- •Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы
- •5В050900 «Қаржы» мамандығына арналған
- •Силлабус
- •Курс жоспары
- •Дәрістемелік сабақтардың тақырыптары мен оның мазмұны
- •Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және олардыңмазмұны
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •3.Пән бойынша тапсырмаларды орындау жәнетапсыру кестесі
- •Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Саясат және процедура.
- •2. Курсық жұмыстың мақсаты мен міндеттері
- •3.Курстық жұмыстың тақырыбын студентпен таңдау
- •4. Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •5.Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар
- •6. Курстық жұмысты рәсімдеу және қорғау
- •Курстық жұмыс тақырыптары
- •79 Қаржылық жоспар
Саясат және процедура.
Жұмыс көрсетiлген мерзiмдерде тапсырылуы керек. Емтихандық сессияның басына дейiн барлық тапсырмаларды өткiзудiң ақырғы мерзiмi 3 күн. Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер, емтихан тапсыруға рұқсат етiлмейдi.
Әрбiр жіберген оқу жұмысы үшін тақырыпты қайталау және пысықтау жұмыспен өтеуi міндетті. Оқу материалын игерудiң дәрежесi тестеумен тексередi.
Үйге берген сабақты және СӨЖ тапсырмасын белгiленген мерзiмде, орындамау жағдайында қорытынды баға төмендейдi.
Барлық аудиториялық жұмыстарға қатысуы міндетті. Егер сабақты белгісіз жағдайларға байланысты босатса, онда оқытушының белгiлi бiр белгіленген уақыттарына сәйкес жұмыспен өтеледi, және де дәрiстердiң тақырыбына сәйкес әрбiр жіберілген жұмысына 5 қосымша есептер тапсырылады.
Курстық жұмысты, лабараториялық жұмыстарды, есептерді орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
1. Кіріспе
Жоғары білікті экономист-қаржыгерді дайындауда курстық жұмыстарды орныдау аса маңызды.Типтік оқу жоспарында «Қаржы» пәні бойынша курстық жұмысты орындау қарсатырылған.
Берілген әдістемелік нұсқау «Қаржы»мамандығы бойынша оқитын студенттерге курстық жұмыстың тақырбын таңдауда,кәсіпорынның экономикалық және қаржылық жағдайын талдауда, таңдап алынған тақырып бойынша экономикалық әдебиеттерді іріктеуде және игеруде, курстық жұмыстың жоспарын құруда және оны жазу барысында көмек көрсету мақсатында құрылған.
2. Курсық жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Курстық жұмыстың мақсаты- студенттердің қаржы категорияларын, анықтамаларын, терминдерін, олардың классификациясын, әлеуметтік-экономикалық процестердегі орны мен мағынасын меңгеруде көмек көрсету. Сонымен қатар қаржылардың шоғырлану формаларының өзара байланысын және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында оларды қолдана білу нақты әдістерін жете түсінуге жағдай жасау.
Курстық жұмысты орындау барысында келесідей міндеттер қойылады:
мамандығы бойынша студенттерде теориялық білімдерін кеңейту және бекіту , оларға нақты қаржылық – экономикалық мысалдарды қарастыру негізінде тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру;
жеке жұмыс істеу дағдыларын дамыту және нақты мәселелерді қарастыру барысында зерттеу,эксперименттеу әдістерін игеру;
нарық жағдайында мәселелерді шеше білу және қаржыларды басқаруды ұймдастырудың түрлі аспектілерін қарастыруды үйрету.
3.Курстық жұмыстың тақырыбын студентпен таңдау
Курстық жұмыстардың тақырыптары кафедрада ұсынылады және кафедраның мәжілісінде қарастырылып, бекітіледі. Курстық жұмыстың тақырыптары төменде келтірілген.
4. Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны
Барлық курстық жұмыстардың құрылымы, тақырыбына байланысты емес, әдетте бірыңғай болып келеді. Курстық жұмыстың құрылымы:
титулды бет
мазмұны (бөлімдердің басталатын және аяқталатын беттері көрсетіледі) немесе курстық жұмыстық жоспары
кіріспе
1-бөлім, мұнда сұрақтың теориялық негіздері қарастырылады
2-бөлім, нақты мәліметтердің негізінде зерттеліп жатқан мәселенің жағдайына талдау жүргізіледі
3-бөлім, мұнда зерттеліп жатқан объектінің жағдайын талдау нәтижесінде көрсеткіштерін жақсартумен байланысты іс-шаралар кешенін ұсыну
қорытынды
қолданылған әдебиеттер тізімі
қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер тізімінде келтіру керек:
жұмыста пайдаланған Қазақстан Республикасының заң актілері (заңдар, Президенттің жолдаулары, Үкіметтің қаулылары);
нормативтік құжаттар;
ғалым-экономисттердің және мамандардың еңбектері (алфавиттік тәртіпте), авторлардың аты-жөнін,инициалдарын, еңбектің атын, басылымын, жылын және беттерінің санын көрсете отырып;
Периодикалық басылым.
Курстық жұмыстың бөлімдері өз кезегінде зерттеудің мазмұнын толық және тереңінен ашып
көрсететін бөлімшелерден құралуы керек. Әрбір бөлім қысқаша қорытындымен аяқталуы тиіс,
мұнда қарастырылып жатқан мәселенің төңірегінде зерттеу нәтижелері көрсетіледі.
Кіріспе. Мұнда курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы негізделеді, берілген жұмыс қандай нақты мәселелерді шешуге бағытталғаны ашып көрсетіледі. Соңында курстық жұмысты орындау барысында қолданылған материалдар келтіріліп, оны орындау әдістемесі қысқаша сипатталады. Кіріспе компьютерлік мәтінмен теріліп 1-3 беттен аспауы тиіс.
1 бөлім. Мұнда зерттеліп жатқан сұрақтың төңірегінде ғылыми әдебиетке шолу жүргізіледі. Қарастырылып жатқан мәселені шешудің теориялық негіздері келтіріледі, бүгінгі таңдағы ғылыми потенциалға, қаржылық-экономикалық мәселелер бойынша заң және нормативтік актілерге сүйене отырып зерттеледі.
Бұл бөлімде студент өзінің дайындығының ғылыми, әдістемелік деңгейін және дайындығын көрсете білу керек, ол оған нақты мәліметтерді талдауға және білімін жүйелеуге, дұрыс шешім қабылдау мен қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Бөлімнің көлемі 10-12 беттен аспауы тиіс.
2 бөлім. Курстық жұмыстың маңызды бөлігі, сондықтан тақырыпқа, зерттеудің мақсатына сәйкес болуы керек.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде зерттеу тақырыбына сәйкес есептеулер және алынған нәтижелерге талдау жасалуы керек.
Бөлімнің көлемі шамамен 10-15 бет аралығында болуы тиіс.
3 бөлім. Мұнда екінші бөлімде жасалған талдаудың негізінде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар мен іс-шаралар кешені берілуі тиіс.
Көлемі 10-12 бет аралығында.
Қорытынды. Мұнда жұмыстың елеулі нәтижелеріне қысқаша сипаттама беріледі. Көлемі 2-3 бет аралығында.
