- •«Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнінен лекциялар жиынтығы
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы үшін
- •Шымкент-2012 ж қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
- •Мазмұны
- •1 Лекция. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
- •2 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен құқықтары
- •Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
- •Өндірістің метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Лекция. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •4 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жалпы сипаттамасы
- •3 Сурет. І және іі топтардағы кәсіпорынның метрологиялық қызметінің құрылымдық сызбасы
- •Метрологиялық қамтамасыз етуге және оның тапсырмаларына қатысатын кәсіпорын бөлімшелері
- •6 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушы негіздері
- •7 Лекция. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (әрі қарай ужмқ) және заттар мен матиериалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (сүмқ)
- •9 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері
- •10 Лекция. Өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі
- •11 Лекция. Метрологиялық қызметтер. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және рмк „Метрология“ метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •12 Лекция. Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •13 Лекция. Стандарттардың, техникалық шарттардың метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі
- •14 Лекция. Өнім өндіруді және оны шығаруды технологиялық дайындау сатысында мқе талдау
- •15 Лекция. Стандартты емес өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу
- •16 Лекция. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі
- •17 Лекция. Өлшеуді, өқ–ның күйін, және қолданылуын метрологиялық қадағалау
- •18 Лекция. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау түрлерi
- •19 Лекция. Өлшеу құралына тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және тәртібі
- •20 Лекция. Өлшеу құралын тексеру
- •Өлшемдерді орындау әдістемесі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін әзірлеу тәртібі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі
- •21 Лекция. Өлшеу құралын калибрлеу
- •22 Лекция. Тексеру схемалары
- •23 Лекция. Тексеру схемаларының мазмұны және құрылуы
- •24 Лекция. Өқ-ын мемлекеттік сынау. Мемлекеттік қабылдап және бақылап сынау
- •25 Лекция. Сынау жабдығын аттестаттау
- •26 Лекция. Техникалық құжаттаманы мс және мө жайлы ұғымдар
- •27 Лекция. Мс-ге және мө-ге жататын өқ-ына конструкторлық құжаттама
- •28 Лекция. Конструкторлық құжаттаманы метрологиялық бақылау.
- •29 Лекция. Технологиялық құжаттаманы метрологиялық бақылау
- •30 Лекция. Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың міндеттері мен құқықтары
- •3 Лекция. Метрология саласындағы қызметкердің біліктілігі
- •4 Лекция. Метрология саласындағы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
1 Лекция. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
Дәріс жоспары:
Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
Метрологиялық қамтамасыз етудің қарастыратын мәселелері
Қызмет етудің барлық түрлері өлшеусіз ойсыз. Кәсіпорынның көп саласында өлшеуге байланысты шығын көлемі – жылдық капитал кірісінің 30%-дан астам құрайды. Материалдың, энергетикалық және де басқа ресурстарды үнемдеу мәселесін шешуде метрологиялық қамтамысз ету үлкен мәнде ие болады, өйткені сандық есептеу материалдың құндылықтарды, электрлік және отын энергиясын, мұнай және мұнай өнімдерін, газды, су ресуртарын жоғалтуды азайту және үнемдеу негізі бойынша табылады.
Метрологиялық қызметтің болмауы, өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету бойынша жағдайлардың және ережелердің бұзылуы – өнім сапасын бақылаудың жүргізу өлшеулері кезінде, технологиялық процестерді реттеу кезінде, ауру-сырқаттарды емдеу және анықтау кезінде үлкеншығынға алып келеді.
Өнімді өндіру кезінде дайын өнімнің сапасын бағалауда тек өлшеу жағдайын емес және де белсенді бақылау көмегімен технологиялық процестегі сапа көрсеткіштерін бақылау мүмкіншілігіне және өлшеу жағдайына назар аудару қажет. Жаңа бұйымда ойлап табу алдында және әрбір технологиялық процесті шығаруда шығарылған және аттестатталған өлшеу және сынау құралдарын және әдістерін қолдана отырып, өндірістің метрологиялық дайындығы туралы сұрақтарды шешіп алу қажет.
Өлшеу кезіндегі қолданылатын әдістемелер метрологиялық аттестталған және тіркеуден өту керек. Аттестталған әдістеменің талабын қатаң қадағалай отырып, оператор, яғни ол алған өлшем нәтижесі, қателігі берілген шегінен шықпағаны туралы сенімді болу керек.
Қызмет берудің барлық бағыттарындағы объектілерінде метрология заңнамысының жағдайы білетін, теоретика метрология жасаудың негізін және практикада іс-жүзіне асыра білетін мамандар қажет (өлшеу жағдайына жауапты бас метрологтар, өлшеуді жүргізетін операторлар).
Метрология саласында мамандарды дайындау төрт тіректі модульдерге негізделеді: инженерлі дайындықта, экономды басқару дайындықта, ақпаратты технология саласында дайындықта, сапаны қамтамасыз ету дайындықта. Оқу процесі кезінде анық өлшеуші ақпараттар алу, түрлендіру, өңдеу және беру әдістерін оқиды. Өндірісті метрологиялық қамаамысыз ету және метрология саласындағы саясатты анықтайтын, халықаралық құқық және ұйымдар талабына сәйкес метрология бойынша жұмыстарды өткізу және ұйымның тәртібін оқиды.
Жалпы өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету келесілерді қамтиды:
Өлшеу жағдайын талдау;
Өлшеу шамаларының рационалды номенклатураларын онату және дәлдікке сәйкес жұмысшы немесе эталондық өлшеу құралдарын калибрлеу;
Бақылау жүргізу және өлшеу құралдарын калибрлеу;
Орнатылған дәлдік нормаларымен қамтамасыз ету үшін өлшеуді жүргізу әдістемесін жүргізу;
Конструкторлық және технологиялық құжаттамаларға метрологиялық сараптама жүргізу;
Қажетті нормативті құжаттарды ендіру;
Техникалық біліктілікке аккредиттеу жүргізу;
Метрологиялық бақылауды жүргізу.
Метрологиялық қамтамасыз етуді дайындау кезінде процестердің өзара байланыстылығын қамтитын жүйелік үйлесімділікті қолдану керек.
Бақылау сұрақтары:
Метрологиялық қамтамасыз етудің қажеттілігі;
Метрологиялық қамтамасыз етудегі орындалатын негізгі жұмыстар;
Мамандарды даярлаудағы пәннің алатын орыны.
