификаттауға дайындауға қатысу;
- өнімдердің, жұмыстардың, қызмет етудің және технологиялық процесстердің жаңа түрлерін дайындауға, технологиялық жабдықтардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруге қатысу;
- метрологиялық қызметтің және оның әрекетінің жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің есебі;
- метрологиялық қамтамасыз ету саласында жұмыстардың экономикалық тиімділігін бағалау;
- өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында өлшем құралдарын сынаққа өз уақытында көрсету;
- өлшем құралдарын мемлекеттік аттестаттауға өз уақытында көрсету;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеуге өз уақытында көрсетуді қамтамасыз ету;
- пайдалануда болған өлшем құралдарын жөндеуді ұйымдастыру және өткізу;
- нормативті және техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдарын пайдаланудың шарттарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу;
- өлшем құралдарын қолданудың шарттарын қамтамасыз ету және есебін жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу графиктерін сақтау және келістіру, белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өлшем құралдарын қазіргі заманға сай есеппен шығару;
- заттар мен материалдардың қасиеттерінің және құрамының стандартты үлгілерін дайындауды ұйымдастыру және дайындау (дайындауға қатысу);
- өлшем орындау әдістемелерін дайындау;
- өлшенетін параметрлердің, өнімдердің, жұмыстардың және қызмет етудің сапасының көрсеткіштерін талдау кезінде өлшемдердің дәлдігінің, оптималды нормасының райионалды атау тізімін қалыптастыруға қатысу;
- өлшемдер процесстерін автоматтандырубойынша жұмыстар жүргізу;
- метрологиялық бақылауды іске асыру;
- өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің сұрақтары бойынша уәкілетті орган және оның ведомстволық ішкі органдардың өзара әрекетін іске асыру; уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қадағалауы бойынша олардың мемлекеттік метрологиялық қадағалауын іске асыру кезінде аумақтық ішкі бөлімшелерге көмек көрсетуі;
- мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асырукезінде анықталған ескертулерді жою жатады.
Бақылау сұрақтары:
Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
13 Лекция. Стандарттардың, техникалық шарттардың метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі
Дәріс жоспары:
Метрологиялық бақылаудың объектілері
Шамалар бірліктерінің эталондарын метрологиялық бақылау
Өлшем құралдарын метрологиялық бақылау
Өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық бақылау
Метрологиялық бақылау – метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүзеге асыратын қызмет.
Метрологиялық бақылау кезінде тексеруді мемлекеттік басқарма органдарының, жеке немесе заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің мамандары жүзеге асырады.
Метрологиялық бақылаудың объектілері;
шамалар бірліктерінің мөлшерімен беруге арналған жеке немесе заңды тұлға пайдаланылатын шамалар бірліктерінің эталондары;
жеке немесе заңды тұлға өз қызметінде пайдаланатын өлшем құралдары (соның ішінде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері, аттестатталған қоспалар);
жеке немесе заңды тұлға пайдаланатын өлшемдерді орындау әдістемелері;
өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеуді, өндіруді, жөндеуді және юстирлеуді жүзеге асыратын қызметкерлер;
метрологиялық талаптар қойылатын қызметтің басқа объектілері және түрлері.
Шамалар бірліктерінің эталондарын метрологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде Шамалар бірліктерінің эталондары ҚР СТ 2.3 белгілеген тәртіпте бекітілуі қажет, пайдалану және сақтау шарттары эталондардың құжаттарына сәйкес келуі қажет талаптарына сәйкестіктен басқа мыналар тексеріледі;
шамалар бірліктерінің эталондарын өз уақытында тексеруге және эталон ретінде бекітуге ұсыну;
салыстырып тексеру туралы қолданыстағы сертификаттың және/немесе таңбаларының басылуының болуы;
мемлекеттік метрологиялық қызметтің аккредиттелген бөлімшелерімен немесе заңды тұлғалардың аккредиттелген метрологиялық қызметтерімен бастапқы эталондарды тексеруге келісімнің болуы;
эталондарды сақтау және пайдалану шарттары.
Өлшем құралдарын метрологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде ҚР СТ 2.7 сәйкес Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуі, өлшем құралдарының типтері ҚР СТ 2.21 сәйкес бекітілуі немесе ҚР СТ 2.30 сәйкес оларды метрологиялық аттестаттау жүргізілуі қажет талаптарына сәйкестіктен басқа, мыналар тексеріледі:
техникалық құралдардың мемлекеттік метрологиялық қадағалауға және салыстырып тексеруге жататын өлшем құралдарына жатуын анықтаудың дұрыстығы;
осы заңды немесе жеке тұлға пайдаланатын, өндіретін импортқа шығаратын және жөндейтін өлшем құралдарын өз уақтында салыстырып тексеруге, калибрлеуге типін бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестігіне сынауға ұсыну;
осы жеке немесе заңды тұлға жүзеге асыратын өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу процедураларының нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігі;
салыстырып тексеру таңбаларының басылуларының және салыстырып тексеру туралы туралы сертификаттардың болуы;
калибрлеу белгілерінің және калибрленген өлшем құралдары үшін калибрлеу туралы сертификаттардың болуы.
Өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде олардың Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру аясында қолданылатын өлшемдерді орындау әдістемелері ГОСТ 8.010 талаптарына сәйкес келуі, ҚР СТ 2.18 сәйкес аттестатталған және ҚР МӨЖ тізіліміне енгізілген талаптарына сәйкестігін тексереді.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, калибрлеуді, өндіруді, жөндеуді және юстирлеуді жүргізетін қызметкерлерді метрологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік тексеріледі.
Метрологиялық талаптар қойылатын қызметтің басқа объектілері мен түрлері мыналар бола алады:
өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар, соның ішінде оларды актуалды қамтамасыз ету;
өлшем құралдарын өндіру және жөндеу процесстері;
шамалар бірліктерін, олардың атауларын және белгіленулерін пайдалану;
өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын нормалау және оларды жазудың дұрыстығы;
өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану;
өлшемдерді жүргізуге арналған құралдарын таңдау.
Метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың міндеттерін, құқықтарын және жауапкершілігін, сондай-ақ метрологиялық бақылау нәтижелерін рәсімдеу тәртібін және тәртіп бұзушылық кезінде қолданылатын шараларды мемлекеттік басқарма органдарының, заңды және жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтері қолданыстағы заңнамалыққа сәйкес белгілейді.
Бақылау сұрақтары:
Метрологиялық бақылаудың объектілері
Шамалар бірліктерінің эталондарын метрологиялық бақылау
Өлшем құралдарын метрологиялық бақылау
Өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық бақылау
