- •Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын көрнекілік моделдеу арқылы дамыту
- •Шығармашылық туындыларды орынбасушы-символдар көмегімен айтып беру
- •Тақпақтарды қызықты алгоротимдердің көмегімен жаттау
- •Мнемотехника көмегімен айтып үйрену үшін балаларды дайындау
- •Мектеп жасына дейінгі балаларда байланысты сөйлесуді дамытуда көрнекілік моделдерді қолдану бойынша жұмыс кезеңдері
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың байланысты сөйлеу дамуының бағалау критерийлері
- •Сөйлеу дамуының деңгейі
- •Тіл дамыту сабағында ұйымдастырылған оқу әрекетінің тірек –сызбалар қолданудың тақырыптық преспективтік жоспары
- •Тақырыбы: «Аңдар көктемді қалай қарсы алды?»
Мектеп жасына дейінгі балаларда байланысты сөйлесуді дамытуда көрнекілік моделдерді қолдану бойынша жұмыс кезеңдері
1.Шығарманың мазмұнын тыңдау, үлтел үстіндегі театрда сюжет ойнау, шығармаға иллюстрация жасау.
2.Педагогтың сюжетті немесе ертегідегі кейіпкерлерді затқа алмастыру – орынбасушы: мысалы, егер ертегіде үй немесе үйшік болса, оларды геометриялық фигураларға ауыстыруға болады.
3.Балалардың берілген шығармаға дайын моделдердің бір ізділігін байқауы: педагог балалармен бірге мәтінге арналған иллюстрацияларды қарап,дайын моделдерден бір ізді етіп, қалай әңгіме құрастыруға болатындығын көрсетеді.
4.Бір ізді дайын моделдер және мәтін қатынасы бойынша педагог пен баланың бірлескен жұмысы: үлкендердің көмегімен балалар моделдердің керек элементтерін таңдап, оларды бір ізді етіп, біртұтас модельді тізбекке орналастыруды үйренеді.
5. Баланың өзіндік орынбасушы-заттарды таңдауы: өз таңдауын негіздеп, шығарма кейіпкерлеріне орынбасушылар таңдайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың байланысты сөйлеу дамуының бағалау критерийлері
Сөйлегенді тыңдау және түсіну, сөйлесуді қолдау, сұрақақтарға жауап беруді және сұрақ қоя алу керек;
Ойыншық немесе сурет мазмұны бойынша сөйлемдерден құрастырылған әңгімені тәрбиешінің үлгісі бойынша қайталай білу керек;
Ойыншықтар бойынша қысқа әңгімелер құрастыра алу керек;
Таныс ертегілер және әдеби шығармалардан үзінділер демонстрациясына қатыса алу.
Сөйлеу дамуының деңгейі
Жоғарғы – Қайта айтып беру: көрнекі модель көмегімен және тәрбиешінің сұрақтарының көмегімен бала шығармашылық туындылардың мазмұнын айтады; кейіпкерлердің қарапайым қарым-қатынасын, олардың қылықтарын түсініп, олар туралы айтады, қарапайым мінездеме береді (жақсы кейіпкер немесе жақсы қылық, ақ көңіл, жаман); әдеби шығармалардың мазмұны бойынша әңгімеге, таныс ертегілерді сомдауға және драматизациялауға қатысады.
Сипаты: бала ойыншық немесе сурет бойынша құрастырылған тәрбиеші үлгісі көмегімен әңгімені қайталайды, ойыншықтар туралы қысқаша әңгімелер құрастырады.
Шығармашылық сөйлеу әрекеті: бала қысқаша тақпақтарды жатқа оқиды, олардың қысқаша қойылымдарына қатысады; сөйлеу темпін қадағалай алады; сөйлеуі мәнерлі.
Орташа - Қайта айтып беру: көрнекі модель көмегімен және тәрбиешінің сұрақтарының көмегімен бала шығармашылық туындылардың мазмұнын айтады; кейіпкерлердің қарапайым қарым-қатынасын, олардың қылықтарын түсінеді, бірақ кейіпкерлердің мінездемесін сөз арқылы сипаттауда қиналады. Балалар шығармашылық әдебиетіне және ауызша халық шығармашылығына эмоционалды қарайды, ертегілерді сомдауға және драматизациялауға қатысады.
Сипаты:ойыншық немесе сурет мазмұны бойынша 2-3 сөлемнен құрастырылған әңгімені тәрбиешінің үлгісі бойынша қайталайды.
Шығармашылық сөйлеу әрекеті:бала қысқаша тақпақтарды жатқа оқиды, олардың қысқаша қойылымдарына үлкендердің көмегімен қатысады; тақпақты оқығанда асығады, сөздердің соңын анық айтпайды.
Төмен - Қайта айтып беру: бала, балалар шығармашылық әдебиетіне және ауызша халық шығармашылығына эмоционалды және қызығушылықпен қарайды, бірақ үлкендердің көмегімен оны мазмұндауда қиналады. Әдеби шығармашылық туындылардың мазмұны бойынша әңгімелерге қатыспайды.
Сипаты: бала тәрбиеші үлгісі көмегімен ойыншық немесе сурет бойынша құрастырылған әңгімені қайталауға қиналады.
Шығармашылық сөйлеу әрекеті: бала қысқаша тақпақтарды жатқа оқуға қиналады, оларды сомдауға көңілі болмайды, сөздерді түсініксіз айтады.
Мен аталған жұмысты тәжірибеге енгізу үшін тіл дамытудан төмендегі жоспарды құрастырдым. (Кесте №1)
Қорыта келе осындай әдістер мен жұмыстарды жиі қолданып отырсақ балалардың:
1.Сөздік қорлары дамиды
2.Бір-бірін тыңдауға үйренеді
3.Құрылымы дұрыс сөйлемдер құрастырып сөйлеуге үйренеді
4.Белсенділіктері артады.
5.Жан-жақты дамиды.
Кесте №1
