- •Мазмұны
- •І. Науқасты тексеру жоспары. Науқасты жалпы сұрап және қарап тексеру.
- •Сабақтың мақсаты:
- •2. Студент тақырып бойынша не білуі керек (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •3. Науқасты тексеру жоспары:
- •3.1 Науқасты сұрап тексеру реттілігі.
- •Тақырып бойынша студент не істей білуі керек:
- •5. Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
- •Іі. Тыныс алу ағзалары ауруларына шалдыққан науқастарды тексеру әдістері
- •Сабақтың мақсаты:
- •2. Тақырып бойынша студент не білуі керек (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •3.Тақырып бойынша студент не істей білуі керек:
- •3.1.2 Арудың анамнезін жинаған кезде мынадай түпкі жағдайларды анықтау қажет:
- •3.2 . Науқасты жалпы қарап тексеру:
- •3.2.2. Жергілікті қарап тексеру:
- •4. Алынған мәліметтерді жазу. Жазу үлгісі.
- •2.5 Тыныс алу жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексерудегі студенттің іс-әрекеттері реттілігі
- •2.6 Алынған мәліметтерді жазу. Жазу үлгісі.
- •2.7 Тыныс алу жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексеру
- •2.8 Кеуде қуысын қарау
- •2.9.4 Тыныс алу жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды жалпы қарап тексерудегі студенттердің іс-әрекеттер реттілігі.
- •2.10 Тыныс алу жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарға кеуде қуысы пальпациясын жасаудағы студенттердің іс-әрекеттер реттілігі
- •2.11 Өкпе перкуссиясы Өкпенің салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы
- •2.11.1 Сабақ мақсаты:
- •2.11.2 Тақырып бойынша студент не білуі керек (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •2.11.3 Тақырып бойынша студент не істей білуі керек
- •1 Сурет – кеуде бетінде анатомиялық сызықтар
- •2.11.4 Өкпенің салыстырмалы перкуссиясын жасаудағы студенттің іс-әрекеттер реттілігі
- •2.11.5 Өкпенің топографиялық перкуссиясы
- •2.11 Өкпенің топографиялық перкуссиясын жасаудағы студенттің іс-әрекеттер реттілігі
- •2.11Алынған мәліметтерді жазу. Жазу үлгісі:
- •2.12 Өкпе аускультациясы – негізгі және қосымша тыныс шуларын анықтау
- •2.Тақырып бойынша студент не білу керек (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •3.Тақырып бойынша студент не істей білуі керек:
- •6. Аускультация әр қашанда симметриялық аймақтарға салыстырмалы түрде жасалады, яғни салыстырмалы
- •2.5 Алынған мәліметтерді жазу. Жазу үлгісі.
- •Ііі. Жүрек және қан тамырлар жүйесі ауырған науқастарды сұрап, қарап және пальпация арқылы тексеру
- •3.1 Сабақтың мақсаты.
- •3.2 Тақырып бойынша студент не білуі керек (өзіндік дайындалу сұрақтары)
- •3.3 Студент тақырып бойынша не істей білуі керек.
- •3.4 Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру
- •3.4 Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексерудегі студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •3.5.Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексеру
- •3.5.4 Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексерудегі студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •3.5.5 Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
- •3.6.1 Сабақтың мақсаты.
- •3.6.2 Студент тақырып бойынша не білуі керек (өзіндік дайындалу сұрақтары).
- •3.6.3 Тақырып бойынша студент не істей білуі керек.
- •3.6.4 Жүрек перкуссиясын анықтаудағы студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •3.6.5 Алған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
- •Сабақтың мақсаты.
- •Студент тақырып бойынша не білуі керек. (өзіндік дайындалу сұрақтары)
- •Студент тақырып бойынша не істей білуі керек
- •3.6.7 Жүрек аускультациясы жасаудағы студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •Жүрек қақпақшалар проекциясы және тыңдау нүктелері
- •3.6.8 Артериальдық пульсті тексеру. Артериальдық қан қысымын анықтау
- •3.6.9 Пульсті зерттеудегі студенттің іс-әрекетерінің реттілігі
- •3.10. Артериялық қысымды анықтаудағы студенттің іс-әрекеттер реттілігі:
- •Сурет. Пульсты екі қолда зерртеу.
- •Сурет. Аяқ ұшы үсті артериясында пульсты анықтау . Іу. Ас қорыту жүйесі ауыратын науқастарды тексеру әдістері.
- •4.1 Сабақтың мақсаты:
- •4.2.Студент тақырып бойынша не білуі керек (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •4.3 Студент тақырып бойынша не жасай білуі керек:
- •4.4 Ас қорыту жүйесі ауыратын науқастарды сұрап тексеру:
- •4.4.1 Ас қорыту жүйесі ауруларын сұрап тексерудегі студентттің іс-әрекеттер реттілігі
- •4.5 Асқазан және ішек ауруларына шалыққан науқастарды қарап тексерудегі
- •4.5.1 Жалпы қарау
- •4.5.2 Құрсақты қарау
- •4.5.3 Асқазан және ішек ауруларына шалыққан науқастарды қарап тексерудегі студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •5. Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
- •Сурет № .Құрсақ беті аймақтары.
- •Y. Бауыр және өт жолдары ауырған науқастарды сұрап, қарап тексеру. Бауыр және көкбауырдың пальпациясы мен перкуссиясы
- •5.1 Сабақтың мақсаты:
- •5.2 Студент тақырып бойынша не білуі керек (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •5.3 Студент тақырып бойынша не жасай білуі керек:
- •5.4 Бауыр және өт жолдары ауырған науқастарды сұрап тексеру:
- •5.4.1 Бауыр және өт жолдары ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру
- •5.5 Бауыр және өт жолдарын ауруларын қарап тексерудегі студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •5.6 Бауыр, өт жолдары және көкбауыр пальпациясы мен перкуссиясы
- •5.6.4 Бауыр және өт жолдары пальпациясы жасаудағы студенттің іс-әрекеттері реттілігі
- •5. Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі.
- •Уі. Бүйрек-несеп жолдары ауырған науқастарды сұрап, қарап тексеру. Бүйректің пальпациясы
- •6.1.Сабақ мақсаты:
- •6.2 Тақырып бойынша студент не білуі керек (өзіндік дайындалу сұрақтары).
- •6.3 Бүйрек және несеп бөлу жолдары ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру
- •6.3.1 Бүйрек және несеп бөлу жолдары ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексерудегі студенттің іс-әрекеттері
- •6.4 Бүйрек және несеп бөлу жолдары ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексеру.
- •6.4.1 Бүйрек және несеп бөлу жолдары ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексерудегі студенттің іс-әрекеттері
- •6.5 Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
- •7 Қан түзу жүйесі ауруларын тексеру әдістері
- •7.1 Сабақ мақсаты:
- •7.2 Студент білуге тиісті (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •7.3 Студент жасай білуге тиісті:
- •7.4 Қан түзу жүйесі ауруларын сұрап тексеру
- •7.4.4 Сұрап тексеруді жүргізудегі студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •7.5 Қан түзу жүйесі ауруларын қарап тексеру.
- •7.5.9 Қан түзу жүйесі ауруларын қарап тексерудегі студенттердің іс-әрекеттерінің реттілігі.
- •7.6 Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
- •8. Эндокринді жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды тексеру әдістері.
- •8.1 Сабақ мақсаты:
- •8.2 Студент білуге тиісті (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •8.3 Студент жасай білуге тиісті:
- •8.4 Эндокринді жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру
- •8.4.3 Өмір тарихы –негігі алынатын мәліметтер - өмірінің әр кезеңінде болған қолайсыз жайттар мен дерттері туралы мәлімет:
- •8.4.4 Эндокринді жүйесі ауруларын сұрап тексерудегі студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •8.4.5 Эндокриндік жүйіесі ауруларын қарап тексеру
- •8.5.6 Эндокриндік жүйіесі ауруларын қарап тексерудегі студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •8.5 Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
- •9. Қимыл-тірек, тері және оның қосалқыларының аурулары бар науқастарды сұрап тексеру
- •9.1 Сабақ мақсаты:
- •9.2 Студент білуге тиісті (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •9.3 Студент жасай білуге тиісті:
- •9.4 Қимыл-тірек, тері және оның қосалқыларының жүйесі ауруларын сұрап тексеру
- •9.4.3 Өмір тарихы –негігі алынатын мәліметтер - өмірінің әр кезеңінде болған қолайсыз жайттар мен дерттері туралы мәлімет:
- •9.4.4 Қимыл-тірек, тері және оның қосалқыларының аурулары бар науқастарды сұрап тексеру
- •9.5 Қимыл-тірек, бұлшықет және тері мен оның қосалқыларын қарап тексеру
- •9.5.7 Қимыл-тірек, бұлшықет және тері мен оның қосалқылары жүйесі ауруларын қарап тексеру студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі
- •9.10 Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
- •10. Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды тексеру әдістері
- •10.1. Сабақ мақсаты:
- •10.2. Студент білуге тиісті (өзіндік дайындалу сұрақтары):
- •10.3. Студент жасай білуге тиісті:
- •10.4 Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру
- •10.4.4 Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексерудегі студенттің іс-әрекеттер реттілігі
- •10.5 Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексеру
- •10.5. 7 Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексерудегі студенттің іс-әрекеттер реттілігі
5.3 Студент тақырып бойынша не жасай білуі керек:
5.3.1 Бауыр және өт жолдары ауырған науқастарды сұрап тексеруді - шағымдарын, анамнезін жинай білу.
5.3.2 Бауыр және өт жолдары ауырған науқастарды қарап тексеруді – жалпы қарау, құрсақты қарау.
5.3.3 Беткей және терең пальпация арқылы тексеруді жүргізу.
5.3.4 Алынған мәліметтерін дұрыс түсініп бағалауды.
5.4 Бауыр және өт жолдары ауырған науқастарды сұрап тексеру:
Шағымдары: оң қабырға доғасы астында ауыру сезімі немесе ауыртпалық, жүрек айну, құсу, кекіру, ауыздағы ащы дәм және құрғауы, сарғаю, терінің қышуы, іштің үлкеюі, кебуі, қан кетулер, тәбеттің төмендеуі, іштің өтуі, қатуы, нәжістің түссізденуі, зәрдің күңгірттенуі, қалтырау, себепсіз әлсіздік, шаршағыштық, жұмысқа қабылетінің төмендеуі, ашуланшақтық, ұйқының бұзылысы, жүдеу, бас ауру, бас айналу.
Дерттің даму тарихы-anamnesis morbi- анықталатын жағдайлар: а) дерттің басталу себебі ( тағам қабылдау реттілігінің, сапасының бұзылысы, уланулар, т.б.); б) белгілері, олардың ағымы, дамуы; бәсеңсу себептері; в) қолданған ем, оның әсері; г) жүргізілген тексерістер, олардың қорытындылары; д) емханаға осы рет келген себебі, аурудың қайталану себебі;
Науқастың өмір тарихы –anamnesis vitae-осы дертке алып келген, себеп болған жағдайлар - тағамммен байланысты, көңіл-күйдің бұзылысы - шиеленістер; жіті немесе созылмалы бауыр - өт жолдарының дерттерінің болуы және т.б. тұрмыстары немесе жұмысындағы уланулар; аллергиялық әсерленулер, тұқым қуалаушылық; вирусты гепатит, ішімдікке салыну, наша қолдану және т.б. себептер.
5.4.1 Бауыр және өт жолдары ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру
1. Шағымдарын жинау |
|||||
Кезеңдері |
Студенттің іс-әрекеттері |
Қорытындысы (анықталатын жайттар) |
|||
1.1 Науқаспен танысу |
1.1 Сәлемдесу, өзін таныстыру және науқастың аты-жөнін, тегін анықтау:
|
||||
1.2 Науқастың шағымдарын сұрақ қойып анықтау |
“Қандай шағымдарыңыз бар” немесе “Сізді не мазалайды”? деген сұрақтар беріп, науқастың шағымдарын анықтау |
Олар: оң қабырға доғасы астында ауру сезім немесе ауыртпалық, жүрек айну, құсу, кекіру, ауыздағы ащы дәм және құрғауы, сарғаю, терінің қышуы, іштің үлкеюі, қан кетулер, кебуі, тәбеттің төмендеуі, іштің өтуі, қатуы, нәжістің түссізденуі, зәрдің күңгірттенуі, қалтырау, себепсіз әлсіздік, шаршағыштық, жұмысқа қабылетінің төмендеуі, ашуланшақтық, ұйқының бұзылысы, жүдеу, бас ауру, бас айналу. |
|||
1.3 Негізгі шағымдарын айырып алу
|
|
Олар: оң қабырға доғасы астында ауру сезім немесе ауыртпалық, жүрек айну, құсу, кекіру, ауыздағы ащы дәм және құрғауы, сарғаю, терінің қышуы, іштің үлкеюі, қан кетулер, кебуі, тәбеттің төмендеуі, іштің өтуі, қатуы, нәжістің түссізденуі, зәрдің күңгірттенуі, қалтырау. |
|||
1.4 Негізгі шағымдарды талдау, сараптау.
|
Негізгі шағымдарды қосымша сұрақ арқылы талдау, сараптау.
|
Құрсақтағы ауру сезім: орналасу орны (қолмен көрсетуді сұрау) – оң қабырғалық немесе эпигастрий; ауру сезімнің түрі, сипаты; қарқыны (күші); пайда болу жағдайы; таралуы; ауру сезіммен бірге қандай шағымдар мазалайды?
Ауыздағы ащы дәм және құрғау: а) пайда болу уақытты және тағаммен байланысы.
Сарғаю: қалай және дененің қай аймағынан басталды?
Терінің қышуы: а) тәулік кезеңімен байланысы және орналасу орны? Қан кетулер мен қан ағулар: қайдан, жиілігі, мөлшері. Іштің үлкеюі – даму жылдамдығы, ұзақтығы Қосымша шағымдар: қалтырау, себепсіз әлсіздік, шаршағыштық, жұмысқа қабылетінің төмендеуі, ашуланшақтық, ұйқының бұзылысы, жүдеу, бас ауру, бас айналу (қашаннан бері мазалайтынын анықтау керек, өйткені бауыр дертінің біраз түрі осы шағымдардан басталады). |
|||
|
|
||||
ІІ. Дерттің даму тарихы (дерттің анамнезы).
|
|||||
2.1 Дерттің басталуын анықтау |
Келесі сұрақтарды беріп:
2.1.1 «Бірінші рет аурып тұрсыз бе әлде осы дерт біраздан бері мазалайды ме?»
2. 1.2 Немесе қалай басталды?» - дерттің басталуын анықтау.
|
2. 1.1 Осы шағымдар бірінші рет мазалап түр немесе осы дерт бірнеше жылдардан бері бар.
2.1.1.1 Кенеттен немесе бірте-бірте әртүрлі бауыр, өт жолдары ауруларына тән шағымдарымен басталуы: а) -тез, кенеттен оң кабырға астындағы ұстамалы түрдегі, қатты ауру сезім, ащы дәмді құсық; кенеттен пайда болған қою “күрең( қанды) құсық”; кенеттен сарғаю; кенеттен іштің үлкеюі. б) бірте-бірте пайда болған оң қабырға астындағы сыздаған ауру сезім немесе ауыртпалық, жиі майлы тағамнан әлде көлікпен жүргеннен кейін, оған қоса жүрек айну,құсу. 2.2 Бұрыннан бар созылмалы дертінің өршуі (қандай шағымдармен басталды, жылына өршуі қанша рет болады, қандай жағдайлар әсеретеді, бәсеңсу кезеңінің ұзақтығы).
|
|||
2.2 Дерттің дамуын анықтау |
2.2.1 Келесі сұрақтарды беріп: а) Қандай шағымдармен басталды; әрі қарай қандай шағымдар қосылды немесе қандай шағым қалай өзгерді»? |
2.2.1 а) Мысалы: «тез, кенеттен ұстамалы түрдегі, қатты ауру сезім, оған жүрек айну, құсық” қосылды; және т.б». б)бірнеше айдан бері шаршағыштық, ұйқының бұзылысы, тәбеттің төмендеуі мазалады, сосын ішінің үлкейгенін байқады және т.б. |
|||
2.3 Дерттің басталуына әсер ететін жағдайларды анықтау (дерттің болжама немесе нақты себебі)
|
2.3.1 Келесі сұрақтарды беріп:
а) Қалай ойлайсыз осы дертіңіздің басталуына қандай жағдайлар себеп болуы мүмкін? Әлде б) Өзіңізше осы ауруыңыз қандай жағдайдан кейін пайда болды деп ойлайсыз? |
2.3.1
- ұзақ уақыт көлікпен жүру; - улану ( сапасыз тағаммен, улармен) -сары ауруға шалдыққан кісімен жанасу
|
|||
2.4.1 Жасалған шараларды анықтау
|
Келесі сұрақтарды беріп науқастан осы дерттіне байланысты жүргізілген шараларын анықтау: -дәрігерге қаралдыма? - қандай тексерістер жүргізілді (олардың қорытындысы); -емі (өздігінше - үйде, медициналық көмекке жүгінді - емханада); - қандай дәрілер немесе басқа түрі; - емнің тиімділігі қандай болды? Болмады? -емделмеген); - ауруханаға түсу себебі? |
-қаралады; қаралмады; жедел-жәрдем көмегімен келіп тұр;
-қаралды - тексерістер жүргізілген жоқ; жүргізілді – ФГДС; жалпы қан аналізі және т.б. Олардың қорытындысы бар, қолында;
-ем жүргізілді – дәрілік заттар немесе басқа түрлері. -емнің тиімділігі - бар, жоқ; емделмеген. - ауруханаға түсу себебі – емделу, ауруы өршіді; тексерілу және т.б. |
|||
ІІІ. Өмір тарихы - осы дерттің дамуына алып келетін қолайсыз жағдайлар. |
|||||
3.1 Өмір тарихы - осы дерттің дамуына алып келетін қолайсыз жағдайларды анықтау.
|
3.1.1 Өмірінің әр кезеңінде-туылғанынан бүгінгі күнге дейін: -балалық шағы; -жасөспірім- мектепке бару, үлгерімі, қалыс қалуы; -мамандық алу -үйлену болған қолайсыз жағдайларды немесе дерттерді сұрақ қойып анықтау -нешінші бала; туылған жері; анасының денсаулығы; әлеуметтік жағдайы; тұрмысы, басынан өткізген аурулары; жарақаттары; кәсібіне байланысты қатерлі жайттар; тұқымқуалаушылық дерттері; психо–эмоционалдық пен айналасындағы; жанұясындағы рухани, адами қасиеті жағдайы; аллергиялық әсерленулер; мүгедектік.
|
|
|||
