- •2015-2016 Оқу жылының 1 семестріне арналған
- •2. Өткізу орны және уақыты:
- •3 Пререквизиттері және постреквизиттері:
- •4 Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •6 Курстың саясаты, академиялық тәрібі және этикасы
- •7 Тақырыптық - күнтізбелік жоспар
- •8 Практикалық сабақтар жоспары №1практикалық сабақ: AutoCad бағдарламасы туралы жалпы түсінік.
- •№2 Практикалық сабақ: AutoCad бағдарламасын іске қосу және примитивтер мен жұмыс.
- •№3 Практикалық сабақ: Координат нүктелерін енгізу.
- •№4 Практикалық сабақ: Базалық примитивтермен жұмыс.
- •№5 Практикалық сабақ: Базалық емес примитивтермен жұмыс.
- •Өстік түзулер – шеңбер ценртінде қиылысушы үзік сызықты түзулер. №8 практикалық сабақ: Сызбада мәтінді қолдану.
- •№9 Практикалық сабақ: Объект қасиеттері.
- •Түзулер типі шебері (Мастер типов линий) диалогтік терезесіндегі ок батырмасына басыңыз. №10 практикалық сабақ: Объектілерді өзгерту әдістері.
- •№11 Практикалық сабақ: Жалпы өзгерту командалары.
- •№12 Практикалық сабақ: Сызбаны сақтау және баспадан шығару.
- •№13 Практикалық сабақ: Күрделі объектілерді салу.
- •1 Мысал:
- •2 Мысал:
- •№14 Практикалық сабақ: Құрастырушы сызбалар.
- •№15 Практикалық сабақ: Көлемді модельдеу.
- •9 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •10 Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Әдебиеттер тізімі
№13 Практикалық сабақ: Күрделі объектілерді салу.
Жұмыстың мақсаты: Auto Cad бағдарламасында күрделі объектілерді салу командаларымен танысу.
1 Мысал:
Сызбаның дәлдігін 0-ға тең қылып орнатыңыз
RECTANG (тікбұрыш) командасын таңдаңыз.
1-ші координатасына 20,20; 2-ші координатасына @60,40 енгізіңіз
LINE (түзу) командасын таңдаңыз
Тізбекті түрде келесі координаталарды енгізіңіз: 20,20,10; @60,40; @0,0,40; c (Z өсі бойынша орналаасқан тікбұрышты үшбұрыш координаталары)
нәтижесінде келесі сызба пайда болады:
3D ORBIT сайманын іске қосыңыз
жанама менюден оңтүстік-шығыс түрін таңдаңыз (юго-восток)
3D ORBIT сайманын айыру үшін ESC пернесіне басыңыз
Нәтижесінде кескін келесі үлгіде болады:
2 Мысал:
Келесі кескіндерді тұрғызайық:
Сызбада түзу
және овал1
XY
жазықтығында орналасқан, овал2
және
овал3
ZY
жазықтығында, ал тікбұрыш ZX
өстерінле орналасқан.
AutoCAD жүйесінде сызба тұрғызу XY жазықтығына қатысты түрде тұрғызылады.
Үш өлшемді объектілерді тұрғызуда координата жүйесін іске қосу керек немесе объектінің бағытына байланысты бұрып отыру керек (солға, оңға, жоғарыдан және т.б.). Үш өлшемді объектілер тұрғызудың қарапайым әдісін қарастырайық:
Сызбаның дәлдігін 0-ге тең етіп орнатыңыз.
ТҮР (ВИД) саймандар құралын іске қосыңыз:
Алдымен тікбұрыш тұрғызайық:
алдыңғы
түрі
құралын іске қосыңыз.RECTANG (тікбұрыш) командасын шақырып келесі координаталарды енгізіңіз: 0,20,-50; @40,10
LINE (түзу) командасын шақырыңыз. Байланыстың «ортаңғы нүктеге байланыстыру» түрін таңдап, тікбұрыштың төменгі жағының ортаңғы нүктесін таңдаңыз. Әрі қарвй келесі координаталарды енгізіңіз: @0,0,40
1овал тұрғызайық. Ол үшін
жоғарғы
түрі
құралын таңдаңыз. Сол кезде кескін
келесі түрде болады:
CIRCLE (шеңбер) құралын іске қосыңыз. Баланыстың «соңғы нүктеге байланысу» түрін таңдап, а нүктесін белгілеңіз. Радиусын 10-ға тең етіп енгізіңіз.
2овал және 3овал тұрғызу үшін
оң
жағы және
сол жағы түріне көшу керек.
3DORBIT сайманы көмегімен кескінді екі жағы (оң және сол) көрінетіндей түрге келтіріңіз. Шамамен түрі суретте келтірілген. Бұл тікбұрыштың сәйкес бұрыштарына (а және в) байланыстур үшін қажет.
CIRCLE сайманын іске қосыңыз. 2овал үшін байланыстың «соңғы нүктеге байлагыстыру» түрін таңдап шеңбер центрін көрсетіңіз (а нүктесі). Шеңбер радиусын 10-ға тең етіп енгізіңіз. 3овал үшін де осы параметрлерді енгізіңіз, тек центрі ретінде в нүктесін көрсетіңіз.
Үш өлшемді объектілер тұрғызуда ең бастысы түрлерді дұрыс таңдау.
№14 Практикалық сабақ: Құрастырушы сызбалар.
Жұмыстың мақсаты: Auto Cad бағдарламасында құрастырушы сызбаларды құру командаларымен танысу.
Суреттегі объектілердің бір объект болып байланысқан жиынтығын блок деп атаймыз. Блокты қолдану сурет салу процесін жеңілдетеді. Оларды келесі мақсаттарда қолдануға болады:
Жиі қолданатын символдардың, түйіндердің, детальдардың стандартты кітапханасы (библиотекасы) ретінде;
Қою арқылы суреттерді тиімді түрде және тезредакторлеуге, бүтін блоктардың орнын ауыстыруға, көшіруге.
Блок графиктік примитивтердің кез-келген санын құрай алады және әр түрлі қабатта жиналған әр түрлі түсті, типті примитивтерден де құрыла алады.
Әрбір блокпен атрибуттарды байланыстыруға болады, яғни блокты суреттке қою кезінде өзгертуге мүмкіндік беретін мәтіндік ақпарат.
Блокты суретке қою кезінде блокқа ену пайда болады, яғни масштабтық коэффициенті, бұру бұрышы беріледі.
Блок құру кезінде оның базалық нүктесі, көрсетілген блокқа енетін объектілер таңдап алынады. Сонымен қатар , мәтіндік сипаттамасын енгізіп, блокты белгілеуге арналған пиктограммасын беруге болады.
Блок
құру үшін
-батырмасы
немесе BLOCK командасы қолданылады.
Блок құру кезінде Block Definition сұхбаттық терезесінде келесі параметрлерді көрсету керек:
Name өрісінде – құрылатын блоктың атын енгізуі;
Objects аймағында Select Objeckts батырмасына басып, блокқа енетін объектілерді тышқанмен таңдау керек. Таңдап болған соң Enter батырмасын басу керек.
Objects аумағында таңдап алынған объектілерді өңдеу тәсілдерін арнату керек:
Retoin –таңдап алынған объектілер ағымдық суретте бастапқы күйінде қалады;
Convert to block- таңдап алынған объектілер блокқа енумен ауыстырылады;
Delete- блокты сипаттап болғаннан соң, таңдап алынған объектілер өшіріледі.
Bose point аумағында блокты қоюдың базалық координатасы көрсетіледі немесе Pich point-батырмасы арқылы базалық нүктені таңдау керек.
Description өрісінде –блоктың мәтіндік түсініктемесі енгізіледі.
AutoCAD жүйесінде кез-келген сызба құру кезінде блоктарды қолдану үшін WBLOCK командасы қолданылады. Бұл команда блокты дискіге жазу WRITEBLOCK сұхбаттық терезесін жүктейді.
INSERT командасы алдын-ала анықталған блоктарды ағымдық сызбаға қоюға мүмкіндік береді.
Блокты қою үшін ашылған INSERT сұхбаттық терезесінде Name өрісіне блоктың аты таңдап алынады.
Содан соң:
Қою нүктесін көрсету,
X,Y өстері бойынша масштабын көрсету,
Бұру бұрышын көрсету.
EXPLODE командасы –блокты оны құраушы объектілеріне бөледі.
