- •1.1. Дәріс сабағының тақырыбы: Дінтану пәнінің құрылысы мен әдістемесі
- •1.Дүниетанымдық функция.
- •2.Құндылықтарға баулу функциясы.
- •2.1 Дәріс сабағының тақырыбы: Ежелгі өркениеттер діндері
- •Дәріс сабағының тақырыбы: Буддизм және оның пайда болуы мен дамуы
- •2.3 Дәріс сабағының тақырыбы: Иудаизм
- •2.4 Дәріс сабағының тақырыбы: Христиан діні және оның пайда болуы мен ерекшелігі
- •2.5Дәріс сабағының тақырыбы: Католицизм және Батыс Европа.
- •3.1. Дәріс сабағының тақырыбы: Ислам және оның мәні.
- •3.2 Дәріс сабағының тақырыбы: Исламдағы пайда болу мен таралымдар.
- •4.1.Дәріс сабағының тақырыбы: Қайта өрлеу мен Ағартушылық дәуіріндегі діни фанатизмге қарсы күрес.
- •4.2.Дәріс сабағының тақырыбы: Діни терроризм мен экстремизм.
2.1 Дәріс сабағының тақырыбы: Ежелгі өркениеттер діндері
1.Ежелгі Үндідегі ведалық дін.
2.Ежелгі Қытай дініндегі даосизм және конфуцийшілдік.
Дәріс тезисі:
Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар. Олар «прамонотеизм» және адамзат тарихындағы «дінге дейінгі кезең» теориялары. «Прамонотеизм» концепциясы әлемдегі тайпалар мен халықтар әуелгі баста бір құдайға иланған, көпқұдайлылық кейін пайда болған деген тұжырымға негізделеді. «Дінге дейінгі кезең» теориясы алғашқы қауымдық құрылыста адамдарда ешқандай дін болған емес деген қағидаға сүйенеді.
Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар: эволюциялық көзқарас (Чарльз Дарвиннің «Түрлердің шығуы» теориясы,1859); әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы; ол бойынша, дін- адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы); анимистік теория (теорияның негізін салушы Э.Б. Тайлор) және функционалдық көзқарас. Сонғысының авторы К. Маркс – дін қоғамдық қатынастар жүйесінің бөлігі ретінде пайда болды деген тұжырымға келеді.
Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар. Олар- фетишизм, тотемизм, анимизм және магия.
Фетишизм (португал тілінен “fitico”- ерекше қасиеті бар зат) – жансыз заттардың табиғаттан тыс қасиетіне, олардың магиялық қуатына деген сенімге негізделген. Фетишизм пұтқа табынудан, бойтұмар тағудан, т.с.с-дан айқын көрінеді. Бұл заттарда рухтардың, аруақтардың, тотемдердің қуаты бар деп саналады. Яғни, бұл өмірдегі күнделікті заттар құдіреттің символына айналдырылады. Осыдан о дүние туралы, табиғаттан тыс күштер туралы сенім қалыптасады.
Тотемизм (Солтүстік Америка үндістерінің тілінен «ототеман» - оның тегі) құбылысын неғұрлым терең зерттеген ғалым-дін социологиясының негізін салушы болып танылатын Э. Дюркгейм діннің көне наным нысандары және олардың бертінгі көріністері әлеуметтік интеграция факторы болып табылады деген тұжырымға келді.
Тотемді құрметтеу- оны қасиет иесі санап, құлшылық етушілердің бәрін қастерлеу деген сөз.
Анимизм (латын тілінде «animus»-жан, рух) жан мен рухты тірі және өлі табиғаттың сезіммен қабылданатын барлық заттары мен құбылыстарында жасырынып жататын, оларды басқарып отыратын, жаратылыстан тыс күш деп санайды. Анимистік ұғымда егер жан жеке затпен яки оның бір бөлігімен байланысты болса, онда рух дербес тіршілік етеді, белгілі бір затқа дари алады. Жаратылыстан тыс күштер шақыратын тұтастай ғұрыптар жүйесін құрайтын көнедегі нанымдардың бірі- магия немесе тылсым (ауызекі сөзде «сиқыр,аяр, жады» деп те атайды). Бұл да анимизм және тотеизм қатарлы дүниеге келген құбылыс. Оның неізінде де рухқа, жанға иланым жатыр.
Шамандық- ертеден келе жатқан діни наным. Оның негізгі тұлғасы шаман – трансқа кіріп, ауру және кемтар адамдарды емдеп жаза алатын харизматикалық тұлға.
Шамандар- бұл ежелгі тәуіп, емшілер. Олар ауруды емдеу және алдын алу тәсілдерін сақтаушылар. Шаман ауру адамдардың өз ауруларынан сауығуын жеңілдетуге көмектеседі. Шаман рухани және психологиялық ауру адамдар өліммен және аурумен күресте жалғыз емес екендігін сендіру арқылы көмектеседі. Осы мақсатта шаман ауру адамға көмектесу үшін өзін құрбан ете алатындығын санасына сіңіреді. Бұл ауру адамды еліктіріп, сауығу үрдісіне әуестендіреді.
Брахман діні біздің жыл санауымызға дейінгі 10-7 ғасырларда дін түрінде қалыптасты. Оған көне үнділер қоғамының Харапп өркениеті кезінен (б.э. дейінгі екі мыңыншы ж.ж) төрт түрлі каста мен варналарға (адамдардың тобына) жіктелуі негіз болды. Олар былайша жіктеледі: брахмандар- дін басшылары кастасы; кшатрий- әскери ақсүйектер варнасы; вайьшя – диқандар, майдагерлер мен бақалшылар варнасы және шудра – қоғамдық меншіктен аласталған, өзінен ілгергілерге қызмет етуші ең төменгі варна. Осылардың ішіндегі брахмандар ең жоғарғы каста саналады. Оларды брахмандыққа жеті жасынан баулыды. Ер жетіп, кәміл брахман болғанға дейін төрт есею жолынан – ашрамнан өтуге тиіс болды. Бірінші сатысы шәкірттік кезеңі болды. Осы уақытта ол ғұрыптарды жетік меңгеруге, «Ведалар» мәтіндерін жатқа айтатын дәрежеге жетуі тиіс. Осыдан соң ол брахман деп танылып «гаста» аталатын екінші кезеңге өтті. Бұл кезеңде жас брахман құрбандық шалу рәсімдерін орындауы, үйленіп, бала келтіруге тиіс болды. Бірінші кезекте ұлды болып, өзіне ізбасар даярлау талап етіледі. Үшінші кезең- «варна-праста» аталды. Бұл кезеңде брахман көптен, молшылықтан қол үзіп, «Араньяка» кітабымен танысып, аса күрделі философиялық жүйені меңгеруге беріледі. Соңғысы - тақуалық кезең. Брахманның алдына мынадай төрт міндет қойылады: шын мәніндегі брахман болу; өзін барлық талаптар дәрежесінде ұстай білу; оқып, білім жинау және оқымыстылығымен жарқырап көріне білу; адамдарға жәрдемге келу.
Брахмандардың қасиетті кітаптары орман паналаған тақуаларға арналған «Араньяка» кітабы – орман кітаптары мәтіндерімен толықтырылады. Яғни, «Ведалар» үнемі толығып отырады. Біздің жыл санауымызға дейінгі 6 ғасырдан бастап брахмандардың қасиетті кітаптарынан табиғат құпияларын, сиқыр мен ғұрыптардың мәнін түсіндіру мәселелері кеңірек көріне бастайды.
Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды.Ол адамды рухани құтқарудың үш жо лын ұсынды.Олар:қасиеетті істер жолы (басты шарты-құрбандық атау);таным жолы (медитация және құдіретті болмыс туралы ойлар);адалдық жолы(құдайға және оның рахымына сену).
Индуизм үшін "Махабхарата" және "Рамаяна" эпостары- Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы.Поэмада индуизм құдайлары пантеоны туралы кең әңгімеленеді."Рамаянада"Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады.
Конфуций діні.Б.з.д.6ғ Қытайда жаңа философиялық- дүние танымдық ілім пайда болды. Ол бертін келе дін дәрежесіндем орнықты. Бұл ілімнің негізін салушы Кун-Цзи немесе Кун-ұстаз(европалыөқ транскрипцияда- Конфуций) болды. Конфуций б.з.д.551ж туып, 407ж дүниеден озды.
Конфуцийлік тоғыз кітап аталатын жинақ осы Конфуций қаламынан туған шығармалардан құралған деп саналады.Бірақ, осылардың бәрі бірдей Конфуций туындылары емес. Оның ішінде ғұламаның шәкірттерінің де қосқандары аз емес.
Конфуций ілімі- тұтасы мен дерлік адамшылық туралы ілім.Мұнда құдай турасында бір ауыз сөз жоқ. Құдайды танып білуге адамның ақылы жетпейді. Барлық өзге діндер үшін аса маңызды мәселе- әлемнің, адамзаттың жаратылуы, адам мен құдайға қатысты мәселелер Конфуций ілімінде мүлдем қарастырылмайды. Бірақ ғұлама қытай тарихында тұңғыш рет көне мифологияны тәптіштеп жазып шыққан.Мұны ол дінге, көне мифтердегі айтылатын құдайларға сенгендігінен емес, тарих және халықтың ғасырлар бойы орныққан дәстүрі болғандығынан жазған және осы дәстүрлерді мейлінше сақтауға уағыздаған.Бұл дәстүрлер неғұрлым көне болса, олар соғұрлым маңызды және құнды деп есептеген.
Конфуцийліктегі құлгшылық объектісі- көне замандарда жасалып, бір жола орныққан, өмірдің барлық жақтарын қамтитын Ұлы рәсімдер. Философтың өмірі-осы Рәсімдерді сақтаудың үлгісі.
Конфуцийлік қытайлықтарды сыпайлыққа, сезімталдыққа тәрбиеледі.Адамның ішкі ниетін тереңге жасыруға үйретті.Кун-Цзы осындай жоғары адамшылықта насихаттай отырып,бұл жолмен жүрмегендерді мүлдем адам қатарлы санаған жоқ.Оның ойынша,қоғамның толық мүшесі болуы үшін әр адам ескіден келе жатқан ғұрыптарды сақтауға және сыйлауға міндетті.Өзгелер үшін тәрбиелі қоғамда орын жоқ.Ол өмірде еш нәрсе өзгермей,сол қалпында сақталуы тиіс деп санады.Бәлкім осыдан да болар,конфуцийлік Қытайда ғасырлар бойы өмір ағысы бір арнасында сақталып келеді.
Кун-Цзы ізгіліктің бес түрлі жолын уағыздады.Олар-даналық жолы,қайырымдылық жолы,адалдық,үлкендерді құрметтеу және қайраттылық жолдары.Осы жолдармен жүрген жағдайда ғана тұрмыс ретті әрі үйлесімді болмақ.Соның ішінде борышқа адалдық(и),ел билеушісіне берілгендік(чжун),баланың ата-ананы сыйлауы(сяо),және үлкенді сыйлау ерекше талап етіледі.
Конфуций ілімі ата-бабаларды,олардың өмір жолын қастерлеукді уағыздайды.Оның негізінде бүкіл адамзат тағдыры Аспанда күні ілгері жазып-сызылып қойған,адамдардың қатынасында еш нәрсені мүмкін емес деген ұғым жатыр.Бұл қағидаларды қытайдың көне заманнан бергі діни тұрмысының басты мазмұны деуге болады.
Бұл діни –философиялық бағыттың негізін салушы –Лао-Цзы.Оның еңбегі даналық сөздерден тұратын Дао –дэ-цзин (Дао туралы кітап) деген философиялық трактат.
Бұл кітапта насихатталатын ілімнің негізінде дао түсінігі жатыр. Дао-сөзбе-сөз жол дегенді білдіреді. Яғни, ол әрі жол, әрі құдай, әрі сөз.Оның не түрі,не түсі,не аты жоқ.Өзі мәңгілік тұрақты,солай бола тұра барлықөзгеретін нәрселердің себебі. «Адам жерге тәуелді, жер аспанға тәуелді, аспан даоға тәуелді, дао өзіне өзі тәуелді»- дейді Лао-Цзы ілімі. Даоны табиғат, заттық әлем тұрғысынан да қарастыруға болады. Дао иероглифін құдай ұғымына жуық әлдене ретінде де қабылдауға болады.Бірақ,ол мифологиялық құдайлардың ешқайсысына ұқсамайды, мейлінше тылсым, бейнесіз.
Дао ілімі зорлық пен қысастықтың кез-келген түріне қарсы. «Өзінің атын жеңіспен шығару-адамдардың өліміне шаттану»,-деген сөз.Ол,сонымен бірге,адамдарды әбігерліктен ,басы артық білім жинаудан сақтандырды,жақсылыққа жақсылық жасауды насихаттады.
Дао дінінде тылсым мен сиқыр басым.Бес элемент –металл,ағаш,су.от және топырақ киелі саналады. Жыланға,айдаһарға,кей ағаштарға құлшылық ұрылады. Дао ғұламалары ортағасырлық Европа сиқыршылары тәрізді алхимиямен шұғылданды, адамға мәңгілік ғұмыр беретін сиқырлы эликсир іздеумен айналысты.
Көне еврейлердің діні көп жағынан өзге діндерге қарағанда ерекше. Бұл дін әрі еврей халқының тарихы да. Ал, еврейлер тарихы, бейнелеп айтқанда,адамдар мен құдайдың қарым-қатынасының тарихы. Сондықтан да ол жай ғана тарих емес, Қасиетті тарих деп аталады.
Бұл діннің ерекшелігі сол,оны жасаушы еврей халқының өздерін құдайдың ықыласы ауған ерекше халықпыз деп санауында. Еврейлердің Қасиетті жазуларында құдай өзінің сүйікті ұлдарына әрқашан қолдау жасап, оның әрекеттеріне шәлкес баласы іспетті қарайды, кейде осы шәлкестігі үшін назарынан тыс қалдырып, ауыр жазаға тартады,деп жазылған.
Еврей халқының өмірінен, оның рухани дүниесі мен мұраларынан Інжілдің (Библия) ең көнедегі үлгісі –Көне өсиеттер көптеген қызғылықты мәліметтер береді. Бұл кітапты мұқият ден қойып оқыған адам әр оның жолынан оны құрастырушылардың дүниеге келетін жаңа құтқарушыны тағатсыздықпен күтуін сезінген болар еді.
