- •Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын көрнекілік моделдеу арқылы дамыту
- •Шығармашылық туындыларды орынбасушы-символдар көмегімен айтып беру
- •Тақпақтарды қызықты алгоротимдердің көмегімен жаттау
- •Мнемотехника көмегімен айтып үйрену үшін балаларды дайындау
- •Мектеп жасына дейінгі балаларда байланысты сөйлесуді дамытуда көрнекілік моделдерді қолдану бойынша жұмыс кезеңдері
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың байланысты сөйлеу дамуының бағалау критерийлері
- •Сөйлеу дамуының деңгейі
- •Тіл дамыту сабағында ұйымдастырылған оқу әрекетінің тірек –сызбалар қолданудың тақырыптық преспективтік жоспары
- •Тақырыбы: «Аңдар көктемді қалай қарсы алды?»
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын көрнекілік моделдеу арқылы дамыту
Р.Садық
№5 сәбилер бақшасының тәрбиешісі
Павлодар облысы, Павлодар қаласы
Бүгінгі таңда бейнелі, синонимдерге бай және сипаттауларымен болатын мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі – өте сирек кездеседі. Балалардың сөйлеуінде көптеген мәселелер бар:сөз байлығы жеткіліксіз, әдеби емес сөздерді қолдану арқылы пікір білдіру, қысқа немесе жайылған жауап құрастыру, сөйлеу мәдениеті дағдысының болмауы, нашар дикция.
Мектеп жасына дейінгі білім беру сатысының мазмұндық негізі ҚР МЖБС-да көрсетілген, осы мәселелерді, туған және мемлекеттіктілді үйренуге дайын, тілектестік негізде үлкендер және өз құрдастарымен араласуға дайын, жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы шешу жолдарын қарастырады, сондықтанда баланың оқу үрдісін қызықты, дамытушы етіп, балаларда жарқын эмоционалды реакция тудыратын, шығармашылық және логикалық ойлауын дамытатын, байланысты сөйлеу қабілетін дамытады, үлкендер мен балалар арасындағы қарым-қатынастың қызықты болуын қамтамасыз ететін жағдай жасау – әр педагоктың парызы.
Біздің ойымызша көрнекілік модельдеу, қазіргі кездегі балалардың сөулеу қабілетін дамытудың ерекше әдісі.
Модельдеуге үйретуді мақсатты түрде мектеп жасына дейінгі жаста бастау керек, Л.С. Выготский, Ф.А. Сохиннің айтуы бойынша – мектепке дейінгі жас-тұлғаның қарқынды даму кезеңі. Даму барысында бала, туған тілінің және сөйлеуді негіздерін игеріп, оның сөйлеу белсенділігі артады.
Сондықтан мектепке дейінгі теориялық-практикалық негіздерге, білім беру облысында мемлекеттік саясатқа ие бола тұра берілген тақырыптың өзектілігін түсіне тұра,байланысты сөйлеуді дамыту жұмысын мектеп жасына дейінгі модельдеуді қолдану арқылы бастау керек деп шешілді.
Көрнекілік модельдеу тәсілдерін жүйелі қолдану монологикалық пікірлердің тиімділігін арттырады, яғни қайталап айтып беру (әңгімелеу), тәрбиешінің ойыншық, сурет туралы үлгісі бойынша, әңгіме құрастыру. Педагогты үлгі тұта отырып, балалар тапсырманы үлгі бойыншағана емес, сонымен қатар шығармашылық элементерін білдіреді.
Ұсынылған жұмыс тәсілдері мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілетін дамыту үшін, балалар, ата-аналар және педагоктардың бірлестігіне жаңа жол ашылды.
Әр-түрлі пікірлер білдірудің әр түріне байланысты жұмысы үшін көрнекілік моделдеуді қолдану тәсілдері мен әдістері
Көрнекілік моделдеу тәсілдері әр келкі пікір білдіру түрлерінің барлығында қолданылады:қайта айту, сурет бойынша әңгіме құрастыру, сипаттап әңгімелеу, шығармашылық сөйлеу әрекетінде. Моделдеу тәсілін қолдану барысында балалар ақпараттың графикалық әдісімен, яғни моделімен танысады. Балалармен жұмыс істеу тәжірибесі нәтижесінде, балалардың берілгекн әрекет түріне қызығушылығын арттыратын және мектеп жасына дейінгі балалардың байланысты сөйлеуін дамытатын көрнекілік модельдеу әдісінің тиімді тәсілдерін бөліп алуға мүмкіндік берді.
Шығармашылық туындыларды орынбасушы-символдар көмегімен айтып беру
Мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылық туындыларға өте сезімтал келеді, олар ауыз халық шығармашылықтарын, үлкен емес әңгімелерді, көңіл қойып тыңдап, мазмұнын айтуға тырысады.
Бірақ оларға естіген мәтіннің негізгі бөлімдерін бөліп алу, оларды өзара байланыстыру одан кейін айтып беру әлі қиын болады. Сондықтан балаларды шығармашылық туындылардың мазмұнын байланысты айтып беру үшін, біз өз жұмысымызда айтып берудің бірізділігі бар суретті-сызбанұсқалық жоспарларды қолданамыз. Таныс ертегілерді айтып беру барысының бастапқы кезеңінде балалар ертегі кейіпкерлері бар тірек суреттерін қолданады, кейін олар орынбасушы символдармен (силуэтті бейне немесе геометриялық фигуралар) алмастырылады. Орынбасушылармен ойнауды, жақсы таныс ертегілерден бастаған дұрыс, себебі таныс кейіпкерлердің тұрақты стеориптері (түлкі тоқсары, аю үлкен және қоңыр.т.б) моделге жеңіл ауыстырылады.
Мысалы: «Бауырсақ» ертегісінің айтылуы, алдымен балалар тірек суреттерінің көмегімен айтып береді. Кейін кейіпкерлерді модельдер бойынша есте сақтаймыз.
Көру жоспарының болуы балалардың айтып беруін анық, байланысты және бірізді етеді. Әр бала айтып беру үрдісіне қатысуға тырысады, егер айтпаса, мәтінен жолдарды айтып, суреттен сәйкестендіріп, сызба нұсқаны оқиды. Балалар кейіпкерлер үшін скезім білдіруді, олардың әрекеттері мен қылықтарын бағалауды үйренеді.
