- •2015-2016 Оқу жылының 1 семестріне арналған
- •2. Өткізу орны және уақыты:
- •3 Пререквизиттері және постреквизиттері:
- •4 Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •6 Курстың саясаты, академиялық тәрібі және этикасы
- •7 Тақырыптық - күнтізбелік жоспар
- •8 Практикалық сабақтар жоспары №1практикалық сабақ: AutoCad бағдарламасы туралы жалпы түсінік.
- •№2 Практикалық сабақ: AutoCad бағдарламасын іске қосу және примитивтер мен жұмыс.
- •№3 Практикалық сабақ: Координат нүктелерін енгізу.
- •№4 Практикалық сабақ: Базалық примитивтермен жұмыс.
- •№5 Практикалық сабақ: Базалық емес примитивтермен жұмыс.
- •Өстік түзулер – шеңбер ценртінде қиылысушы үзік сызықты түзулер. №8 практикалық сабақ: Сызбада мәтінді қолдану.
- •№9 Практикалық сабақ: Объект қасиеттері.
- •Түзулер типі шебері (Мастер типов линий) диалогтік терезесіндегі ок батырмасына басыңыз. №10 практикалық сабақ: Объектілерді өзгерту әдістері.
- •№11 Практикалық сабақ: Жалпы өзгерту командалары.
- •№12 Практикалық сабақ: Сызбаны сақтау және баспадан шығару.
- •№13 Практикалық сабақ: Күрделі объектілерді салу.
- •1 Мысал:
- •2 Мысал:
- •№14 Практикалық сабақ: Құрастырушы сызбалар.
- •№15 Практикалық сабақ: Көлемді модельдеу.
- •9 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •10 Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Әдебиеттер тізімі
№5 Практикалық сабақ: Базалық емес примитивтермен жұмыс.
Жұмыстың мақсаты: Базалық емес примитивтермен танысу.
Мультитүзу
(MLINE) -
Мультитүзу командасы – параллель қиылған түзулер жиынтығынан құралады. Мультитүзудің жаңа стилін құруға немесе үнсіз келісім түрінде енгізілген стилмен жұмыс істеуге болады. MLINE командасының сұраныстары:
Cbrrent settings: Justification = Top, Scale = 20.00, Style = STANDART – ағымдық қалып күйі
Specify start point or [Justification/ Scale/ Style]: - бастапқы нүктені көрсету
Specify next point: - келесі нүктені көрсету
Specify next point or [Undo]:
Specify next point or [Close/Undo]:
Specify next point or [Close/Undo]:
MLINE командасының кілттері (опциялары):
Justification – сызбаның бастапқы нүктесінің орналасуын анықтау: жоғары Тор, центр Zero, төмен Bottom.
Scale – масштабтау коэффициенті
Style – стильды таңдау.
Мультитүзу тұрғызуда мультитүзу стилі қолданылады. Стиль Пішім (Формат) мәзірінен Мультитүзу стилі (Стиль мултилинии) командасын орындау нәтижесінде ашылатын сұхбаттық терезесінде құрылады.
Доға
(ARC) -
Доға командасы шеңбердің жартысын сызуға мүмкіндік береді. Доға салудың әр түрлі әдістері бар. Опцияларын Сурет – Доға (Рисование – Дуга) менюінен таңдап аламыз. Үнсіз келісім түрінде доға бастапқы, аралық, соңғы нүктелерін көрсету және сағат тіліне қарсы бағытта тұрғызылады. Доғаны сонымен қатар орталық бұрышын, радиусын, бағытын және хордасының ұзындығын көрсету арқылы да тұрғызуға болады. Хорда дегеніміз-доғаның бастапқы және соңғы нүктелерін қосатын кесінді. Доға командасының кілттері:
Center – доғаның центрлік нүктесі;
End – доғаның соңғы нүктесі;
Angle – бұрыш шамасы;
Chord Length – хорданың ұзындығы;
Direction – жанаманың бағыты;
Radius – доғаның радиусы.
ARC командасы арқылы доға тұрғызудың төмендегідей тәсілдері бар:
3 Points – доғаны үш нүктесі бойынша тұрғызу;
Start, Center, End – доғаны бастапқы, центрлік және соңғы нүктелері арқылы тұрғызу;
Start, Center, Angle - доғаны бастапқы, центрлік және бұрышы арқылы тұрғызу;
Start, Center, Lenqth - доғаны бастапқы, центрлік және хорданың ұзындығы бойынша тұрғызу;
Start, End, Angle - доғаны бастапқы, соңғы және бұрышы бойынша тұрғызу;
Start, End, Direction – доғаны бастапқы, соңғы және бағыты бойынша тұрғызу;
Start, End, Radius – доғаны бастапқы, соңғы нүктелері және радиусы бойынша тұрғызу;
Center, Start, Angle – доғаны центрі, бастапқы нүктелері және бұрышы арқылы тұрғызу;
Center, Start, Lenqth – доғаны центрі, бастапқы нүктелері және хорда ұзындығы арқылы тұрғызу;
Continue – доғаны түзудың немесе доғаның жалғасы ретінде тұрғызу.
Шеңбер
(CIRCLE) -
Шеңбер командасын Сурет-Шеңбер командасын орындау арқылы іске қосамыз. Үнсіз келісім түрінде шеңбер центрін және радиусын көрсету арқылы тұрғызылады. Шеңбер командасының сұраныстары:
шеңбер центрін көрсету;
радиусын енгізу.
Шеңбер командасының кілттері:
3Р – шеңберді үш нүктесі арқылы тұрғызады;
2Р – шеңберді екі нүктесін (диаметрін) көрсету арқылы тұрғызу;
Ttr – екі жанама және радиусы арқылы тұрғызу.
Сплайн
(SPLINE) -
Сплайн командасы сызбада қисық сызу сызу үшін қолданылады. Сплайн командасы шақырылғаннан кейін нүктелерді тізбектеп енгізу керек.
Эллипс
(Ellipse)
-
Эллипс командасын Сурет-Эллипс командасын орындау арқылы іске қосамыз Эллипс көмегімен толық және жарты эллипс сызуға болады. Үнсіз келісім түрінде эллипс тұрғызу бірінші осьтің бастапқы және соңғы нүктелерін және екінші ось ұзындығының жартысын енгізу арқылы тұрғызылады. Эллипстің ең ұзын осі оның үлкен осі, ал қысқасы кіші осі деп аталады. Эллипс командасының сұраныстары:
Эллипс осінің соңғы нүктесін көрсету;
Эллипс осінің екінші соңғы нүктесін көрсету:
Эллипстің келесі осінің ұзындығын көрсету.
Эллипс командасының кілттері:
Center – эллипстің центрін көрсету;
Arc – эллипстік доға құру режиміне көшу.
№6 практикалық сабақ: Объектілерді штрихтау.
Жұмыстың мақсаты: Тұйықталған объектілерді штрихтау әдістерімен танысу.
Штрихтау – көрсетілген аумақты таңдап алынған үлгі бойынша толтыру (бояу).
Штрихтау
(BHATCH) командасы Сурет мәзірінен немесе
саймандар құралындағы
батырмасына
басу арқылы іске қосылады. Команда
шақырылғаннан соң Штрихтау сұхбаттық
терезесі ашылады.
Штрихтау сұхбаттық терезесі
Штрихтау (BHATCH) командасы тұйық қисық сызықпен шектелген объектіні таңдау немесе контурды көрсету арқылы штрихтауға мүмкіндік береді. AUTOCAD жүйесінде өндіріс стандарттарын қанағаттандырушы штрихтаудың 50-ден аса түрі, ISO стандартын (Халықаралық стандарттау ұйымы) қанағаттандыратын 14 штрихау үлгісі енгізілген. Штрихау үлгісін таңдау Pattern: параметрі көмегімен орындалады. Стандартты штрихау үлгілерін пайдалану үшін Type: мәзірінен Predеfined бөлімін таңдау керек. Scale және Angle мәтіндік өрістері таңдап алынған штрихтау үлгісінің бұрылу бұрышын және масштабтық коэффициентін енгізуге мүмкіндік береді. Ал қолданушының жаңа штрихтау үлгісін құру үшін Type тізімінен User defined бөлімін таңдау керек.
№7 практикалық сабақ: Өлшемдермен жұмыс.
Жұмыстың мақсаты: Өлшемдерді сызбада қолдану.
Өлшемдермен жұмыс істеу үшін - Өлшемдер (өлшем бірлік) қосымша саймандар тақтасын ашу қажет. Бұл үшін Түр мәзірінен құрал саймандар тақтасын таңдап, ашылған терезеде Өлшемдер саймандар тақтасы жолына белгі қою керек.
Өлшемдер – объектінің геометриялық шамаларын, олардың ара қашықтығымен бұрышын, жеке нүктелердің координаталарын көрсету үшін қолданылады. AUTOCAD 11 түрлі өлшемдерді қолданады және оларды үш типке бөледі: сызықтық, радиалды, бұрыштық. Сызықтық өлшемдер горизонтальды, вертикальды, параллельді, бұрылған, ординаталық, базалық және өлшемдік тізбек түрлеріне бөлінеді. Өлшемдерді қою командаларын Өлшемдер (Dimension) мәзірінен немесе Өлшемдер (Dimension) саймандар құралынан шақыруға болады.
Өлшемдері бейнелеуде төмендегі құрама элементтер қолданылады:
өлшемдік түзу – сәйкес өлшемге параллель орындалған соңында бағыттауыштары бар түзу;
өлшемдік бағыттауыш - өлшемдік түзудің соңғы нүктелерін белгілеуге арналған маркер;
өлшемдік мәтін - өлшем шамасын және өзге ақпараттар қамтитын мәтіндік жол;
бағыттауыш (выносные) сызықтар – объектіден өлшемдік түзуге жүргізіледі. Перпендикуляр немесе бұрышқа бағытталып тұрғызылады;
выноски – мәтіндік өлшемді объект қасына орналастыру мүмкін болмаған жағдайда қолданады;
центр маркері – шеңбер немесе доға центрін белгілеуші крестик;
