Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
f736f5220d94935380adcf509319fec6.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
321.54 Кб
Скачать
    1. Бөлім қызметінің экономикалық мәні

Бөлім жұмысын талдауға алсақ мемлекеттік салық саясатының бастауы ең алдымен салық төлеушілерді тіркеу болып табылады. Бюджетке салық сомасын аудару үшін ең алдымен салық обьектісін немесе салық төлеушіні есепке тұрғызу қажет. Осы жерде келесі алгоритм құрылады:

мүлік

басқа да салық салынуға жататын обьектілері

табыс

Салық төлеуші

Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі

салық төлеуші-лермен жұмыс жасау бөлімі

аудит бөлімі

салық есептілігін қабылдау бөлімі

есеп бөлімі

Салық басқармасының басқа да бөлімдері

(схема №1)

Түсіндіре кетсек, салық төлеуші «Салық төлеушілерді тіркеу» бөліміне салық салынуға жататын обьектілерін тіркейді. Сол тіркелген обьекттер үшін ол бюджетке салық сомасын аударады. Бұл жерде маңызды рөлді «Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі атқарып тұр. Себебі, салық бсқармасының барлық бөлімдерінің жұмысы ең алдымен салық төлеушінің тіркелуінен басталады. Содан кейін ғана ол әр түрлі салықтық операцияларға қатысады.

Сондықтан бұл бөлімнің маңыздылығы өте зор. Ол Салық басқармасының барлық бөлімдерімен қарым-қатынасқа түседі. Мысалға, егер салық төлеушілер тіркеу есебіне тұрса, сол мәліметтер бойынша аудит бөлімдері, салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімдері қажетті ақпараттар жинап өздерінің жұмыстарын ұйымдастырады. Республикалық базаның негізі салық төлеушілерді тіркеу есебіне қою үшін арналғандықтан салық базасын толтырушы бірден бір бөлім болып саналады.

Тәжірибе кезінде келесідей жағдай туындады: Үлкен сомадағы салықты кәсіпорын төлемей жүрген. Сол себепті оның банктік шоттарындағы ақша қаражжаттарын арестке алу қажеттігі туды. Ол әрине жоғарғы соттың шешімімен мақұлданды. Осы жерде субьектінің банктік шотын білу үшін «Салық төлеушілерді тіркеу» бөліміне кәсіпорынның банктік шоттарын жіберу туралы сұраныс жіберілді. Бөлім әрбір салық төлеушінің банктік шоттарын тіркеу есебіне алып отыратындықтан және жоғарғы соттың қаулысымен бекітілгеннен соң сұранысқа жауап қайтарды. Осы жерде төленуге тиіс салық сомасының 25 пайызы бюджетке аударылған мәлім болды. Осы жерде бюджетке салық сомасын аударуда бөлімнің қызметі зор екендігін анықтаймыз.

Басқару құрылымының сызбасы:

Директор

Директордың орынбасары

Бөлім бастығы

Шаруашылық бөлімінің басшысы

Бас маман

Жұмысшы

Жетекші маман

  1. «Салық төлеушілерді тіркеу» бөлімінің жұмысын ұйымдастыру

Уәкiлеттi орган салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасын қалыптастыру жолымен салық төлеушiлердi есепке алуды жүргiзедi.

Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасы – салық төлеушiлердi есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.

Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасын қалыптастыру:

1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiн салық органдарында салық төлеушi ретiнде тiркеу;

2) салық төлеушiнi:

дара кәсiпкер, жекеше нотариус, адвокат ретiнде;

қосылған құн салығы бойынша;

электрондық салық төлеушi ретiнде;

қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы салық төлеушi ретiнде;

салық салу объектiсiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiнi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне алу болып табылады.

Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн салық төлеушi ретiнде тiркеу:

1) аталған тұлғалар туралы мәлiметтердi салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасына енгiзудi;

2) салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасындағы тiркеу деректерiн өзгертудi және (немесе) толықтыруды;

3) салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасынан салық төлеушi туралы мәлiметтердi алып тастауды қамтиды.

Салық төлеушiнi тiркеу есебi салық төлеушiнi осы баптың 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетiлген тiркеу есебiне қоюды, салық төлеушiнiң тiркеу деректерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзудi, салық төлеушiнi тиiстi тiркеу есебiнен шығаруды қамтиды.

Салық қызметi органдарына салық төлеушi туралы:

1) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар;

2) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар;

3) салық төлеушiлер берген немесе мәлiмдеген мәлiметтер салық төлеушiнiң тiркеу деректерi болып табылады.

Салық органы мәлiметтердi салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасына енгiзудi сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң мәлiметтерi негiзiнде жеке, заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiне сәйкестендiру нөмiрi берiлгеннен кейiн жүзеге асырады.

Салық органдары салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасына мыналар туралы:

1) жеке тұлға, оның iшiнде шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам – тұрғылықты немесе болатын жерi бойынша;

2) резидент заңды тұлға және оның құрылымдық бөлiмшесi, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi – орналасқан жерi бойынша;

3) Қазақстан Республикасында филиал, өкiлдiк ашпай, қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға – тұрақты мекемесiнiң орналасқан жерi бойынша;

4) Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерiн сатып алушы, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттiң немесе консорциумның орналасқан жерi бойынша;

5) Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлiк сатып алушы, салық агентi болып табылатын резидент емес – жылжымайтын мүлiктiң орналасқан жерi бойынша;

6) Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекетiнiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiгi – дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктiң орналасқан жерi бойынша;

7) резидент еместiң тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылатын тәуелдi агентi арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес – тәуелдi агенттiң тiркеу орны бойынша;

8) резидент банктерде ағымдағы шоттар ашатын резидент еместер – резидент банктiң орналасқан жерi бойынша мәлiметтердi енгiзудi жүзеге асырады.

Салық қызметi органдары салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасына мәлiметтер енгiзудi сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң мәлiметтерiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiндегi жеке тұлғалар туралы мәлiметтердi уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық қызметi органдарына жеке тұлға он алты жасқа толғаннан кейiн бередi. Он алты жасқа толмаған тұлғаларда салық мiндеттемесi туындаған жағдайда мұндай тұлғалар бойынша мәлiметтер салық қызметi органдарына салық органының сұрау салуы бойынша берiледi.

Салық органы жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы

заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бере отырып жүргiзедi.

Салық органдары қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасында дара кәсiпкер ретiнде жол берiлмейтiн жеке тұлғаны дара

кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргiзбейдi.

Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қоюды жеке тұлғаның дара кәсiпкердi, жекеше нотариусты, адвокатты тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде орналасқан жерi бойынша жүргiзедi.

Жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою үшiн

ұсынылған салықтық өтiнiшке түпнұсқаларын ұсына отырып, мынадай

құжаттардың:

жеке басын куәландыратын құжаттың

жеке нотариаттық, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның

жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жерiн растайтын

құжаттың көшiрмелерi қоса берiледi.

Азаматтарды тiркеу кiтабы немесе жылжымайтын мүлiкке меншiк немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жерiн растайтын құжат болып табылады.

Салық органдары жеке тұлғаны дара кәсiпкер, жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қоюды жеке тұлғаның салықтық өтiнiшiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi.

Салық органы дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустiң,

адвокаттың тiркеу деректерiн өзгертудi дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, адвокаттың тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi.

Дара кәсiпкер, жекеше нотариус, адвокат салықтық өтiнiштi:

1) дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкте

көрсетiлген тiркеу деректерi;

2) жеке нотариустың, адвокаттың орналасқан жерi өзгерген

күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей орналасқан жерi бойынша салық органына тапсыруға мiндеттi.

Дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, адвокаттың тiркеу деректерiн өзгерту үшiн салықтық өтiнiшке:

1) дара кәсiпкер - дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы

куәлiктiң түпнұсқасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке

кәсiпкерлiк туралы заңнамасына сәйкес дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде табыс етiлетiн құжаттарды;

2) жекеше нотариус, адвокат – белгiленген құжаттарды қоса бередi.

Салық органы дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы

куәлiкте көрсетiлген дара кәсiпкердiң тiркеу деректерiне өзгерiстер енгiзудi дара кәсiпкердiң тiркеу деректерiн өзгерту үшiн ұсынылған салықтық өтiнiштi алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде дара

кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiн ауыстыра отырып

жүргiзедi.

Салық органы жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жерi туралы мәлiметтердi өзгертудi тiркеу деректерiн өзгерту үшiн

ұсынылған салықтық өтiнiштi алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi.

Салық органы жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен шығаруды Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, адвокаттың тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi.

Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу есебiнен шығаруды жеке тұлғаның дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, адвокаттың тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi.

Салық органы жеке тұлғаны дара кәсiпкер, жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу есебiнен шығаруды орындалмаған салық мiндеттемелерi болмаған кезде жүргiзедi.

Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, дара кәсiпкерлер белгiленген тәртiппен қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне мiндеттi түрде қойылуы тиiс.

Мыналар:

мемлекеттiк мекемелер;

ойын бизнесi салығы, тiркелген салық және бiрыңғай жер салығы салынатын қызмет бойынша қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне мiндеттi түрде қоюға жатпайды.

Егер айналымның мөлшерi күнтiзбелiк жыл iшiнде осы тармаққа сәйкес айқындалған ең төменгi айналым мөлшерiнен асып түскен жағдайда тұлғалар ең төменгi айналымнан асып кетуi туындаған айдың аяқталған күнiнен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей орналасқан жерi бойынша салық органына келу тәртiбiмен қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiштi беруге мiндеттi.

Айналым мөлшерi өсу қорытындысы бойынша:

резидент емес солар арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметiн жүзеге асыратын жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, филиалдар, өкiлдiктер, - әдiлет органдарында мемлекеттiк (есептiк) тiркелген күнiнен бастап;

салық органдарында дара кәсiпкер ретiнде жаңадан тiркеу есебiне тұрған жеке тұлғалар, - салық органдарында тiркеу есебiне қойылған күнiнен бастап;

басқа салық төлеушiлер – ағымдағы күнтiзбелiк жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап айқындалады.

Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн салық төлеушiнiң айналымына осы Кодекстiң 232-бабында көрсетiлген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, мынадай:

1) Қазақстан Республикасында тауарлар өткiзу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша;

2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу бойынша айналым кiредi.

Жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу орны айқындалады.

Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн шаруа немесе фермер қожалығы үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушi айналымның мөлшерiн анықтау кезiнде осы арнаулы салық режимiне жататын қызметтi жүзеге асырудан түскен өткiзу бойынша айналымды есепке алмайды.

Сенiмгерлiк басқарушы орналасқан жерi бойынша салық органына сенiмгерлiк басқару шартын жасасқан күннен не егер құрылтайшы сенiмгерлiк шарты бойынша не пайда алушы сенiмгерлiк басқару туындаған өзге жағдайларда қосылған құн салығын төлеушi болып табылса, сенiмгерлiк басқарудың туындауына негiз болып табылатын өзге құжат күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей келу тәртiбiмен қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебi туралы салық өтiнiшiн беруге мiндеттi. Құрылтайшы сенiмгерлiк басқару шарты бойынша не пайда алушы сенiмгерлiк басқару туындаған өзге жағдайларда қосылған құн салығын төлеушi болып табылмаған жағдайларда сенiмгер басқарушыны қосылған құн салығы бойынша мiндеттi түрде тiркеу есебiне қою көзделген негiздер бойынша жүргiзiледi.

Ең төменгi айналым тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 30 000 еселенген мөлшерiн құрайды.

Қосылған құн салығы бойынша олар тiркеу есебiне қою үшiн салықтық өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.

Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметiн филиалдар, өкiлдiктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою үшiн ұсынылған салықтық өтiнiшке салық төлеушiнiң орналасқан жерiн растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн мiндеттi түрде қоса бередi.

Жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын немесе оларды пайдалану құқығын растайтын құжат салық төлеушiнiң орналасқан жерiн растайтын құжат болып табылады.

Орналасқан жердi растайтын құжат көшiрмесiн нотариат куәландырған күнi мен оны салық органына табыс ету күнiнiң арасындағы мерзiм он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою үшiн салықтық өтiнiш тапсырмаған тұлға анықталған кезде, салық органы мұндай салық төлеушiнi анықтаған сәттен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей оған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама жiбередi.

Салық төлеушi жiберiлген салық органының хабарламасы бойынша қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою үшiн салықтық өтiнiш тапсырмаған жағдайда, мерзiм аяқталғаннан кейiн салық органы белгiленген тәртiппен салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарады.

Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезiнде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi.

1) жеке нотариаттық қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, дара кәсiпкерлер ретiнде мiндеттi мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылатын;

2) дара кәсiпкерлердiң (акцизделетiн тауарларды өткiзушiлерден басқа):

қызметiн шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде патент негiзiнде жүзеге асыратындарының

қызметiн шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратындарының

3) уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша көлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысанда билеттер беру арқылы қоғамдық қалалық көлiкте тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлiгiнде ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

Жергiлiктi атқарушы органдар есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган бекiткен нысанда қалалық қоғамдық көлiк тасымалдары бойынша халыққа қызмет көрсету бөлiгiнде салық төлеушiнiң билеттердi пайдалануы туралы есептi табыс етедi.

Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезiнде ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен қызмет көрсетудi төлеу терминалдары модельдерi мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген бақылау-касса машиналарымен жарақтандырылады.

Бақылау-касса машиналарын қолдану кезiнде мынадай талаптар қойылады:

1) қолма-қол ақша арқылы ақшалай есеп айырысумен байланысты қызметiн бастағанға дейiн бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;

2) тауар немесе қызмет көрсету үшiн төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегiн (сауда автоматында пайдаланылатын бақылау-касса машиналарын қоспағанда) немесе тауар чегiн беру жүзеге асырылады;

3) бақылау-касса машиналарына салық органдары лауазымды адамдарының қолжетiмдiлiгi қамтамасыз етiледi.

Бақылау-касса машинасын пайдаланатын жерi бойынша салық органдарына есепке қоюға модельдерi мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары жатады.

Сауда автоматтарымен және қызмет көрсету терминалдарымен жарақтандырылған бақылау-касса машиналары салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық органында есепке қойылуға тиiс.

Салық органдары бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша талап қолданылмайтын салық төлеушiлердiң бақылау-касса машиналарын есепке қоюды жүргiзбейдi.

Бақылау-касса машиналарын есепке қою салық төлеушi бақылау-касса машинасын есепке қою туралы өтiнiш берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасының тiркеу нөмiрiн бере отырып және бақылау-касса машинасының карточкасын бере отырып жүргiзiледi.

Компьютерлiк жүйе болып табылатын бақылау-касса машиналарын қоспағанда, бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қойған кезде салық төлеушi салық органына:

1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтiнiштi;

2) iске қосу фискалды режимдi орнатпай-ақ мүмкiн болатын, салық төлеушi туралы мәлiметтердi қамтитын бақылау-касса машинасын;

3) дайындаушы зауыттың паспортын;

4) нөмiрленген, тiгiлген, салық төлеушiнiң қолымен және (немесе) мөрiмен расталған қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және тауар чектерiнiң кiтабын табыс етедi.

Компьютерлiк жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде салық төлеушi салық органына:

1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтiнiштi;

2) компьютерлiк жүйенiң жұмыс iстеу мүмкiндiктерi мен сипаттарының қысқаша сипаттамасын;

3) салық органында тiркеуге қою үшiн мәлiмделген компьютерлiк жүйе моделiнiң "Салық инспекторының жұмыс орны" модулiн пайдалану жөнiндегi нұсқаулықты табыс етедi және онымен жұмыс iстеудi қамтамасыз етедi.

Салық органының лауазымды адамы компьютерлiк жүйелердi қоспағанда, бақылау-касса машинасын есепке қою кезiнде:

1) салықтық өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердiң ұсынылған құжаттарға сәйкестiгiн тексередi;

2) таңбалау тақтайшасында көрсетiлген бақылау-касса машинасының зауыттық нөмiрiн дайындаушы зауыттың паспортында көрсетiлген бақылау-касса машинасының нөмiрiмен салыстырады;

3) қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және тауар чектерiнiң кiтабын ресiмдеудiң дұрыстығын тексередi;

4) бақылау-касса машинасы жұмысының фискалдық режимiн белгiлейдi;

5) бақылау-касса машинасының корпусына салық органының пломбасын орнатады;

6) бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасын ресiмдейдi;

7) қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және тауар чектерiнiң кiтабын өз қолымен, салық органы басшысының қолымен және салық органының мөрiмен растайды;

8) салық төлеушiге:

фискалдық жұмыс режимi белгiленген және салық органының пломбасы орнатылған бақылау-касса машинасын;

расталған қолма-қол ақша есебiнiң кiтабы мен тауар чектерiнiң кiтабын;

бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын қайтарады.

Компьютерлiк жүйе болып табылатын бақылау-касса машиналарын есепке қойған кезде салық органының лауазымды адамы iс-қимылдарды жүзеге асырады. Бұл ретте компьютерлiк жүйеге фискалды режим белгiлеу ақпаратты компьютерлiк жүйенiң фискалды деректерiне рұқсатсыз қол жеткiзуден криптографиялық тұрғыдан қорғайтын құралдардың белсендi жұмыс iстеуiн бiлдiредi.

Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасы салық төлеушiге бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою кезiнде берiледi, бақылау-касса машинасының бүкiл пайдалану мерзiмi бойына сақталады және салық органдарының талабы бойынша көрсетiледi.

Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасының, тауар чегiнiң, фискалдық есеп-қисапты алу актiсiнiң, қолма-қол ақша есебi кiтабы мен тауар чектерi кiтабының нысандарын уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]