- •«Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнінен лекциялар жиынтығы
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы үшін
- •Шымкент-2012 ж қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
- •Мазмұны
- •1 Лекция. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
- •2 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен құқықтары
- •Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
- •Өндірістің метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Лекция. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •4 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жалпы сипаттамасы
- •3 Сурет. І және іі топтардағы кәсіпорынның метрологиялық қызметінің құрылымдық сызбасы
- •Метрологиялық қамтамасыз етуге және оның тапсырмаларына қатысатын кәсіпорын бөлімшелері
- •6 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушы негіздері
- •7 Лекция. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (әрі қарай ужмқ) және заттар мен матиериалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (сүмқ)
- •9 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері
- •10 Лекция. Өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі
- •11 Лекция. Метрологиялық қызметтер. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және рмк „Метрология“ метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •12 Лекция. Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •13 Лекция. Стандарттардың, техникалық шарттардың метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі
- •14 Лекция. Өнім өндіруді және оны шығаруды технологиялық дайындау сатысында мқе талдау
- •15 Лекция. Стандартты емес өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу
- •16 Лекция. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі
- •17 Лекция. Өлшеуді, өқ–ның күйін, және қолданылуын метрологиялық қадағалау
- •18 Лекция. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау түрлерi
- •19 Лекция. Өлшеу құралына тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және тәртібі
- •20 Лекция. Өлшеу құралын тексеру
- •Өлшемдерді орындау әдістемесі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін әзірлеу тәртібі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі
- •21 Лекция. Өлшеу құралын калибрлеу
- •22 Лекция. Тексеру схемалары
- •23 Лекция. Тексеру схемаларының мазмұны және құрылуы
- •24 Лекция. Өқ-ын мемлекеттік сынау. Мемлекеттік қабылдап және бақылап сынау
- •25 Лекция. Сынау жабдығын аттестаттау
- •26 Лекция. Техникалық құжаттаманы мс және мө жайлы ұғымдар
- •27 Лекция. Мс-ге және мө-ге жататын өқ-ына конструкторлық құжаттама
- •28 Лекция. Конструкторлық құжаттаманы метрологиялық бақылау.
- •29 Лекция. Технологиялық құжаттаманы метрологиялық бақылау
- •30 Лекция. Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың міндеттері мен құқықтары
- •3 Лекция. Метрология саласындағы қызметкердің біліктілігі
- •4 Лекция. Метрология саласындағы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
26 Лекция. Техникалық құжаттаманы мс және мө жайлы ұғымдар
Дәріс жоспары:
Техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау және метрологиялық өңдеу
Метрологиялық сараптауға және өңдеуге жататын нормативті құжаттар
Құжаттаманы метрологиялық сараптау денгеніміз өлшемдердің бірлігі мен дәлдігіне байланысты метрологиялық талаптары, ережелер мен нормаларды қолданудың дұрыстығын талдау және бағалау.
Метрологиялық өңдеу (МӨ) - бұл өлшенетін параметрлердің дәлдік нормасы және орындау процесін қамтамасыз ету үшін өлшем құралдары мен әдіс-тәсілдері, өндіріс, сынау және өнімді эксплуатациялау жөнінде метрологиялық қамтамасыз етудің бекітілуі туралы параметрлерге сәйкес технологиялық шешімдерді іздеу.
МС және МӨ түсініктерін салыстыра отырып, олардың айырмашылығы жұмыс жүргізу уақытында екенін көреміз. Егер МС құжаттарды жасап болған соң жүргізілсе, МӨ құжаттар жасау кезінде жүргізіледі.
Құжаттаманы метрологиялық сараптау және өңдеу метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстың белгілі бір бөлігі болып табылады.
Құжаттаманы метрологиялық сараптау ережелерін өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі конструкторлық жүйенің бірынғай жүйесі және өндірісті дайындаудың бірыңғай жүйесі талаптары ескеріліп отырады. Сондай ақ стандарттың обьектісінің техникалық және экономикалық негізделінген қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Құжаттаманы метрологиялық сараптауға стандартты және басқада құжаттаманы реглементпен нақты метрологиялық талдауларға сәйкестігін тексеру құрастырылады.
Метрологиялық сараптау (МС) мен метрологиялық өңдеуді (МӨ) мемлекеттік метрологиялық қызметтер заңды тұлғаларды метрологиялық қызметі жүргізеді. Құжаттаманы метрологиялық сараптау жүргізген кезде бақыланатын сараптамаларды талдау және бақылау әдістемесі.
Метрологиялық сараптауға және өңдеуге келесі нормативті құжаттар жатады;
ҚР мемлекеттік стандарты
мемлекетаралық стандарты
фирмалық стандарт
нұсқаулар
салалық стандарт
техникалық шарттар.
Метрологиялық сараптауға өнімнің және қызмет көрсетулердің норма құжаттарын бақылау әдістері және басқа да стандарттау обьектісі жатады.
Мемлекеттік, мемлекетаралық стандарты және нұсқауларды метрологиялық сараптауды ҚР СТ ГОСТ сәйкес мемлекеттік ғылыми метрологиялықорталық дайындаған нормативті құжат жобалары метрологиялық сараптауға жатпайды. Метрологиялы, салалық стандарты МС заңдытұлғалар үшін бекітілген метрологиялық қызмет ретімен іске асырылады. Мемлекеттік метрологиялық басқаруды жүзеге асыру барысында қолданылады арналған өлшемдерді орындау әдістерін фирмалық стандарты мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық сараптайды.
Нормативтік техникалық құжатарды метрологиялық сараптау мына мақсаттармен жүргізіледі: жаңа техниканы игеру туралы мәлімдемелерді сараптау; техникалық тапсырмаларды сараптау; конструкторлық және технолдогиялық құжаттарды сараптау; стандарттар жобасын сараптау.
Жаңа технианы игеру туралы мәлімдемелерді сараптаудың барысында өлшем құралдарының дәлдік нормаларын белгілеудің дәлдігі мен жеткіліктілігі анықталады. Дәлдік нормаларының жеткіліктілігі деп белгіленген нормалардың өнім сапасын қамтамасыз ету үшін жеткіліктілігін айтады.
Техникалық тапсырмаларды сараптауды мәлімдемелерге сараптаудың нәтижелері және оларға қосымша анықтаулар енгізіледі. Техникалық тапсырманы сараптаудың негізгі мақсаты өнімнің қатаң талап қойылатын параметрлерін дәл өлшеудің және өндірілген өнімге байланысты эксперименталдық зерттеулерді метрологиялық қамтамасыз етудің мумкіндіктерін белгілеу және өнімнің өндірілуі мен қолданылуын алдын-ала метрологиялық қамтамасыз етуді анықтау болып табылады.
Метролгиялық сараптау кезінде ерекшекөңіл аударатын мәселелер-техникалық талаптар мен тексеру және қабылдау тәртіптері.
Өнімнің шығыс параметрлерінің болуы, мұндай параметрлердің жасалуы, физикалық шамалар мен олардың бірліктерінің метрологиялық терминдері, атаулары, белгіленулері тексеріледі.
Өлшем құралдарын жасаудың техникалық тапсырмаларына сараптау жүргізетіндер ретінде өлшем құралдарын зерттейтін метрологиялық қызмет органдары мен өлшеу құралдарына сынақ жүргізетін метрологиялық ұйымдарды айтуға болады.
Өлшем құралдарын жасаудың техникалық тапсырмаларын сараптау барысында мына мәселелер анықталады: метрологиялық сипаттамалары мен олардың нормалануы нормативтік техникалық құжаттардағы талаптарға сәйкес болуы; өлшем құралдарының дәлдігін олардың жасалынуы мен пайдаланылуы кезінде тексерудің әдістері мен құралдарының болуы; елімізде қолдануға рұқсат етілген физикалық шамалар бірліктерін және стандарттарда берілген терминдер мен анықтамаларды пайдаланудың дұрыстығы; техникалық ұсыныстарды сараптаудың мақсаты берілген өнім үшін белгіленген дәлдік нормалардың техникалық тапсырмаларға сәйкестігін анықтау. Егер техникалық тапсырмадан тыс жататын, қосымша дәлдік нормалары болатын болса, онда олардың дәлдігі мен жеткіліктігі мемлекеттік , салалық стандарттарға сәйкестігі тексеріледі.
Конструкторлық және технологиялық құжаттарды метрологиялық сараптау барысында өнімнің өлшенетін параметрлері , дәлдік нормалары, өнімнің өндірілуі, сыналуы, пайдаланылуы, жөнделуі, өлшеу әдстерімен және өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуі анықталады.
Стандарт жобаларының метрологиялық сарапталуы екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде стандарт жобаларының бірінші редакциясы сарапталады. Сараптаудың нәтижесі бойынша стандарт жобасы мен жобаны енгізудің негізгі шаралары туралы пікір жазылады. Пікірді стандарт жобасын бекітуге ұсынған ведомствалық метрологиялық қызметтің жоғары немесе базалық ұйымдары жазады. Пікірде стандартталатын объектінің метрологиялық қамтамасыз етілуі туралы қорытынды жасалады.
Сараптаудың екінші кезеңінде қосымша пікір таласына мемлекеттік стандарттардың мына түрлері жіберіледі.
Шикізаттар мен материалдар туралы стандарттар стандартты үлгілердің метрологиялық ғылыми зерттеу институтына; мұнай және мұнай өнімдері туралы стандарттар; олар расходометрлік ғылыми-зерттеу институты:
Өлшеу құралдарының стандарттары: олар мемлекеттік стандарттың метрологиялық институтына.
Заттар мен материалдардың қасиеттері мен физикалық тұрақтылары жөніндегі стандарттар : олар министрліктер мен ведомствалардың ғылыми зерттеу орталықтарына жіберіледі.
Екінші кезеңде мемлекеттік стандарттың метрологиялық ғылыми зерттеу институты мемлекеттік стандарттарды. Сараптау мен сараптау нәтижелерінің жобаның ақырғы редакциясына толық кіргізілуін тексереді. ОБМЖ-ның мемлекеттік эталондарға, мемлекеттік тексеріске дәлдікті тексерудің әдістері мен құралдарына қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттың жобалары метрологиялық институттарда жасалынады.
Бақылау сұрақтары:
Техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау және метрологиялық өңдеу
Метрологиялық сараптауға және өңдеуге жататын нормативті құжаттар
