№12 Клиникалық есеп
28 жастағы науқас И, дәрігер стоматологқа астыңғы оңжағында тісжегі қуысының бар екеніне және әр түрлі тітіркендіргіштердің қуысқа енуіне байланысты ұзаққа созылатын ауру сезімінің пайда болуына байланысты ас қабылдаудың қиындағанына шағымданады. Қарап тексергенде астыңғы оң жақ алтыншы тістің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланысқан үлкен тісжегі қуысы анықталды.Сүңгілеп тексергенде ұлпа мүйізшесі ашылған аймақта ауру сезімі бар. Қағып тексергенде ауырады. ТҰЭҚ 30мкА. Аллергоанамнезінде дәрілерге аллергиясы жоқ. Денсаулығы жақсы. Ауыз кілегей қабығы ақшыл қызыл түстес. Қай ауру жайында айтылған? Қандай емдеу әдісін Сіз таңдайсыз. Таңдаған емдеу әдісінің артықшылығы мен кемшіліктерін атаңыз. Емдеу әдісін жүргізу тәсілін сақтамағанда қандай асқынулар болуы мүмкін?
№13 Клиникалық есеп
32 жастағы науқас С, басын тез қозғалтқан кезде ұстама тәріздес тарала ауыратын қатты ауру сезімнің пайда болатынын айтып шағымданады. Бұрын осыған ұқсас ауру сезімі болған. Қарап тексергенде себепші тіске метелқұрамдас материалдан үлкен пломба қойылған. Температурлалық тітіркендіргіштерге тіс қалыпты жағдайда жауап қайтарады. Рентген суретте тіс қуысында шеті тегіс емес қарқынды көлеңке анықталады. ТҰЭҚ 50-70мкА. Қандай ауру жайында айтылған? Қатты ауру сезімінің пайда болу себебін атаңыз. Осы ауруды емдеудің тиімді әдісін анықтаңыз. Осы әдісті жүргізуге не себеп болды. Емдеу әдісін жүргізу барысында өмірге ең қауіп тудыратын асқынуды атаңыз?
№14 Клиникалық есеп
Науқас М, 2.6 тісінде ыңғайсыздық, керіп тұру сияқты сезімнің пайда болғанына шағымданады. Ауру тарихынан: бір күн бұрын өздігінен пайда болған солқылдап ауыратын, суықтан аздап басылатын ауру сезімінің болғаны анықталды. Кейіннен келе аурудың сипаттамасы, қарқындылығы өзгеріп, тісі тісіне тигенде ауыратын болды.Қарап тексергенде жұмсақ дентинге толы тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп, қағып тексергенде ауырады.Сіздің алдын ала диагнозыңыз? Аурудың клиникасын қосымша тексеру әдісімен толықтырыңыз. Ұқсас аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізіңіз?
№15 Клиникалық есеп
С есімді науқас 45 тісінің тұрақты сыздап ауыратынын, әсіресе ас қабылдағанда ұлғая түсетінін айтып шағымданады. Науқастың айтуы бойынша төрт күн бұрын стоматологқа осы тісінің өздігінен, жан жаққа тарала ауыратынын айтып келген. Науқастың дәрілік анестетиктерге аллергиясының болуына байланысты дәрігер стоматолог тіске қандайда бір дәрі қойып, келесі күні келуін айтқан. Бәрақ тісінің ауырғаны басылғаннан кейін науқас дәрігер стоматолгтың қабылдауына келмеген. Қандай асқыну туралы айтылған? Сіздің алдын ала диагнозыңыз? ААсқынудың болу себебінде дәрігер стоматолог қандай қателік жіберген? Осындай асқынулардың басқа болу себептерін атаңыз.
