Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Тарату материалы

Этанол (Spiritus aethylicus , Spiritus vini)- этил спиртін С2H5OH белгілі бір

бөлігі шартты сусыз ерітіндіге жатқызуға болады, өйткені таза, абсолютті этанол емес, ал оның күштілігі әр түрлі сулы – спиртті ерітінділері пайдаланылады. Сулы – спиртті ерітінділердің концентрациясын мөлшерлік процентпен көрсетеді, яғни 20оС берідген ерітіндідегі абсолютті этанолдың миллилитрмен көрсетілген мөлшері.

МФ-да этанолға баптар енгізілген “Spiritus aethylicus 90 %,70 %,40 % және 95 %”.

Этанол – мөлдір, түссіз, қозғалғыш, ұшқыш, өзіне тән иісі мен күйдіргіш дәмі бар сұйықтық, 78оС қайнайды. Этанолда полярсыз заттар жеңіл ериді: органикалық қышқылдар, қою және эфир майлар, камфора, ментол, йод, таннин,левомицетин және т.б..Этанолдың еріткіштік қасиеті оның концентрациясына байланысты. Мысалы, кастор майы сусыз абсолютті этанолда өте оңай ериді, 85% этанолда 10% жуық кастор майы ериді, 70% этанол – 1% ғана, ал 40% этанол мүлде ерітпейді.

Этанол сумен, глицеринмен, эфирмен, хлороформен, ацетонмен оңай араласады. Ерітіндінің концентрациясына байланысты бактериостатикалық және бактериоциттік қасиеті бар. Сонымен қатар еріткіш ретінде этанолды қолдану шектелген. Бұл оның фармокологиялық индифферентті еместігімен, тотыққыштық қасиетімен, дегидротациялық қасиетімен түсіндіріледі. Этанол ұшқыш және жеңіл жанғыш болғандықтан оны жақсы жабылған ыдыстарда, салқын жерде , оттан алыс жерде сақтау керек.

Сусыз еріткіштердің технологиясы.

Сусыз еріткіштерде дайындалған ерітінділер және сулы ерітінділер технологиялық кезеңдерінің бір типтілігімен сипатталады: еріту, фильтрлеу, қаттау, рәсімдеу. Сонымен қатар сусыз еріткіштер технологиясының әрбір кезеңінің ерекшеліктері бар. Ол негізінен еріткіштердің физикр-химиялық қасиеттеріне байланысты.

Дәрілік заттардың ерітінділерін этанолда даярлау МФ және сұйық дәрілік қалыптарды салмақ – көлемдік әдіспен даярлау жайлы ңұсқаулықпен регламенттеледі.

Егер рецепте этанолдың концентрациясы көрсетілмесе, МФ-тің көрсетуіне сәйкес 90% этанолды қолданады. Ерекше жағдай: 5% және 10% йод ерітінділерін МФ Х б. бойынша даярлайды, және де басқа нормативті – техникалық құжаттары - №435 бұйрығы бар кейбір ерітінділер (13.2 кесте)

Этанолды ерітінділер.

Ерітіндінің атауы және оның Этанол концентрациясы

концентрациясы. %

Solutio Iodi 1% , 2 % 96%

Sol.Hydrogenii peroxydi 1,5 % 96%

Sol.Citrali 1% 96%

Sol.Acidi salicylici 1% , 2 % 70%

Sol.Acidi borici 0.5%, 1-3% , 5% 70%

Sol.Viridis nitentis 1% , 2% 60%

Sol.Methyleni coerulei 1% 60%

Дәріханаға 95-96% және концентрациясы одан да жоғары этанол келіп түсетіндіктен, оны қажетті күштілігіне (концентрациясына) дейін сумен сұйылту провизор – технологтың міндеті болып табыоады.

Есте сақтау керек, этанолды сумен араластырғанда контракция құбылысы байқалады - әр түрлі құрамды спиртгидраттардың түзілу нәтижесінде бастапқы сұйықтықтардың мөлшерінің қосындысына қарағанда қоспа мөлшерінің азаюы. Бір уақытта жылу бөлініп, қоспаның температурасы жоғарылайды. Сондықтанда 1000мл этанолды және 1000мл суды араластырған кезде 2000мл қоспа емес, ал 1960мл ғана түзіледі. Контракция құбылысын ескере отырып, этанолды сумен қажетті күштілігіне дейін сұйылту алдын- ала есептеуді қажет етеді. Бұл үшін МФ ХІ басылымындағы алкоголеметриялық кестелері қызмет етеді, яғни №3 кесте-200 С-та күштілігі әр түрліспирт алу №4 және №5 – кестелерде – 1л күштілігі 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90 және 95% спирт алу үшін 200 С температура араластыру қажет судың және күштілігі әр түрлі спирттің мл-мен көрсетілген мөлшерлері.

Одан басқа, есептеу үшін сұйылтудың мына формуласын қолдануға болады:

Х=У*В/А

Мұндағы Х-күшті этанол мөлшері, мл;

У-қажетті концентрациядағы этанолдың мөлшері, мл;

А-күшті этанолдың концентрациясы,%;

В-қажетті концентрация ,% .

Есептеліп алынған этанолдың мөлшерін өлшеуіш ыдысқа құйып, үстіне қажетті көлемге дейін су қосамыз.Егерде қажетті өлшеуіш ыдыс болмаған жағдайда,этанолды сұйылтуға қажетті судың мөлшерін №35 алкоголеметриялық кесте бойынша есептейді.Мысалы:дәріхананың қоймадан алған 96,5% этанолдан 2 литр 70% этанол дайындау қажет.№5 кестеден (МФ XI) ол үшін 1450,8 мл 96,5% этанолмен 603,6 мл суды араластыру қажет екендігін табамыз.

Дәріханада заттық-сандық есептеу масса бойынша жүргізілетіндіктен ,бір мезгілде көлемдік бірліктерді салмақ бойынша қайта есептеуді жүргізеді.

№7 кестені, №434бұйрықтың 8 қосымшасын пайдаланамыз, онда әртүрлі концентрациядағы этанолдың көлемінің массаға сәйкестігін көрсетеді. 1450,8 мл 96,5% этанол 1168,4 грамға сәйкес келетіндігін тауып, ол жайлы этанолды есептеу кітапшасында жазылады.

Осыған ұқсас есептеулерді әртүрлі концентрациядағы этанолда дәрілік зат ерітінділерін дайындау кезінде жүргізіп, нәтижелерін рецепттің артқы бетіне белгілейді.

Дәрілік заттардың этанолдағы барлық ерітінділері салмақ-көлемдік әдіспен дайындалады.

Этанол ерітіндісіндегі дәрілік заттардың атаулары және олардың концентрациясы көп әртүрлілігімен ерекшеленеді.Сол құрғақ заттарды этанолда еріткен кезде,судағы сияқты көлемнің ұлғаюымен бірге жүретіндігін ескеру керек.Дәрілік заттардың біраз мөлшері –жалпы көлемнің 3% кем мөлшері-еріткіштің аз мөлшерін ғана итеріп шығарады. Ол жіберілетін ауытқу нормаларына кіреді.