- •«Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнінен лекциялар жиынтығы
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы үшін
- •Шымкент-2012 ж қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
- •Мазмұны
- •1 Лекция. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
- •2 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен құқықтары
- •Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
- •Өндірістің метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
- •5 Лекция. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •4 Сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
- •Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жалпы сипаттамасы
- •3 Сурет. І және іі топтардағы кәсіпорынның метрологиялық қызметінің құрылымдық сызбасы
- •Метрологиялық қамтамасыз етуге және оның тапсырмаларына қатысатын кәсіпорын бөлімшелері
- •6 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушы негіздері
- •7 Лекция. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (әрі қарай ужмқ) және заттар мен матиериалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (сүмқ)
- •9 Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері
- •10 Лекция. Өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі
- •11 Лекция. Метрологиялық қызметтер. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және рмк „Метрология“ метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •12 Лекция. Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
- •13 Лекция. Стандарттардың, техникалық шарттардың метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі
- •14 Лекция. Өнім өндіруді және оны шығаруды технологиялық дайындау сатысында мқе талдау
- •15 Лекция. Стандартты емес өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу
- •16 Лекция. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі
- •17 Лекция. Өлшеуді, өқ–ның күйін, және қолданылуын метрологиялық қадағалау
- •18 Лекция. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау түрлерi
- •19 Лекция. Өлшеу құралына тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және тәртібі
- •20 Лекция. Өлшеу құралын тексеру
- •Өлшемдерді орындау әдістемесі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін әзірлеу тәртібі
- •Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі
- •21 Лекция. Өлшеу құралын калибрлеу
- •22 Лекция. Тексеру схемалары
- •23 Лекция. Тексеру схемаларының мазмұны және құрылуы
- •24 Лекция. Өқ-ын мемлекеттік сынау. Мемлекеттік қабылдап және бақылап сынау
- •25 Лекция. Сынау жабдығын аттестаттау
- •26 Лекция. Техникалық құжаттаманы мс және мө жайлы ұғымдар
- •27 Лекция. Мс-ге және мө-ге жататын өқ-ына конструкторлық құжаттама
- •28 Лекция. Конструкторлық құжаттаманы метрологиялық бақылау.
- •29 Лекция. Технологиялық құжаттаманы метрологиялық бақылау
- •30 Лекция. Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың міндеттері мен құқықтары
- •3 Лекция. Метрология саласындағы қызметкердің біліктілігі
- •4 Лекция. Метрология саласындағы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
Ф.7.11-18
Ешанқұлов Әмірхан Айтқұлұлы
«Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнінен лекциялар жиынтығы
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы үшін
Шымкент-2012 ж қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
« Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы
Ешанқұлов Ә.А.
«Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнінен
лекциялар жиынтығы
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
мамандығының студенттері үшін
Оқу түрі: күндізгі және қашықтықтан білім беру
Шымкент -2012 ж.
УДК 658.562.6
Құрастырған: т.ғ.к., доцент Ешанқұлов Ә.А. «Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнінен лекциялар жиынтығы.
-Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ; 2012ж, 70 бет
Лекциялар жиынтығы «Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнінің типтік бағдарламасының тәртібі және оқу жоспарының талаптарына сәйкес құрылған, курстағы лекция бойынша барлық қажетті мәліметтер қарастырылған.
Лекциялар жиынтығында метрологиялық қамтамасыз ету жағдайын талдауды, өлшеу және бақылау құралдарын метрологиялық жарамды күйде қолдануды, өлшеу, сынау және бақылау процесстерін жоспарлауды және орындауды, өлшеу, өлшеу құралдарын метрологиялық сынақтан өткізу, аттестаттау, бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың нақты жағдайларында қетеліктердің сипаттамаларын есептеу мәселелері қарастырған.
Рецензенттер:
Малик Г.Ж. – РМК «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» ОҚФ бас маманы
Сабырханов М.Д. – т.ғ.к., М.Әуезов ат. ОҚМУ « ТМЖ » кафедрасының доценті
«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының мәжілісінде талқыланған» (хаттама № « __ » __ 2012ж.), «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің әдістемелік кеңесімен талқыланған және ұсынылған» (хаттама №__ « __ » ___ 2012 ж.)
Баспаға М.Әуезов атындағы ОҚМУ Оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған хаттама №___ «___»_______2012 ж.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................................6
1. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні...........................................................6
2. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен құқықтары....8
3. Метрология саласындағы қызметкердің біліктілігі...................................13
4. Метрология саласындағы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары...........................................................................................................14
5. Өндірісті дайындаудың метрологиялық қамтамасыз етілуі......................17
6. Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушы негіздері..............18
7. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (әрі қарай УЖМҚ) және
заттар мен матиериалдардың құрамы мен қасиеттерінің
стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (СҮМҚ)..............................20
8. Заттар мен материалдардың физикалық константталары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректердің мемлекеттік қызметі (САДМҚ) және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің басқа да
мемлекеттік қызметтері....................................................................................22
9. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері............................................................................................24
10. Өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті
құжаттары өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі........25
11. Метрологиялық қызметтер. Кәсіпорындардың, ұйымдардың,
мекемелердің және РМК „Метрология“ метрологиялық
қызметтерінің негізгі бағыттары................................................................27
12. Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары....31
13. Стандарттардың, техникалық шарттардың метрологиялық ережелер
мен нормалар талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыру тәртібі....................................................................................32
14. Өнім өндіруді және оны шығаруды технологиялық дайындау
сатысында МҚЕ талдау....................................................................................34
15. Стандартты емес өлшеу құралдарын метрологиялық
аттестаттаудан өткізу..................................................................................36
16. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі ........37
17. Өлшеуді, ӨҚ–ның күйін, және қолданылуын метрологиялық
қадағалау.....................................................................................................39
18. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау түрлерi.......................................41
19. Өлшеу құралына тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және тәртібі...42
20. Өлшеу құралын тексеру..............................................................................44
21. Калибрлеу, реттеу және градуирлеу туралы ұғымдар.............................49
22. Тексеру схемалары......................................................................................51
23. Тексеру схемаларының мазмұны және құрылуы.....................................53
24. ӨҚ-ын мемлекеттік сынау. Мемлекеттік қабылдап және
бақылап сынау....................................................................................... .......... 57
25. Сынау жабдығын аттестаттау...................................................................59
26. Техникалық құжаттаманы МС және МӨ жайлы ұғымдар......................62
27. МС-ге және МӨ-ге жататын ӨҚ-ына конструкторлық құжаттама........65
28. Конструкторлық құжаттаманы метрологиялық бақылау........................67
29. Технологиялық құжаттаманы метрологиялық бақылау..........................71
30. Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың міндеттері мен құқықтары..........................................................................................................73
Ұсынылған әдебиеттер тізімі...........................................................................73
Кіріспе
Ғылым мен техника және де өндірістің даму тарихы көптеген қилы кезеңдерден өтті. Соның ішінде өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізі болып табылатын метрология ғылымда-техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді жоюға үлкен үлес қосты. Метрология сонау жас кеңес үкіметін индустрияландыруда, мамандандыруды жетілдіру, өндірістің көшірмелерін жасауда, және кеңес ғылымын дамытуда, жаңа технологияларды дамыту мақсатында (атомды энергетика, құрал жасауда, микроэлектроникада, лазерлік техникада) өзінің үлкен орны болды.
Қазір жаңа заманда ғылыми техникалық революциялық, кендік, экономикалық, әлеуметтік ортаның дамуында кездесетін дәлдікті арттыру, яғни метрология жетістіктерін халықтың тұрмысында қолдану. Метрология мемлекетте бірінші ретті орынды алады.
Осыған байланысты қазіргі ортада үлкен рөл атқаратын негізгі себептерге тоқталайық.
Өлшеудің көптілігі. Әр секунд сайын елімізде жүздеген миллион өлшеу операциялары жүргізілуде. Ол өлшеу нәтижесі арқылы қолданылатын техника бұйымдарының сапасын арттырып бұзылу мүмкіншілігі төмен машиналар және тұрақты жұмыс істейтін электр приборлар, медициналық аппараттар жасап шығару мақсатында қоланылады. Адам қолданатын заттардың толығы дерлік бақылау мен сынау нәтижелерімен жасалған. Бүгінде елімізде 1 млрд шамасында өлшеу құралының түрлері қолданылады. Әр саладағы мамандар миллионнан астам адам ақысыз сынаубақылау жүргізеді. Сынау мен бақылауға кететін шығын өнімді өндіруге кеткен шығынның 20% құрайды. Ал елімізде енді дамып келе жатқан радиоэлектроника, есептеуіш техникада 60% құрайды.
Өлшеудің маңыздылығы. Кез келген кәсіпорынның басқару үлгісінің негізі болып (сараптама, болжау, жоспар құру, бақылау, реттеу) келген шикізаттың, жартылай фабрикаттың, дайын өнімнің сапасы мен саны, оның технологиялық жасалу процесі, сонымен қатар бұйымның өмірлік циклы туралы мәліметтер болып табылады. Ережеге сай сол мәліметті әр түрлі өлшеу құралдарының көмегімен, көптеген өлшеулер жүргізу арқылы алады.
Өлшеу тілінің әмбебаптылығы. Техникалық ғылыми өлшеулерді жүргізу кезінде шет мемлекеттермен мәліметтер алмасып, тығыз қарым қатынаста болу керек. Бұл еліміздің өнімдерін нарыққа шығаруға және де саудадағы қарым қатынасын жақсартуға үлкен көмек көрсететіні айдан анық. Егер біз шет елдермен мәлімет алмасып сынау бақылау жұмыстарын бірігіп жасасақ онда шет елден келетін тауарлар мен шикізаттар, болшектер сапасына сенімді боламыз. Осыған байланысты өлшеу мәліметтерінің сапасының жоғары болуы, оның дәлдігі және шынайылығы, өлшеумен сынау әдістерінің бірдей болуы бірінші ретті тұруы тиіс. Өлшеудің ортақтығы арадағы қарым қатынасты нығайтып өлшеу әдістерімен, өлшеу құралын стандарттау, өнімді сынау және сынау нәтижелерін халық аралық жүйеге енгізуге негіз болады.
Техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттар бойынша техникалық бұйымдарды, тұрмыстық заттарды, барлық дерлік күнделікті қолданыстағы заттарды метрологиялық сараптама жасау арқылы өнім сапасын арттырып өнімге деген сенімділікке қол жеткізуге болады. Сонмен қатар өлшеу нәтижесінде анықталған қателіктер санын азайту көптеген өнімнің шығынын азайтады.
Метрология отандық өндіріске бұрын соңды болмаған өзгерістер әкелді. Осыған байланысты метролог мамандар да дайындалып олардын қызметтеріне деген сұраныс саны артты.
