- •Пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •3Тб қазіргі заманда көп таралу себебі оның басқаларға қарағанда техникалық және экономикалық тиімділігінде болып табылады:
- •2 Арматура деп тб құрамындағы болаттан жасалған, созу күштерін қабылдайтын және конструктивті, есептік және өндірістік қажеттіліктерден қабылданған сырықтарды айтады (3,2сурет).
- •3 Арматура мен бетонның сіресуі тб-ң ең маңызды шарты. Арматура мен бетонның берік сіресуі келесі үш фактормен жүзеге асады:
- •Бірінші жоғалтулар:
- •Сурет 5,1. Кернеліп-деформацияланған күйдің кезеңдері.
- •2 Алдын ала кернелген иілетін элементтерде арматураларды иілу моменті эпюрасына және көлденең күшке байланысты орнатады.
- •Сурет 6,7. Көлбеу сызаттарынан пайда болған бұзылу.
- •2 Иілетін элементтердегі көлбеу қималарының түзілуі ию моменті мен көлденең күш әсерінен болады.
- •Сурет 3,7. Көлбеу қималарын есептеуде
- •Сурет 3,8. Көлбеу қималарын қамыттармен күшейту
- •3Тас қалауының беріктігі тас және ерітіндінің беріктігіне, түріне, жасына, жасау сапасына және т.Б. Факторларға байланысты болады.
- •Сурет 8,4. Қалаудың созу кезінде бұзылуы, және қысу кезіндегі деформация графигі.
- •Сурет 9,1. Ортасынан қысылған элементтерді есептеу үшін.
- •2 Көптеген тас конструкциялар ортадан тыс қысылған болып келеді, оларда қысу күші Nэксцентриситетпен қойылған (сурет 9,2).
- •Сурет 9,2. Ара қабырғаларын есептеуде.
- •2 Болат вариантты жобалау және техникалық-экономикалық талдау негізінде тандап алынады.
- •3 Болат ферриттен жәнеперлиттенқұралады.Перлиттің түйірлері фериттен едәуір беріктеу келеді. Осыекі құраушылар көміртекті болаттың жүктеме әсерінен жүмысын анықтайды.
- •Сурет 4. Болат жұмысының унификацияланған диаграммасы.
- •2 Серпімді деформацияланған кезде бірнеше рет кайта-қайта жүктеу материалдың кейінгі жұмысына әсерін тигізбейді, себебі серпімді деформациялар кайтымды келеді.
- •2 Кернеулерді, пайда болуына байланысты, төрт түрге бөлуге болады: негізгілер,қосымшалар, жергіліктілер және бастапқылар.
- •Сурет 13. Жергілікті кернеулер: а - шоғырланған жүктемелер түскен жерлерде; б – крандоңғалағының астында.
- •Сурет 14. Прокатталған (а) және дәнекерленген (б) элементтердегі бастапқы кернеулердіңэпюралары
- •Сурет 13,1. Діңгектің басты қималары (а); құрылымы (б)
- •Сурет 13,2. Ағаштың кебу кезінде деформациясы.
- •Сурет 13,3. Беріктікке сынауға стандартты үлгілері.
- •Сурет 13,4. Қарағайдың келтірілген даграммасы (a), үлгінің қысу кезінде бойлық бойымен бұзылуы (б).
- •7Фанера деп шпон деп аталатын сансыз қабаттардан құралған жазық бетті материалды айтады. Оны түзу сызықтық ағаш қималарын кесу арқылы алады.
- •8 Қорғау шаралары конструктивті және химиялық болып табылады. Конструктивті шаралар қызудан және ылғалданудан қорғауға арналған.
- •9 Пластикалық массалар жасанды материал болып табылады, синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстардан жасалған.
- •2 Сыналар механикалық жұмысшы қосылыстардың ең көп таралған түрі болып табылады. Сына деп ағаш элементтерін өзара қозғалуын болтыртпау үшін қолданылатын иілетін сырықты айтады.
- •Тәжірибелік сабақтар
- •Сурет 1.3.
- •Сурет 1,4.
- •Жұмыс мақсаты: Металды жабыны бар арқалықты алаңды жобалауды үйрену.
2 Сыналар механикалық жұмысшы қосылыстардың ең көп таралған түрі болып табылады. Сына деп ағаш элементтерін өзара қозғалуын болтыртпау үшін қолданылатын иілетін сырықты айтады.
Сыналар цилиндрлік және пластиналы болып бөлінеді (сурет 15,3). Цилиндрлік сыналар - олар тұтас немесе бос қималы сырықтар (болттар, шегелер, бұранда және т.б.). Оларды болаттан, пластмассадан және қатты ағаш түрінен жасайды (қайың, емен). Сыналы қосылыстар қозғалуға жұмыс істейді (сыналар майысады, ал қатынасатын ағаш мыжылады).
Сурет 15,3. Сына арқылы қосу.
а- сынанның жұмыс істеу сұлбасы; б- сына түрлері; в- сына қосылыстары.
Цилиндрлік сыналарды алдын ала тесілген ұяларына орнатады. Ұя диаметрі сына диаметріне тең немесе кішірек етіп алады. Екі немесе үш брусты қосу үшін пластиналы сыналарды қолданады, оларды арнайы дайындалған ұяларға орнатады (сурет 15,4). Сыналардың және ұяларының өлшемдерін, орнату араларын нормалар бойынша қабылдау қажет. Пластиналардағы талшықтар бағыты қосылатын жазықтыққа перпендикуляр бағытта болу керек. Сына орнату түзу немесе шахмат бағытта болуы мүмкін.
Сурет15,4. Пластиналы сына арқылы қосу.
3 Шегелер де сына сияқты қозғалуға қарсылық ету үшін жұмыс істейді. Шеге диаметрі 6мм-ден аспайды, сондықтан олардың көтергіштігі күш бағытына және талшықтардың бағытына байланысты болмайды.
Шеге өстері араларының минималды шамасы 15dгв болу керек. Орналасу бағыты түзу, қисық немесе шахматты түрде болуы мүмкін.
Шегелер сыналарға қарағанда тығыз байланыс береді. Ең басты кемшілік- ұзақ жүктеме салдарынан орнына ауысады.
Сурет
15,5. Шеге жұмысы ерекшелігі.
lвыд= lгв- δ-2-1,5dгв |
(4.7) |
dгв–шеге диаметрі;
lгв –ұзындығы.
4 Металлды темір пластинкалар (МЗП), 1-2мм цинктелген болаттан жасалған жазық бетті, бір жағында әртүрлі ұзындықты тістері бар пластиналарды айтады. Оларды элементтің екі жағынан қояды (сурет 15,6). Орнату арнайы пресстеу құрылғысымен жүргізіледі.
Сурет 15,6. МЗП арқылы қосу.
МЗП-мен қосылған конструкциялардың көтергіштігін ұялардағы ағаштың мыжылуы немесе тістердің майысу дәрежесіне қарап сынайды. Керегелі конструкцияларда қолданыс тапқан.
5 Желімдеу арқылы қосу қосылыстың ең тиімді және ең прогрессивті түрі болып табылады (сурет 15,7). Оның арқасында әртүрлі формалы желімделген конструкцияларды алуға болады (арқалық, аркалар, рамалар). Конструкцияларды жұқа ағаш материалдарды және фанераны желімдеу арқылы алады. Суға төзімді синтетикалық желімдерді қолданады (фенолды, фенол-резоцинді). Желімделген ағаш конструкцияларды зауыттарда дайындап құрылыс алаңына полиэтиленді қаптарға оралған күйде әкеледі.
Сурет 15,7. Зауыдта жасалған желімді қосылыстар.
6
Кертіктер
деп қысылған элементтің басқа элементпен
әсерлесуі ешқандай қосымша құрылғысыз
жүретін қосылыс.
Сурет 15,8. Маңдайлы кертік.
Керегелі конструкциялардың түйіндерінде қолданады (фермалар, мұнаралар)(сурет 15,8). Жаншылуды болдырмау үшін қосымша байланыстырғыштарды орнатады – болттар, қамыттар, топсалар. Бұл байланыстырғыштар тек қана тістің жаншылуы кезінде жұмыс істеп созылған жақты уақытша ұстап қалуы қажет.
