Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции Қазақ тілі аудармалар.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
420.86 Кб
Скачать

Мәнерлеп оқу

Мәнерлеп оқу – мәтіннің эмоцияналдық және мағыналық мазмұнының, әртүрлі интонацияның көмегімен көрсетілетін оқудың сапасы.

Лингвистер интонацияны сөйлеудегі дыбыстардың қалыптасуынан және мағыналық, эмоциональді жағын тон, сөйлеу ритмымен, сөйлеу типімен, дыбысталу кұшімен, сөйлеу арасындағы паузамен және жалпы айтылу кезіндегі дыбысталу арқылы көрсетіледі.

Мәнерлеп оқыту дағдысын дамыту сабақ барысында және сыныптан тыс уақытта әдеби кітаптар арқылы, сонымен қатар арнайы таңдалып алынған жаттыңулар арқылы жүзеге асады.

Мәнерлеп оқыту дағдысын дамыту түрлері мен әдістері:

  1. Дыбыс, буын,сөз, жаңылтпаш, төрт жол шумақты анық айтқызу арқылы 1 – сынып дыбыстау, сөйлеу кезінде нақты артикуляциясын, дұрыс тыныс алу дағдысын қалыптастыру.

  2. Хормен оқу – мұғалімнің дауыс күшін, дыбысталу мелодикасы мен сөйлеу темпін ұғынып, түсінігін қалыптастыру. Сол сияқты жаттығулар мәтіннің кейбір сөйлемдерді немесе төрт шумақтар физкультминуттарда қолданылады. Сонымен дауыс күшін реттеу дағдысын қалыптастыру, яғни, мазмұны мен дауысталуы сәйкес болу үшін, балалар тақпақтар жаттайды, үзілістер кезінде оқыту сабақтары барысында және қозғалыс кезінде қатар жүріп отырады.

  3. Еліктеу арқылы мәнерлеп оқу. Бұл тәсіл арнайы мектептердің бастауыш сыныптарында жетекші орын алады. Сонымен қатар бұл мәнерлеп оқудың үлгісін бірінші мұгалім көрсетеді. Ақыл – ойында бұзылысы бар балалар үшін оқып жатқан адамды тыңдап қана қоймай, оның мимикасын, жесттерін көру қажет. Грамматикалық көшірмелерді (грамзаписи) тыңдау арқылы және тыңдалған туындыны оқушылырмен бірге отырып талқылаған болса, сол туындыны мәнерлеп оқу әрекет жасағанда ғана нәтиже береді. Сөйлемнің бірінші әріпінен бастап оқушыларға мәнерлеп оқуын жаттықтырады. Себебі, мәнерлеп оқуды буындап оқуға болмайды, мұғалім хормен және индивидуальды дыбысталуға көңіл бөледі. Балалар ересектерден кейін бірден сөйлемді қайталап отырады. Сөйлемді бірнеше рет буындап оқығаннан кейін, сөйлемнің тыныс белгілеріне қарай дыбыстайды.

  4. Рөлдеп оқу, мәтінді драматизациялау. Бұл амалдар күрделі болса, нітижелі болып келеді, себебі, оқушы амалсыздан ауыз екі сөйлеу тілінен мәнерлеп оқуға ауыстырады. Осы амал тиянақты дайындықтан кейін қолданады. Сол кезде балалар мәтіннің мағынысын жақсы түсінеді және жылдам оқи алады. Дайындық процесінде оқушы диалог ішіндегі автор сөзінеде мән беру керек және автор сөзінде бір оқушы оқуы тиіс. Себебі, автордың сөзін ажырата алу ақыл есә кем балалар үшін өте қиын болып келеді және бұл жұмыс 3 – ші сыныптап оқулықтан, индивидуалды карточкалардан немесе тақтадан оқытыла бастайды. Әрекеттегі тұлғалардың сөздері түрлі – түсті блоып жазылады. Осындай түрде түсті жолақты рөлдеп оқитын оқушыларда алады.1 – оқытылудан кейін, жақсы оқығандар келесі оқушыға береді; 1 – оқуда қателіктері болған оқушылар қайталап оқиды. Кемелденген шаңына жеткенде жеткенде, мәтіндегі автор сөздерімен төл сөздерді бірге оқымай, олардың назарын қайта кітапқа аудартады. Диалог мазмұнындағы әрекеттің жағдайын ұқсату үшін сахналық реквизиттер: киімдер, жиһаз, аңдардың бет пердесін қолданады.

  5. Интонация амалдарын орындаудың арнайы жаттығулар және саналы түрде қолдану методикасын анық жасаған М.Ф. Гнездилов. Мәнерлеп оқытуға дайындықты 1 – сыныптан бастау қажет. 1 – сынып оқушыларымен жүйелі түрде жұмыс жасаса, жылдың аяғында оқушылар синтаксистік үзілістерді сапалы түрде сақтауды, сөйлеудің аяғында дауысты төмендетіп, нақты және анық оқи алады. 2 – ші сынып оқушылары мұғалімнің интонациясын ізінше қайталай алады, олар сұрақта берілген негізгі сөздерді бөліп алу жағын қарастырады. Бұл оқушылардың осы кезеңде саналы түрле екпінмен жұмыс жасай алады деген сөз емес. Бұл біліктіліктің қалыптасуы жай, әрі бұл процестерде арнайы жаттығулар жасалып отыруы керек. 3 – сыныптан бастап оқушылар едәуір болсада сөздерді бірдеп, бүтіндей, оқу біліктілігі артқанда, интонация құралын мәтінді оқу барысында дамытады. Темпен және сөйлеудің әуезділігімен, тонмен, дауыс күшімен, кейіпкердің нақты мінезімен,лоардың жасы, нақты ситуациямен жұмыс жасалады. Оқушылар мұғаліммен бірге осы жағдайда қандай темп қойылатынына талқылау жасайды. 3 – ші сынып үшін актерлік мінезіне сай, кейіпкердің сөздеріне нзар аударған орынды (сыбырлау, айғайлау), өз бетімен автордың нұсқауларын орындауды талап ету керек. Логикалық үзіліспен (пауза) жұмыс жасау, ақыл – кем балалар үшін күрделі. Сол себепті кіші сыныптардаосы жұмыстарды өткізбейді. Балалар үзілісті мұғалімнің айтқанымен жасайды. Бірақта бұл жағдайда оқып жатқан баланың мәтініндегі мағына бұрмаланады, сол себепті мұғалім қате үзілістерге, тоқтауларға түзету жасап, мағынасына қарай болатын үзілістерді көрсетіп отыру керек.

Жоғарғы сынып болған сайын интонацияның компонентарлы сөйлеу жұмысы барынша түсінікті болады. Туындыға талдау жасау үдерісінде логикалық үдерістер анықталады, мағыналық екпін жасау арқылы сөздер,ол әр абзатцта тон мен дауыс күшімен белгіленеді. Мәнерлеп оқу жұмысын шыңдау мақсатында:тақпақтар, прозалық үзінді, жаттауға арналған арнайы бағдарлама,эмоциялық жағдайға толы қысқы әңгімелер.

Интонациялық, мәнерлеп оқуға алынған мәнінде бірінші мқғалім оқиды, кейін оқушы ішінен оқиды. Бұл балалар мәтінмен танысып, интонациялық қателіктер жібермеу үшін жүргізіледі.

Талдау процесі кезінде тон мен сөйлеу темпі белгіленеді. Жоғарғы сыныпта өлеңді талдауда (7сынып)

  1. Өлең жолдарын мұғалім оқиды.

  2. Өлең жолдарын оқушылар іштерінен оқиды

  3. Әңгімелесу және мәтінге белгі қою.

Оқу біліктілігін қалыптастыруда мынаны ескеген жөн. Егер мұғалімнің өзі жетік меңгерген,мақсатты түрде туындының мағынасын талдауды ғана емес, сонымен қатар мөнерлеп оқуды жақсы меңгерген болуы тиіс. Мәтіндегі логикалық екпін, логикалық және психологиялық үзіліс, дауыс тонының талдау көп жағдайда индивидуалды қабылдауға байланысты екені даусыз. Сонымен қатар бірнеше ережелер бар, бқл ережелер кәсіби түрде мәнерлеп оқуға дайындықты қажет етеді.

Түсініп оқу

Түсініп оқу-ақпараттарды толық түсіну кезіндегі мәтіннің мағыналық және саналы жағын меңгерудің басты көрсеткіші. Бұл білімді дамыту кезінде басты орынды мектепте өтетін сабақтың түрлері: оқушыларды мәтінді қабылдауға дайындау, балалар немесе мұғалімнің алғашқы оқуды айту, қайталап оқу кезіндегі талдау, жоспар құру, мазмұн айту, әдеби туындылармен жұмыс, өтілген тапсырмаларды қорытындылау.

Бірақ, бұл жұмыс түрлері арнайы мектепте бірнеше спецификалық түрді ұсынады. Оқушыларды мәтінді қабылдауға дайындау алдын ала берілген әңгімемен шектелмейді. Ол көптеген әдіс тәсілдер арқылы тереңірек қолданылады. Кіші сыныпта дайындық сабағындағы тақырыпты толық түсіндіру үшін көрнекіліктер арқылы нақты жағдай құруды талап етеді. Дайындық кезеңін әңгіме түрінде өткізуге болады.

Жоғарғы сыныптардардағы оқушыларды әдеби туындыларды оқытуға дайындау біршама өзгеше болып келеді. Себебі, олардың жас ерекшеліктеріне сай қабылдау қабілеті жоғары және оларға берілген тақырыпты, ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Әдебиеттердегі жағдайлар балаларда қоршаған ортаны түсіну қиын болады. Бұл жағдайларды түсіндіру үшін мұғәлім көрнекі құралдар арқылы сабақтың мазмұнын нақты көрсету керек.

Жоғарғы сыныптардағы дайындық процесстердің басты көрнекі құралдарына картиналар, кино, бейнебаян,музейге экскурсия және т.б жатады.

Сөздік жұмыс-түсініп оқу дағдысын әртүрлі деңгейде сабақты өткізу. Әр деңгейде 2 немесе 4 сөздерді алады, ал керісінше жағдайда балалар олардың семантикасына үлгермейді. Сөздің мағнасын мәтіндегі көп мағналы және таныс емес сөздерді мұғалім дайындық жұмыс процесінде түсіндіреді. Сөздердің деңгейлерін дұрыс оқу кезіндегі дайындық жаттығуларда немесе сөздік жұмыс барысындағы арнайы деңгейде мұғаліммен бірге тақырыпты қортындылау. Түсіндіру кезінде мұғалім балалардың назарын өзіне аударады. Сонымен қатар балаларды тақырыптың ішінен таныс емес сөздерді табуға және оларды мұғалімнен немесе сыныптастарынан сұрауға үйрету керек. Бұл білімді қалыптастыру үшін мұғалімнен шыдамды болуды талап етеді,себебі ақыл есі кем балалар көп жағдайда таныс емес сөздерді байқамайды.

Арнайы мектепте басты қиындық әдеби туындыдағы бейнелеу әдістерін талдау. Бұл кезеңдегі басты қиындықтар образдық ойлаудың жетіспеушілігі балалардағы сезімдік қабілеттің төмендігінен туындыны суреттей алмауы, абстартілі ойлаудың дамымауынан бір ойдан екінші ойлау пройесі кезінде қиындық туғызады.

Алғашқы оқу кезіндегі басты орынды туындыдағы мәтінді толық қабылдау алады. Әдеби туындыны кіші сыныптарда мұғалім оқиды, ал балалар оқулықты жауып, тыңдап отырады. Ашық тұрған оқулық баланың назарын аударады. Бала мұғалімнің оқып жатқан сқздерін оқулықтан іздейді, сосын бала тақырыптың мазмұнын жоғалтады, оқылған кездегі мимикамен жесті байқамайды.

Жоғарғаа сыныптарда оқушыларға мәтінді өздеріне оқытуға болады. Бірақ эмоционалды көңіл күйді білдіретін іс-әректтерді туындының басты ойын мұғалім оқиды. Оқу іс-әрекеті оқушыларда жақсы дамыған болса, онда мұғалім оқып жатқанда оқулықты ашып мұғалімнің артынан еріп оқып отыруларына болады.

Тақырыпты талдау-қайталап оқу процесін немесе мұғалімнің оқып қойған туындысын қайталау. Кіші сыныптарда мәтін индуктивті әдіс арқылы талданады. Бұл әдіс балаларға жеңіл болады.

Жоғарғы сынып оқушыларында мәтіннің көлемі жоғарғы деңгейде болуы керек. Бұл кезде баланың қабылдау, ойлау қабілеттері жақсы жұмыс істейтін болады.

Мәтіннің мазмұнын бекіту оқудың таңдалған түрінде ғана емес сонымен қатар мәліметті басқа мәтінмен салыстыру, сол мәтінге арналған бенебаян, кинофильмдерді көрсету басқа да әдістердің көмегімен:мәтінің иллюстрация мен байланысын жеке орны, оқулықтағы орны үлгілерді дайындау, кейіпкерлердің суретін салу және мүсіндеу, өмірде болған жағдайлармен туындыда оқылған жағдай арасындағы ұқсастықпен айырмашылықты ажырату. Осындай жұмыс түрі жоғарғы сынып оқушыларына сжжетті образға кіріп әңгімелеуге көмектеседі.

Жоғарғы сынып оқушылары көлемі жағынан үлкен туындыларды оқитын болғандықтан (олар барін сыныпта оқып үлгермейді) мұғалім бірнеше бөлімін үйге тапсырма ретінде береді, мұндай жағдайда мұғалім оқудан соң жауап беретін сұрақтарды айтып жаздырады. Сұрақтар оқушыларға туындының негізгі мағнасынан ауытқып кетпеуіне көмектеседі.

Жоғарғы сыныптарда оқушылыр туындының бәрін оқып болған соң, оған талдау жасалады. Оқушылыр мәтінің бірнеше тілдік ерекшеліктеріне және кейіпкерлердің мінезін талдауға кіріседі. Ескерерлік жағдай, туындыдағы батырдың образымен мінезін көмекші мектебінде ең қарапайым болуы керек. Балалар батырдың өздеріне ұнаған образын жеке-жеке талқылап, бекітеді.

Оқудың жоспарын құрастыру жұмысы арнайы мектептерде 3-сыныпта басталады. Мұғалімнің көмегімен кіші сыныпта бейнелік және сөздік жоспар ұжымдық түрде құрылады.

Жоғарғы сыныптарда бұл жұмыс күрделене түседі,балалардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеттері артады.

Оқыған мәтінге мазмұндама айтуды оқушылар оқу жылының екінші жартысынан бастайды, ал 1-ші және 2-ші сыныптарда мәтінің мазмұнын сұраққа жауап беру арқылы жеткізеді. Ақыл-есі кем балалар үшін бұл жұмыс қиындық туғызатынын ескере отырып, олардың жұмысқа деген қызығушылықтарын жоғалтап алмау үшін қосымша әдістерді қолдана отырып қызығушылықтарын арттыру қажет. Оқушылардың сөйлеу тілдерін белсендендіру және қызығушылықтарын ояту.

181-197бет

Әртүрлі жанрдағы шығармалардың оқу әдістемесі.

Жалпы методикалық ұстанымнан басқа, әр түрлі көркем шығармаларды үйрету әрбір әдеби шығармаларда әдіс көлемін оқу үлкен орын алады.

Ертегі оқу.

Ерттегі барлық балалардың сүйіп оұитын жаныры. Сюжетте орын алатын дамуға жағдай жасайды, нақты және бірегей орын алады, үнемі қайталанып отыратын сөздер ертегі мазмұнын түсінуді жеңілдетеді және көбінесе арнайы мектептерде қолданылады.

Ертегілерде үлкен тәрбиелік күші бар, онда өнегелік жағы жариаланады және батырлардың мықтылығын анық көрсетеді. Бұл ертегілер балалар жанына жақын келеді.

Ертегі жоғары сатыдағы материал болып келеді және балалардың ойлауына дамытуға жағдай жасайды. Ақыл есі арта қалған балалар және де қалыпты балаларға әдебиеттердің ішінде қанддай жанр ұнайды десең ең алдымен ертегі деп жауып береді. Бұл ертегіге деген сүйіспеншілік жоғары сыныптарға дейін сақталып қалады.

Арнайы мектептерде оқуға арналған әдебиеттер ертегінің барлық түрлері көрсетілген: Тұрмыстық, сиқыр жайында, жануарлар туралы ертегі.

Ертегімен жұмыс жүргізу барысында келесідей типтері бар:

1.Ертегі оқу алдында ең алдымен балалармен практикалық жағынан жұмыс жасау керек (Кіші және жоғары сыныптарда) әңгімелесу, сурет көрсету, талқылау жүргізу керек, бұл балалардың ертегіге кейіпкерлерді жақсы түсініп қабылдауына көмек көрсетеді. Мыс: «Бауырсақ» ертегісін оқыр алдында оның қанадай екенін көргені орынды, қарап оның неден жасалғанын, оның түрі, көлемі қандай екенін, оның тез домалай алатындығын көргені орынды және жақсы есте сақтайды. Сол сияқты балаға жануарларды да қандай екенін қалыптастырса болады. Мыс: ертегідегі кейбіреулерін көрсетіп, кейбіреулерн сурет арқылы көрсетуге болады. Жануарларды көрсеткенде тек суреттегі қарапайым берілген жануарлар ретінде емес, ертегі әлеміндегі мықты және күшті ретінде көрсеткен өте маңызды.

2.Кіші сынып оқушыларына ертегі оқу алдында соның киносын корсетіп, сол сияты ертегі түсінігін суретте арқылы тақтаға іліп қойған жөн. Содан кейін балаларда ертегі оқу барысында оның мазмұнын көзіне елестете отырып оны тез қабылдайды. Мыс: «Бауырсақ» ертегісінде оқу барысында мұғалім бор мен тақтаға үйшікті салып, үйдің терезесінің алдында шалды, бауырсақты, арыда кемпірдің бауырсақ пісіріп жатқан суретін салып және жолды салып жолда бауырсақтың қоянмен кездесуін салса т.с.с.

3.Ертегіні тек қана кітаптан оқып берумен ғана шектелмеу керек , сонымен қатар мұғалім кітаптан оқу барысында, қысқаша түсінік айтып өту керек және бұл жағдайда балалардың назарын өзіне қарата білген жөн.Бұндай оқу барысында ең алдымен оқудың интонациясы сақталады. Ертегіні айтуда сөйлеуі және түрімен келтіру келтіру сақталып қалуы керек.

4.Ертегі талдау барысында негізгі мағынасы дәл өмірде болғандай болып суеттеледі. Талдау барысында балаларға сұрақтар қойылады. Мыс: «Түлкі және Тырна» ертегісінде балаларпға мынадай сұрақтар қоюеға болады.

- Түлкі Тырнаны қонаққа шақырғанда неге уәде берді?

- Түлкі қандай болып шықты?

- Түлкі Тырнаны немен тамақтандырды?

- Достықтын ажырауына кім себеп болды?

5. Ертегі кейіпкерлерәне байланысты орынен дауыс интонациясымен оқу.

«Түлкінің сөзін оқыңыз: Тырнаны қонаққа қалай шақырады, оны қалай тамақтандырады, қалай кешірім сұрайды. Түлкінің айтқаны басқа, ал ойлағаны мүлдем басқа екенін дауыспен жеткізуге тырысыңыздар». Егер балалардан шықпаса мұғалім оқу үлгісін береді.

Содан кейін осы үлгіге тырнаның сөзін қалай оқу керектігі шешіледі: «Өз ішіңізден тырнаның түлкіге айтқан сөзін оқыңыз. Оның түлкіге алғыс айту себебі барма? Не себепті ол «рахмет» айтты? Бұл сөзді ол қалай айту керек? Тырна түлкіні жақсы тамақтандыруды ойладыма? Неге ол түлкіні қонаққа шақырады? Шақыру деген сөзді қалай оқу керек?»

6. Оқушылар өткен жұмыстағы ертегінің түсінігін айтып беруге жақсы дайындалу керек. Ертегі мәтінге жақын толық айтылады. Осыдан қысқа ертегі толығырақ, әрі ұзақ – мұғалімнің тапсырмасы немесе балалардың таңдауы бойынша бөлек тармақтарға бөлініп айтылады.

Бастауыш сынып оқушыларын түсінік айтуға үйретуде мұғалімнің ертегіні оқу үшін дайындаған картиналық жоспарын қолдану қажет. Диафильмді қайталап көруге болады. Ертегіні бір айтушыдан тыңдай берудің қажеті жоқ. Балаларды шаршатып жібереді. Ережеге сәйкес ертегіні айтушылардың саны ертедегі эпизодтармен, картиналармен, диафильм кадрларымен анықталады. Үлкен сыныптарда картинаның жоспардан басқа ауызша жоспарда қолданылуы мүмкін. Ертегілер тармақтарға жақсы бөлінеді және оңай жатталады. Оқушылар ертегіде қолданылатын спецификалық сөздерді ұмытып қалмау үшін оларды жоспардың бөлімдеріне сәйкес тақтаға жазады.

Әңгімені оқу.

Оқу сабақтарында негізгі материал - әңгіме. Арнайы (түзету) мектебінің 2-6 сыныптарының оқу кітаптарының 50 % жуығын құрайды.

Әңгіме – бұл батырлардың өміріндегі жағдайлар мен эпизодтарды бейнелейтін хабарлау. Осыдан бейнеленген жағдай бір мезетте өтіп кетуі немесе ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Бірақ осы екі жағдайда да хабарлау қысқа көлемде, әр қатысушы тұлғалардың шектелуінен беріледі.

Әдебиеттану әзірге әңгіме типологиясына ғылыми негізделе алмайды. Әдеби тәжірибеде түрлі әңгіме бар: тақырып бойынша (табиғат, балалар, соғыс жайлы), әрекеттің өту уақытына байланысты (тарих, бүгінгі күн туралы әңгімелер), жанрлық мінездеме бойынша (юморлық, сатиралық, драмалық), композициялық күрделілігіне байланысты.

Арнайы мектеп оқушыларына күрделі мағыналық байланысы жоқ әңгімелер беріледі.

Арнайы мектептің әр сыныбының оқу кітабы әңгімелер күрделілігі әр түрлі сюжетті, бірақ олардың көбі құрылымы жағынан қарапайым мәтіндер.

Үлгі ретінде Л.Н. Толстойдың «Акула» әңгімесінің әдістемелік жұмысын 3 сыныпта бейнелейтін.

Бұл әңгімеде оқушыларға бәрі күрделі. Соның ішінде мәтіннің ақпараттық қатары, себебі ол оқушылардың жеке тәжірибеге сүйенуге мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар дайындық жұмыс үдерісінде көрнекілік құралдарға байланысты әңгіме жүргізу керек. Әңгіме барысында: кемені қарау пушканың хоботымен және оның жанында тұрған қолында фитилі бар адамды қандай адам екенін анықтау және фитильдің неге қажет екенін парусты көрсету және ондағы шомылып жүрген адамдардың неге ашық көлде емес осы жерде шомылып жүргенін анықтау акуланың суретін көру, соңында бұл кеме заманауи жаңа кеме ма соны анықтау керек.

Мұғалім әңгімені оқып бітіргеннен кейін оқушылар балаларды уайымдадыма? әсіресе қай мезетте балалар қаза болуы мүмкін деп қорққандары анықталады. Бұл жерде оқушыларды әңгіменің күрделі жеріне келмей, бірінші балалардың эмоциональды сол арқылы мәтіннің мағыналық шешімін түсінуге дайындалды.

Кіші сыныптарда бірден мағыналық сұрақ қойған дұрыс емес, өйткені балардаң көпшілігі сюжет логикасын түсінуге дайын емес. Сомен бірге қате жауаптар біррет дыбысталып мәтіннің келесі сараптамаларында айтылуы мүмкін.

Шығарманы мағыналық талқылауға мәтінді оқушылар оқу біткеннен кейін кіріскен жөн.

«Акула» әңгімесінде оқушының артиллерист және баланың әкесін бір тұлға ретінде қабылдамауы мүмкін еместігіне байланысты әңгімедегі адамдардың аттарын оқушылармен таныстыру қажет. Одан кейін неге капитан «шомылыңдар» деген бұйрығын анықтау керек. Әрекеттің қайда болып жатқанын анықтау керек және сахара деген не екенін білу керек

Келесі сараптаманы мынадай сұрақтар арқылы жүргізуге болады:

  • Шомылу қалай ұйымдастырылады?

  • Балалар қалай жүзді? Автор оларды кіммен салыстыратынын кітаптан табыңдар? Неге?

  • Балалар қайда жүзіп кетті? Неге?

  • Басында бұл жағдайға бір баланың әкесі қалай қарады? Ол кемейде кім еді?

  • Одан кейін не болды (бұл жерде мәтіннен оқыңыз)?

  • Неге балалар кәрі артиллеристтің айқайын естімеді?

  • Сіз қалай ойлайсыз ашық теңізде жүзіп балалар дұрыс жасады ма? Неге дұрыс емес екенін түсіндіріңіз?

Егер сынып әлсіз болса әңгіме оқып беруші бөлімін талқылаумен шектелуге болады.Бұл жағдайда педагог осы білімді ғана оқиды. Соңына дейін не болғанын білгісі келгендерге үйінен мәтінге толық оқып келу тапсырма тапрсырылады.

Екінші бөлімді талқылаған кезде оқушының назарын қалыпты жағдайдағы артиллеристтің әрекетіне аударған жөн. неге ол оқ атылғаннан кейін құлап қалғанын анықтау қажет, артиллеристтің мінезін оның бейнелейтін сөздер табу керек, балалардың тәртібін бағалау қажет.

Кітаптағы тапсырмаға байланысты әңгіменің жоспарын құрастыруға болады. Мәтіннің екінші бөлімін әңгімелеген кезде әңгімені түгел айтқанда диафильмнің дыбысталу қалпында орындаған жөн. Бұл үшін диафильм кадрлары бөлімсіз беріледі, балалар әр суреттің мазмұнын айтып беру керек.

Жоғарыда айтылғандай үлкен сыныптарда мәтінге сұрақ жалпылама түрде қойылады және батырлардың тереңірек логикалық көзқарасты талап етіледі.

1.Бастапқы әңгіме.Мұнда «хамелион» сөзінің мағынасын Чеховтың анықтамасымен берген. Бұл сөз «кесіртке» түрін ғана білдірмейді , адамның оның бағытына байланыстытығы «екі» сөзінің мағынасын білдіреді.Бақылаушы және қалалық.

2.Оқытушымен бірге оқытылатын текст.Бірінші текст талқыланбай оқытылады;Бақылаушы Очумлова оқушыларға былай түсіндіріледі.Оның нақты және толық мағынасы керек емес.Маңыздысы мәнерлеп оқуы.Балалардығ эмоцианалдық деңгейде ненің маңызды екенін түсіну керек.Дөрекі және сыпйы бастықтардың қарым қатынасы ретінде түсіндіріледі.

3.Бірінші текстің оқылуы.Әңгіменің соңына дейінгі мағынасы қиын сөздерді ғана түсіндіру қажет.

4.Текстке анализ және сөздік жұмыс.Чехов әңгімелердің кейіпкерлеріне қандай фамиляларды берді?Бұл таңдау кездей соқпа? неге Бақылаушы Очумлов базарда не істеді? Бұл оның міндеті ма Өз ойыңды дәлелде.Очумловты алаңда не қызықтырды?Ол Хрюкинің арызын басында қалай қабылдады Очумловтың сөзін тап Яғни оның билік басында куәгерлігін тап.Оның сөйлеу мәнеріне және бітпейтін ықылық тиюіне назар аудар.Очумловтың бірінші монологін оқы.Өз ойыңды білдір,Бастапқы бұйрықты интанациамен?.Очуимловтың тәртібі неге толықтай өзгерді? Неге? кездей соқ ол ұялды? Оның сөйлеу мәнерінде қандай интанациа қолданады? Ол енді қандай сөздерді қолданады сөздерді текстен тап.Очумловтің екінші текстегі сөзін тап?Оның генералдың итіне деген жылы қарым қатынасын және Хрюкинге деген дөрекі қарым қатынасын Текстен табындар.Чугорка және әлемдік талқылау? Сөздердің мағынасын түсіндіріңдер.Хрюкиннің күшікке деген қарым қатынасын айтыңдар?.Бұны Хрюкен қалай қабылдайды?.Бұл оқиғаның кейіпкері онң фамилясының іс қимылының бірдеи екенін түсіндірема?