Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции Қазақ тілі аудармалар.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
420.86 Кб
Скачать

Ақыл-ойында кемістігі бар оқушыларды қазақ тіліне оқытудың әдістемелік принциптері

Жалпы дидактикалық принциптерді қарастыра отырып, әдістеме бұл жеке сабақтармен жетекші әдістемелік принциптерге сүйене отырып сөйлем мен сөздерді қалыптастыруға болады. Осы заңдылықтың айтуынша тәуелді нәтижелерге тілді үйрене отыра адамдардың сөздік қоры дамиды, осыған байланысты сөздік қорды қалыптастыру үшін көптеген органдар бар. Тілдік қорды дамыту аппараты, тілдік механизмдік ми жарты шарын қалыптастыру.

Нақты заңдылықтарды білу анықталады, принциптермен танысу және оқу тілімен сөздерді үйрену үшін шапшаң және жақынырақ жолға түсу керек. Оқу процестерін компоненттерге бөле отыра схема жайлы көруге, құрастыруға болады. Тәжірибе барысында оқу жоспарларымен танысу керек, бұл әдістемелік принциптердің үйренуіне ықпал етеді және жалпы дидактикалық принциптер оқу үлгісі мен жоспарына қарай оқу жылына берілген жұмыстың бірі. Әдістемелік системаларды толық біліп шығады. Өз кезегімен оқу процесінде жұмыс жоспарымен танысып балаларға тәжірибелік дәріс беруге оңай болады деп есептеуде.

Әдістемелік принциптер біржақты болмайды. Барлық принциптерге сүйене отырып қазақ тілін үйрену процестермен жұмыс істеу барысында оқу грамматика, тілдік дамыту. Арнайы мектепте спецификалық әдістемелік принциптердің мектепте оқу жоспарын әлі дайындамаған. Зерттей келе, қалыпты интеллектісі бар балалар өз ана тілінің принциптерін, әдістемесін оңай үйренеді. Ал, интеллектісі төмен балаларға ана тілінде сөйлеу, сөйлем құрастыру өте қыиндау болады және әдістемелік принциптерге сүйене отырып дайындайды.

М.Р. Львова айтқан арнайы әдістемелік принциптерге қарасақ, егер көмекші мектепте оқитын балалар осы арнайы әдістемелік принциптерге сүйенбесе, онда балаларға ана тілін үйрену қиын болады. Қазақ тілін мынадай бөліктерін қарастырамыз:

1. Коммуникативтік білім беру;

2. Екі бағытта оқыту, ойлану және сөздік қорды дамыту;

3. Мотивациялық тілді үйрету қажет;

4. Оқу жылында бала тілін қазақ тіліне үйрете бастау;

5. Ауызша және жазбаша тілді дамыту.

Осы принциптер қазақ тілі сабағын түзету мектебін коммуникативті принцип деп анықталады. Тілдік дамытушылық қиындау балаларға тілдік сөздік дамымауы, кешеуілдегені кезінде балалармен қарым-қатынасқа түсу өте қиын болады. Петрова айтуынша ақыл-есі кешеуілдеген балалар, тілдік қоры дамымаған балалар қарым-қатынасқа түсуге ынтасы болмайды, сұрақ қоюға, жауапқа дайын болмайды және қашқақтайды. Кейде бұл балалар сұраққа теріс жауап береді. Ақыл-есі кем балаларға сөздік қорды дамыту үшін диалогтік монологтік әңгімелесуге тарту керек. Осы заңдылықтарға сүйене отыра педагогтар, мұғалімдер балаларға түзету сабақтарын жүргізеді және балаларды қарым-қатынасқа тарту керек.

Коммуникативтік принциптерге сүйене отырып балаларға білім беруде балаларға жоғары дәрежеде дәріс беру керек (фонетика, морфология, синтаксис) қарым-қатынасқа түсу үшін қазақ тілі ережелерін нақты білу қажет және балалар сұраққа жауап бере алатын болу керек. Балаларға оқу жоспарын қызықты болмасын деп баланы оқыған жағдайында қызығушылыққа ынталандыру қажет. Балаларға сабақтың мазмұнын ұмытпау керек және балаларды мадақтап қою қажет. Көптеген жаттығуларды үйрету, тақтаға шақырып жаздыру, кітапты іздеу және т.б баланы сабаққа қызығушылығын дамыту қажет және дифференцивтік индивидтік сабақ беру кезінде ұжыммен жұмыс істеу және көпшілікте сабақ айтуды үйрету қажет. Бастауыш сынып оқушыларына жеңіл принциптерді үйрете бастайды. Жоғары сынып оқушыларын да осы принцип, бірақ та басқа жолымен қарастырылған, 5-9 сыныптарда теориялық мәліметтер көп болған жағдайда грамматикалық жаттығулармен айналысады. Жаттығуларды орындаған уақытта сөйлеу тілі тәжірибесіне аса пайдасы бар. Коммуникативті принциптерге, жаттығуларға сүйене отыра, балаларға дәріс берген жағдайда ұтымды жолмен жүргізіледі. Бұған мысалы: сұрақ-жауап, диалогтік оқу, интонацияны дұрыс қою, үлгі ретіндегідей диалогті құру,түсінік, пікірталас, киносюжет, ойындар және т.б. Барлық тапсырмаларды орындап болған сон, тілдік мәліметтерді қолдана отыра лингвистикалық, грамматикалық, ауызша сөйлеу тілін тексеру қалыптасады.

Сөйлеу тілі бұзылысы бар балалардың танымдық ерекшеліктері бойынша материалдар табу. Оқушыны мұғалімдер сұраққа тартады, мысалы: ата-анасының есімдерін сұрайды, жұмыс орнын, әпкесі, ағасы туралы және т.б. сөйтіп баланың сөздік қорын байытады. Осы сабақта мамандар балаға сұрақтарға қалай жауап беруді, 3 сынып оқушыларында сұраққа жауап беру, сұрақ қоюы қалыпты жағдайда болады. Мысалы: әпкен қандай жұмыс істейді? Баланы тексеру үшін осындай сұрақтар қояды.

Ойлану және сөйлеу қабілетін қалыптастыру, ойлау, еске түсіру, тілдік қорын дамыту, психологиялық заңдылығына қалыптастыру. Интеллектісі бұзылған балаларда тілдік қоры қалыптаспағандықтан қарым-қатынасқа түсу өте қиын болады. Өз кезегінде логикалық ойлауында жоғалтады және қарым-қатынасқа түспей өз-өзін шектетіп қояюы мүмкін. Осы үнсіздікті жою үшін балаларға оқу үрдісін қалыптастыру керек. Н.И. Шишкин айтқандай «тіл-бұл интеллектінің даму шеңбері, интеллектісі бұзылған балалардың тілдік қарым-қатынасы жоқ». Тілді дамыту үшін түзету жұмыстарын жүргізіледі. Сөздік системаларды дамыту үшін ойлау процесін қолдануға бағыт бағдар беріп ақыл-есі кем балаларға тілдік қорын дамыту үшін көптеген принциптерге сүйене отырып түзету жұмысын жасайды.

Оқу процесінде оқыту кезінде екі бағыт арқылы сөйлеу және ойлау процестеріне сүйеніп білім береді. Біріншіден ақыл-есі кем балалардың сөзі, бақыланған сабақтар арқылы түзету жұмысына үздіксіз қатысатын балаларда едәуір жақсы дамиды. К.Д. Ушинский өз уақытында былай айтып кеткен: сөйлеу тілін, ойлау қабілетімен бірге ұщтастырып дамытуға болмайды деген және екеуінде бірге дамыта отыра түзету жұмысын жасауда балаға қиындау және баланың даму процесіне кедергі болады деген. Осы ережені мамандар сабақ берген кезде ұмытпау қажет. Сондықтан да арнайы мектептерде сабақ беру кезінде әңгімелесу, балалармен қарым-қатынасты орнату үшін сабақ мазмұнын арнайы берілген тапсырмалармен оқытады. Осындай информацияны сөздік қабілетін қалыптастыру үшін және де логикалық ойлау процесін жүзеге асырады. Бұл қазақ тілі сабағында балаларға, грамматика, лексика сөздерге жұрнақ жалғауларды қоюды үйретеді. Ақыл-есі кем балаларға лексика, грамматиканы жеке-жеке түсіндіріп, осы ережелерге сай мысалдатып үйретеді. Балалар ажыра алмағандықтан сөйлем құра алмайды. Грамматиканы үйрену үшін балаларға бірінші сөздермен таныстырады, олар қандай сұраққа жауап беретінің сұрап, содан сон сөйлем құрастырады. Ауызша сөйлеу сабағында балаларға лексикалық сөздердің мағынасын ашып және түсіндіре отыра дамыту. Мысалы: грецкий жаңғақ, кедровый орешек, мысық сыбырлап жатыр, ит тамақ ішіп жатыр және т.б. Грамматикалық тілдік қорды дамыта меңгеруі үшін мына жаттығуларға сүйене отыра дамытады.

Мысалы: бастауыш пен баяндауышты ажыратып оларға дұрыс сұрақ қою, сөйлем құрастыру және т.б. жаттығулар жасайды. Бастауыш пен баяндауышты ажырату үшін қызықты жаттығуларды орындау балаларға ақыл-есіне кем болғандықтан жеңіл түрінде үйретеді. Қазақ тілі оқушыға қызықтыруда тілдік мәдениетімен қатар оқыту процесінде мектепке дейінгі оқушыларды тілдік заңдылықтарды ескерген жөн. Мектепке дейінгі ақыл-есі кем балаларда ана тілге деген оқыту, олардың ана тіліндегі дәрежесін анықтау керек.. қалыпты балада ана тілді меңгеру ана тілді меңгеру кезінде бала заңдылықтарды тез ұғады (фонетика, сөзқұрам, грамматика). Ф.И. Буслаев айтуынша ең алдымен жаттығу, кейін түсік қалыптасады дейді. Бұл заңдылық жалғасуы мен оқыту ақыл-есі кем балаларға қажет, себебі бұл заңдылық дамытуға әкеледі. Бірақ мектепке дейінгі ақыл-есі кем балаларда бұл принцип бойынша тілдің оқыту тірегін арнайы оқытусыз бір мезетте болу қажет. Сонымен қатар сөйлеуді қалыптастыруда баламен қарым-қатынасқа түскен абзал. Сондықтан мектепке дейінгі бұл методикалық принципті қазақ тілін қалыптастыру деп аталса, содан соң сезу тірегі болып табылады.

Тілдік сезінуді қалыптастыру кіші сыныпта қазақ тілінде болады. Арнайы сөйлеу практикасына баланың сөзге, сөйлемге, құрылымына, логикалық қасиеттеріне, лексико-грамматикалық категориясы сөздердің, сөйлемдерді қалыптастыруы керек. 1-сынып, 2-4 сынып оқушылары сауат ашу сабағында әртүрлі сөйлеу жаттығуларын өзгертуіне оқушыда сөйлеу қабілетін арттырады. Кіші сыныпта сөйлеу фундаментімен оқушыға қызықтыру мақсатында практикалық-грамматикалық жаттығулар орындалады. Үлкен сыныпта сөйлеу дағдысын, грамматиканы, мәтінді түсіну қажет. Сөз құрамы, сөйлемнің сөйлеу кезінде анализге тікелей байланысты. Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеу арасындағы принцип- қарым-қатынасқа түсудің амалы. Ауызша сөйлеу жазбаша сөйлеуге тікелей байланысты, қарым-қатынас орнату, интонация, лексика, жест қолданылады.

Жазбаша сөйлесу ауызша сөйлеуге қатысты. Себебі оқуда қиындық береді, жазбаша сөйлеудің ауызша сөйлеуден айырмашылығы осы. Жазбаша сөйлеудің қиындығы психологтар абстрактілі, дәрежесі регламентті ауызша сөйлеуден айырмашылығы осы. Жазбаша, ауызша сөйлеудің қалыптасуы, логикалық даму дәрежесі ауызша сөйлеуге әсер етеді. Ақыл-есі кем оқушыларда екі форма да дамымайды. Л.В. Зинкова, В.Г. Петрова, Р.К. Луцкина зерттеулері жазбаша формасы ақыл-есі кем балада белгілі этапта ауызша сөйлеуге қарағанда дами түседі дейді. Авторлар жазбаша кезінде бала ойын жинақтап жазады дейді. Оқушыларды әртүрлі оқыту барысында жазбаша, ауызша сөйлеу оқушыға жақсы әсер етеді. Филогенетикалық сөйлеу қасиеті сөйлеу формасына жағдай жасайды. Бастапқы кезінде күрделі сөйлемдер ауызша сөйлеу сабағында болса, кейін грамматикалық және жазу сабағында, грамматикалық қасиетімен және жазбаша сөйлеу кезінде қолданады.

Жазбаша сөйлеудің формасы- ауызша сөйлеу кезінде дайындық сабағы ретінде болады. Оқушы сөздерді талдап құрамы, грамматикалық және стилистикалық және мәтін бөлігін талдап, дәптерге жазады. Балада әрдайым дұрыс әдіс сөйлеуімен синтаксистік екпінге көңіл бөлу керек. Ауызша сөйлеу кезінде интонация әдісі көңіл күйін көрсетеді. Грамматикалық және жазу сабағы кезінде жиі диктант, шығарма, мазмұндама жазу керек. Себебі ауызша сөйлеуге де ықпалын тигізеді. Әдістер принциптері балалардың түзетуіне әсер етуі. Әдістер мен тәсілдерді сөздің саны мен сөзге бөліп, әр сөзге мән бере басқа сөзбен салыстыру, суретке қарай талдап, сөйлемнің көлемін білу талдау жасау керек.

Қазақ тілі сабағында басты ерекшелік тәсілі- әңгімелесуде. Әңгімелесудің маңыздылығы сөйлеуді дамыту мен қатар ойлау қабілетін арттыруына септігін тигізуі, оқыту мақсатында репродуктивті қолдану абзал. Көмекші мектепте бұл аса маңызды рол атқарады. Бірақ репродуктивті әдіс модификацияға қосу керек, себебі ойлауға қабілетіне қатысты болады. Әріп есте қалу мақсатына қарай бірнеше мысал келтіру қажет. Мысалы: есте сақтау, сол сәтте оқушыға тапсырма беру, әріпті жасыра отырып, көршісіне жасыру, соны табуға тиісті тапсырма беру. Әріпті таба отырып балада әріп таңбасы мен түсінігі қалыптасады. Механикалық есте сақтау жаттығуы кезінде мінез-құлық өзгеруі, талдау жасаудың бастамасы болады.

Сөйлеу әрекеті мен ойлау операциясы заттық әдіс арқылы тілге ыңғайлап отырып, сөйлеу мен ойлауды қалыптастыру. Психологтар мен методистер көмекші мектептерге ақыл-есі кем балаларда сөйлеуде тұйықтылықтарды, сөйлеу түрткісі төмен екендігін байқаған. Қосымша тілдік материалдар балалардың қызығушылығын арттыруын дәлелдейді. Қазақ тілін белсенді түрде үйретудің жүйе ретінде түрткі болады. Бұл ұстаным қазақ тілі оқуы барысында оның құрылымын әдіс таңдауда оқыту тәсілінде жаттығу түрлерінде және ұстаздың іс-әрекетіне сәйкес келуі керек. Мысал ретінде ұстанымның әдебиет сабағында білінеді. Әдебиет сабағында мазмұнында оқу жылдамдығы оқушыға әсер етеді. Оқыған кезде эмоция көрсету, психологиялық өмір мәселелерінің көрінісіне, бұл тақырыпқа қызығушылықпен, кейіпкерлердің іс-әрекетінебаға беру арқылы өздерінің жеке басына қатысты уайымдармен бөлісуі т.б. Сөйлеу қабілетін арттыруда ең маңызды-сабақ құрылымы. Сабақ құрылымы жүйелі болады. Уақытқа қарай жұмыс жасайды, ауызша сөйлеуден кейін жазбашаға, логиканы сақтай отырып бір этаптан келесі этапқа көшкен кездегі болу керек.

Сабақ құрылымында таңдай әдісімен тәсілдер тығыз байланысты. Сонымен қатар сөйлеу, ойлау қабілетін атқарады. Грамматика және орфография сабағы кезінде оқушылар жай және жалаң сөйлемдерді ажырата алуы тиіс(7-9сынып) және сөйлеу кезінде қолдану міндетті. Ауызша сөйлеу сабағы нәтижелі болу үшін келесі шарттар болу керек:

  1. Грамматикалық қасиетіне байланысты әр топқа сай тақтаға жазылған сөзді интонациямен оқу, жай және күрделі сөйлемді ажырата білу;

  2. Кітаппен жұмыс жасау. Жай сөйлемдерден күрделі сөйлем құрастыру, тыныс белгілерді ажырату.

  3. Карточкамен жұмыс жасау. Жай және күрделі сөздерді қатар-қатар оқу. Байланысу жағынан сөйлем талдау.

  4. Сұраққа жауап беру. Кеше қайда болдың? Сөйлеуді дамыту сабағында заттың көлемін, түсін, дәмін: алма-қызыл, далалық, дәмі тәтті оқушыға жалпы түсінік қалыптастыру қажет.

  5. Сөйлем құрастырып үйрену. Мысал ретінде адамдардың қолайсыз жағдайдағы реакциясына баға беру.

  6. Анологиялық жазбалар арқылы мәтін құрастыру, күрделі сөйлем құрастыру. Сауат ашу сабағында негізгі рол- мұғалімнің іс-әрекеті. Мұғалім баланы қызықтыра мадақтап, бағалай, сыныпта жақсы ауа райын қалыптастыру керек.

Тілдік қалыптастыру және тірек принципі.

Оқушының қалыпты даму кезінде үлкендермен қарым қатынасқа түсуі барысында сөйлеуді дамытады. Коммуникативтік мақсатқа меңгереді. Қазақ тілі заңдылықтарына сүйене отырып(фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік) барлық бағытта жұмыс істеуі керек. Сонымен қатар ана тілін меңгеруі кезінде қиындықтар туады, сөйлем құрауы т.б.

51-65бет