- •Арнайы (түзету) көмекші мектептерге арналған қазақ тілі пәнінің негізгі әдістемелері. Қазақ тілінің арнайы әдістемесі ғылым ретінде.
- •Негізгі дидактикалық принциптерді қазақ тілі сабағында ұйымдастыру
- •Ақыл-ойында кемістігі бар оқушыларды қазақ тіліне оқытудың әдістемелік принциптері
- •II Тарау сөйлеудің дамуы Ақыл-ойында кемістігі бар балалардың сөйлеу дамуының ерекшеліктері.
- •Ақыл-есі кем оқушылардың сөйлеу дамуының мақсаты мен жолдары
- •Сөздік жұмыс ( словарная работа)
- •Қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттарды зерттеуге байланысты арнайы сабақтарда ауызша сөйлеудің дамуы
- •Сауаттылыққа оқыту әдістемесінің лингвистикалық негіздері
- •Әліппеге дейін кезең
- •Әліппеге арналған жұмыс кезеңдері
- •Оқуға үйрену Оқуға үйретудің психологиялық әдісінің негізі
- •Ақыл есі кем оқушылардың оқу біліктілігін үйрену ерекшелігі
- •Оқу дағдысын қалыптастыру
- •Оқу жылдамдығы
- •Мәнерлеп оқу
- •5.Бірінші әңгіменің рөлге бөліп оқытылуы.
- •Оқудың түрлері
Оқуға үйрену Оқуға үйретудің психологиялық әдісінің негізі
Оқу бұл тілдік іс әрекеттің бір түрі, ол әріптік кодпен берілген қабылданған дыбыстық ақпараттың мағынасы.
Оқып үйрену көзбен оқу мен тілдік бірлікте(сөз, сөз тіркесі, сөйлем)және соңғы оның мағынасын үйрену болып табылады. Бұл процесс оқудың қандай түрі болса да мысалы дауыстап немесе іштей оқыса да дәл осы заңдылық сақталады. Бірінші жағдайда тілдік аппарат тілдің сырттық бейнеленуі топтастырылады. Екінші жағдайда тілдің ішкі топтастырылуы.
Оқудың кең ауқымды тәжірибесі және уақыт аралық тез оқудың жетілдірілген біліктілік компоненті аз роль ойнайды, ал көру бейнесі тілдік бірлік үлкен деңгейде мағынасына тікелей қатысты. Бірақ психологтардың зерттеуі көрсеткендей оқу тәсілінің синтаксистік құрылу сатысында мына нәрсеге өте үлкен мән беріледі: оқушының мағынасын түсінуі, сыртқы артикулярлы ма әлде жасырын екені. Оқудың техникалық құрылуы азырақ болса, соғұрлым дауыстап айту маңыздырақ болады.
Енді оқып келе жатқан балаға әріптің символы мен ауызша сөйлеу тілінің байланысын түсіну дәл осы арқылы болады. Қазіргі психологиялық заңдылықтамынадай нәрселерді қолданады: бірінші балаға сырттай оқуды яғни дауыстап оқуды үйретеді, содан соң ғана іштей оқуға дағдыландырады. Бұл тәсіл жазбаша ақпараттылыққа дағдыландыру. Ақыл есі кем балаларда әсіресе пайдалы сөздік, есту тілдік және мағыналы компоненттің арасындағы байланыс жасырын мектептерін жетінші сынып оқушысының өзі мәтіннің мазмұнын іштей оқығаннан гөрі дауыстап оқығаннан жақсы түсінеді. Кино түсірілімінің арқасында дәлелдей алады, оқып отырған адамның көзі оқып жатқан оқу жолымен бірге қозғалыста болады және арасында қысқа үзілісте болады екен. Ереже бойынша оқи алатын адам (мәтіннің күрделілігіне байланысты) бір жолда 3-6 рет үзіліс жасайды. Бұл уақытта мәтінді оқылғанды түсіну процесі жүреді. Егер сенсорлық қабылдау түсініксіз болса оқушының сөзі қайталама әрекет жасап оқыған жеріне қайта барады. Жаңадан оқып келе жатқан бала үшін қайта оралу мақсаты болу немесе сөзді қайталаумен анықталады.
Берілген психологиялық ерекшелікті ақыл есі кем балаларды оқытуды ескеру қажет. Көп қайталап оқудың көмегі ақыл есі кем балаларға тиімді болады, себебі олар сөз мағынасын түсінуге сөз интеллектісі сақталған балаларға қарағанда оларда төмен қиынырақ жүреді. Сонымен бұл қайталау жөнсіз тек дағдыға айналып кетуіне жол бермеу керек.
Тәжірибелі оқыған адамдар синтагманы түсінеді, яғни, сөз тіркесі «қас пен көздің арасы» деген бір мағына беретінін біледі.
Психологтың анықтауы бойынша оқу біліктілігінің үш этапын анықтайды: аналитикалық, синтаксистік және автоматты бірінші этапта бейнелік қабылдаудың бірлігі әріп немесе буын оқушының көру аймағы өте шектеулі. Оқылған сөздің мағынасын түсіну дауыстап оқылғаннан қалып жүреді, себебі уақыт керек бір буынды екінші буынға қосуға дейін.
Осы этапта оқушы сөздің бірінші буынын оқыған соң ары қарай сөзді өзі тапқысы келеді, бірінші буынға сүйене отырып ойланады. Бірақта буынның деңгейіне байланысты мағынасын ойластырады, бірақ ереже бойынша қателеседі.
Синтаксистік этапта оқудың бірлігі сөз болады. Сөйлемді оқу барысында сөздің ең соңғы бірлігін айтуда іске асырылады. Оқылған сөзге қарап бұл процесс қолайлы болады бірақ қате болуы да мүмкін. Бірақ ереже бойынша қателер сөйлемнің жалпы мағынасын бұзуға еш әсерін тигізбейді. Мысалы бала анасын көріп «жүгірді» соның орнына жүрді немесе құлап қалды орнына құлап түсті. Бірақ бұл этаптың да егер осылай қателер болатын болса бір біріне ұқсас сөздер, сөз және сөйлем мағынасына өз әсерін тигізеді. Бірақ бұл жүргізіп оқу дағдысының кепілі болып келеді.
Автоматты оқудың бірлік этапы синтагма немесе сөйлем. Түсіну процесі оқушының айтуынан бірінші тұрады, себебі бейнелік түсіну айтуға қарағанда тезірек жүреді. Бұл этапта қатесіз болуы да мүмкін себебі оқушы жүргізіп оқуға үйренеді.
Ақыл есі кем оқушыларды оқытуда осы үш этапта қадағалап өткізеді, себебі оларда уақыт көбірек созылыңқы болады. Бір жыл бойы және соның жартыжылдығында екі сынып оқушылары аналитикалық этапта болады. Үшінші сыныпта толық қалыптаспаған синтаксистік этап. 4-5сыныпта синтаксистік этапты аяқтау керек. Бірақ бұл ақыл есі кем балаларда уақытаралық екінші және үшінші этапта 6-7сыныпта автоматты оқуды үйрену керек. Бірақта зерттеулер көрсеткендей ақыл есі кем балалар автоматты оқуға қол жеткізеді. Оқудың жай дамуы балалардағы мағыналық түсіну әлсіз дамыған.
Ақыл есі кем балалар техникалық жағынан тез оқи алса да бірақ мәтіннің мазмұнын түгелдей түсіне алмайды.
