Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.16 Mб
Скачать
  1. Тақырып бойынша студент не істей білуі керек:

3.1 Науқасқа сұрап тексеру реттілігін сақтап жүргізуді (шағымдары, anamnesis morbi, anamnesis vitae).

3.2 Науқасты жалпы қарап тексеруді (реттілігі бойынша).

3.3 Науқастың жалпы жағдайын бағалау.

3.4 Науқастың төсектегі жағдайын анықтау.

3.5 Науқас есінің жағдайын бағалау.

3.6 Дене бітімінің (конституциялық) түрін анықтау.

3.7 Антропометриялық мәліметтерді анықтау (бойының ұзындығы (см), дене салмағы (кг).

3.8 Терісінің және көрінетін кілегей қабаттың жағдайын бағалау;

3.9 Тері асты май шелінің жағдайын бағалау.

3.10 Басты қарау.

3.11 Сүйек- буын жүйесінің жағдайын анықтау.

3.12 Бұлшық ет жүйесінің даму дәрежесін анықтау.

Науқасты жалпы қарау (реттілігі). Жалпы қарау жүйе бойынша реттілігі сақталып жүргізіледі және науқаспен алғашқыда кездесіп, әңгімелескенде басталады.

Науқастың жалпы жағдайы, жалпы жағдайы анықталады (қанағаттанарлық, орташа, ауыр, өте ауыр, өлім халінде).

Науқас есінің жағдайы: анық (сақталған), бұзылған: а) сопор - әңгіме арасында ұйқыға кетіп қалып отырады, сұраққа оянып жауап береді; б) ступор – есеңгіру-берілген сұрақтарға дәл жауап бермейді; в) кома-ес-түссіз жағдай; г) елерушілік, елестеушілік, сандырақтау.

Науқастың төсектегі жағдайы:

а) активті (белсенді) - өзіне жағдай жасай алады;

б) пассивті - енжар- айналасына енжарлықпен қарайды, өзіне жағдай жасай алмайды (сұлқ түсіп жату).

в) мәжбүрл і- дертіне сәйкес өзінің жағдайын жеңілдететін қалпы (мысалы- ентігу, тұншығу болса- тұрып отырады-ортопноэ).

Дене бітімін анықтау:

а) дене құрылымын (конституциясы) – астеник-бойшаң; нормостеник-қалыпты-орташа бойлы; гиперстеник-алыпты, аласа бойлы;

б) бойының ұзындығы;

в) салмағы;

Басты қарау-пішіні (сақталған, кішірейген, үлкейген), шаштың жағдайы (барлығы, жоқтығы, майлығы, қалыңдығы); бастың қалтырауы, мойын омыртқаларының қимылы (сақталған, шектелген).

Бет-әлпетін қарау-терісінің түсі.

а) Бетінің үшкірленуі - «Гиппократ беті».

б) Бүйрек дерттерінде ісінген, бозғылт бет-«facies nephritica»;

в) Жүрек ақауларында – көгеру (ернінің, бетінің, мұрнының, құлағының ұштары); «facies mitrale»;

г) Эндокриндік жүйе дерттерінде - facies Basedova - көзі бадырайып, қорқынышты, үрейлі, кірпіктері дірілдеп тұрады;

-қалқанша бездің жетіспеушілігінде - ісіңкі, дөңгеленген, енжарлық; айқын бозғылттық, бозғылттық сарғыштанумен;

-акромегалияда - иек, жақ, қас үсті сүйектерінің айқын үлкеюі – Иценго-Кушинга ауруында – ай тәрізді дөңгелек, көгерген, иегі шаштанған;

д) ұшықтар (герпес) – мұрнында, еріндерінде.

е) мұрынды қарау-мұрын қылқаны сақталған, қисайған, терісінің түсі көгерген.

ж) ауыз қуысын қарау-кілеге қабаты (түсі, бөртпелер), тілі түсі, ылғалдылығы, тазалығы

Мойынды қарау- жуандығы, көзге көрініп тұрған қан тамырлардың соққысы, лимфа түйіндері, қалқанша бездің үлкеюі.

Терісін, кілегей қабаттарының, тері асты майының даму деңгейін қарау.

  • Терісі:

а) түсі (қалыпты, бозғылт, қызарыңқы, көгерген (цианоз), сарғайған, ақ таңдақтар, бөртпелер;

б) ылғалдылығы

в) құрғақтығы

г) серпімділігі

- кілегей қабаттары-көздің, еріннің, ауыздың – түсі- бозғылт, сарғайған, көгерген.

-тері асты шелінің дамуы-кіндік аймағында ер адамда, жауырын астында-екі саусақпен қалыңдығы тексеріледі (1,5-2,0 см)

- ісіктер-орналасқан орны, таралуы; көрінбейтін ісіктер-тобықта саусақпен басу арқылы анықталады; таралған ісіктер-анасарка-дене бойынша.

Лимфа түйіндерін қарау-желкесінде, мойында, құлақ айналасында, жақ астында, бұғана үстінде, астында, қолтық асты, шынтақта, шапта, тізе асты- сипау арқылы мына мәліметтерді алу керек: көлемі, тығыздығы, қозғалғыштығы, ауырсынуы, терімен немесе бір-бірімен жанасуы.

Сүйектер мен буындарды қарау- қимыл көлемі (өзі жасайтын, көмекпен жасалатын); аурсынғыштығы, ісінуі, қызаруы, пішінінің өзгеруі; саусақтардың қолда домалақтануы («дабыл таяқшасы»), тырнақтардың тегістеліп, «сағат әйнегі» сияқты өзгеруі.

Бұлшықет еттерді тексеру:

а) даму деңгейін (азаюы-атрофия; симметрияланған: екі қолда, аяқта, иықта, кеуденің екі жартысында салыстырылады).

б) ауырсынғыштығын

в) тығыздығын

г) күшін

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]