Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции Қазақ тілі аудармалар.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
420.86 Кб
Скачать

Оқу жылдамдығы

Оқу жылдамдығы – бұл мәтінді шапшаң оқи отыра қабылдайтын темп түрі.

Адам ауызекі сөйлеуінің орташа жылдамдығы адамның жүйке жүйесіне байланысты минутына 100-180 сөз шамасында тоғысады. Мәтінді дауыстап оқудфң дәл осы жылдамдығы оның біруақытта ойлауының оптималдығы болып табылады.

Айтылғандай, ақыл-ойында кемістігі бар балалардың жылдам оқу біліктілігін дамыту – біршама ұзақ процесс. Тек 6-шы сыныпта ғана оқушылардың негізгі құрамы ауызекі сөйлеудің темпінде оқу процесіне жақындай бастайды, бірақ тіпті 8-сыныптың өзінде мақсатсыз жұмыс арқылы көптеген оқушылар ересектердің оқу деңгейіне жете алмайды.

Қалыпты жағдайда жылдам оқу дегеніміз – екпінмен дауыстап оқудың сөйлеудің екпінімен сәйкес келуі, ал саналы оқу оқушының анық, дәл оқып, мәтіннің мазмұнын терең түсінуімен айқындалады. Хаттамада оқуға кеткен уақыт, оқу әдісі және сұрақтарға берілген жауаптар тіркелді. 3-сынып балаларының дұрыс оқуын талдау кезінде ақаусыз оқып жүрген балалардың өзі сөздегі әріп саны көбейген кезде мүдіріп, қатені көп жіберетіні анықталды. Үш әріптен тұратын сөзді барлық оқушылар қатесіз оқиды. Төрт әріптен тұратын сөзден 30 пайызы қате жіберді, ал 5-6 әріптен тұратын сөзді оқығангда оқушылардың 40-50 пайызы жаңылысты. Ал 8 және одан да көп әріптен тұрытын сөздерді оқығанда балалардың 60 пайызы мүдірді.Барлығына тән ортақ қате қайталау, орын ауыстыру болып келеді.

Оқу кезінде оқушылардың бір дыбысты қайталай беруі дауысыз дыбыстардың сөздерде көп кездесуінен, яғни буын-буынға бөліп оқуы нашар жетілгенінен, сонымен бірге көру арқылы қабылдау қабілетінің төмендігінен де болуы керек. Көптеген жағдайларда олар әріптеп оқып, міндетті түрде буындарды бірнеше рет қайталайды. Мысалы: ав-автор-лар-лар. бас-бас-пахана. Мұндайдың көп қайталануын ақыл-есі кем балалардың күрделі құрамды сөздерді есте сақтау қабілетінің төмендігінен деп түсіндіруге болады, сондықтан да әлгіндей қайталаулардың болуы заңды. Сөздік қорларының төмендігі де баланың ой қорытып түсінуін және сөз бейнесін шапшаң қабылдауын тежейді. Ақыл-есі баяу балаларға тән шартты байланыстардың сылбырлығы қалыптасқан әдістермен жұмыс істеуді қиындатады. Оқушылар қысқа сөзді, сөйлемдерді оқып үйреніп қалады да, көп әріптен тұратын сөздер олар үшін жаңа қиындықтар туғызады. Н.К.Сорокинаның зерттеулерінде ақыл-есі кеш даму процестерінде ойлау және қабылдау буындары аналитикалық кезеңде бір-бірімен байланыссыз жататындығын сондықтан сөздерді жиі қайталап, сол сөздердің мәнін түсіндіруге тырысу керектігін айтады. Сонымен, балалар оқығанда «сүйді» деген сөздің орнына «сүйеді» деп, «көрдім» деген сөздің орнына «көремін» деп, «ойлашы» деген сөздің орнына «ойлаңдаршы» деп, «жұмысшы» деген сөздің орнына «жұмысшылар» деп, т.б. оқиды.

Оқушылардың барлық кезеңдегі оқу сатысында шатастыру мен мағына ауыстырудың кездесуі фонематикалық есту және артикуляциялық аппараттардың дұрыс дамып жетілмегендігінің салдары болуы мүмкін. Балалар былай оқиды: «қалқысыз» деген сөздің орнына «қалтқышы», «үйретемін» деген сөздің орнына «үйгететін», «ағаштан» деген сөздің орнына «ағастан»,т.б.

Әріптердің орындарын ауыстырып, басқа әріптерді қосып оқудың бәрі жоғарыда айтылған сырқаттардың салдарынан деп түсіндіруге болады.

Сыныпқа барғанда көптеген қателер түзеледі, бірақ қайталау мен әріптердің орнын ауыстыру есту қабілетінің дұрыс жетілмеуі әсерінен екенін айта кету керек.

Ақыл-есі кем оқушылардың дұрыс оқуын жетілдіру үшін төмендегідей шарттарды сақтау керек:

  1. Мұғалімнің бақылауымен күнделікті оқып жаттығуды ұйымдастырып отыру. Сабақтың 25-30 минутын тек оқуға бөлу.

  2. Оқу кезінде қателердің алдын алып және уақытылы түзетіп отыру.

Дұрыс оқуға мүмкіндік туғызатын арнаулы әдістерді ұсынамыз:

  1. Сөз, әріп, дыбыстар талдауы. Сыныпта қиын сөздермен жұмыс істеу. Қиын сөздер буынға бөлініп оқылады, талданады, қиылған әріптерден сөздер құрастырылады. Сонан соң баяу ырғақпен оқылады.

  2. Кестедегі қиын сөздер мен сөйлемдерді оқу. Оны оқушыларалдымен буынға бөліп содан соң бірге оқиды.

  3. Тақтаға жазылған шағын мәтіндерді оқу. Мәтіндегі оқушылар жиі қате жіберетін сөздер іріктелініп жазылады: дауыссыз дыбыстардан жасалған сөздер, жуан, жіңішке белгілері бар, құрамында «е», «я», «ю» әріптері бар, тағы басқа сөздер.

  4. Оқушылардың мәтін ішінен өзі таңдап алған қиын сөздерді мұғалімнің көмегімен оқуы.

  5. Сөздердің мәнін уақытылы түсіндіріп отыру.

  6. Әңгіменің қиын бөлігін сынып болып хормен әндетіп оқу. Осы оқылған мәтінді нашар оқитын оқушыларға қайта оқыту.

  7. Оқу кезінде көрсеткіш пайдалану. Көрсеткіш кітап беттерінде жұмыс істеуді жеңілдетеді, сөзді толық және дұрыс көріп, қадағалап қабылдауына, көру қабілеті төмен және тыныш отырып тыңдай алмайтын балалардың дәл көріп, дұрыс қабылдауына жағдай жасайды.

  8. Мәтінді жеке-жеке бөліп бергенде, әр оқушының мүмкіндігі мен қабілет дәрежесін ескеру керек.

  9. Жеке сөздердің дұрыс оқылуын ұжым болып талқылау. Барлық оқушы басқа бала оқып тұрғанда өз кітабынан қарап, бірге ілесіп отырады. Белгілі бір бөлімді оқып біткен соң әр оқушының жіберген қатесін тіркеп отырады, тек қате сөз мағынасын бұзып жібергенде ғана оқушыны тоқтатып, қатесін түзейді. Мұғалім тақтаға жазып, көрсеткіш көмегімен сөзді буынға бөліп оқытады. Кейде қатені түзетуге оқушыларды да қатыстырады. Сөйлемнің мағынасын бұзбаса да сөздің оқылу процесін тежеп, қиындық туғызған сөздерді де мұғалім тақтаға жазып, бұл сөзді де буын-буынға бөліп оқуын талап етеді.

  10. Дауыстап, жаппай оқу дегеніміз – барлық оқушылар бірден өз беттерімен, жолдастарына бөгет жасамай жартылай дауыстап оқиды.

  11. Әрқайсысы өз жылдамдығымен, біреу жылдамырақ, біразы баяу. Мұндай жаттығу оқуы

5 минутқа созылады.

  1. Әр сабақта 5минуттық оқу. Әр сабақта, мейлі ол әдебиеттік оқу сабағы, ән сабағы, сурет, математика сабақтары болсын балалар сабақ басталарда 5 минут шуылдап оқып, сонан соң кітапты жабады, әрі қарай кәдімгі сабақ басталады.

Жылдам оқу дағдысын дамытудың алғы шарттары:

  1. Бала көп оқуы керек. Оқушылардың өз бетінше оқуына сабақтың 25-30 минуты бөлінеді. Бұл кезде барлық балалардың оқуға қатысуын қадағалап отырудың маңызы зор. Нашар оқитындар қайта-қайта қайталап, қасындағыларын шаршатуы мүмкін, сондықтан оларды оңаша алып, аз-аздап оқыту керек.

  2. Бір мәтін сабақ үстінде бірнеше рет қайталанып оқылуы керек. Бұл жұмыс шығармашылық ізденіспен жүргізілсін. Мәтіннің мағынасын түсінбестен зуылдатып оқи беруден сақтандыру керек. Мұндай тәсіл оқушыларды сабақтан жалықтырып жібереді, материалға қызығушылығын төмендетіп, оқуға ынтасын кемітіп, селқос етіп жіберуі мүмкін.

Қайта оқытуда жақсы нәтижелерге жету үшін төмендегідей нұсқау әдістерді ұсынуға болады.

а) мәтінің оқылған жолдары бойынша сұраққа жауап беру;

ә) мұғалім түзеткеннен кейін жіберген қатені түзетіп, қайталап оқу;

б) мазмұнын талдау кезінде мәтіннің керек жерлерін тауып, қайталап оқу;

3. Тез оқуды дамытуда оқушылардың мәтіннің мазмұнын алдын ала білуінің зор маңызы бар, мысалы, мұғалім: «Қазір біз ақ тиіннің қысқа қалай дайындалатыны туралы оқимыз» немесе «Ал қазір балық пен бақаның қысқа қалай дайындалатыны туралы оқимыз», - дейді.

4. Мұғалім оқылатын мәтінде кездесетін қиын сөздерді алдын ала тақтаға жазып, балаларға дауыстап оқыңдар деп тапсырма береді. Осындай дайындық жұмысынан кейін, оларға мәтінді оқуқиын болмады және жылдам оқитындар саны көбейеді.

5. Жылдам оқуға жаттығу үшін бір әріпте ғана айырмасы бар кестені пайдалануға болады: мал-мол, шыбын-шығын, мысық-пысық. Бірте –бірте бұл сөздердің оқылу қарқыны арта түседі. Содан соң жаңа кесте ілінеді. Онымен де осындай жұмыс жүргізледі.

6. Мәтінмен әр түрлі әдістерді пайдаланып жұмыс жүргізу жылдам оқуды тез қалыптастыруға көмектеседі. Бір сабақта оқушылар мәтінді оқып, мазмұны, лексикасы, сөз тіркестері жағынан толық талдайды. Келесі сабақта, егер мәтін жеңіл әрі қызық болса, талдау жасамай-ақ мәтіннің жалпы мағынасы және оқиғалардың реті мен мазмұнын меңгеруге жеткілікті.

Енді жылдам оқуға үйретудің кейбір ерекшеліктеріне тоқталайық. 7-сыныпқа барғанда күшті топтарда жылдам оқи алу ерекше байқала түседі. Жасына қарай жіктеп, топтау әдісінің зерттеу нәтижесі осыны көрсетеді. Қабылдау формаларының толық қалыптасу ретінде орай, осы топтағы балалардың бір минутта оқи алатын әріптерінің саны 7-18 пайызға дейін өседі. Жалпы алғанда, оқуда синтетикалық қабылдау кезеңінің қалыптасуы 3-сынып оқушыларына қарағанда, жоғары сыныптарда өзгеріссіз болады. Оқушыларды оқуға жаттықтыру техникасы әлсіз болған сайын қабылдаудың өзіндік ерекшелігі көбірек болады.

Ақыл-есі кем кем балалардың синтетикалық қабылдау жылдамдығы бағаналар бойынша, бұрынғы кезеңмен салыстырғанда өсе береді. Егер екінші (аналитикалық буын) кезеңде ақыл-есі кем дамыған 3-сынып оқушыларының жылдам оқу екпіні қабылдау қабілетінің төмендігіне, яғни өздерінің даму ерекшелігіне сай болса, бұл кезеңде жылдам оқу екпінінің нашар қалыптасу себебі оқушылардың (сөз тіркесіндегі) сөздерді баяу синтездеуінен деп түсіндіруге болады. Сонымен, оқушының оқу техникасы неғұрлым нашар болса, орын ауыстыру, басқа әріп қосу, мағынасы, құрылысы күрделі сөздерді оқуда қателер де солғұрлым көп болады. Мәтіннің мазмұнының құрылысын бұзып, бұрмалап оқу онша көп байқалмайды. Мұндай ақаулар көбіне көру қабілетінің төмендігінен болады да, қайталау, екпін, оқылу кезіндегі кеткен кемшіліктерге жатқызылады. Қателер мәтінге кіретін сөз мәнінің қиындық туғызуынан, сөз құрылысындағы сөздік құрылымның күрделілігінен деп түсіндірілуі қажет.

Ақыл-есі жетілмеген балаларға оқу техникасын үйретудегі кеткен қателерді қайталап отыру кейін басқа да ол қылықтарды болдырмауға көмектеседі. Екінші (аналитикалық буын) кезеңде әріптерді ауыстырып оқу, қайталай беру кенет көбейіп кетсе, ал үшінші (синтетикалық) кезеңде баяулық, көңіл қоймау жағдайлары секілді қателердің азайғанын байқаймыз. Оның негізгі себебі – буынға бөліп оқуды, сөздерді, сөз тіркестерін көп рет қайталау нәтижесі. Әдебиеттік оқуды қайталай балалардың жылдам оқуға ынтасын арттырумен бірге, мәтіндегі жекеленген мәнді мазмұн өлшемдерді түсінудегі жетіспеушіліктерді толықтырады. Ақыл-есі жетілмеген балаларды синтетикалық әдіспен оқытқанда, олар негізгі басқыштарда мәтіннің мзмұнын жасырып тұрған сөздерді жобалап оқи салуды үйрене бастайды. Мысалы: «Ол ағаштан қағаз жасап шығарды»,- дегенді оқушы «Фабрика ол ағаштан қағаз жасайды»,-деп оқиды.

Мұндай ауыстыру берілген мәтіннің мазмұнын, мағынасын бұзбайды. Шамасы, жасырын сөзді ойлап табу сөйлемдегі жеке сөздердің мазмұнын дұрыс қабылдаудан туады. Мынадай сөз тіркесін қарастырайық: «Балаларға ата-бабаларының қалай өмір сүргенін, қандай өсиет қалдырғанын айтып беремін», - дегенді оқушы былай оқиды: «Балалаларға ата-бабаларға қалай өмір сүргенін, қандай өсиет қалдырғанын айтып беремін». Мұндай сөйлемді екі жерде ауыстыру бар. Екеуі де синтетикалық оқыту кезеңіндегі қалыптасу процесіне тән. Бірінші жағдайда «ата-бабаларының» деген сөз «ата-бабаларға» деген сөзбен ауысуын қалыптасып кеткен, мән бермеушілік қатесіне жатқызуға болады, бірінші сөз «балаларға» - шешуші әсер етуші сөз, «бабаларға» сөзі «ата-бабаларының» деген ойлы жорамал сөзбен ауысқан.

Айта кету керек, мұндай жорамал сөздер жоғары сынып оқушыларына ғна тән, дегенмен кейбір жеке оқушыларда тез оқу екпіні жақсы қалыптасқандықтан, олар оқып отырған мәтінің мазмұн-мағынасын түсініп, қадағалап отырады.

Сонымен ақыл-есі кем балалардың жылдам оқи алуын қалыптастыру процесінде көбіне саналық жағынан өзгерту тенденциясы көп байқалады екен. Әр басқыштан өткен сайын көзбен көру, құлақпен есту анализаторының оқу кезеңінде бақылауы күшейе түседі. Ауыстырымдылық қатесі, заңды түрде, күшті және орташа топтарда өз-өзінен түзеліп кетеді. Ақыл-есі кеш қалған балалар тез оқимын деп оқып отырған материалының мазмұнын түсіне алмай қалады. Сондықтан олар қайталап оқып, өз ырғағымен, өзінің тез оқығанда түсінбей қалған жерлерін түсіне алатындай екпінмен қайта оқуына тура келеді.