Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8_Сын тұрғысынан ойлау туралы кең таралған қателіктер_Байлин.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.45 Кб
Скачать

Сын тұрғысынан ойлау туралы кең таралған қателіктер

Мақала Кембридж университеті педагогикалық факультетінен жүктелген. Күні: 2 ақпан, 2008 ж.

SHARON BAILIN, ROLAND CASE, JERROLD R. COOMBS and LEROI B. DANIELS

Бұл мақалада біз сын тұрғысынан ойлау туралы бір немесе бірнеше дағды, ойлау үдерісі және рәсімдер жиынтығы ретінде қарастыратын кең таралған үш тұжырымдаманы талдаймыз Біздің пікірімізше, бұл көзқарастардың барлығы қате, жаңсақ және пайдасыз болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау туралы жазатындардың барлығы бұл үшеуін бір жерге тоғыстырады.

Тұжырымдамалардың өзіндегі қателіктер мен кемшіліктерге қоса, олар сын тұрғысынан ойлауға үйретудің нашар ойластырылған тәжірибесінің мысалы болып табылады. Осының барлығы сын тұрғысынан ойлау тәжірибе жүзінде қолдану барысында жақсы дамиды деген ойға жетелейді. Біз сын тұрғысынан ойлауды үйретудің баламасын ұсынамыз.

Сын тұрғысынан ойлау теориялық тұрғыдан да, педагогикалық тұрғыдан алғанда да үлкен маңызға ие. Сын тұрғысынан ойлау туралы көп зерттеулер жазылған, бұл тақырыпқа арналған көптеген конференциялар өткізіліп, білім беру саласында сын тұрғысынан ойлауды өрістетуге бағытталған көптеген бастамалар қолға алынған.

Біздің пікірімізше, сын тұрғысынан ойлауға арналған теориялық еңбектердің басым бөлігі мен педагогикалық қызмет саласындағы жұмыстардың көпшілігі біржақты болып табылады, өйткені олар сын тұрғысынан ойлау туралы қате тұжырымдарға негізделген.

Көбінесе сын тұрғысынан ойлау дағдылар, үдерістер, рәсімдер мен тәжірибе терминдері тұрғысынан ұғынылады. Оқуға арналған әдебиеттердің басым бөлігі не когнитивті дағдыларға, не ойлау дағдыларына қатысты, не сын тұрғысынан ойлауды тәжірибе арқылы жақсартуға болатындай белгілі бір ойлау үдерістерімен және рәсімдік қадамдармен байланысты болып табылады.

Бұл мақалада біз осындай сын тұрғысынан ойлауды тұжырымдамалау тәсілдеріне тән жаңсақтықтарды түсіндіруге тырысамыз. Әдебиеттердің басым көпшілігінде дағды, үдеріс, рәсім, мінез-құлық, менталды операциялар сияқты терминдер көп мөлшерде кездесетінін атап кету керек. Яғни, бұдан сын тұрғысынан ойлау түсінігі туралы осы сияқты көптеген қателіктер мен жаңсақтықтарды байқауға болады. Біз өзіміздің жұмысымызда дағдыларды, үдерістер мен рәсімдерді қолданудың белгілі бір түрлеріне назар аударуға тырыстық. Біздің дәлелдеріміз түрлі негіз қалаушы болжалдарға негізделген жаңа тұжырымдаманы ұсынуға негіз болады.

Сын тұрғысынан ойлау дағды ретінде

Көптеген педагогтер мен теоретиктер сын тұрғысынан ойлауды үйрету міндетін, алдыңғы кезекте, ойлау дағдыларын дамыту ретінде қарастырады. Шын мәнінде, ойлау туралы пайымдау сөйлеу дағдыларымен байланысты. Курстар мен конференцияларда ойлау дағдыларын дамытуға басты назар аударылады да, әдебиеттердің басым көпшілігінде дағдыларға сілтеме пайда болады.

Сын тұрғысынан ойлау саласындағы жетекші теоретиктердің өздері сын тұрғысынан ойлауды елеулі дәрежеде дағды тұрғысынан ұғынады. Мәселен, Сигел (1988: 39, 41) белгілі бір сипаттары бар, сондай-ақ белгілі бір дағдыларға ие сын тұрғысынан ойлайтын адам туралы жаза отырып, «алуан түрлі парасаттылық дағдыларына» сілтеме жасайды. Сондай-ақ, Паул (1984: 5) ойлаудың сыни дағдыларына сілтеме жасай келе, оларды сол сала бойынша сарапшылардың пікірлері негізінде құрастырылған «біріктірілген макро-логикалық дағдылар жиынтығы» ретінде сипаттайды. Delphi сын тұрғысынан ойлау туралы есебінде (Facione, 1990) когнитивті дағдылар терминіндегі сын тұрғысынан ойлауды түсінік беру, талдау, бағалау, қорытындылау, түсіндіру және өзін-өзі реттеу ретінде қарастырады.

«Шеберлік» термині әртүрлі мағыналарда қолданылуы мүмкін екенін және соның нәтижесінде сын тұрғысынан ойлау дағдыларын талдаудың бірқатары салыстырмалы түрде қиындықсыз екенін атап айту керек. Кейбір жағдайларда «дағды» адамның қарастырылып отырған мәселеде тәжірибелі екенін көрсету үшін қолданылады.

Бұл мағынада ол қол жеткен жетістік мәнінде қолданылады. Тәжірибелі ойшыл деп жақсы пайымдай алатын және жақсы пайымдаудың тиісті критерийлеріне сәйкес адамды атауға болады.

Дағдыны қолдану бұл мағынада зияткерлік қызмет туралы біршама білімі болуға қарағанда, зияткерлік қызметке қабілетті оқушыларға бағытталады. Соның нәтижесінде сын тұрғысынан ойлайтын адам қате түсініктерге негізделген анықтамаға сілтеме жасаудан гөрі маңыздырақ нәрселерді іске асыруға қабілетті болады. Ол белгілі бір жағдайларда дауласушының әдеттегі қалпына сәйкес емес үндеулеріне назар аударады. Әдетте, сын тұрғысынан ойлау бірқатар «ноу-хау» сипатындағы нәрселерді қамтиды. Сын тұрғысынан ойлау тәжірибесі бар адамдар жақсы пайымдау стандарттарына сәйкес болуға қабілетті болады. Сын тұрғысынан ойлауды жетістікке жету дағдысы ретінде қарастыру тиімді болып табылады. Дегенмен, сын тұрғысынан ойлау мәніндегі кейбір дағдылар проблемалы болып табылады. Педагогтердің арасында білім беру мақсаттары мен міндеттерін үш түрге бөлу үрдісі айқын байқалады: білім, дағды (қабілеттер) және қарым-қатынастар (құндылықтар), яғни сын тұрғысынан ойлауды дағдылар санатына жатқызу үрдісі орын алған. Сын тұрғысынан ойлауды дағды ретінде қарастыру белгілі бір тұлғаның құзыретті немесе тәжірибелі ойшыл болуы сияқты қарапайым жағдайға қарағанда күрделірек болып табылады.

Бұл жалпылама және дискретті түрдегі сәйкестендірілімді операция болып табылатын дағды тұжырымына негізделген. Бұл түсініктердің екеуіне де қатысты қиындықтар бар.

Біз дағдылар жалпылама, яғни жүре келе қалыптасқан дағдылар ретінде қарастырылып, кез келген қызмет саласында қолданыла алатын проблемалардан бастаймыз. Дискретті болып танылатын дағдыларды айқындауға қатысты проблемалар кейінірек қарастырылатын болады.