- •Амбулаторлық жағдайдағы туа біткен және хроникалық патологиясы бар науқастарды диспансерлік бақылау ерекшеліктері (жастық ерекшеліктері) бір ғана дұрыс жауаппен тест тапсырмалары (mcq)
- •1 Вариант
- •Амбулаторлық жағдайдағы туа біткен және хроникалық патологиясы бар науқастарды диспансерлік бақылау ерекшеліктері (жастық ерекшеліктері) бір ғана дұрыс жауаппен тест тапсырмалары (mcq)
- •1 Тақырып. Жасы үлкен науқастардағы қанайналым жүйесінің ауруында диспансерлік бақылау ерекшеліктері. Артериальды гипертензия. Ырғақ бұзылыс синдромы. Қанайналым жетіспеушілігі.
- •2 Вариант
- •1. Синусты түйін әлсіздігі
- •1. Коронарография
- •Амбулаторлық жағдайдағы туа біткен және хроникалық патологиясы бар науқастарды диспансерлік бақылау ерекшеліктері (жастық ерекшеліктері) бір ғана дұрыс жауаппен тест тапсырмалары (mcq)
- •1 Тақырып. Жасы үлкен науқастардағы қанайналым жүйесінің ауруында диспансерлік бақылау ерекшеліктері. Артериальды гипертензия. Ырғақ бұзылыс синдромы. Қанайналым жетіспеушілігі.
- •3 Вариант
- •1. Обзидан
- •2. Коронарография
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
МОДУЛЬ «ГЕРОНТОЛОГИЯ И ГЕРИАТРИЯ» ТЕСТОВЫЕ ЗАДАНИЯ |
||
Амбулаторлық жағдайдағы туа біткен және хроникалық патологиясы бар науқастарды диспансерлік бақылау ерекшеліктері (жастық ерекшеліктері) бір ғана дұрыс жауаппен тест тапсырмалары (mcq)
1 тақырып. Жасы үлкен науқастардағы қанайналым жүйесінің ауруында диспансерлік бақылау ерекшеліктері. Артериальды гипертензия. Ырғақ бұзылыс синдромы. Қанайналым жетіспеушілігі.
1 Вариант
1. Төменде аталған себептердің қайсысы жасы үлкен адамдарда АГ дамуында әсері жоғары:
1.+Аорта атеросклерозы
2. Иценко-Кушинг ауруы
3. Созылмалы пиелонефрит
4. Феохромоцитома
5. Миокард инфаркты
2. Төменде аталған аурулардың қайсысы оқшауланған систолалық АГ жүреді?
1. Феохромоцитома
2. Аорталық жетіспеушілік
3. Ренинөндіруші ісік
4. Тиреотоксикоз
5.+Аорталық стеноз
3. Жасы үлкен адамдарда асқынған гипертониялық кризде АҚ төмендеу қарқыны:
1. Сағатына 10%
2.+Сағатына 15%
3. Сағатына 25%
4. Сағатына 40%
5. Сағатына 50%
4. Әйел адам 65 жаста, жедел жәрдеммен қабылдау бөлімге бас ауруы, бас айналу, кеудедегі ауырсыну, көз алдында шыбын-шіркейлер, жүрек айну, құсуға шағымданып түсті. Аяқ астынан ауырған. Объективті: қозғыш, мойын, бетіде қызыл дақтар, терімен жабылған. ТЖ- 28 мин. Жүрек тондары тұйық, ритм дұрыс. Пульс 110 мин. АҚҚ 210/110 мм сб.б. Болжам диагноз:
1. Феохромацитома
2. Аорта коарктациясы
3. Гипертиреоз
4.+Гипертониялық криз
5. Аорта аневризмасы
5. Ер адам 65 жаста. Анамнез: Эссенциальная гипертензия. Клофелинмен емдеу кезінде бірнеше сағат бұрын АҚ жоғарылаған, 225/115 мм сб.б., бас ауруы, бас айналу, кусу, оң қолында әлсіздік пайда болды. Жағдайы нашарлау себебі:
1. Ем жеткіліксіздігі натрий реабсорбциясын арттырды
2. Жасы ұлғайған адамдардағы АГ ағымы ерекшелігі
3. Бас миының венозды жетіспеушілігі
4.+Бас ми қанайналымының жедел бұзылысы
5. Жедел миокард инфаркты
6. Ер адам 58 жаста, жедел жәрдем шақырған. АҚ жедел жоғарылауына шағымданған: 220/120 мм сб.б., бас ауруы, айқын ентігу, ауа жетіспеушілігі. Өкпеде везикулярлық тыныстың әлсіреуі, майдакөпіршікті ылғалды сырыл екі өкпенің төменгі бөлігінде. Жүрек тондары анық, ритм дұрыс. ЖСЖ 100 рет мин. Болжам диагноз:
1. Феохромоцитома
2. Аорта коарктациясы
3. Гипертиреоз
4.+Гипертониялық криз
5. Аорта аневризмасы
7. Әйел адам 60 жаста, учаскелік терапевтке бас ауруы, бас айналу соңғы 6 айда шағымдарымен келді. АК бір рет жоғарылауын байқаған: 180/100 мм сб.б. Анамнезі: әкесі 60 жасында миокард инфарктінен қайтыс болған. Зиянды әдеттері: 20 жылдан бері 1 күнде 1 қорап темекі шегеді. Объективті: тамақтануы жоғары, бойы 165 см, салмағы- 85 кг, беті гиперемирленген.
Болжам диагноз:
1. АГ, 1 дәрежелі, 3 қауіп тобы
2. АГ, 2 дәрежелі, 3 қауіп тобы
3. АГ, 1 дәрежелі, 4 қауіп тобы
4.+АГ, 3 дәрежелі, 3 қауіп тобы
5. АГ, 3 дәрежелі, 4 қауіп тобы
8. 70 жастағы ер адам жыл бойы бас ауруы , талып қалу, жүру кезінде әлсіздікке шағымданды. Екі рет жүрек қағуы байқалған, ол кеуде аймағында дискомфортпен жүреді. ЖСЖ 54 мин. АҚҚ 160/75 мм сб.б. Болжам диагноз:
1.+Синустық түйін әлсіздігі
2.Жыпылақтаушы аритмия
3. Экстрасистолия
4. Синусты брадикардия
5. АВ блокада
9. Ер адам 62 жаста, саяжайда жұмыс істеу кезінде аяқ астынан жүрек қағу байқаған, әлсіздік, жүрек аймағындағы жағымсыз сезім. Аурухананың қабылдау бөліміне келген. Аталған шағымдар соңғы жыл бойы байқалған. Осы көрініс тыныштық жағдайда байқалған. Объективті: терісі бозарған, гиперстеникалық тип. Жүректің сол шекарасы - ортаңғы бұғана сызығы бойынша. АҚҚ- 150/100мм сб.б. ЖСЖ- 102 мин. Журек тондары аритмиялық. Болжам диагноз:
1. Синусты түйін әлсіздігі
2.+Жыпылықтаушы аритмия
3. Экстрасистолия
4. Синусты брадикардия
5. АВ блокада
10. Ер адам А. 77 жаста. АҚҚ жоғары болуына байланысты өкпенің ісінуі дамыған, төменде көрсетілген дәрілердің қайсысы тиімді болады?
1. Мезатон
2.+Изокет
3. Допамин
4. Обзидан
5. Добутамин
11. Әйел, 63 жаста. Шағымы бас ауруына, көз алдында шыбын үймелеуіне, жүрек қағуына шағымданады. Қарап тексергенде: көп тамақтанады, АҚҚ 160/100 мм. сб.б., пульс 100 рет минутына, жүрек тондары бәсеңдеген, аортада екінші тон акценті естіледі. ЭКГ: R тісшесі V4 те 25 мм, S тісшесі V1, V2 де 20 мм. Көз түбінде: артериолалардың тарылуы.
Төмендегі дәрілердің қайсысы тиімді болып келеді?
1.+Бисопролол
2. Доксазозин
3. Кандесартан
4. Моксонидин
5. Фуросемид
12. Әйел 67 жаста, амбулаторлы қабылдауда мынадай шағымдармен келген, бас айналуы, бас ауруы, құлақтағы шу. Анамнез: Қант диабеті II типі, диабетон қабылдайды. Объективті: көп тамақтанады, АҚҚ 150/95 мм сб.б., пульс 80 рет минутына, жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты,аорта үстінде екінші тон акценті.
Төмендегі дәрілердің қайсысы тиімді болып келеді?
1. Метопролол
2. Индапамид
3. Нифедипин
4.+Лизиноприл
5. Доксазозин
13. Ер адам 64 жаста, зейнеткер. Шағымдары қан қысымының жоғарлауына 180/100 мм сб.б., бас ауруы, бас айналуы, әлсіздік, физикалық жүктеме кезінде ентігу. Анамнезі: артериалды гипертензия, қант диабеті 2 типі. Амбулаторлық емделуде. Зиянды әдеттері: 30 жылдан бері күніне 1 қорап тартады. Ішімдік ішпейді. Объективті: жалпы жағдайы нашарлаған,Өкпе: қатаң тыныс, сырылдар жоқ, жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты, АҚҚ 140/90 мм сб.б. екі қолында. Басқа жүйелерде – өзгеріссіз.
Төмендегі көрсетілген зеттеу әдістерінің қайсысы тиімді болып келеді?
1. Жүрек УДЗ
2. Коронарография жүргізу
3. Тәуліктік ЭКГ мониторингі
4. Электрокардиограмма түсіру
5.+Тәуліктік АҚҚ мониторингі
14. Әйел 65 жаста, 30 жыл химия өндірістік зауытта жұмыс жасаған. Шағымдары, жүйелі түрде қан қысымының жоғарлауына 160/90 мм сб.б. сонғы екі жылда, айқын емес бас ауруы мен айналуы, әлсіздік, кейіннен құрғақ жөтел қосылған. Анамнезі: Бұған дейін дәрігерге қаралмаған, көршісінің кеңесі бойынша эналаприл и кардиомагнил қабылдайды. 15 жылдан бері күніне 1 қорап темекі шегеді. Объективті: Дене бітімі гиперстеникалық. Өкпесінде: қатаң тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты, АҚҚ 140/90 мм сб.б. пульс 75 рет минутына.
Құрғақ жөтелдің пайда болу себебі қандай?
1. 15 жылдан бері темекі шегу
2.+Эналаприлді қабылдағаннан
3. Артық салмақ
4. Мамандығына байланысты
5. Кардиомагнилді қабылдағаннан
15. Ер адам 58 жаста, жедел жәрдем бригадасын шақырған. Шағымдары АҚҚ жедел жоғарлауы 220/120 мм сб. б., қатты бас ауруы, айқын ентігу мен оттегінің жетіспеуі. Өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс, екі өкпенің төменгі бөлігінде майда көпіршікті ылғалды сырылдар. Жүрек тондары бәсеңдеген, ритм ырғақты, ЖСЖ 100 рет минутына.
Төмендегі емшаралардың қайсысы тиімді болып келеді?
1.+АҚҚ төмендету
2. Электрокардиограмма түсіру
3. Ентігу ұстамаларын жою
4. Ылғалды оттегін беру
5. Өкпеге жасанды тыныс алдыру
