Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3. силлабус_ИНЖ.графика_1курс каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.27 Mб
Скачать

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

5В071800 – «Электроэнергетика», 5В090100 – «Жүк тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану», 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В073100 – «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», 5В072900 – «Құрылыс» мамандықтарының 1, 2 курс студенттеріне

2015-2016 Оқу жылының 1 семестріне арналған

Инженерлік графика пәні бойынша

оқыту бағдарламасы

(силлабус)

Орал – 2015ж.

«БЕКІТІЛДІ»

«КЕЛІСІЛДІ»

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық факультетінің деканы Н.М.Кадыргалиев

КӘС төрайымы

Ж.К.Кадирова

___________________«___» ______20___ ж.

__________________

«___»______20___ ж.

Құрастырушы: аға оқытушы Утешева Г.Ш.

Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер кафедрасы

414 аудитория

Кредит саны – 2

Дәріс -15

Практика – 15 сағат

СОӨЖ – 15 сағат

СӨЖ – 45 сағат

Бақылау түрі – емтихан

Барлығы – 90 сағат

«____»______________2015ж. кафедра отырысында талқыланды, №___хаттама

Кафедра меңгерушісі___________Ж.С.Кажиакпарова

1 Оқытушы туралы мәліметтер: Утешева Гульнара Шаукатқызы – Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы.

2. Өткізу орны және уақыты:

Өткізу уақыты: 1 семестр, 2015-2016 оқу жылы.

Өткізу орны: Орал қаласы, Ықсанов көшесі 44/1, 401, 402, 404, 403 кабинеттері, уақыты: сабақ және СӨЖ кестесіне сәйкес.

3 Пререквизиттері және постреквизиттері:

Пререквизиттері: Ақпараттану.

Постреквизиттері: Талап етілмейді.

4 Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Компьютерлік графика пәні таңдау бойынша компонент болып табылады. Курстың мақсаты - конструкторлы құжаттарды AutoCad графикалық жүйені қолданып автоматты даярлау.

Пәннің қысқаша мазмұны:

Компьютерлік графика туралы негізгі түсініктер және анықтамалар. AutoCAD бағдарламасы туралы жалпы түсінік. AutoCAD бағдарламасын іске қосу және примитивтер мен жұмыс. Координат нүктелерін енгізу. Базалық примитивтермен жұмыс. Базалық емес примитивтермен жұмыс. Объектілерді штрихтау. Сызбада мәтінді қолдану. Өлшемдермен жұмыс. Объектілерді өзгерту әдістері. Объект қасиеттері.

Пәнді игеру нәтижесінде студент:

Білуі керек қазіргі дербес компьютерлердің бағдарламалық элементтерін; компьютерлік жобалау жүйесіндегі жобалау материалдарын өңдеу, дайындау әдістерін;

Істей білуі керек КҚБЖ стандарттарының талаптарына сәйкес жиналатын бірліктердің, қарапайым тетіктердің сызбаларын және эскиздерін, сонымен қатар екі өлшемді графикалық редакторлардың көмегімен орындауды;

Дағдысы болуы керек Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеуде; кез-келген екі өлшемді сызбаларды құруда; көлемдік пішімдерді құрып, оларды түзету операцияларын; сызбаларды басқа CAD-программаларға өткізу; сызбаларды сақтау және оларды қағазға шығаруда.

Құзыретті болуы керек қазіргі заманғы графикалық бағдарламаларды қолдануда.

5. Баға туралы ақпараттар:

Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберілу рейтингінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен межелік бақылау (аудиториядан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.

Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, студенттің дербес жұмысы (бұдан әрі – СДЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.

Дисконт:

1.Сабақты қалдыру – (- 10балл)

2.Тапсырманы орындамау – (-10балл)

3.Жұмысты уақытында тапсырмау – (-10балл)

4.Сабақ үстіндегі кері ұйымдастырушылық іс-әрекеті – (-10балл)

Бонус:

1.Жұмысты белсенді орындау – 10 балл

2.Жауаптың нақтылығы – 10 балл

3.Жұмысты алдын-ала орындау – 10 балл