Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты_Дисп.наблюд._1 день_ответы_каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.41 Mб
Скачать

1. Коронарография

2.+ЭхоКГ

3. Кеуде қуысының рентгенографиясы

4. ЭКГ

5. Стресс ЭхоКГ

Амбулаторлық жағдайдағы туа біткен және хроникалық патологиясы бар науқастарды диспансерлік бақылау ерекшеліктері (жастық ерекшеліктері) бір ғана дұрыс жауаппен тест тапсырмалары (mcq)

1 Тақырып. Жасы үлкен науқастардағы қанайналым жүйесінің ауруында диспансерлік бақылау ерекшеліктері. Артериальды гипертензия. Ырғақ бұзылыс синдромы. Қанайналым жетіспеушілігі.

3 Вариант

1. Ер адам К, 77 жаста АГ бар, ЭКГ- Гисс шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы.

Осы патологияға ең тәні:

1. V1-V2 Т теріс

2. V1-V2 rSR

3. QRS не менее 0.1сек

4. Терең S V5-V6

5.+R тісшесі ұзын 1, AVL, V5-V6

2. Ер адам Т, 78 жаста. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен, ЭКГ: Гисс шоғыры оң аяқшасының толық блокадасы. Сәйкес келетін өзгерістер:

1. V5-V6 T теріс

2.+rSR V1-V2

3. QRS 0.1 сек төмен

4. S V1-V2 терең

5. R тісшесі ұзарған 1, AVL, V5-V6

3. СЖЖ классикалық триадасының симптомы:

1. Терең дем алу, жөтел, ентігу кезінде кеуде аймағындағы ауру сезімі

2. Төс артындағы ауырлық, ентігу және жұрек қағу

3. +Ентіу, әлсіздік, аяқ ісінуі

4. Гепатомегалия, асцит және портальды гипертензия

5. Түнгі уақытта ентігу ұстамалары, жөтел және жүрек қағуы

4. Ер адам 74 жаста, шамалы физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, түнгі уақытта тұншығу ұстамаларына, ісінуге байланысты үйіне аймақтық терапевт дәрігерді шақырған. Анамнезінен: 5 жыл бұрын инфаркт миокардын алған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, мәжбүрлі қалыпта (ортопное), акроцианоз. ТЖ 26 рет минутына. Өкпенің төменгі бөлігінде – майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары төмендеген, аритмиялы. ЖСЖ 98 рет минутына. АҚҚ 120/70 мм сб.б. Бауыры ұлғайған, қабырға доғасынан 3-4 см төмен орналасқан. Аяқтары ауқымды ісіген. Диурезі азайған. Төменде көрсетілген созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің қай сатысына сәйкес келеді?

1. I

2. II А

3.+II Б

4. III

5. 0

5. Ер адам 60 жас, зауыт директоры, түскен кездегі шағымы жүрек қағысының ұстамалы түрде жиілеуі, толық денсаулық кезінде пайда болған. Анамнезі: сонғы 1,5 - 2 айда кеудесінде ұстамалы түрде ауру сезімі нитроглицерин қабылдағанан кейін басылатынына шағымданады. Қарап тексергенде: Тері жабындылары бозарған, тершең, ерінінде цианоз, тыныштық кезінде ентігу ТЖ 28 рет мин. Өкпенің төменгі бөлімінде майда көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары басылған. ЖСЖ-180рет. мин. Пульс-180 рет. мин., ырғақты. АҚҚ- 90/60 мм сб.б. ЖҚА: лейкоцит - 8х109 /л, ЭТЖ- 5мм сағ. ЭКГ суретте көрсетілген.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысына сәйкес келеді?

1. Миокард инфаркты

2 +Пароксизмалды қарыншалық тахикардия

3. Жүрекшелер фибрилляция

4. Атриовентрикулярлы блокада

5. Экстрасистолия

6. 74 – жастағы әйел аймақтық терапевт дәрігерге мынадай шағымдармен келген, бас айналуы, есінен тануы, жедел пайда болатын ентігу мен аяқтарындағы ісінуге шағымданады. Анамнезінде 8 жылдан бері артериалды гипертензиясы бар. АҚҚ ең жоғарғы көтерілуі 200/90 мм сб.б. ЖҚА: холестерин – 7,8 ммоль/л. Түсірілген ЭКГ суретте көрсетілген.

1. Синусты түйінің әлсіздігі

2. Жыпылықтаушы аритмия

3. Қарыншалық экстрасистолия

4. Синусты брадикардия

5.+Толық АV-блокада

7. Әйел 67 жас, алдыңғы-бүйір қабырғасының трансмуралды инфаркты болғаннан кейін 7–ші күні пароксизмді жыпылықтаушы аритмия дамыған. Қарап тексергенде: Жалпы жағдайы ауыр, ТЖ 22 рет 1 мин, жүрек тондары бәсеңдеген,ырғақсыз, кеуденің сол жақ бөлігінің 4 қабырға аралығында прекардиальді пульсация анықталады, жүрек ұшында систоликалық шу естіледі, пульсация аймағында «шум писка».

Науқаста миокард инфарктының қандай асқынуы пароксизмді жүрекшелердің жыпылықтауына алып келді?

1. Хорданың жарылуы

2. Қарынша аралық перденің жарылуы

3.+Жүрек аневризмасы

4. Папиллярлы бұлшық еттің үзілуі

5. Перикардит

8. Әйел С. 74 жаста, постинфарктты кардиосклерозы бар, шамалы физикалық жүктемеден кейін ентігу пайда болған, түнгі уақыттағы тұншығу ұстамалары, ісіну. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, ортопное, акроцианоз. ТЖ 26 рет 1 мин. Өкпенің төменгі бөлімінде майда көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақсыз. ЖСЖ 98 рет 1 минутына. АҚҚ 120/70 мм сб.б. Бауыры ұлғайған, қабырға доғасынан 3- 4 см төмен орналасқан. Аяқтары ауқымды ісіген. Диурезі азайған. Төменде көрсетілген созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің қай сатысына сәйкес келеді?

1. СЖЖ I

2. СЖЖ II А

3.+СЖЖ II Б

4. СЖЖ III

5. СЖЖ 0

9. Әйел 72 жаста диагнозы ЖИА, инфаркт миокарды дамыған кезде есінен тану , тоникалық құрысулар мен еріксіз зәр мен нәжістің бөлінуі болған. ЭКГ - АV-блокада II дәрежесі, Мобитц II.

Науқастың ЭКГ да төменде көрсетілген өзгерістердің қайсысын байқауға болады?

1. Р-Q аралықтарының біртіндеп ұзаруы

2. Интервал Р- Q 0, 16" QRS әр комплексмен байланысқан

3. Интервал Р-Q 0, 10", әр 2 QRS комплекснің түсіп қалуы

4. Р-Q аралықтарының біртіндеп ұзаруымен әр келесі QRS комплексінің түсіп қалуы

5.+ Р-Q аралықтарының біркелкі ұзаруымен әр QRS комплексінің түсіп қалуы

10. Ер адам С. 67 жас, шағымдары бас айналуы, бас ауруы, жиі есінен тану мен кеуде қуысын қысатын құрысу ұстамалары болады. Объективті: жағдайы ауыр, тері жабындылары бозғылт. Жүрек тондары бәсеңдеген, ЖСЖ 32 рет 1 мин. ЭКГ - атриовентрикулярлы блокада 3 дәрежесі.

Кардиостимулятор қойғанға дейін қандай дәрі тағайындау керек?