- •Мазмұны
- •І. Науқасты тексеру жоспары. Науқасты жалпы сұрап және қарап тексеру.
- •Сабақтың мақсаты:
- •2. Студент тақырып бойынша не білуі керек (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •3. Науқасты тексеру жоспары:
- •3.1 Науқасты сұрап тексеру реттілігі.
- •Тақырып бойынша студент не істей білуі керек:
- •5. Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
- •Іі. Тыныс алу ағзалары ауруларына шалдыққан науқастарды тексеру әдістері
- •Сабақтың мақсаты:
- •2. Тақырып бойынша студент не білуі керек (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •3.Тақырып бойынша студент не істей білуі керек:
- •3.1.2 Арудың анамнезін жинаған кезде мынадай түпкі жағдайларды анықтау қажет:
- •3.2 . Науқасты жалпы қарап тексеру:
- •3.2.2. Жергілікті қарап тексеру:
- •4. Алынған мәліметтерді жазу. Жазу үлгісі.
- •2.5 Тыныс алу жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексерудегі студенттің іс-әрекеттері реттілігі
- •2.6 Алынған мәліметтерді жазу. Жазу үлгісі.
- •2.7 Тыныс алу жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексеру
- •2.8 Кеуде қуысын қарау
- •2.9.4 Тыныс алу жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды жалпы қарап тексерудегі студенттердің іс-әрекеттер реттілігі.
- •2.10 Тыныс алу жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарға кеуде қуысы пальпациясын жасаудағы студенттердің іс-әрекеттер реттілігі
- •2.11 Өкпе перкуссиясы Өкпенің салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы
- •2.11.1 Сабақ мақсаты:
- •2.11.2 Тақырып бойынша студент не білуі керек (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •2.11.3 Тақырып бойынша студент не істей білуі керек
- •1 Сурет – кеуде бетінде анатомиялық сызықтар
- •2.11.4 Өкпенің салыстырмалы перкуссиясын жасаудағы студенттің іс-әрекеттер реттілігі
- •2.11.5 Өкпенің топографиялық перкуссиясы
- •2.11 Өкпенің топографиялық перкуссиясын жасаудағы студенттің іс-әрекеттер реттілігі
- •2.11Алынған мәліметтерді жазу. Жазу үлгісі:
- •2.12 Өкпе аускультациясы – негізгі және қосымша тыныс шуларын анықтау
- •2.Тақырып бойынша студент не білу керек (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •3.Тақырып бойынша студент не істей білуі керек:
- •6. Аускультация әр қашанда симметриялық аймақтарға салыстырмалы түрде жасалады, яғни салыстырмалы
- •2.5 Алынған мәліметтерді жазу. Жазу үлгісі.
- •Ііі. Жүрек және қан тамырлар жүйесі ауырған науқастарды сұрап, қарап және пальпация арқылы тексеру
- •3.1 Сабақтың мақсаты.
- •3.2 Тақырып бойынша студент не білуі керек (өзіндік дайындалу сұрақтары)
- •3.3 Студент тақырып бойынша не істей білуі керек.
- •3.4 Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру
- •3.4 Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексерудегі студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •3.5.Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексеру
- •3.5.4 Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексерудегі студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •3.5.5 Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
- •3.6.1 Сабақтың мақсаты.
- •3.6.2 Студент тақырып бойынша не білуі керек (өзіндік дайындалу сұрақтары).
- •3.6.3 Тақырып бойынша студент не істей білуі керек.
- •3.6.4 Жүрек перкуссиясын анықтаудағы студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •3.6.5 Алған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
- •Сабақтың мақсаты.
- •Студент тақырып бойынша не білуі керек. (өзіндік дайындалу сұрақтары)
- •Студент тақырып бойынша не істей білуі керек
- •3.6.7 Жүрек аускультациясы жасаудағы студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •Жүрек қақпақшалар проекциясы және тыңдау нүктелері
- •3.6.8 Артериальдық пульсті тексеру. Артериальдық қан қысымын анықтау
- •3.6.9 Пульсті зерттеудегі студенттің іс-әрекетерінің реттілігі
- •3.10. Артериялық қысымды анықтаудағы студенттің іс-әрекеттер реттілігі:
- •Сурет. Пульсты екі қолда зерртеу.
- •Сурет. Аяқ ұшы үсті артериясында пульсты анықтау . Іу. Ас қорыту жүйесі ауыратын науқастарды тексеру әдістері.
- •4.1 Сабақтың мақсаты:
- •4.2.Студент тақырып бойынша не білуі керек (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •4.3 Студент тақырып бойынша не жасай білуі керек:
- •4.4 Ас қорыту жүйесі ауыратын науқастарды сұрап тексеру:
- •4.4.1 Ас қорыту жүйесі ауруларын сұрап тексерудегі студентттің іс-әрекеттер реттілігі
- •4.5 Асқазан және ішек ауруларына шалыққан науқастарды қарап тексерудегі
- •4.5.1 Жалпы қарау
- •4.5.2 Құрсақты қарау
- •4.5.3 Асқазан және ішек ауруларына шалыққан науқастарды қарап тексерудегі студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •5. Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
- •Сурет № .Құрсақ беті аймақтары.
- •Y. Бауыр және өт жолдары ауырған науқастарды сұрап, қарап тексеру. Бауыр және көкбауырдың пальпациясы мен перкуссиясы
- •5.1 Сабақтың мақсаты:
- •5.2 Студент тақырып бойынша не білуі керек (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •5.3 Студент тақырып бойынша не жасай білуі керек:
- •5.4 Бауыр және өт жолдары ауырған науқастарды сұрап тексеру:
- •5.4.1 Бауыр және өт жолдары ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру
- •5.5 Бауыр және өт жолдарын ауруларын қарап тексерудегі студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •5.6 Бауыр, өт жолдары және көкбауыр пальпациясы мен перкуссиясы
- •5.6.4 Бауыр және өт жолдары пальпациясы жасаудағы студенттің іс-әрекеттері реттілігі
- •5. Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі.
- •Уі. Бүйрек-несеп жолдары ауырған науқастарды сұрап, қарап тексеру. Бүйректің пальпациясы
- •6.1.Сабақ мақсаты:
- •6.2 Тақырып бойынша студент не білуі керек (өзіндік дайындалу сұрақтары).
- •6.3 Бүйрек және несеп бөлу жолдары ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру
- •6.3.1 Бүйрек және несеп бөлу жолдары ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексерудегі студенттің іс-әрекеттері
- •6.4 Бүйрек және несеп бөлу жолдары ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексеру.
- •6.4.1 Бүйрек және несеп бөлу жолдары ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексерудегі студенттің іс-әрекеттері
- •6.5 Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
- •7 Қан түзу жүйесі ауруларын тексеру әдістері
- •7.1 Сабақ мақсаты:
- •7.2 Студент білуге тиісті (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •7.3 Студент жасай білуге тиісті:
- •7.4 Қан түзу жүйесі ауруларын сұрап тексеру
- •7.4.4 Сұрап тексеруді жүргізудегі студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •7.5 Қан түзу жүйесі ауруларын қарап тексеру.
- •7.5.9 Қан түзу жүйесі ауруларын қарап тексерудегі студенттердің іс-әрекеттерінің реттілігі.
- •7.6 Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
- •8. Эндокринді жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды тексеру әдістері.
- •8.1 Сабақ мақсаты:
- •8.2 Студент білуге тиісті (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •8.3 Студент жасай білуге тиісті:
- •8.4 Эндокринді жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру
- •8.4.3 Өмір тарихы –негігі алынатын мәліметтер - өмірінің әр кезеңінде болған қолайсыз жайттар мен дерттері туралы мәлімет:
- •8.4.4 Эндокринді жүйесі ауруларын сұрап тексерудегі студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •8.4.5 Эндокриндік жүйіесі ауруларын қарап тексеру
- •8.5.6 Эндокриндік жүйіесі ауруларын қарап тексерудегі студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •8.5 Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
- •9. Қимыл-тірек, тері және оның қосалқыларының аурулары бар науқастарды сұрап тексеру
- •9.1 Сабақ мақсаты:
- •9.2 Студент білуге тиісті (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •9.3 Студент жасай білуге тиісті:
- •9.4 Қимыл-тірек, тері және оның қосалқыларының жүйесі ауруларын сұрап тексеру
- •9.4.3 Өмір тарихы –негігі алынатын мәліметтер - өмірінің әр кезеңінде болған қолайсыз жайттар мен дерттері туралы мәлімет:
- •9.4.4 Қимыл-тірек, тері және оның қосалқыларының аурулары бар науқастарды сұрап тексеру
- •9.5 Қимыл-тірек, бұлшықет және тері мен оның қосалқыларын қарап тексеру
- •9.5.7 Қимыл-тірек, бұлшықет және тері мен оның қосалқылары жүйесі ауруларын қарап тексеру студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •9.10 Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
- •10. Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды тексеру әдістері
- •10.1. Сабақ мақсаты:
- •10.2. Студент білуге тиісті (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •10.3. Студент жасай білуге тиісті:
- •10.4 Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру
- •10.4.4 Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексерудегі студенттің іс-әрекеттер реттілігі
- •10.5 Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексеру
- •10.5. 7 Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексерудегі студенттің іс-әрекеттер реттілігі
10.5 Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексеру
10.5.1 Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды жалпы қарағанда алынатын тәндік белгілерді- есі, сана –сезімі, сөйлеуі, дене бітімі, дененің тепе-теңдігін ұстауы, жүрісі, бет әлпетінің өзгерісі, қимыл-қозғалыстарының сақталуы – анықтау әдістері;
10.5.2 ХІІ БСМ нерв жұптарының қызметі бұзылыстарын анықтау әдістері;
10. 5.3 Беткей сезімталдықты анықтау әдістері;
10.5.4 Бұлшықет, буындық және пирамидты рефлекстерді анықтау әдістері: (екі-үшбасты бұлшықеттер; білезік, тізе, ахил рефлекстері және Бабинский, Гордон, Оппенгейм, Шеффер рефлекстері);
10.5.5 Қимыл тепе-теңдігін сақтау сынақтарын (мұрын саусақ және тізе-өкше, дисдиадокинез мен Ромберг кейпі) анықтау әдістері;
10.5.6 Менингеальдық белгілерді анықтау – мойын бұлшықетінің құрысуы, Керниг,Брудзинский, жалпы сезімталдықтың жоғарлауы.
10.5. 7 Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексерудегі студенттің іс-әрекеттер реттілігі
Кезеңдері |
Қадамдары |
Студенттің іс-әрекеттері |
Алынатын мәліметтер |
|
1.1 Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу |
1.1 Науқастың келісімі алынды |
|
|
1.2 Науқастың хәлін, анықтау;
|
1.2 Науқастың хәлін, анықтау: -халі
|
1.2 .-хәлі (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім халінде);
|
|
-есін анықтау, |
1.3 Есін анықтау - ең басты іс әрекеттері: 1- хабары бар мәліметтер туралы сұрау : 1.1 - анамнез жинауда – жады жоғалуында мәлімет алудың нақты және шынайы қоры – белсенді науқастар сәл мүкістерін жасырады, ал керісінше уайымшылдар –көбейтіп жеткізеді; 1.2 - отырған жерін, қай ай, күн, жыл –сұрақ қойю: «Қай жерде отырсыз?», «Қазір нешінші жыл?»; «Қазір қай ай?», «Айдың нешінші жұлдызы?»; 1.3 - жалпы мәлімет туралы сұрау – «Біздің елдің президенті кім?»; «Осы кезде қандай оқиға болып жатыр?»; 1.4 -сөздерді әріптеп айту - науқасқа 5 әріптен тұратын сөзді әріптеп айтуын сұрау –«кітап» -дұрыс және кері, егерде айталмаса, қысқа 4 немесе 3 әріптен тұратын сөзді ұсыну; 1.5 . - сандарды айтқызу: а) 100-ден кейінгі бағытта; б) 7- цифрлі санды қайталау; |
есі - сақталған (анық); өзгерген (сопор, кома) |
|
-төсектегі қалпын анықтау |
1.4.-төсектегі кейпіне баға беру |
– белсенді, сұлық түсіп жатыр, мәжбүрлі; |
|
1 - Дене бітімін, терісі мен оның қос алқыларын және кілегей қабаттарын қарау;
|
1.1.3 Жалпы дене бітімін, бойы; тері асты шел майының дамуын бағалау; -науқастың жағдайына байланысты- тік тұрғызып немесе отырғызып қарау; -тері асты шел майының дамуын бағалау - жауырын асты теріні бас бармақ пен сұқ саусақ арасына қысып тексеру; |
-Дене бітімі қалыпты; өзгерген – алыпты, ергежей; тері асты шел майының дамуы сақталған; төмен (жүдеу, азған,); шамадан тыс дамыған (толық); жергілікті дамыған – мықын, бел аймақтарында немесе беті мен дененің жоғарғы бөлігінде жиналған; -қалыптыда–2 см аспау. Тері түсі – сақталған; өзгерген Тері қоректену бұзылыстары - түлеген, құрғақ; қалыңдаған; қасынған іздер; Түгі, шашы – сақталған, жұқарған, сыңғыш; |
2.Бассүйек нервтер қызметін бағалау
|
2.1 Бассүйек нервтер қызметін тексеру реттілігін жүргізу, бағалау;
|
1.2.1 БСН І жұбы - иіс сезу нерві: 1 - Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу; - науқастың жағдайына байланысты отырғызып немесе жатқызып тексеру; 2-дәрігер науқастың оң жағына орналасады; 3- науқасқа көзін жұмуды және бір саусағымен мұрынның бір жартысын қысуды өтінеді; 4-ашық жартысына дәрігер хош иісті затты жақындатады; 5-иісті сезіуін сұрау және бұл қандай иіс екенін сұрау; 6-екінші бөлігіне ауыстырып қайталайды;
|
1.2.1. БСН І жұбы - иіс сезу - дерттік өзгерістер бар (аносмия, гипосмия, гиперосмия, дизосмия, иіс сезі елестушілігі); жоқ.
|
|
1.2.2 БСН ІІ жұбы ІІ жұбы –көру (оптикалық) нерві қызметін тексеріп бағалау: а - көру қабылетін тексеру;
б – көру аймағын тексеру
|
1.2.2 БСН ІІ жұбы –көру (оптикалық) нервін тексеру: 1 - Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу әрі қарай: а) көру қабылетін тексеруді жүргізу; -көру қабылеті арнайы кесте арқылы –Сивцев кестесі; бөлме жарық; 2- науқас кестеден 5 м қашықтықта отырады; 3- науқас бір көзін жапқыш жабады; 4- дәрігер әр қатарды көрсетіп науқасқа әріптерді атауды сұрайды; 5- осы әдіспен екінші көзін тексереді; 6-қорытындыны бағалау; б) көру аймағын тексеру – болжама тексеріс (әсіресе жатып қалған науқастарға жасалады): 1 - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу: 2 - дәрігер науқасқа қарсы отырады; 3 - науқас бір көзін жапқышпен жабады; 4 - дәрігер науқасқа өзінің (дәрігердің) мұрын қырына қарауды сұрайды; 5 - дәрігер саусағын шетінен ортасына қарай (жанынан, жоғарыдан, төменнен, іштен) науқас саусақты көргенге дейін жәй қозғап алып келеді; 6 – дәрігер науқас саусақты көрген деңгейі мен өзінің деңгейін салыстырып белгілейді; 7 - осы әдіспен екінші көзін тексереді; 8 - қорытындыны бағалау– егерде дәрігер саусақты науқастан бұрын көрсе – бұл науқастың көру аймағының шектелгенін сипаттайды;
|
1.2.2.БСН ІІ жұбы –көру (оптикалық) нерві – көру қабылеті – сақталған, төмендеген;
б) көру аймағын тексеру – сақталған, шектелген.
|
|
1.2.3 БСН ІІІ, ІУ, УІ жұптары – көз қимылдатушы, тежеуші және әкетуші нервтері қызметін тексеріп бағалау:
|
1.2.3 БСН ІІІ, ІУ, УІ жұптары –көз қимылдатушы, тежеуші және әкетуші нервтерін тексеру: 1 - дәрігер науқасқа қарсы отырады; 2-науқастың бет-әлпетін жайбарақат отырғанда тексеру: а – көз саңылауын бірдейлігі мен ені – птоз-қабақтың түсіп тұруы; б - көзалмасының орналасуын экзофтальм -бадыраң көз- шарасының шығып тұруы; энофтальм – шүңірек көз –шарасының кіріңкі болуы; в - көз қарашығының пішіні (дұрыс – дөңгелек, дұрыс емес); көлемі (үлкейген, кішірейген, екі жақата бірдей, бірдей емес) қарау - ; 3 - Көз алмасы қимылының көлемін тексеру: а - дәрігер науқасқа қарсы отырып, оның иегін саусақтарымен ұстайды; б - дәрігер балғашаны 20см қашықтықта ұстап, оны оңға,солға, жоғары, төмен және науқастың мұрын ұшына қозғап алып келеді; 4 – көз қарашығының жарыққа тітіркенуін тексеру: 4.1. көз қарашығының жарыққа тікелей тітіркенуін тексеру а –науқас жарыққа қарсы отырады; б- науқастың екі көзін дәрігер алақанмен жабады; в- кезек-кезек көздерін ашып қарашықтың тітіркенуін бағалайды; г – жарықта қалыптыда қарашық кішірееді - қарашықтың жарыққа тікелей тітіркенуі сақталған; 4.2. көз қарашығының жарыққа бірдей тітіркенуін тексеру: а –науқас отырады немесе жатады; б- дәрігер науқастың бір көзін алақанмен жабады; в- екінші көздің қарашығына қарайды - ол сәл кеңееді; ал алақанды алғанда ол кішірееді; г- жарыққа қарашықтардың бірдей тітіркенуін бағалау |
-БСН ІІІ, ІУ, УІ жұптары –көз қимылдатушы, тежеуші және әкетуші нервтерін тексеру –қызметі сақталған, төмендеген
|
|
1.2.4 БСН У жұбы - үшкүл нерв - қызметін тексеру: |
1.2.4 БСН У жұбы - үшкіл нерв талшықтарының бет аймағындағы орындарын сипап тексеру: 1- ауру сезімін анықтау науқас - отырады немесе жатады: а- дәрігер науқастың оң жағына орналасады – сипап тексеру екі саусақпен (2,3) симметриялық екі нүктені басып жасалады; б- үшкіл нервтің 1 талшығының орнын сипау – екі жақта бірдей - қас доғасының үсті (қастан жоғары); в- үшкіл нервтің 2 талшығының орнын сипау – мұрынның екі жағында –көз аймағынан төмен, бет сүйегінің үсті (бет ұштарында); г- үшкіл нервтің 3 талшығының орнын сипау – иекте - ауыз бұрыштарынан ортасында; д – бағалау - сипап тексеруді әр деңгейді білінетін ауру сезімі анықталады; 2- бет аймағындағы сезіну қабылетін (сезімталдығын) тексеру: 2.1.– аурусыңғыштығы (қадамдары): а-Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу; - науқастың жағдайына байланысты отырғызып немесе жатқызып тексеру; б-дәрігер науқастың оң жағына орналасады; в- науқасқа көзін жұмуды өтіну; г – симметриялық түрде бет аймағының (маңдай, бет, жақ сүйектерінің бойымен; мұрынның екі бөлігі аймағын инемен шаншып тексеру; д-тексеріп отырып сұрау – сеземе жоқ па?, қалай сезеді –айқын шаншуды немесе жәй тұйық жанасуды?; е - алған мәліметті бағалау – сезбейтін аймақтар; айқын сезіну, жәй сезіну. 2.2. - ыстықты, салқынды сезіну (қадамдары): а -науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу; - науқастың жағдайына байланысты отырғызып немесе жатқызып тексеру; б-дәрігер науқастың оң жағына орналасады; в- науқасқа көзін жұмуды өтіну; г – симметриялық түрде бет аймағының (маңдай,бет, жақ сүйектерінің бойымен; мұрынның екі бөлігі аймағына кезектеп ыстық су құйылған және сұйық су құйылған пробирканы жанастырып тексеру; д-тексеріп отырып сұрау – сеземе жоқ па?; е - алған мәліметті бағалау - сезбейтін аймақтар; айқын сезіну, жәй сезіну. |
БСН У жұбы - қызметі сақталған, өзгерген.
|
|
1.2.5 БСН - YІІ жұбы -бет нерві қызметін 1. науқасты бет әлпетін жайбарақат жағдайда қарап тексеру; 2. ым (мимикалық) бұлшықет қызметін тексеру
|
1.2.5 БСН -YІІ жұбы-бет нерві 1 -Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу; - науқастың жағдайына байланысты отырғызып немесе жатқызып тексеру; 2-дәрігер науқастың оң жағына орналасады; 3- науқастың бет әлпетін қарау-тиыштықта бет бұлшықетінің ассиметриясы: көз саңлауының бірдей еместігі; маңдай және мұрын –ерін қатпарларының әртүрлі жиналуын; ауыз бұрышының бір жағына қисаюы; 1.1 - жарақат бөлігінде өзгерістер: а-табиғи қатпарларының (маңдайда, мұрын-ерін) тегістелуі; б- көз саңлауы кеңейген; в-ауыз бұрышы төмен түскен; 2. ым (мимикалық) бұлшықет қызметін тексеру - науқасқа келесі нұсқауларды орындауды өтіну: а –«қастарын жоғары көтеру» – қатпар жиналмайды -маңдай бұлшықеті; б- «қасты түнеру» (ашулану кейпі) – қатпар жиналмайды - тәкәппарлық бұлшықеті; в - «көзін жұму» -көздің дөңгелек бұлшықеті - көзі жабылмайды; г-« аузын бұлтиту» - жарақат жағы айқын бұлтияды – бет ұшы бұлшықеті-ауаны шығара алмайды- ауыз бұрышы қозғалмайды; д – «тісін көрсету –аузын ақситу» -жарақат жағында ауыз бұрышы қимылдамайды –күлкі бұлшықеті; е - еріндерін алға қарай түтік тәріздес жинау- жиналмайды - ауыздың дөңгелек бұлшықеті |
-БСН -YІІ жұбы-бет нерві - қызметі сақталған, өзгерген |
|
1.2.6 БСН YІІІ жұбы-есіту нерві
|
1.2.6 БСН YІІІ жұбы-есіту нерві – есіту қабылетін тексеру қадамдары: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу; б - әр құлақтың есіту қабылеті бөлек тексеріледі; в - науқас дәрігерге жанымен тұруы қажет (науқас сөйлеп тұрған кісінің бетін көрмеу қажет) әр түрлі қашықтықта тұрып дәрігер сыбырлап немесе дауыстап сөйлейді - қай қашықтықта науқас әңгімені немесе сыбырлауды еститінін бағалайды; |
-БСН YІІІ жұбы-есіту нерві –қызметі сақталған, бұзылған Қалыптыда – әңгіме 15-20м, ал сыбырлау - 6м қашықтықта естіледі |
|
1.2.7 БСН ІХ–Х жұбы -тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтері
|
1.2.7 БСН ІХ –Х жұбы-тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтері –дәм сезу қабылетін, дауысының өзгерісін тексеру. 1 -дәм сезу қабылетін тексеру: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу; б – әр түрлі ерітінділерді –тәтті, қышқыл, ашшы; тұзды; в – науқасқа тілін шығаруды сұрау; г - ерітінділерді тілдің симметриялық аймақтарына (артқы 3/1 және алдыңғы 3/2 бөліктері) тамшылау; д – сезіну деңгейін науқас жазба түрде көрсетеді немесе дайындалған трафареттерді белгілейді (дәмнің түрі мен кұштілігі). 2 - дауысының өзгерісін тексеру – әңгімелесу кезінде дауыстың үнділігі (қарлығу, дауыстың шықпауы – сыбырлап сөйлеу – дауыс байламдары қызметінің бұзылысы) мен ашықтығын бағалау (маңқа дауыс тембрі – жұмсақ тіл мұрын-жұтқыншақты толық жаппайды) |
1.2.7 - БСН ІХ –Х жұбы-тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтері – қызметі сақталған, жоғалған; Қалыптыда – тілдің әр аймағы әр түрлі дәмді бөлек сезеді: тәтті – тіл ұшы; қышқыл – тіл бүйірі; ашшы - артқы 3/1; тұзды - алдыңғы 3/2 бөліктері. Дәмді сезбеу – агевзия; төмендеуі – гипогевзия.
|
|
1.2.8 БСН ХІ жұбы – қосымша нерв |
1.2.8 БСН ХІ жұбы – қосымша нерв - қимылдатушы нерв - төс–бұғана-емізіктік және трапеция тәрізді бұлшықеттер қимылын реттейді. Бұл бұлшықеттер күшейтілген тынысқа қатысады. Осы бұлшықеттер қимылын тексеру реттілігі. 1 - төс – бұғана-емізіктік бұлшықет қимылын және күшін тексеру – қадамдары: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіру - бұлшықет қимылын - науқас басын оңға және жоғары бұрып, осы кейпінде ұстайды; кейіннен осы қимылды сол жағында қайталайды; б – қимыл деңгейі толықтығын және ұстап тұруын бағалау – толық және ұстап тұрады в – күшін тексеру – дәрігер қолымен осы қимылдарға қарсылық көрсетеді; г – бұлшықет қарсылық деңгейі оның күш деңгейі – жоғары, әлсіз; 2 - төс – трапеция тәрізді бұлшықет қимылын және күшін тексеру – қадамдары: а –науқасқа тексеру мағынасын түсіндіру - бұлшықет қимылын - науқас екі иығын көтереді және осы кейпінде ұстайды; б – қимыл деңгейі толықтығын және ұстап тұруын бағалау – толық және ұстап тұрады; в – күшін тексеру –дәрігер қолымен осы қимылдарға қарсылық көрсетеді; г – бұлшықет қарсылық деңгейі оның күш деңгейі – жоғары, әлсіз; |
1.2.8 БСН ХІ жұбы – қосымша нерв - қызметі сақталған, өзгерген |
|
1.2.9 БСН ХІІ жұбы - тіл асты нерві – қызметін тексеру |
1.2.9 БСН ХІІ жұбы - тіл асты нерві –қызметін тексеру - қадамдары: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу; б–тілді ауыз қуысы ішінде қарау; в – науқасқа тілін шығаруды сұрау - тіл кілегей қабатының өзгерісі – жұқаруы мен қатпарлануы және тілдің бір жағына қисаюы- зақым нервтің бір жартысында; г – тіл қимылсыз (глоссоплегия) - нервтің толық зақымы - сөйлеу мен тағамды итеру қабылеті қоса бұзылады;
|
1.2.9 БСН ХІІ жұбы - тіл асты нерві – қызметі сақталған, өзгерген. |
3. Қимыл-қозғалыс үйлесімі мен кеңістіктегі дене тепе-теңдігі тұрақтылығын зерттеу:
|
3. Қимыл-қозғалыс үйлесімі мен кеңістіктегі дене тепе-теңдігі тұрақтылығын зерттеу: 3.1 Мұрын – саусақ сынағы- қимыл –қозғалыс үйлесімі
3.2 Өкше-тізе сынағы
3.3 Ромберг кейпі сынағы:
|
3. Қимыл-қозғалыс үйлесімі мен кеңістіктегі дене тепе-теңдігі тұрақтылығын зерттеу. 3.1 Мұрын – саусақ сынағы – науқастың көзі ашық және жұмып тұрған жағдайда тексереді. Қадамдары: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу; б - аяқ ұштарын бір-біріне қосып тік тұруын сұрау; в - қашықтықтан алып келген созылған оң қолының сұқ саусағымен мұрнының ұшына тигізу; г - осы реттілікте сол қолымен қайталау. 3.2 Өкше-тізе сынағын жүргізу қадамдары: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат; б - науқас шалқасынан жатады; в - бір аяғының өкшесін екінші аяғының тізесіне қойып тілерсек үстімен төмен қарай жүргізу, сосын қері тізеге дейін қайту; г - осы реттілікте екінші жағынанда тексеру. 3.3 - Ромберг кейпі сынағы- көзі ашық және жұмып тұрған жағдайда тексеріледі. Қадамдары: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу; б - науқас аяқ ұштарын бір-біріне қосып, басын сәл көтеріп, қолдарын жанына алып сәл уақыт тік тұрады (кейбір жағдайда жүктемелеу үшін қолын алға созып тұрады); в - осы реттілікте көзін жұмдырып қайталау.
|
3. Қимыл-қозғалыс үйлесімі мен кеңістіктегі дене тепе-теңдігі 3.1 Мұрын – саусақ сынағы – дерттік жағында: а - саусақ ұшымен мұрын ұшына тік түсе алмайды; б - қол ұшы мұрынға жақындаған сайын дірілдейді. 3.2 Өкше-тізе сынағы –өкшесі тілерсектің екі жағына түсіп кете береді. 3.3 Ромберг кейпі сынағы – бұл кейпінде тұра алмайды- дерттік жағына шайқалады немесе аяғын қосып мүлдем тұра алмайды;
|
|
4. Терең (сіңір) рефлекстерді тексеру- екі-үшбасты бұлшықеттер; білезік, тізе, ахил рефлекстері және Бабинский, Гордон, Оппенгейм, Шеффер рефлекстері) |
4.1 – иық рефлексі – бицепс бұлшықет рефлексін тексеру. Науқас жатқан немесе отырған кейпінде жасалады. Қадамдары: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу; б – дәрігер науқастың қолың сәл шынтағында бүгіп өзінің сол білегінің алдыңғы аймағына орналастырады; в - осы жағдайда дәрігер сол қолының ұлкен саусағы ұшымен бицепстің сіңірін басып ұстайды; г – дәріген балғашамен ұлкен саусақ ұшына ұрып тексереді; д – науқастың қолы шынтақ буынында сәл бүг іледі.
|
4.1 Терең (сіңір) рефлекстерді –– иық рефлексі - сақталған, төмендеген, жоғарылыған |
|
|
4.2 – шынтақ рефлексі – трицепс бұлшықет рефлексін науқас отырған кейпінде жасалады. Тексеру қадамдары: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу; б – дәрігер науқастың қолың сәл сыртқа, артқа және жоғары әкетіп шынтақ буынында бүгеді; в – науқастың білегі тік төмен салбырап тұрады; г- балғаша соққысын дәрігер шынтақ өсіндісінің үстіне түсіреді; д – науқастың қолы шынтақ буынында сәл жазылады. |
4.2 Шынтақ рефлексі - сақталған, төмендеген, жоғарылыған |
|
|
4.3 – білезік рефлексі – трицепс бұлшықет рефлексін тексеру науқас шалқасынан жатқанда жасалады. Қадамдары: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу; б –дәрігер науқастың қолдарын шынтақ буынында сәл бүгіп қүрсақ үстіне орналастырады; в– балғаша соққысын дәрігер кәрі жілік өсіндісінің үстіне түсіреді; г– науқастың қолы шынтақ буынында сәл бүгіледі; сонымен қатар кейбір жағдайда саусақтары бірге бүгіледі және білектің ішке қарай аударылуы (пронация) болады. |
4.3 Білезік рефлексі - сақталған, төмендеген, жоғарылыған |
|
4.4 Тізе рефлексін тексеру |
4.4 Тізе рефлексі – квадрицепс бұлшықет рефлексін (сан бұлшықет) тексеру науқастың шалқасынан жатқандағы және отырғандағы қалпында тексеріледі.Қадамдары: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу; б - науқас шалқасынан жатқызу – аяқтары ұршық және тізе буындарында сәл бүгілген; в – дәрігердің сол қолы науқас тізесінің астында (дәрігер аяқ салмағын сезіну керек); г – балғаша соққысын дәрігер тізеден төмен бұлшықет сіңіріне түсіреді; д – тізе буыны сәл жазылады; |
4.4 Тізе рефлексі - сақталған, төмендеген, жоғарылыған |
|
4.5 Ахил рефлексін тексеру |
4.5 Ахил рефлексі – квадрицепс бұлшықет рефлексін (сан бұлшықет) тексеру науқастың шалқасынан жатқандағы және отырғандағы қалпында тексеріледі. Қадамдары: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу; б - науқасты шалқасынан жатқызу – аяқтары ұршық және тізе буындарында сәл бүгілген; в - дәрігердің сол қолы науқас тізесінің астында (дәрігер аяқ салмағын сезіну керек); г – балғаша соққысын дәрігер тізеден төмен бұлшықет сіңіріне түсіреді; 4 – тізе буыны сәл жазылады; |
4.5. Ахил рефлексі - сақталған, төмендеген, жоғарылыған |
5. Менингиальдық белгілерді анықтау
|
5. Менингиальдық белгілерді анықтау: 5.1 Мойын бұлшықеті сіресуін тексеру |
5.1 Мойын бұлшықеті сіресуін тексеру реттілігі: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу; б- науқасты шалқасынан жатқызу ; г–дәрігердің алақанын науқастың шүйдесіне қояды; д – дәрігер науқастың басын еңкейтеді; е – екінші қолының саусақтарымен иекпен төс арасындағы алшақтықты өлшейді; ж - алған мәліметіне қорытынды береді.
|
-мойын бұлшықетінің сіресуі – 2-3 саусақ алшақтығы |
|
5.2 Керниг белгісін анықтау |
5.2 Керниг белгісін анықтау реттілігі. Қадамдары: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу; б-науқасты шалқасынан жатқызу; в–дәрігердің науқастың аяғын ұршық пен тізе буындарында 90˚бүгеді; г – дәрігер науқастың бүгілген тізе буынын жазуға әрекет жасайды; д – алған мәліметіне қорытынды береді. |
5.2 Керниг белгісі - оң, теріс |
|
5.3 Брудзинский белгісін анықтау реттілігі: - жоғарғы -ортаңғы, -төменгі |
5.3 Брудзинский белгісін анықтау реттілігі. Қадамдары: 5.3.1 Брудзинский жоғарғы белгісін анықтау реттілігі: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу; б - науқасты шалқасынан жатқызу; в - дәрігердің алақанын науқастың шүйдесіне қояды; г -дәрігер науқастың басын еңкейтеді; д – алған мәліметіне қорытынды береді – науқастың аяқтары тізе мен ұршық буынында бүгіледі. 5.3.2. Брудзинский ортаңғы белгісін анықтау реттілігі. Қадамдары: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу; б - науқасты шалқасынан жатқызу; в - дәрігердің қолымен науқастың қасаға сүйегінің үстінен басады; г – алған мәліметіне қорытынды береді – науқастың аяқтары тізе мен ұршық буынында бүгіледі.
5.3.2 Брудзинский төменгі белгісін анықтау реттілігі. Қадамдары: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу; б - науқасты шалқасынан жатқызу; в - дәрігердің науқастың аяғын ұршық пен тізе буындарында 90˚бүгеді; г – алған мәліметіне қорытынды береді – екінші аяғының осы буындары бүгіледі.
|
5.3 -Брудзинский белгілері - оң, теріс |
|
6. Дерттік (пирамидтық) рефлекстерді анықтау: 6.1 Бабинский рефлексін тексеру:
6.2 Гордон рефлексін тексеру:
6.3 Оппенгейм рефлексін тексеру:
6.4 Шеффера рефлексін тексеру:
|
6.1 Бабинский рефлексін тексеру реттілігі: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу; б - науқасты шалқасынан жатқызу; в - дәрігер науқастың аяғын сирақ-асық буынында ұстап сәл көтереді; г - табанның шеткі қырының бойын (өкшесінен бастап жоғары) балғашаның тұтқасы ұшымен сызып тітіркендіреді; д - алған мәліметіне қорытынды береді – үлкен бақай керіліп жазылады, жиі жағдайда осымен бірге қалған башпайлар бірінен –бірі ажырап жазылады. 6.2 Гордон рефлексін тексеру реттілігі: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу; б - науқасты шалқасынан жатқызу; в –дәрігер науқастың балтырын қолымен қысады; г – алған мәліметіне қорытынды береді – үлкен бақай немесе барлық башпайлар керіліп жазылады ; 6.3 Оппенгейм рефлексін тексеру реттілігі: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу; б - науқасты шалқасынан жатқызу; в–дәрігер науқастың қолының ұлкен саусағымен үлкен жіліншігінің қыры бойын жоғарыдан төмен қарай тобыққа дейін сызып өтеді; г – алған мәліметіне қорытынды береді – үлкен бақай керіліп жазылады; 6.4 Шеффера рефлексін тексеру реттілігі: а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу; б - науқасты шалқасынан жатқызу; в - дәрігер науқастың Ахилл сіңірін қолымен қысады; г – алған мәліметіне қорытынды береді – үлкен бақай немесе барлық башпайлар керіліп жазылады ; |
-Дерттік (пирамидтық) рефлекстер – бар, жоқ |
Алынған мәліметтерді жазу үлгісі:
-Науқас бас ауруына, бас айналуына, көзінің көруінің нашарлануы, аяқ-қолдарының әлсіздігіне шағымданады.
Анамнезі: өзін аурумын деп 2-3 айдан бері сезінеді. Жағдайының нашарлау себебін айта алмайды.
Қарап тексеру: жағдайы орташа ауырлықта, есі сақталған, төсектегі кейпі мәжбүрлі - әлсіздігіне байланысты жатқанды қалайды. Дене бітімі қалыпты, жүдеген, бет әлпетінде шарашағандықтың белгісі. Терісі боз, сәл құрғақ. Бет аймағында – сезімталдығы сақталған. Буындар қозғалысы сақталған, бұлшықет кұштері төмендеген. Беткей рефлекстері - теріден сақталған. Терең рефлекстері - иық пен білезік және тізе аймақтарында төмендеген.
- Науқас бас ауруына, айналуына, құсуға, жүрек айнуына шағымданады. Анамнезі: осыдан бір жеті бұрын қатты тоңып салқынданған, бірақ мән бермеген, емделмеген.
- Қарауда – терісі боз, тершең, ыстық. Беті-үшкірленген. Төсектегі қалпы- мәжбүрлі - бір жанында жатыр, көзі жұмулы, басы шалқайған.
- Менингиалдық белгілер – мойын бұлшықетеіні сіресуі – 3-4 саусақ ені; Керниг, Брудзинский белгілері оң.
Тест сұрақтары
1.Anamnesis morbi – бұл
үй-тұрмыстық жағдайы
мекен-жайы
қазіргі ауруының даму тарихы
зиянды әдеттерінің болуы немесе болмауы
жалпы биографиялық мәліметтері
2.Anamnesis vitae - бұл:
қазіргі ауруы басталу ұзақтығы
ауруының басталу түрі
жүргізілген зерттеулер
жасалған ем түрлері
науқас өмірінің әртүрлі кезеңдеріндегі қауып-қатерлі жайттар
3.Инспираторлық ентігу-бұл :
тыныс кірудің қиындауы
тыныс шығарудың қиындауы
тыныс алудың және шығарудың қиындауы
тыныстың сиреуі
тыныстың жиіленуі
4.Экспираторлық ентігу сипатталады:
тыныс алудың қиындауы
тыныс шығарудың қиындауы
тынысты алудың және шығарудың қиындауы
тыныстың сиреуі
тыныс ырғақтығының бұзылысы
5. Өкпенің төменгі шекараларының төмен ығысу себептері:
обтурациялық ателектаз
өкпе эмфиземасында
плевра қуысына ауа жиналғанда
өкпенің қабыну инфильтрациясында
бронхтардың кеңеюінде
6. Жауырын аралық аймағының перкуссиясында плессиметр - саусақ орналастырылады:
тік
көлденең
қиғаш
қабырға аралықтар аймағына
омыртқа жотасына көлденең
7. Жүрек ұшында II тоннан кейін диастолалық шуыл естіледі. Ол баяу
басталып диастоланың соңында күшейеді, таралмайды. Бұл қандай синдромға тән?
Митральді стенозға
Митральді қақпақшаның жетіспеушілігіне
Қолқа стенозына
Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігіне
Үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігіне
8. Оң веналық пульс айқындалады:
Митральді қақпақшаның жетіспеушілігінде
Өкпе гипертензиясында
Үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінде
Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігінде
Қолқа стенозында
9. Қолқа стенозында естілетін систоликалық шуылдың сипаттамасы:
Сол жақ қолтық астына тарайды
Ұйқы артерияларына тарайды
Еш қайда тарамайды
Тыныс алғанда ұлғайяды
Сол жақ қырымен жатқанда ұлғайяды
10. Қолқада II тон күшейеді:
Артериалды гипертензияда
Митральді ақауларда
Аорта ақауында
Артериалды қысым төмендегенде
Д) Кіші қан айналым шеңберінде қысым жоғарлағанда
11. Артериальдық гипертензия синдромындаңы пульс сипаты:
filiformis
mollis
durus
irregularis
deficiens
12. Пульс тапшылығы деген:
бір қолда пульстың әлсіреуі
бір қолда пульстың болмауы
пульстың екі қолда бірте-бірте саябырлап толуы
пульстың бір қолда бірте-бірте саябырлап толуы
пульс жиілігі мен жүрек соғу жиілігінің арасындағы айырмашылық
13. Терең пальпацияны жасалады:
2 кезеңде
3 кезеңде
4 кезеңде
1кезеңде
5 кезеңде
14. Асқазан ауруындағы ауыру сезімінің даму жолы:
тағам қабылдау тәртібінің бұзылуы
тағаммен рецепторлардың тітіркенуі
бұзылған тағамдармен улануы
тегіс бұлшық еттердің жиырылуы
қара күш жүктемесі
15. Функциональдық дисфагияның себебі:
өңеш ісігі
өңештің жиырылуы
өңеш ойық жарасы
артқы кеудеаралығының ісігі
өңештің тегіс бұлшық етінің жиырылуы
16. Органикалық дисфагияның белгілері:
кенеттен эмоциональдық тежелуден кейін пайда болады
операция қажет емес
құрғақ тағам нашар өтеді
сұйық тағам нашар өтеді
дәрі қолданғанда жеңілденеді
17. Бауырдың жоғарғы шекарасының жоғары ығысу себебі:
бауыр рагі
Бауыр абынуы
Көкеттің төмен орналасуы
Бауырдағы іркіліс
Өкпе эмфиземасы
18.Сарғаю басталады:
көздің ағынан, жұмсақ таңдайдан
алақаннан
тіл үзеңгісінен
кеуденің алдыңғы бетінің терісінен
құрсақ терісінен
19. Қарап тексергенде бүйрек ауруына тән белгілер:
беттің домбығуы
терінің қызаруы
цианоз
ацетон иісі
аяқтың ісігі
20. Бүйректік ісікке тән:
кешке қарай бетте көбейеді
бастапқыда бетте, қабақта,таң ертесінде пайда болады
саусақпен басқанда із қалмайды
ісік үсті терісі сарғыш реңді
таңертең аяқта басталады
21. Қан аурулары кезіндегі лимфа түйіндері қандай болады?
Жұмсақ, ауырады, терісі ыстық, гиперемияланған
Тығыз, ауырады, дорбалар түзеді, іріңдейді
Ауру сезімсіз, тығыз, шығыңқы, қозғалмайды
Ауру сезімсіз, бір-бірімен жанаспаған, қозғалмалы
жұмсақ, ауырсыңғыштықты, ойық жараланған
22. Курлов бойынша көк бауыр ұзындығының перкуторлық өлшемі:
6-8 см
4-6 см
5-7 см
3-5 см
7-9 см
23. Гиперкортицизм синдромын дәлелдеу үшін несепте анықталады:
А) зәр қышқылы
Б) уробилин
В) альдостерон
Г) кето- и оксикеостероидтер
Д) ацетон
24. Гипергликемиялық команың белгілері:
терінің жэне кілегей қабықтардың көгеруі
полиурия
терінің кұргауы, бұлшықет гипотониясы
бұлшықет гипертонусы
қөз алмасы тонусының артуы
25. Рефлекстер болады:
терең, ішкі
беткей,сырттық
ішкілік,сінірлік
сырттық
сіңірлік,беткей
26. Парез деген бұл:
бұлшыкет күшінің жоғарлауы
беткей рефлекстердің күшеюі
бұлшыкет күшінің жойылуы
бұлшыкет күшінің төмендеуі, босаңсуы
терең рефлекстердің күшеюі
27. Қандай қарап тексеру мәліметтері омыртқа зақымдануын сипаттайды?
омыртқаның бел бөлігінің лордозы
омыртқаның кеуде бөлігінің кифозы
бел лордозының тегістелуіі
Томмайер симптомы = 0 см
омыртқаның мойын бөлігінің лордозы
28. Буынды қарап тексерудегі қандай мәліметтер оның дерттігін дәлелдейді?
буын үстіндегі температура қалыпты
буын пішіні қалыпты
буын үйлесімінің бұзылысы
буында ротациялық қозғалыстар бар
буында қозғалыс сақталған
29. Қалқанша безі қызметі жоғарлауына тән негізгі клиникалық белгілер:
брадикардия
бет-әлпетінің ісіну
тахикардия
ай тәріздес беті
ұйқышылдық
30. Қалқанша безі қызметі төмендеуіне тән негізгі клиникалық белгілер:
ашуланшақтық
дененің дірілі
тахикардия
брадикардия
экзофтальм
Дұрыс жауаптар тізімі:
1.В 16.В
2.Д 17.А
3.А 18.В
4.Б 19.А
5.А 20.Б
6.А 21.Г
7.А 22.А
8.В 23.Г
9.Б 24.Г
10.А 25.Д
11.В 26.Г
12.Д 27.В
13.В 28.В
14.Г 29.В
15.Д 30.Г
Әдебиеттері:
1. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар диагностикасы, 1992.
2. Айтбембет Б.Н. Ішкі ағзалар ауруларының пропедевтикасы, 2003 ж.
3. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар диагностикасы, Алматы, 1997.
4. Василенко В.К., Гребенев О.Л., «Пропедевтика внутренних болезней», М., 1989, 1997 г.
5. Гребенев О.Л., «Пропедевтика внутренних болезней», М.2009
6. Шелагуров А.А. «Пропедевтика внутренних болезней», М., 1975 г.
10. «Клинические задачи по пропедевтике внутренних болезней», раздел 4, задачи 1-20, раздел 5, задачи 1-20, раздел 6, задачи 1-16.
11. Основы семиотики заболеваний внутренних органов. Атлас. Струтынский А.В. и др. Москва., РГМУ., 2003г.
12. Непосредственное исследование больного. Учебное пособие для студентов мед. вузов. Гребенев А.Л., Шетулин А.А. Мед.Пресс., 1999 г.
13. «Пропедевтика внутренних болезней», Жмуров В.А., Мамешевский М.В. Москва., Мед. книга, изд.ГМА-2001 г.
137 беттің
