- •Мазмұны
- •1.1 Қысқаша теориялық мәлімет
- •Конструкциялық анализ және ілініс есебі
- •2.1 Іліністі таңдау. Ілініске қойылатын талаптар
- •2.2 Ілініс классификациясы
- •3 Әртүрлі конструкциялардың қолдану анализі
- •3.1 Конструкторлық схеманы таңдау
- •3.2 Іліністің негізгі бөлшектерін жасауда қолданылатын материалдар
- •4 Ілініс есебі
- •4.1 Іліністің тозуын бағалау
- •4.2 Іліністің жылулық кернеуін бағалау
- •4.3 Ілініс бөлшектерінің беріктігін өлшеу
- •2.7.1 Іліністің қысу серіппесін өлшеу
- •4.4 Іліністің демпфер серіппесін өлшеу
- •4.5 Жетектеуші дискінің күшпегін өлшеу
- •4.6 Ілініс білігін есептеу
- •5 Ілініс жетегі
Мазмұны
Кіріспе
ЗИЛ-130 автокөлігінің ілініс құрылғысы
Қысқаша теориялық мәлімет
Конструкциялық анализ және ілініс есебі
Іліністі таңдау. Ілініске қойылатын талаптар
Ілініс классификациясы
3 Әртүрлі конструкциялардың қолдану анализі
3.1 Конструкторлық схеманы таңдау
3.2 Іліністің негізгі бөлшектерін жасауда қолданылатын материалдар
4 Ілініс есебі
4.1 Іліністің тозуын бағалау
4.2 Іліністің жылулық кернеуін бағалау
4.3 Ілініс бөлшектерінің беріктігін өлшеу
4.4 Іліністің демпфер серіппесін өлшеу
4.5 Жетектеуші дискінің күшпегін өлшеу
4.6 Ілініс білігін есептеу
5 Ілініс жетегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, жүктер автомобильдермен тасымалданады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналасады. Олар дарынды адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда.
Өздігінен қозғалатын көлік түрлерін жасап шығару талаптары XVII ғасырдан басталғаны белгілі. 1769 жылы Францияда әскери инженер Никола Кюньо тарапынан бумен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар үш дөңгелекті арба жасалды. Осы 2 ат күші қуаты бар бу машинасымен 3 тонна жүкті 2-4 км/сағ жылдамдығында тасымалдауға болатын еді. Бірақ керекті бу қысымын қамтамасыз ету үшін жүріс кезінде жиі аялдамалар жасау қажеттігі бұл көліктің негізгі кемшілігі болып кең таралмағанына себеп болды.
Дегенмен алғашқы жасап шығарылған автомобиль құрылысы жағынан қазіргі автомобильдерге ұқсас болғандығынан неміс инженерлері Готлиб Даймлер мен Карл Бенцтарапынан жеке-жеке жасалған автомобильдер болып табылады. Осыны 1876 жылы Алманияда Николаус - Август Оттоның жасаған іштен жанатын төрт тактілі айналыммен жұмыс істейтін қозғалтқыш құрылысы мүмкін қылған. XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында электр және бу қозғалтқышты автомобильдер бензинді автомобильдермен жетістікті түрде бақтас болғанын айтып өтуге болады. Бірақ іштен жанатын қозғалтқыштардың артықшылықтары электр және бу автомобильдерінің шығарылуын минимумға дейін шектеді. XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы дүниенің көптеген мемлекеттерінде автомобильдердің өнеркәсіптік өндірісінің басталуымен сипатталады. Осы кезеңде шығарылған автомобильдердің құрылысында ортақ техникалық шешімдер болған. Пневматикалық шиналармен жабдықталған алдыңғы дөңгелектері басқарушы, артқы дөңгелектері жетекші төрт дөңгелекті (екі білікті) көліктің трансмиссиясы фрикционды іліністен, бір немесе бірнеше тісті редуктордан құрылған және рульдік басқару жүйесінде алдыңғы басқарушы дөңгелектермен редуктор арқылы жалғанған рульді дөңгелегі болған. Сол жылдары автомобильдерде қолданылған көптеген техникалық шешімдер қазіргі уақытта да жетісті қолданылып келеді.
Автомобильдерді көптеп өндірудің басталуына Америкалық кәсіпкер Генри Форд тарапынан қолайлы құрылысы бар «Форд-Т» моделінің жасап шығарылуы және 1913 жылы оны жинап шығару үшін қолданылған арнайы конвейердің өндіріс көлемін арттыруға және соның есебінде автомобильдің өзіндік құнын түсіруге себеп болған деуге болады. Тап сол кезде автомобиль бағасы арзандап көпшілікке жетімді көлік түріне айналды.
Автомобиль өнеркәсібінің тарихында елеулі кезең деп жанармай қоспасының қысылуынан тұтанатын іштен жанатын қозғалтқыштардың қолданыла бастауы болып саналады. Осы қозғалтқыштардың үлгісі неміс инженері Рудольф Дизель тарапынан 1892 ж. патенттеліп, бірақ автомобильдерде (көбінесе жүк автомобильдерінде) сериялы түрде XX ғасырдың 20 ж.ылдары қолданыла бастады.
Автомобильдердің республика үшін ерекше маңыздылығы Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден - бір құралы болып табылады.
Қазіргі таңда автомобиль атқаратын қызметі, техникалық сипаттамасы, бағасы және басқа да өзгешеліктері бар көп мөлшерде автомобиль модельдері кездеседі. Оның негізгі себептерінің бірі автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастық болып табылады. Автомобиль өндірушілері әлеуетті сатып алушыларды өзіне тарту мақсатымен жеке тұтынушылар топтарының талаптарын барынша қанағаттандыратын өнім ұсынуға, автомобильдің пайдалы әсер ету коэффициентін көбейте тұра қоршаған ортаға зиянын азайтуға, жүргізуші және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, автомобильді қолдануды жеңілдету және де құрылысына ең озат техникалық шешімдер еңгізілген жаңа модельдер жасап шығару уақытын қысқартуға тырысады. Бұл ретте қазіргі автомобильдер экономикалық, экологиялық және әлеуметтік себептермен анықталатын жалпы заңдарға қарай жетілдіріледі.
Автомобильдерді құрастыру негіздерінің басты мақсаты жасау кезінде оның бойына дарытқан потенциалдық қасиетті пайдалану барысында іс жүзіне асыруды қамтамасыз ету, көліктің техникалық себеппен тоқтап тұруын азайту, жұмыс өнімділігін өз деңгейінде ұстау, оны ұқсатып ұстауға шығынды көбейтпеу. Көлік техникасы отындық энергетикалық қорды ең көп тұтынатын құрал болып саналады. Сол ресурсты үнемдеп жұмсау оның техникалық ахуалына байланысты. Көлік техникасы жыл сайын сан жағынан өсумен бірге, құрылымыда күрделініп келеді. Осыған байланысты автомобильдер құрылысының негіздері нормативін анықтауды ғылыми негізге қоюдың маңызы ерекше. «Автомобильдерді құрылымдау негіздері» пәннің оқытудың басты – басты бағыты мыналар:
- теориялық зерделеу.
- стратегиясы мен әдісін үйрену.
- нормативтерін анықтай білу;
- алдыңғы қатардағы техника мен технологиясын ұтымды формаларын оқып үйрену.
ЗИЛ-130 автокөлігінің ілініс құрылғысы
Ол қозғалтқышқа сегіз центрлік болттар арқылы иінді біліктің сермеріне орнатылған. Іліністің басу күші шойынды басқыш дискіде және қаптама арасында орналасқан 16 серіппе арқылы жасалады. Басқыш диск жағындағы серіппе астында жылуизоляциялаушы сақина орнатылған. Айналу моменті қаптама ілінісінен жетектелуші басқыш дискіге иілгіш серіппелердің төрт жұбымен беріледі.
Пластиналар басқыш диск пен қаптама ілініс арасында радиалды және айналым бағытында қатты байланыс орнатады, сонымен қатар басқыш дисктін қаптама ілінісіне қарағанда ось бағыты бойынша иілгіштігіне байланысты орын ауыстыруына мүмкіндік береді, бұл іліністің бірқалыпты өшіп сөнуіне мүмкіндік береді. Пластиналар бір жағымен қаптамаға, екінші жағымен арнайы втулкаға және болттар арқылы басқыш дискіге бекітіледі.
Өшіру құрылғысы саусақтар арқылы жетектеуші дискіге, ал вилка арқылы ілініс қаптамасына жалғанатын төрт рычактан тұрады. Саусақтар және рычактар арасында ине тәріздес роликтар орналасқан. Рычактардың тірек нүктесі болып қаптамадағы реттегіш сфералық гайка болады. Әр қайсысы қаптамаға екі болтпен бекітілген, гайкалар қаптамаға серпімді пластиналармен жалғанған.
Осыған орай серпімді пластина мен гайканың сфералық бетінде, іліністің қосып өшірілуі барысында вилкалар аздап тербеліс жасайды.
Іліністің әр бөлімін атап айтқанда, сермер орнына айналып, жетектеуші болып табылады. Жетектеуші диск пен жетеклелуші дискіге жалғанған сермердің фрикциондық төсемелер басқыш күші арқылы сымдар сермермен басқыш дискі арасында 1320 кг күшпен қысылған.
Ведомый диск через шлицы ступицы передает крутящий момент на ведущий вал коробки передач. Іліністі қосу кезінде біліктің тербеліс күші арқылы тербеліс пайда болады, осыдан шлицті күшпекке жетектеуші дискінде, беріліс қорабының тістерінде және подшипниктің кардандарында жүктеу ұлғаяды.
