Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 кл емтихан спец.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

1 Көптеген биологиялық химиялық заттар полимер болып табылады.

Крахмал мен целлюлоза көміртек полимерлердің мысалы болып табылады.

(a) (i) Крахмалдың мономері не болып табылады?

[1]

(ii) Мономерлер крахмал полимерлерін қалыптастыру барысында қандай басқа заттың молекулалары бөлінеді?

[1]

(iii) Мономерлерден крахмал мен целлюлозаны қалыптастыратын реакция түрі қалай аталады?

[1]

(iv) Крахмал мен целлюлозаның құрылымын сипаттаңыз және атқаратын қызметпен байланысын түсіндіріңіз

крахмал қор заты ретінде

Құрылымы:

түсіндірмесі:

[2]

Целлюлоза құрылымдық тірек ретінде

Құрылымы:

түсіндірмесі:

[2]

(b) (i) Липидтер, майлар және стероидтер биополимерлердің қай түріне жатады?

[1]

(ii) Қаныққан және қанықпаған май қышқылдардың арасындағы екі айырмашылықты сипаттаңыз?

[2]

(c) Ферменттер полимерлердің үшінші түріне жатады.

Фермент құрылымын сипаттаңыз.

[4]

[Барлығы: 14]

2 (A) Төменде жасушалық циклінің кезеңдері берілген.

анафаза интерфаза метафаза профаза телофаза

(i) Әр кезеңді белгілеп сызбаны толтырыңыз.

[2]

(ii) Тізімдегі сөздерді пайдаланып келесі сөйлемдерді анықтаңыз.

Хромосомалар қысқаратын және жуандайтын фаза ............................. деп аталады. [1]

Жаңа ядролық мембрана …………………..кезінде хромосомалардың әр тобының төңірегінде қалыптасады. [1]

Хромосомалар бір сызықпен жасуша ортасының бойымен ........................... кезінде тұрады. [1]

ДНҚ тізбектері .....................................кезінде екі еселенеді. [1]

(b) Митоз және мейоз – бұл жасуша бөлінуінен пайда болатын екі түрлі үдеріс.

Митоз ағзаның өсуі мен дамуы кезінде орын алатын үдеріс.

(i) Мейоз қай кезде өтеді?

[1]

(ii) Митоз бен мейоз арасындағы айырмашылықтарды көрсетіп кестені толтырыңыз.

Аналық жасушасындағы хромосомалардың саны

Еншілес жасушалардың саны

Бір еншілес жасушасындағы хромосомалардың саны

Митоз

2n

Мейоз

[3]

(iii) Жасушалардың көбісі диплоидтік деп сипатталады.

Диплоидтік дегеніміз не?

[1]

(c) Жасушаның жетілуі митоздан кейін болады.

Жасушаның жетілуі дегеніміз не?

[1]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]