Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 Электронного конспекта лекций.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.71 Кб
Скачать

2.5Дәріс сабағының тақырыбы: Католицизм және Батыс Европа.

1.Римдік католицизм.

2.Ерте буржуазиялық революциядағы реформацияның рөлі.

3.Протестантизмнің пайда болуы.

Дәріс тезисі:

Католицизм ерекшелігі.Католиктік дінді орталықтандыру. Ватикан мемлекеттілігі – Рим орталығы."Қасиетті жазба"(інжіл) - "Қасиетті тағзым" (предание). Католицизмдегі рухани өмір шіркеу әкелері бекітелген "құдайшыл ізгіліс" туралы ілім болып аталатын жекелеуден бастартумен ерекшеленеді.Христиандық үшін ортақ құпиялы салт-дәстүрлер:шоқыну құпиясы,дүниетану құпиясы,овхаристия құпиясы.Проваславиялық ілімнің негізін бірінші екі әлемдік жиналыста бекітілген сенім рәмізі болып табылады.Құдайдың күштілігі туралы,құдайға иемдену,арылу,өліден қайта тірілу,шоқындыру,о дүниедегі өмір және т.б.Православиялық шіркеуді негізгі догматтары жоғары деңгейлі санамен хабарландырады.Сенім рәмізінің таным негізі болып сенім табылады.Протестантизм-(protestans-латын тілінен аударғанда "қайта құру,түзету").Католицизм және православиямен қатар тұратын христиан дініндегі 3 негізгі бағыттардың бірі.Өзінің пайда болуын көптеген өз алдына жеке шіркеулермен деноминацияларды,кең түрдегі XVI ғасырдағы Еуропадағы антикатоликтік қозғалыспен Реформациямен байланыстырады.Реформацияның басталуы Мартин Лютердің есімімен тығыз байланысты.Ол талантты адам еді.Діни ілім профессоры, неміс тілінің білгірі Мартин Лютер Інжілді бірінші болып неміс тіліне аударды.Лютер идеясы Германияда, одан кейін Скандинавия елдерінде үлкен қолдау тапты. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, католик шіркеуінің қолдауынасүйенген феодалдық қанаудан неміс бюргерлері мен шаруалары ауыр зардап шекті.Екіншіден, Рим неміс княздарының ісіне ұсақ нәрселердің өзіне де араласа берді.Католиктіктің экономикалық, саяси, рухани, өктемдігі неміс княздарының наразылығын тудырды. Осыдан жаңа атау- «протестантизм» пайда болды.Лютердің реформаторлық идеяларын Швейцарияда Ульрих Цвингли мен Жан Калвин батыл қолдап, одан әрі тереңдетті.Калвиннің іліміндегі басты қағида – адам тағдырының әуел бастан жазылып қойғандығы.Ол кімнің тамұққа баратыны, кімнің жұмақ рахатын көретінін құдай әуелден-ақ жазып қойған, сондықтан бір нәрсені өзгертемін деп жанталасуы бекершілік джеп уағыздады.Протестантизмнің негізі болып М.Лютердің "тек қана бір сеніммен ақталу" туралы концепциясы болып табылады.Шіркеу әкелерінің бөлінушілігінің жоқ болуы.Діни сенімнің басты қайнар көзі болып, протестанттардың басты қасиетті кітабы болып" інжіл "табылды.Сондықтанда, шіркеу соборларының үкімі,тағы басқа дінбасылық дәрежеге ие бола алмайды. Шіркеудің құтқарушының рөлі туралы догматтан бас тарта отыра , дінге табынушылы іс-әрекетті біршама тәртіпке ілестіреді.

Модуль IІІ. Ислам

3.1. Дәріс сабағының тақырыбы: Ислам және оның мәні.

1. Құранның пайда болуы, құрылымы, мазмұны.

2.Мұслмандық мәдениет.

3.Шариғат- мұсылмандық құқық.

Дәріс тезисі:

Ислам діні Арабияның жергілікті тұрғындарына жататын арабтар арасында қалыптасты.Семиттік халықтардан өрбитін лоардың тарихы Ибраһим пайғамбарға дейін жалғасады.Бұл тек еврей жұртының ғана емес, араб халқының арғы тегінің Ибраһим пайғамбардан тарайтындығын айғақтайды.Екі ел Ибраһимнің екі әйелінен туылған Исқақ пен Исмайл атты ағалы-ініден өсіп өнген. «Ислам» сөзі арабшада «бейбітшілік», «бағыну», «мойынсұну» деген мағыналарды білдіреді.Жаратушы жалғыз, дара деп қабылдаумен Ислем монотеистік дін болып табылады.Негізгі ұстанымдары – Құран кітап пен Мұхаммед пайғамбардың өнеге етіп қалдырған іс-амалдары(сүннеті). Исламның пайда болу тарихы, ерекшелігі және діни табынушылық. Исламды қабылдау шарты және табиғи алғышарттары. Халифтер уағыздары. Мұхаммед тұлғасы мен діни тәжірибесі. Қатал монотеизм пайғамбарларға сенім, құдайдың белгілеушілік қызметі. Құрбандық шалу, өзін-өзі арнау-исламның негізі фундаментальды жағдайы ретінде.

Исламның культік табынушылығы. Дәли Хад туралы ілім. Мұсылмандық дәстүрдегі Коаб пен мазарлар култі. Исламдық діни мерекелер. Суннизм, миизм, хариджизм исламдағы негізгі бағыттары. Құран-мұсылмандардың қасиетті кітабы. Құранның пайда болуы, ұйымдасуы, құрамы. Құрылымы тарихы. 8 ғасырдағы Құран мәтіндерін түсіндірудегі Осман Халифтің рөлі.Құрандағы көне өсиетпен жаңа өсиеттің түсіндіру спецификасы. Құран-ғылыми шығыстану дәстүрінің зерттеу обьектісі ретінде.

Мұсылмандық экзегетикалық дәстүр. Абдолла мен Аббас тафсир негізін салушы ретінде. Тафсир- исламдағы қасиетті жазбаларды түсіндіретін ілім. Құран мен хадистердің құқықтық түсіндірмелері. Фикх-шариаттың теориялық мазмұны ретінде. Құранның аллегориялық және тікелей түсіндіру тәсілі. Дүниенің құрылысы туралы суфийлық түсініктің қалыптасуы кезіндегі, сонымен қатар суфийлық гносеология, психология тарапынан Құран мәтіндерінің символдық-аллегориялық түсіндірмесінің мән-мағынасы.

Мутазилизм, ханбализм, олияризм Құранды түсіндірудің негізгі бағыттары ретінде. Қазіргі мұсылмандық экзегетика.

Сүннә-мұсылмандар ілімдерінің негізгі қайнар көзі. Мұхаммед пайғамбардың өмірі туралы деректер.

Мұсылмандық қауымның діни, құқықтық, моралды-этикалық аспектілері туралы хадистер. Исламдағы мистикалық-аспектік бағыт. Суфийлық дүниетанымның негізі ретінде Құдайды мистикалық танымы туралы идея. Суфийзмның теоритикалық қондырмасы: дарикат, фикайя. Суфиялық діни-философиялық өлеңдер мен поэзияның ерекшеліктері (Рутаки, Фердауси, Саади,Дж.Руши,Ибн-Араби, Әл-Газали т.б).

Қоғамның түзелуін жеке адамдардың түзелуімен байланыстырған Ислам діні жеке міндеттерін бекіткен.Шариғат – мұсылмандар орындау үшін қажетті мінез-құлық ерекшеліктері.Исламдағы шариғат негізінен төрт мәселені қарастырады:1.Сенім, иман мәселелері;2.Амал;3.Тәрбие;4.Құқықтық істер; Мұсылмандық құқықтың дінмен өзара байланысы, фикхи-ислам заңдылығының жиындығы.Ибадат, муамалят,укубат-мұсылмандық заң кодексінің негізгі бөлігі.

Қазіргі замандағы Ислам. “Исламдық мемлекеттер” концепциясының мәні. Пансламизация феномені. Исламдық фундаментализм.