Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8_Сын тұрғысынан ойлау туралы кең таралған қателіктер_Байлин.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.45 Кб
Скачать

Жалпылама дағдылар

Сын тұрғысынан ойлауды оқу мақсаттарын үш жақты бөлу саласындағы дағдылармен сәйкестендіру сын тұрғысынан ойлауды білім, түсінік және қарым-қатынастарды дамытудан ажыратып қарастырады. Сын тұрғысынан ойлау белгілі бір нақты білім салаларындағы жалпылама әрекеттерге қатысты қарастырылып, одан кейін әртүрлі мәнмәтінге қатысты берілуі немесе қолданылуы мүмкін. Мысалы, Уаршам және Стоктон (Worsham and Stockton) (1986:11,12) «оқу бағдарламаларының көпшілігі үшін негізгі және ортақ бірқатар дағдылар бар» (мәселен, ақпарат жинау, негізгі ойды айқындау, мағынасын анықтау) деп тұжырымдайды. Бұған қоса олар: «орта мектеп деңгейіндегі оқу материалдары оқушылардың талдау жасауын, жинақтап, қорытуын және бағалауын, сондай-ақ жазбаша және ауызша шығармалар мен көркем туындылар сияқты жаңа «өнімдерді» жасап шығаруын қажет етеді. Оқушылар бұл міндеттерді шешу үшін тиісті ойлау дағдыларын қолдана алулары керек. Сонымен қатар, Бейер (1987:163) дискретті ойлау дағдыларына сілтеме жасай отырып, «ойлау дағдылары немесе стратегиясы жағынан тәжірибелі болу дегеніміз бұл операцияларды қажетті мәнмәтінде тиімді және ұтымды пайдалана білуге қабілетті болу дегенді білдіреді».

Білім мен сын тұрғысынан ойлауды бөліп қарастырудың тиімсіз салдарлары болуы мүмкін, алайда, егер сын тұрғысынан ойлау дағдылары жалпылама болса, бұл дағдылар қандай білім саласына қатысты болуына қарамастан кез келген мәнмәтінде қолданыла алатынын білдіреді, олай болса, бұл тұжырымдама жалған болып табылады.

Белгілі бір нақты сала бойынша алынған білім сын тұрғысынан ойлаудың алғышарты болып табылады. Адамның химия туралы ешқандай хабары болмаса, ол белгілі бір заттың нақты химиялық құрамына талдау жасай алмайды, сол сияқты белгілі бір тарихи оқиға туралы түсінігі болмаса, Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептеріне қатысты өзара бәсекелес теорияларды бағалай алмайды.

Көптеген теоретиктер сын тұрғысынан ойлау үшін сала бойынша жеткілікті білімі болуы қажеттілігін мойындайды, алайда бұрынғыша білім мен дағдының немесе сын тұрғысынан ойлау дағдысының арасын бөліп қарастырады. Мысалы, Никерсон және т.б. (1985: 49) «ойлау мен білімнің өзара байланысты екенін мойындау олардың арасындағы айырмашылықтың ақиқаттығын жоққа шығармайды. Қалай болғанда да, бірдей білімі бар адамдардың өз білімін тиімді қолдана алуында бір-бірінен елеулі ерекшелік болуы мүмкін» деп тұжырымдайды.

Біздің ойымызша, бұл айырмашылық өздігінен алғанда негізсіз болып табылады. Ойлау міндеттерін білікті түрде шешуді білімнен бөлек қарастыру мүмкін емес. Жалпылама дағдылар ретінде қарастырылатын болжамдау және түсіндіру сияқты әрекеттер мәнмәтінге байланысты бір-бірінен елеулі ерекшеленеді, бұл ерекшелік нақты міндетті табысты шешу үшін қажетті әртүрлі саладағы біліммен және түсініктермен байланысты болады. Кестеге түсінік беру пьесаны түсіндіруге қарағанда мүлдем басқа әрекет түрі болып табылады. Алғашқысы бірқатар геометриялық конвенцияларды түсіну негізінде әрекетке қатысушы объектілердің арасындағы қарым-қатынас түсіністігіне келуді білдіреді, ал екіншісі мәтіндік дәлелдемелер негізінде пьесаның шындыққа жуық мазмұн-мағынасын құрастыруды білдіреді.

Бұл мысалдардың екеуі де өз кезегінде адамның ауызша айтылған деректері мен қимыл-қозғалыс әрекеттерін тану, сондай-ақ сол адам туралы бұрыннан білетін мағлұматтарға негізделген белгілі бір көзқарасы мен тұжырымдарын қамтитын біреудің уәжіне түсінік беруден түбегейлі ерекшеленеді. Сондай-ақ, белгілі бір оқиғаның қалай аяқталатыны туралы болжал ауа райы болжамымен салыстырғанда мүлдем басқаша түсінікті қажет етеді.

Жалпылама дағдыларды түрлі білім салаларындағы жай ғана қолданылатын немесе сол сала бойынша берілетін дағдылар ретінде қарастыруға болмайды. Сонымен қатар, сын тұрғысынан ойлауда тәжірибелі болу белгілі бір салалар бойынша белгілі деңгейде білімді болуды қамтиды. Мәселен, белгілі бір ерекшеліктерді ажырата білуге мүмкіндік беретін бірқатар сыни тұжырымдамаларды білу сын тұрғысынан ойлауда аса маңызды болып табылады. Қажетті және жеткілікті шарттардың арасындағы айырмашылықты түсіну тек базалық білімге ғана емес, сын тұрғысынан ойлауға да қатысты болып табылады. Сонымен қатар, сын тұрғысынан ойлау тәжірибесі белгілі бір салаларда дұрыс ойлауды реттейтін әртүрлі қағидаттарды түсінуді қамтиды, МакПек (McPeck, 1981) атап көрсеткендей, олардың көпшілігі арнайы пәндік сала болып табылады. Барроу (1991.:12) бұл туралы өз ойын білдіреді: «Бір нәрсенің айқын болуы, қарама-қайшы болуы, қисынды болуы және т.с.с. нақты мәнмәтінге байланысты болады». Мәдениет туралы пікірталастарда қисынды болу дегеніміз логикалық қабілеттерді мәдениет туралы ақпараттармен біріктіру болып табылмайды. Бұл мәдениеттің логикасын түсіну, эстетикалық тұжырымдамалар мен эстетикалық теориялардың аясына ену мәселесімен байланысты. Мәдениет туралы сын тұрғысынан ойлай алу қабілеті эстетикалық сұхбатты түсінумен аса тығыз байланысты. Фачионе (Facione) (1990:10) жалпылама ескертулерді жинақтап ұсынған. Мұндай пәнге бағдарланған білім әдіснамалық қағидаттар мен құзыреттіліктерді түсініп, нақты мәнмәтінге лайықты шешімдерге негізделген норма қалыптастырушы әрекеттерге атсалысуды қамтиды.

Сын тұрғысынан ойлау логикалық операциялар мен пәнге бағдарланған білімдердің тізімі ретінде ойластырылып, жай ақпараттар жиынтығы ретінде ұғынылатын болса, бұл оның құндылығын жояды. Білім мен қарым-қатынастардан тыс дағдыларға ғана негізделген сын тұрғысынан ойлауды айқындаудағы тағы бір қиындық қарым-қатынастың сын тұрғысынан ойлаудағы маңызды орнын ескермейтіндігінде болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау қисынды ойлауға қабілетті болудан гөрі кең ауқымды болып табылады. Сондай-ақ ол қисынды ойлауға дайындықты және бейімдікті де қамтиды. Сигел (Siegel) (1988) мұны сын тұрғысынан ойлаудың бір аспектісі ретінде, себептік-бағалаушы компонент мағынасына тең дәрежеде қарастырады. Эннис (1987) сын тұрғысынан ойлау туралы тұжырымдамасына бейімділіктер тізімін қосқан, Паулдың (1982) пікірінше, бейімділік те, құндылықтар мен мінез-құлық сипаттары да, «аса өткір» сын тұрғысынан ойлау түсінігі үшін аса маңызды болып табылады.