Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ed6d0c9e-2fe4-11e3-88ee-f6d299da70eeУММ СК-1 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.15 Mб
Скачать

2 Арматура деп тб құрамындағы болаттан жасалған, созу күштерін қабылдайтын және конструктивті, есептік және өндірістік қажеттіліктерден қабылданған сырықтарды айтады (3,2сурет).

Сурет 3,2. ТБ конструкцияларын армирлеу

а- тақталар, б- арқалықтар, в- бағандар.

Беті бойынша арматуралар жазық және ауыспалы қималы болады (сурет 3,3). Қолдану бойынша арматуралар кернеуленетін және кернеуленбейтін болып бөлінеді.

Сурет 3,3. Ауыспалы қималы арматура түрлері;

а- сырықты, б- сым, в- орақ тәрізді.

Арматураның негізгі физика-механикалық көрсеткіштері. Болаттың негізгі механикалық қасиеттері “кернеу-деформация”диаграммасымен анықталады, сынақ үлгілерді созу арқылы жүзеге асады. Барлық арматуралық болаттар диаграммалары бойынша 3 түрге бөлінеді(сурет 3,4 ):

  • Ағу аймағы анық болаттар (жұмсақ болаттар);

  • Қатты болаттар, ағу аймағы анық емес (аз легірленген, термо қатайтылған болаттар);

  • Сызықтық байланысты болаттар,ағу аймағы жоқ (аса берік сымдар);

Сурет 3,4. Арматуралы болаттың деформацияға ұшырауы диаграммасы

Беріктіктің негізгі сипаттамалары:

  • Жұмсақ болаттар үшін физикалық ағу шегі σу;

  • Қатты және аз легірленген болаттар үшін σ0,2;

  • Аса берік сымдар үшін σu.

Арматуралық болаттардың тағы басқа қасиеттері де өте маңызды болып келеді:

  • Пісірімділік – болаттың электр пісіруге қолайлылығы, бұл кезде пісіру аймағында сызаттар пайда болмау керек; жақсы пісірімді болаттар олар аз көміртекті және аз легірленген болаттар. Термо қатайтылған және созумен қатайтылған болаттарды пісіруге болмайды.

  • Реологиялық сипаттары- ағуы және релаксация;

  • Шаршаудан тозу, көп қайталанатын жүктемелерден пайда болады, және салдарынан морт сынады;

  • Динамикалық беріктену, кенет динамикалық жүктемеден пайда болады, мысалы жарылу немесе сейсмикалық әсерден.

Арматуралардың классификациясы. Барлық арматуралық болаттар класстарға бөлінеді, әр класстың өз беріктік және деформациялық сипаттамалары бар, яғни бір классқа кей кезде әртүрлі маркалы болаттар жатуы мүмкін.

Сырықты арматура А әрпімен және рим цифрімен белгіленеді (неғұрлым сан жоғары болса, соғұрлым беріктігі жоғары деген сөз)

  • Ыстықтай басылған, жазық бетті А-І;

  • Өзгермелі қималы А-II, A-III, A-IV, A-V, A-VI;

  • Термиялық қатайған өзгермелі қималыAт-III, Aт-IV, Aт-V, Aт-VI;

  • Механикалық қатайтылған A-IIIв.

Суықтай созылған арматуралар В әрпімен және рим цифрімен белгіленеді:

  • Кәдімгі арматуралық сым Вр-1(пісірмелі тор үшін);

  • Аса берікті арматуралық сым В-ІІ, Вр-ІІ (кернеуленетін арматура ретінде)

Жұмсақ болатты арматураларды А-І, А-II, A-III-ті көбінесе кернеуленбейтін конструктивті немесе жұмысшы арматура ретінде қолданады;

Қатты арматураларды A-IV, A-V, A-VI, Aт-VII алдын ала кернеуленген арматура ретінде қолданады.

Арматуралық бұйымдар. Жұмыстың тез орындалуы үшін кернеуленбейтін арматуралар пісіру немесе байлау арқылы торлар және қаңқалар құрайды.

Пісірілген қаңқалар (сурет 3,5а) бойлық және көлденең сырықтардан құралған. Жұмысшы сырықтар бір немесе екі қатар құрайды.

Сурет 3,5. Арматуралық бұйымдар

а- арматуралық қаңқалар, б- торлар;

Жазық қаңқалар көбінесе көлемдік қаңқаларды құрайды, оның себебі тасымалдауға, қоймаларда сақтауда және жобалық орнын сақтау үшін қолайлы болып табылады.

Пісірілген торлар (сурет 3,5б) жазық және оралмалы болады. Сырықтардың максималды диаметрі 5-8мм. Тордың орамадағы мәні 50-100мм, конструкцияда қолдану үшін торлар кесіледі.

Арматуралық сымды бұйымдар. Алдын ала кернелген конструкцияларда жеке немесе байланған сымдарды қолданады. Олар қанаттар және шоқтар болып бөлінеді.

Арматуралық қанаттар – ең тиімді кернеуленетін арматура болып саналады(сурет 3,6 а); Олар тарқамайтын оралған сымдардан тұрады. Қанаттар 7 немесе 19 сымдардан тұрады. (белгіленуі К7, К19).

Арматуралық шоқтар параллельді орналасқан аса берік сымдардан құралған (сурет 3,6 в). Сымдар (14, 18, 24 дана) шеңбер бойымен аралары бос етіліп қойылған (арасына цемент қоспасы құйылатындай), ал сымдар сыртынан жұмсақ сыммен байланған.

Пакеттер екі қатар бойымен шахматты түрде арасына цемент қоспасы құйылатындай етіліп жасалған (сурет 3,6 б).

Сурет 3,6. Арматуралық сымды бұйымдар:

а- сымды қанаттар; б- пакеттер; в- шоқтар.

Арматуралардың тоғысу аймақтары. Дайындау орнына байланысты тоғысу аймақтары зауыдтық және монтаждық болып бөлінеді.

Сурет 3,7. Кернеуленбейтін арматураның тоғысу аймақтары

Арматура түріне және дайындалу түріне байланысты тоғысу аймақтары келесідей бөлінеді:

  • Контактті(сурет 3,7 а);

  • Доғалық ванналарда (сурет 3,7 б);

  • Накладкалары бар (сурет 3,7 в,г);

  • Үстінен (сурет 3,7 д,е);

  • Таврлы (сурет 3,7 ж);

  • Контактті – нүктелі (сурет 3,7 з);

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]