Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.77 Mб
Скачать

Бояғыш дәрілік заттар

Акрихин Метилен көгі

Бриллиантты жасыл Рибофлавин

Иньөкцияға арналған индигокармин Фурацилин

Этакридин лактаты Калий перманганаты

Жұмсақ дәрілік қалыптар

Линименттер – сұйық жағылмалар - өзінің атауын латынша linire - ысқылау деген мағынаны білдіреді, яғни теріге ысқылау үшін қолданылады, сирек жағдайда тампон және таңу түрінде кездеседі.

Кейінге дейін линименттер жеке арнайы дәрілік қалып ретінде саналды , олар дене температурасында еритін қоймалжың сұйықтық, құрамы бір немесе бірнеше дәрілік зат және негізден тұрады. Линименттердің сұйық жағылмалар түрінде өзіне тән ерекшеліктері бар.Оларды даярлау үшін негіз ретінде жиі өсімдік (күнбағыс, бадам, шабдалы, майсана) майларын, тазартылған терпентин майын, вазелин майын, димексид, метилсалицилат, хлороформ, эсилон және т. б. қолданылады.

Линименттерге дәрілік заттарды жағылмадағы принцип бойынша енгізеді, сәйкесінше гомогенді , суспензиялы, эмульсионды және комбинирленген линименттер алады.

Гомогенді препараттар бір бірінде еритін компоненттерден тұратын сұйық қоспалар, бұларды ұшпайтын еріткіштердегі сусыз ерітінділерге жатқызуға болады.

Суспензиялы линименттерді дайындауда дәрілік заттар жағылмада жазылған сұйық компоненттің және ұшпайтын компоненттің біреуімен диспергирленеді. Жағылмалардан суспензиялы линименттер жоғары емес седиментациялық тұрақтылығымен ерекшеленеді. Оны жоғарылату үшін қоймалжыңдар қолданылады, бірінші кезекте аэросил жалпы массада 3-5%. Тұрақтандырылған линимент болып Вишневский бальзамы табылады. Оның құрамы 3 г деготь 3 г ксероформ, 5 г аэросил, 89 г майсана майы. Бірінші майсана майымен аэросилді араластырады, яғни қоюландырады. Жеке ксероформ мен деготьты ысқылайды. Сосын екі линимент бөлімін қосып, біртекті қоймалжың және тұтқыр консистенция алғанша мұқият араластырады.

Эмульсионды линименттер суспензиялы линименттер сияқты тұрақтандыруды қажет етеді.Жеке жағдайда эмульгаторлар линименттер құрамына кіретін ингредиенттердің бір бірімен әрекеттесуі нәтижесінде

Жағылмалар – теріге, жараға немесе кілегейлі қабықтарға жағуға арналған жұмсақ дәрілік қалыптар. Жағылма негізден және онда таралатын бірнеше заттардан тұрады. Жағылманың құрамына стабилизаторлар, ПАВ, консерванттар және тағы басқа да көмекші заттар кіруі мүмкін. Папирус Эберсада, Гипократтың еңбектерінде, Галена, Авиценада айтылатындай жағылмалар көне заманғы дәрілік қалып болғанымен, олар өзінің мағынасын қазіргі уақытқа шейін сақталып келген.

Жағылмалар медицинаның әртүрлі облыстарында қолданылады: дерматологиялық ауруларды емдеуде, отоларингологияда, хирургияда, проктологияда, гинекологияда және т.б.Теріні қоршаған ортаның жағымсыз әртүрлі әсерлерінен (органикалық тітіргендіргіштер,қышқылдар,сілтілер және т.б тітіргендіргіштер) қорғау үшін және косметикалық мақсатта(дақты кетіру,терінің қорлануы,шаштың емделуі және оны алып тастауда) қолданылады.

Жағылманың емдік әсері оның құрамына кіретін дәрілік заттарға байланысты. Қазіргі кезде жағылма формасында барлық фармакологиялық топтарға жататын дәрілік заттарды шығарады. Олар: антисептикалық жергілікті анестетиктер, гормондар, витаминдер, саңырауқұлақтарға қарсы заттар, антибиотиктер, анальгетиктер және тағы басқалар. Олар бір-бірінен физико-химиялық жағдайларына байланысты ажыратылады.

Жағылма негіздері әртүрлілігімен, дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсер етуіне және т.б көрсеткіштерге байланысты ажыратылады.Жағылмаларға келесі талаптар қойылады: жұмсақ консистенция болу керек,теріге, кілегейлі қабықтарға жаққанда қолайлы және тері бетінде тегіс пленка түзуі керек,тұрақты және механикалық қосылыстар болмау керек,сақтағанда және қолданғанда құрамы өзгермеу керек,жағылманың массасы мен концентрациясы рецепке сәйкес келуі керек.

Жағылманың бірнеше класификациясы бар: қолданылу орнына,әсер ету сипаттамасына,дисперсті жүйелердің типіне байланысты.

Жағылма жағылған жеріне байланысты мынадай топтарға бөлінеді: дерматологиялық, мұрынға арналған, вагинальді, ректальды, уретральды, стоматологиялық.

Микроорганизмге сезімтал кілегейлі қабықтарға жағылған жағылмалар асептикалық жағдайда дайындалады. Көз жағылмаларындағы дәрілік заттың дисперстілігі дерматологиялық жағдайға қарағанда жоғары болуы керек.

Жағылмалар әсер ету сипаттамасына байланысты екі топқа бөлінеді.

  1. Жергілікті әсер ететін жағылмалар - терінің жоғарғы қабаты эпидермиске және кілегейлі қабаттың жоғарғы қабығына әсер етеді. Олар: дерматологиялық, мырыш, ксероформдық жағылмалар. Дерматитті, экзема және т.б. тері ауруларын емдеу үшін қолданылады.

  2. Резорбтивті әсерлі жағылмалар. Олар теріге немесе кілегейлі қабықтарға терең сіңеді, барлық организмге немесе жеке организмге жалпы әсер етеді. Мысалы: “Нитронг” жағылмасы. Құрамында 2% нитро – глицериннің майлы ерітіндісі бар, ол стенокардия ұстамасының алдын алу үшін қолданылады.Жағылманы кеуде терісіне, іш және қол терісіне, жұқалап және жақсы сіңу үшін өтпейтін материалмен жабады.Әсері 30-40мин кейін басталады да 3-5 сағат сақталады.

Дәрілік заттар және негіз түзетін дисперсті жүйенің типіне байланысты жағылмалар: гомогенді және гетерогенді деп бөлінеді.

Гомогенді жағылмалар – дәрілік заттарпен негіздің арасындағы бөлімнің фаза аралық беткейдің болмауымен сипатталады.Мұндай жағылмаларда дәрілік зат негізде ерітінді типінде таралған,моликулалық немесе мицеллалық дисперсияға дейін жеткізілген.Алыну жолына байланысты олар: жағылма – балқыма, жағылма – ерітінді, экстракциялық жағылмалар зауыт жағдайында дайындалады.

Геторогенді жағылмалар – дәрілік затпен негіз арасында фаза аралық беткейдің болуымен сипатталады. Негізде дәрілік заттардың таралуына байланысты гетерогенді жағылмалар, суспензиялық, эмульсиялық және құрамдастырылған болып бөлінеді.

Жағылмалар негіздерінің классификациясы.

1. Липофильді

  1. майлар және олардың туындылары: шошқа майы, өсімдік майы, гидрогенделген майлар.

  2. Восктар: ара балауызы, спермацет, ланолин.

  3. Көмірсутекті негіздер: вазелин, петролат, парафин, вазелин майы, озокерит, церезин.

  4. силиконды негіздер: эсселон – аэросильді және т.б.

2. Гидрофильді

  1. жоғары молекулалы көмірсутектер мен белоктар гельдері: крахмал, целлюлоза эфирлері, желатин, коллаген.

  2. ЖМҚ синтетикалық гельдері: ПЭО – 400, ПЭО – 1500, ПЭО – 4000, ПВП және т.б.

3. Липофильді – гидрофильді

  1. абсорбциялық (липофильді негіз + эмульгаторлар БАЗ).

  2. Эмульсиялық (липофильді негіз + эмульгатор БАЗ + су).