Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛ КАРЖЫ МЕН-т.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
290.82 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi

ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы

«Бекiтемiн»

Проректор

________________Қ.Ә. Ахметов

«_____»____________ 2015 ж.

«ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІ» пәнi бойынша

5В050900 «Қаржы» мамандығына арналған

Силлабус

Оқу нысаны – күндізгі

Курс 4

Семестр 7

Кредит 3

Дәріс 30 сағат

Машықтану 15 сағат

СӨЖ 60 сағат

СӨОЖ 30 сағат

Курстық жұмыс

Емтихан

Жалпы сағат саны 135

Астана – 2015

Силлабус Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің «Қаржы» мамандығы бойынша стандарты негізінде жасалынып (ҚР 6. 08. 008.-2008), № 26 23 қаңтар 2008 жылы бекітілді, «Қаржы менеджменті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған (ОӘБ, Т.Рыскулов атындағы ҚазЭУ им., Алматы, №611 от 30.12.2009 ж.).

Силлабусты құрастырған: аға оқытушы Кожахметова А.Г.

Силлабус «Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасында талқыланды,

хаттама № ______ «______» ________________ 2015 ж.

Кафедра меңгерушiсi

э.ғ.к., доцент Стацурина Ю.А.

Декан

\ф.ғ.к.,доцент Мамаділ Қ.А.

Институттың ғылыми-әдiстемелiк кеңесiнде қаралып бекiтiлген, хаттама

№ «_____» ________ 2015 ж

Силлабус

Еуразия гуманитарлық институты

«Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасы

Кафедраның аға оқытушысы Кожахметова Әсемгүл Гиззатқызы

Тел. 56-19-46

Байланыс уақыты: СОӨЖ кестесі бойынша

Уақыт: сабақ бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі

Кредиттер: 3

Пәннің пререквизиттері: «Экономикалық теория» (ақша айналысы, сұраныс пен ұсыныс, ұдайы өндіріс, мемлекеттің қаржы саясаты), «Статистика» (статистикалық әдістер, топтастыру, динамикалық қатарлар), «Кәсіпорын экономикасы» (шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы, кәсіпорынның қаржы саясаты және механизмі, негізгі және айналым капиталы, кәсіпорынның табысы, қаржылық жоспарлау).

Постреквизиттер: «Каржылық тәуекелдерді басқару» (қаржылық тәуекел, қаржылық тәуекелді есептеу, қаржылық тәуекелді төмендету әдістері), диплом алдындағы өндірістік тәжірибе (жобаның құнын басқару, компанияның құнын басқару, капиталдың құрылымы және дивидендтік саясат, қысқа мерзімді сипаттағы қаржылық шешімдер).

Қысқаша сипаттама:

Оқу пәнi өндірістік кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметімен басқарудың теориялық және тәжірибелік сұрақтарын зерттеуге арналған. Бұл пән бойынша білім шаруашылық субъектілерді қаржылық басқарудың каржы менеджментінің ұғымдарын және басқарудың негізгі механиздерін игеру үшін, басқарушылық шешімдерді қабылдаудың негіздерін оқу үшін қажет.

Зерделеу объектісі компания қаржысын, инвестициялық ресурстарды зерделеу, бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызмет және бизнестің табыстылығын бағалау болып табылады.

Бұл курстың пәні нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорындарды қаржылық басқарудың негізгі қағидаттары мен әдістері болып табылады. Қаржылық талдау мен қаржылық жоспарлаудың әдістері; капиталды қаржыландыру коздерін және капиталдың құрылымын таңдау амалдары; қысқа мерзімді қаржылық басқару; инвестициялық шешімдер қабылдаудың әдістері, корпоративтік тәуекелдерді басқарудың амалдары зерделенеді.

Бұл курстың мақсаты мемлекеттік білімділік стандартпен жұмыс берушінің талаптарына сәйкес қаржылық менеджмент саласында жеткілікті дәрежеде білімді меңгеретін, кәсіби қызметті орындап, жүргізетін іскерлік пен машықты мамандарды даярлау болып табылады. Қаржылық менеджменттің теориясы мен практикасының өзара іс-әрекетінің мәнділік негіздерін, қаржыны басқарудың қажеттілігін, оның дәстүрлі және арнаулы функцияларының мазмұнын қазіргі жағдайда бұл басқарудың рөлі мен маңызын ашу қажет.

«Қаржылық менеджмент» пәнінің негізгі міндеттері:

  • Стунденттердің қаржылық менеджменттің тұжырымдалық негіздері мен меншікті қаражаттарды кәсіпорынның негізгі және айналым капиталын басқарудың теориялық базасын білуді қалыптастыру;

  • Қаржылық менеджменттің функциялары, құрылымы және қазіргі әдістері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру;

  • Қазіргі рыноктық экономикада қаржыны басқарудың стратегиясы мен тактикасы туралы түсінікті қалыптастыру;

  • Алынған білімдерді кәсіпорынның қызмет үдерісінде практикалық пайдаланудың машықтарына телу.

 Білім мен мүмкіншіліктер:

- экономика мен қаржы, статистиканың жалпы теориясының негізін білу;

- арифметика, алгебра және жоғарғы матеметиканың негіздерін білу;

- кестелер мен графиктерді құра білу;

- өз түсініктерімен еркін басқара біліп, қалыптасқан пікірді толық-қанды жеткізіп, басқа пікірлерді жоққа шығырып, дискуссияға түсе білу керек;

- белсенділерден қорықпай, бөтен пікірлерді де тыңдай алу керек.

Алға қойылар талаптар:

Міндетті түрде дәрістемелік сабақтарға қатысу (10% қорытынды балдан), тәжіребиелік сабақтарға қатысып, пікір таластарға белсенді қатысу (10%), СӨЖ тапсырмаларын орындау (10%).

Екі аралық бақылау қарастырылған: 1 – сі коллоквиум түрінде (35 %), 2- сі жазбаша жұмыс түрінде (35 %). Берілген талаптардың орындалу барысы емтиханға кіру рұқсатын қамтамассыздандырады.

Пән жылдың бесінші семестр барысында оқытылады, кредит көлемі 18 сағат (10 аудиториялық сағат дәрістемелік және 8 аудиториялық сағат тәжіребиелік сабақтар).