- •Арнайы (түзету) көмекші мектептерге арналған қазақ тілі пәнінің негізгі әдістемелері. Қазақ тілінің арнайы әдістемесі ғылым ретінде.
- •Негізгі дидактикалық принциптерді қазақ тілі сабағында ұйымдастыру
- •Ақыл-ойында кемістігі бар оқушыларды қазақ тіліне оқытудың әдістемелік принциптері
- •II Тарау сөйлеудің дамуы Ақыл-ойында кемістігі бар балалардың сөйлеу дамуының ерекшеліктері.
- •Ақыл-есі кем оқушылардың сөйлеу дамуының мақсаты мен жолдары
- •Сөздік жұмыс ( словарная работа)
- •Қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттарды зерттеуге байланысты арнайы сабақтарда ауызша сөйлеудің дамуы
- •Сауаттылыққа оқыту әдістемесінің лингвистикалық негіздері
- •Әліппеге дейін кезең
- •Әліппеге арналған жұмыс кезеңдері
- •Оқуға үйрену Оқуға үйретудің психологиялық әдісінің негізі
- •Ақыл есі кем оқушылардың оқу біліктілігін үйрену ерекшелігі
- •Оқу дағдысын қалыптастыру
- •Оқу жылдамдығы
- •Мәнерлеп оқу
- •5.Бірінші әңгіменің рөлге бөліп оқытылуы.
- •Оқудың түрлері
Әліппеге арналған жұмыс кезеңдері
Әліппе кезеңі арнайы мектептерде төрт этаптан тұрады. Әр этапта материалдарды оқыту, сабақ бекітуде ғана қолданылады. Бірінші этапта дауысты дыбыстарды (а), (у), (о) сонорлы дауыссыз дыбыс (м). Дыбыспен қатар әріптерді оқушылар оқи отырып екі әріптен құралатын (ау, уа) ж.т.б.
Дауыссыз дыбысты үйрену кезінде дыбыс қалай аталатынына, қалай шығатынына мән беру керек. Мысалы: алақанды құлағына жауып сөздерді бірнеше рет қайталау. Сосын дыбыс дауыспен немесе дауыссыз айтылатынын байқаймыз. Дыбыс қай орнында тұрғанын байқау үшін осы этапта анықтаймыз. Мысалы: сөздің басында немесе соңында ажыратамыз. Балаларға картиналар береді. Қай картинада айтылған буындарды ажыратып, таңдау керек. Бірінші және екінші картиналарды орналастырып, керек картинаны таңдау керек. Айтылған буындармен сөздерді үйрену үшін көптеген жаттығулар жасау керек. Өтілген әріптерді түрлі-түсті қағаздарға қиып алып, керек сөздерді, буындарды жабыстыру қажет. Көптеген қызықты, есте сақталатын ойындар мен жаттығулар жасайды. Балаларды екі топқа бөліп тақтаға әріптерді жабыстыра отырып керекті әріптер қою арқылы жасырынады.
Дыбыстарды дұрыс қою үшін арнайы мектепте оқыту керек, себебі көп балаларда фонематикалық есте сақтау бұзылысы көп көрінеді. Нақты артикуляциондық жаттығулар жасай отыра бұл дефектіні жоюға болады. Екі сөздерді дұрыс және тез атау үшін жымиып тұратын планшеттер қолданылады. Осы кезде мұғалім балаларға әр сөздерді оқытқан дұрыс. Буындап аталатын атауын және буынға бөліп үйретуді. Бірінші сынып оқушыларын ең қиыны буындап асылу қиын болып келеді. Алдыңғы өткен жаттығулардың көмегімен бірінші сынып оқушылары сөздерді буындап оң және теріс оқып үйренген.
Балалар алдыңғы буынды оқыған жағдайда олардың талпынысын көріп мақтап мадақтаған жөн. Буындарды біріктіру үшін мынадай жағдайлар қолданылады: дауыссыз дыбысты оқу кезінде артикуляциондық ақпаратқа сүйеніп екінші буындағы дауысты дыбысты біріктіріп сөз құрастырамыз. Буындап оқу, айтылған буындарды жаттап алу. Балалар өтіліп жатқан сөздерді ұмытып қалмас үшін көптеген картиналарды көрсету керек. Оқушылар сөздерді буындап бірінші буынды атап дыбысты ажырату буындап оқиды. Егер бастауыш сынып оқушылары екі сөзді буындап оқудан қиналған жағдайда ұстаз картинаға қарап буындап оқуға рұқсат береді. Бұл процесте ең бастысы жеке жұмыс жүргізу керек. Ауыр деңгейдегі балаларға арналған оқу түзету сабақтары өтіледі. Көптеген жаттығулар жүргізіледі. Қағазға қиылған әріптер аралас әріптер әліппе картиналары, ауамен салу және т.б. кубик арқылы жүргізу.
Өтілген сабақта бірінші этапта жүргізілетін жұмысты бекіту үшін мынадай жағдайлар қарастыру керек:
Өтілген әріптерді атау;
Дыбыс қалай аталады;
Дауыссыз әріптерді артикуляциялық жұмыспен танып бекіту;
Айтылған сөзді мұғалім қай әріппен оқығанын меңгеру;
Әріп пен картинаны көрсету;
Керек әріппен сөз құрастыру;
Әріп сөздің қай жағында тұрғанын анықтау;
Буындап оқып ұқсас сөздерді ажырату;
Схема графикалық әріптерді және тақтайшаларға жазылған әріптерді көрсету;
Тақтаға жазылған әріптерді тақтаға көшіру;
Буындап оқуды үйрету;
Таза және анық алфавиттен және картинадан оқыту;
Картинаны көріп сөз құрастыру оқылған сөздрді буындап оқыту.
Фонематикалық буындарды талдау бірінші этап сияқты болып келеді. Бұл этапта ең назар алуда дыбыстардың ұқсастығына мән берді (м-н, с-ш, р-л, а-о)ж.т.б. Әріпті дифференциациясына арналған артикуляциялық жаттығулар ойын түрінде өткізеді.
Мұқиятты түрде сөздер мен сөйлемдерді талдай арқылы әліппеде оқытылады. Әліппені ақыл-есі кем балаларды оқытуда қиыншылықтар туғызады. Себебі сөздік қор аздығы, шрифті біртектілігі көлем және т.б. дайындықтың оқыту жылдамдығы және сөйлемнің мағынасын түсіну.
Екінші кезеңдегі өтілген әріптерді қайталау үшін мынадай жағдайлар көрсетіледі:
Тездетіп әріптерді атау;
Керекті сөздерге әріптерді қайталау;
Әріптерді жазуда үлгерім;
Ұқсас сөздерді ажырату;
Бір әріптен құралған сөздерді ажырату;
Әріптерді алдында соңында буындарын талқылау;
Буындарды дауысты дауыссыз етіп оқу;
Картинаға қарап сөйлем құрастыру;
Карточка арқылы әріптерден сөйлем құрастыру;
Екінші буыннан бірінші буынды ажырату;
Мұғалім картина арқылы әңгіме құрастыру балаларға қысқаша әңгіме құрастыру;
Графикалық схема арқылы сабақ жүргізу;
Тақтаға жазылған сөздерді буындап оқу, азбука арқылы дауысты және дауысыз әріптерді ажырату.
144-151бет
IV-Тарау
