Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.16 Mб
Скачать

4.5 Асқазан және ішек ауруларына шалыққан науқастарды қарап тексерудегі

4.5.1 Жалпы қарау

1.1 Науқасты жалпы қарап тексеруде: науқастың жалпы хәлі (қанағаттарнарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім хәлінде); есі (сақталған, өзгерген); төсектегі кейпі (белсенді, сұлық түсіп жату, мәжбүрлі).

1.2 Терісі мен кілегей қабаттары, тері асты шел майы (түсі, құрғақтығы, ылғалдылығы; дамуы).

4.5.2 Құрсақты қарау

2.1 Құрсақты қарау– пішіні, клемі, тынысқа қатысуы, беткей перистальтиканың болуы.

2.2 Құрсақтың беткей пальпациясын жасау – ережелері, реттілігі, жасау әдісі.

2.3 Құрсақтың терең пальпациясын жасау – ережелері, реттілігі, жасау әдісі.

2.4 Асқазан-ішектерді қарау және пальпация жасап тексеру алынған мәліметтерді дұрыс түсініп бағалау.

4.5.3 Асқазан және ішек ауруларына шалыққан науқастарды қарап тексерудегі студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі

Кезеңі

Қадамдары

Студенттің іс-әрекеттері

Анықталатын мәліметтер

1.1 Науқасты жалпы қарау

1.1.1 Науқастың хәлін, есін, төсектегі қалпын анықтау

1.1.2 Дене бітімін, терісі және кілегей қабаттарын қарау

1.1.1 Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу әрі қарай хәлін, есін, төсектегі қалпын бағалау

1.1.2 Жалпы дене бітімін, тері асты шел майының дамуын бағалау;

терісі мен кілегей қабаттарын денесінің ашық аймақтарында қарап тексеру (бет-әлпеті - еріндері; қолдары, саусақтары, тырнақтары қаралады).

1.1.1-жағдайы (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім халінде);

-есі - сақталған (анық); немесе өзгерген (сопор, ступор, кома); - төсектегі қалпы (белсенді, қимылсыз –сұлық түсіп жатыр, мәжбүрлі –шалқасынан немесе бір жанында жатып, қолымен ішін басып және аяғын ішіне қарай бүгіп; етпетінен құрсағына жастық қойып және бүгілген аяқтарын ішіне тартқан).

1.1.2 -дене бітімі қалыпты немесе тері асты шел майының дамуы сақталған; төмен (жүдеу, азған) шамадан тыс дамыған (толық).

терісі мен кілегей қабаттары өзгермеген, өзгерген (боз, терісі - түлеген, құрғақ);

1.2 Жергілікті қарау

1.2.1 Ауыз қуысын қарау.

.

1.2.2 Құрсақты қарау

1.2.1 Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу (жағдайына байланысты тік отыруын немесе шалқасынан жатуын сұрау) .

Дәрігер науқастың оң жағында, қарсы, бетпе-бет отырып, ауызын аштырып кілегей қабатын, тілін (ылғалдығы, өңезделуі, түсі, түгі), тістерін (түгелдігі, тіс жегі, жасанды тістер) қарау.

Егерде науқас ес-түссіз жағдайда болса, дәрігер арнайы аспаптар (шпатель, тіл ұстағыш) қолданады.

1.2.2 Науқастың құрсақ аймағын киімінен босатуын сұрап қарау жүргізіп келесі мәліметтерді анықтау:

- құрсақ пішіні және оның бетінде бір келкі таралған әлде ошақты шектелген томпаюлары мен ішке тартылып тұрған аймақтарының болуы;

-ішінің тынысқа қатысуы

-ақ сызығы немесе кіндік сақинасы бойынша жарықтарды;

-құрсақтың бетінде тыртықтар мен ақ жолақтарды;

-ішектердің шамадан тыс қозғалысы;

-беткей қан тамырларының кеңеюі мен ирелектенуі.

1.2.1 – ауыз қуысы кілегей қабаттарының түсі сақталған, боз; - тілі - ылғалды, құрғақ; түсі, түгі қалыпты, сақталған, айқын боз, тегістелген, таза немесе ақ әлде қоңыр түсті өңезделген; тістері - түгел, түгел емесе, тіс жегі, жасанды тістер.

1.2.2 - құрсақ пішінінің өзгерісі:

а) іштің біркелкі таралып үлкею:

– семіздік;

-бос сұйықтық (асцит) әлде ауа (кебуі) жиналғанда; сұйықтық аз мөлшерінде құрсақ пішіні тәндік өзгерісті болады – кіндік аймағы тегістеліп, сұйықтық құрсақтың бүйірлеріне жиналып, томпайтады-құрсақ «бақа құрсағы» тәріздес болады;

б) іштің біркелкі емес (ассисметриялық), яғни әр бөлігінің үлкею:

-құрсақ ағзаларының шамадан тыс үлкеюі (бауыр, көк бауыр, бүйрек, қуық, асқазан);

-осы немесе басқа ағзаларда қатерлі ісіктер немесе кисталар дамығанда;

в) құрсақтың бір келкі таралып ішке тартылуы- адамның жалпы азуында (рак аураулары);

г)ақ немесе қызыл жолақтар (стриялар) –бар, жоқ

д) беткей қан тамырларының кеңеюі, жарықтар, құрсақтың тынысқа қатысуы бар, жоқ, әлсіз;

е) көзге көрінетін перистальтика – пилоростенозда - эпигастральдық аймақта анықталуы мүмкін.

4.2 Құрсақ пальпациясы

2.1 Құрсақтың беткей пальпациясы

2.1.1 Беткей пальпациясын жасау.

Ережелері:

-Науқас шалқасынан жатады, қолдарын дене бойына созылған; іші ашық, киімнен бос;

-басы төмендеу орналасқан, аяғы сәл бүгілген;

-дәрігер оның оң жағында, қарсы бепе-бет орналасады

-дәргердің қолы жылы болуы қажет.

Беткей пальпацияның мақсаты:

-құрсақ бетінің аурусыңғыштығы (таралған немесе шектелген);

-құрсақ беті бұлшық еттерінің кернелуі (жалпы немесе шектелген)

-іштің тік бұлшық еттерінің ыдырауы, ақ сызық пен кіндік сақинасының жарықтары;

-шамадан тыс үлкейген құрсақ ағзаларын анықтау;

Симметриялық беткей пальпацияны әдісінің реттілігі:

а) алақанды жалпағымен құрсақ бетіне орналастыру;

б) ІІ, ІІІ, ІУ және У саусақтар ұштарымен құрсақ бетін жәй басу – құрсақ қабырғасының кернелуін анықтау;

2.1.1.1 Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алып ережесіне сәйкес науқасты шалқасынан жатқызып, қолдарын дене бойына созуын және терең ауызмен тыныс алуын түсіндру;

2.1.1.2 Дәрігер оның оң жағында, қарсы бетпе-бет орналасады, қолдары жылы.

2.1.1.3 Пальпацияны жасау реттілігіне сәйкес жүргізу: Олар -

1.- сұрақ қойып сол шап аймағында ауру сезімі жоқтығын анықтау;

2. – жоғарыда (қадамдар бөлігінде) көрсетілген әдіспен беткей пальпацияны осы аймақта бастап, содаң соң оң шап аймағын тексеріп салыстыру;

3 - қолын сәл жоғары (3-4см -ге) құрсақтың сол және оң симметриялық бөліктерін сипап тексеру;

4- осы реттілікте жүргізе отырып құрсақ бетінің симметриялық аймақтарын толық , яғни эпигастрий аймағы, оң және сол қабырғастылық бөліктерін қоса пальпация жүргізу;

5-тік бұлшық еттерінің ыдырауын, ақ сызық бойы мен кіндік сақинасының жарықтарын анықтау: (2 түрі):

а) пальпация әдісін сақтай отырып оң қолдың бүгілген саусақтарын алдыңғы ортаңғы сызығы мен тік бұлшық еттері бойына семсер тәріздес өсіндіден төмен қойып қасаға сүйегіне дейін сипап өту;

- кіндік сақинасының сақталуын бір саусақпен айналдыра тексеру

б) пальпация әдісін сақтай отырып оң қолдың бүгілген саусақтарын алдыңғы ортаңғы сызығына семсер тәріздес өсіндіден төмен орналастырып басын көтеруді сұрау – жарық болса –қол ішке қарай батып кетеді;

2.1.1.3

- таралған немесе шектелген ошақты құрсақ бетінің ауру сезімі - бар, жоқ;

- пальпация аймақтарында ауру сезімі немесе құрсақ бетінің кернелуі бар немесе жоқ;

-тік бұлшық еттерінің ыдырауы бар немесе жоқ;

Ақ сызық бойымен әлде кіндік сақинасының жарықтары бар, жоқ.

2.2 Құрсақтың терең пальпациясы –

Әдістемелік, терең, жылжымалы В.П. Образцов және Н.Д. Стражеско бойынша құрсақ ағзаларын сипау (тексеру) әдісі

2.2 Құрсақтың терең пальпациясын жасау.

Ережелері:

-Науқас шалқасынан жатады, қолдарын дене бойына созылған; іші ашық, киімнен бос;

-басы төмендеу орналасқан, аяғы сәл бүгілген;

-дәрігер оның оң жағында, қарсы бепе-бет орналасады

-дәргердің қолы жылы болуы қажет

Терең пальпацияның мақсаты: ағзалардың-

1.Орналасқан орнын

2.Көлемін

3.Аурусыңғыштығын

4.Қозғалғыштығын

5.Тығыздығын

6.Пішінін анықтау.

Бұл сипаттары дерттік жағдайда өзгереді.

Жасау тәртібінде қолдың 4 ережесін сақтау қажет. Олар:

1.Қолды орналастыру – алақан толығымен ағза орналасу аймағына жатқызылып, бүгілген 4 саусақ ағза бойына паралель орналасады;

2. Қатпар жинау- саусақтарға қарсы бағытта теріден қартпа жасау;

3.Науқас тыныс шығарғанда құрсақ ішіне терең ену (2-3 терең тыныс қозғалысы барысында және еңген деңгейде қолды ұстау)

4. Ағза бетімен сырғу, жылжу, ағзаны құрсақтың артқы қабырғасына түреп сипау жіне сипаттама беру.

2.2.1 Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алып ережесіне сәйкес науқасты шалқасынан жатқызып, қолдарын дене бойына созуын және терең ауызымен тыныс алуын түсіндру;

2.1.2 Дәрігер оның оң жағында, қарсы бетпе-бет орналасады, қолдары жылы.

2.1.3 Пальпацияны әдістемелік жасау реттілігіне сәйкес жүргізу:

1.-сигма тәрізді ішекке пальпация жасауа) құрсақ бетіндегі топографиялық аймағын анықтау – сол шап аймағында кіндік пен мықын сүйегінің алдыңғы сол жоғарғы өсіндісін қосатын сызықтың 3/1 төменгі мен ортаңғы бөлігінің шекарасында;

б.- оң қолдың бүгілген 4 саусағы ішектің топографиялық аймағына орналасады;

в - тыныс алғанда саусақтарға қарсы бағытында теріні жинап қатпар жасау; г –тыныс шығарғанда оң қолды терең ендіру –мүмкіншілігінше құрсақтың артқы қабырғасына дейін;

д - тыныс шығарудың аяғында ішек бойымен қатпарға қарсы жылжып сипап тексеру және сипаттау;

2. соқыр ішекке пальпация жасау - а) құрсақ бетіндегі топографиялық аймағын анықтау - оң шап аймағында кіндік пен мықын сүйегінің алдыңғы оң жоғарғы өсіндісін қосатын сызықтың 3/1 төменгі мен ортаңғы бөлігінің шекарасында;

б-оң қолдың бүгілген 4 саусағы ішектің топографиялық аймағына орналасады;

в - тыныс алғанда саусақтарға қарсы бағытында теріні жинап қартпа жасау;

г – тыныс шығарғанда оң қолды терең ендіру –мүмкіншілігінше құрсақтың артқы қабырғасына дейін;

д - тыныс шығарудың аяғында ішек бойымен қартпаға қарсы жылжып сипап тексеру және сипаттау

3 - тоқ ішектің өрлеме бөлігіне пальпация жасау:

а) құрсақ бетіндегі проекциясын анықтау - оң жақта кіндік деңгейінде тік бұлшықеттің қырында; б) екі қолмен жүргізіледі;

в.- сол қолдың алақаны оң бел аймағына орналасады, оң қолдың бүгілген 4 саусағы ішектің проекция аймағында;

г -тыныс алғанда кіндік бағытында теріні жинап қартпа жасау;

д – тыныс шығарғанда оң қолды терең ендіру –мүмкіншілігіне сол қолға тигізуге дейін;

е - тыныс шығарудың аяғында ішек бойымен қартпаға қарсы жылжып сипап тексеру және сипаттау

4 - тоқ ішектің төменге түсетін бөлігіне пальпация жасау: а) құрсақ бетіндегі проекциясын анықтау - сол жақта кіндік деңгейінде тік бұлшықеттің қырында;

б) екі қолмен жүргізіледі;

в - сол қолдың алақаны сол бел аймағына орналасады, оң қолдың бүгілген 4 саусағы ішектің проекция аймағында;

г - тыныс алғанда кіндік бағытында теріні жинап қартпа жасау;

д - тыныс шығарғанда оң қолды терең ендіру –мүмкіншілігіне сол қолға тигізуге дейін;

е - тыныс шығарудың аяғында ішек бойымен қартпаға қарсы жылжып сипап тексеру және сипаттау

5 - көлденен ішекке пальпация жасау: а – алдымен асқазанның төмеңгі шекарасын, яғни асқазан үлкен иінің орналасу деңгейін анықтау қажет, өйткені тоқ ішек көлденең бөлігі асқазаннан 2-3 см төмен орналасады. Асқазанның төмеңгі шекарасын анықтаудың 2 әдісі бар:

1) Аускультоперкуссия және аускультоаффрикция (үйкелеу) әдістері: - фонендоскопты неғұрлым эпигастрий аймағыныа жоғары және сәл сол қойып сәуле тәрізді бағытта төмен қарай перкуссия жасалады немесе осы бағытта теріні сәл үйкелеу қажет – шекара тимпаникалық дыбыс тұйық дыбысқа ауысқан жерде белгіленіп анықталады.

2) Шолпыл шуылын анықтау -науқасқа 1 стақан су ішкізіп, сол қолды сол қабырға доғасы үстіне қойып (қимылын шектеу үшін) оң қолдың 2-3 саусағымен асқазан үстінен төмен қарай перкуссия жасалады – шолпыл шуылы жоғалған деңгейі асқазанның төменгі шекарасы ретінде белгіленеді.

б - асқазанның төменгі шекарасынан 2-3 см төмен және алдыңғы ортаңғы сызығынан 4-5см оңға немесе солға (көлденең ішектің оң әлде сол бөліктерін сипау үшін) оң қолдың бүгілген 4 саусағы ішектің проекция аймағына орналасады (егерде пальпация бір қолмен жасалса; екі қолмен жасалса – ішектің проекция аймағына бірдей қоылады);

в – тыныс алғанда тері жоғары ығыстырылып қартпа жасалады;

г - тыныс шығарғанда оң қолды бірте-бірте (екі қолды бірдей) терең ендіру – мүмкіншілігінше құрсақтың артқы қабырғасына дейін (бірақ бұл өте қиын);

д - тыныс шығарудың аяғында ішек бойымен қартпаға қарсы жылжып сипап тексеру және сипаттау.

6. Асқазанның үлкен иініне пальпация жасау -

а - пальпация жасайтын қолдың бүгілген 4 саусағы асқазанның төменгі шекарасына орналастырылады; сол қолдың алақаны сол қабырға доғасына қойылып, қимылын шектетеді;

б – тыныс алғанда тері жоғары ығыстырылып қартпа жасалады;

в - тыныс шығарғанда оң қолды бірте-бірте терең ендіру – мүмкіншілігінше құрсақтың артқы қабырғасына дейін;

г - тыныс шығарудың аяғында қартпаға қарсы жылжып асқазанның үлкен иінін сипап тексеру және сипаттау.

2.2 Құрсақ ағзаларының келесі қасиеттері анықталады

1 Орналасқан орны - сақталған немесе ағза ығысқан;

2 Көлемі – үлкейген (қалыңдаған), кішірейген;

3 Аурусыңғыштығы – бар, жоқ

4 Қозғалғыштығы –сақталған, шектелген

5 Тығыздығы–бір келкі, бір келкі емес жоғарылаған; жұмсарған бұдырланған; шұрылы, шолпыл шуылы жоғарылаған.

6.Пішіні – өзгермеген, өзгерген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]