- •1.1. Дәріс сабағының тақырыбы: Дінтану пәнінің құрылысы мен әдістемесі
- •1.Дүниетанымдық функция.
- •2.Құндылықтарға баулу функциясы.
- •2.1 Дәріс сабағының тақырыбы: Ежелгі өркениеттер діндері
- •Дәріс сабағының тақырыбы: Буддизм және оның пайда болуы мен дамуы
- •2.3 Дәріс сабағының тақырыбы: Иудаизм
- •2.4 Дәріс сабағының тақырыбы: Христиан діні және оның пайда болуы мен ерекшелігі
- •2.5Дәріс сабағының тақырыбы: Католицизм және Батыс Европа.
- •3.1. Дәріс сабағының тақырыбы: Ислам және оның мәні.
- •3.2 Дәріс сабағының тақырыбы: Исламдағы пайда болу мен таралымдар.
- •4.1.Дәріс сабағының тақырыбы: Қайта өрлеу мен Ағартушылық дәуіріндегі діни фанатизмге қарсы күрес.
- •4.2.Дәріс сабағының тақырыбы: Діни терроризм мен экстремизм.
ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Модуль I. Дінтану теориясының негіздері
1.1. Дәріс сабағының тақырыбы: Дінтану пәнінің құрылысы мен әдістемесі
1. Діннің тарихы.
2. Дін әлеуметтік құбылыс ретінде.
3. Дінді оқытудағы негізгі міндеттер.
Дәріс тезисі:
Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық–әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде ethnos – халық, logos – ілім) тұрғылардан бөлек қарастырылады. Конфессионолдық ілім (көне грек тілінде konfessio – мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.
Дінді үш пән зерттейді, олар – теология, атеизм және дінтану. Үшеуінің де мақсаты дінді, оның тарихын, негізгі қағидаларын және қазіргі жағдайын талдау. Бұлардың әрқайсысы дінді толық мәнінде түсіндіру ниетінде. Алайда, әрқайсысының дін туралы өздеріне ғана тән алған мақсаттары бар.
Теология – (көне грек тілінде teos – халық, logos ілім) құдайтану пәні. Ол діннің ішкі мазмұнына негізделген. Бұл пән әр діннің өз болмысынан қалыптасады. Теология пәнінде білімнен бұрын сенім анықталған.Сондықтан теологтар сенім мен діни қағидаларды өздерінің басты принциптеріне айналдырған. Сол себепті, біз ислам теологиясы, христиандық теология, буддалық теология т.б.деп атай аламыз. Бұл теологияны әрбір дінге тікелей қатыстылығын білдіретін жай.
Атеизм – (көне грек тілінде – құдайсыздық) құдайды және оның құдіретін жоққа шығарады.Кеңес заманында жоғарғы оқу орындарында, студенттерге «Ғылыми атеизм» деген пән оқытылды. Бұл пән дүниенің діни болмысын толығымен теріске шығарып, материалистік көзқарасты негіздеп, содан ғылыми атеизм деген атауға ие болған.
Сонымен, теология да, атеизм де өздерінің сенімдерін насихаттайтын пәндер, теология нақтылы діннің ақиқаттығын айтса, атеизм дін атаулыны теріске шығарған. Осы екі көзқарастағы адамдардың бір-бірімен таласы таусылар емес. Теологтар діннің кереметі туралы діни аңыздарға, басқа да дәлелдерге сүйенсе, атеизм өзіне көмекке ғылымды алады. Ғылыми жетістіктердің нәтижесінде құдайға орын жоқ деген өзінше тоқтамға келеді. Алайда, әлемнің шексіз құбылыстарын ғылым түсіндіре алмайтынын еске алсақ, атеизмнің ғылымға сүйенуін де сынға алуға болады.
Дінтану пәні болса, теологиялық немесе атеистік пәндерден өзге. Мұнда дін туралы объективті мазмұндағы түсініктер жүйесі арнайы пәнге айналғанын айтуымыз керек. Дінтану пәні дінді немесе діндерді насихаттамайды, оларды объективтік мазмұнда түсіндіруді мақсат етеді. Бұл пән – зайырлы қоғамның дін және діндер туралы сараптамасы.
Зерттеушілердің пікірінше, дін адам мен қоғам өмірінде төмендегідей функцияларды атқарады:
1.Дүниетанымдық функция.
Дін адамға (дінге сенушіге) әлемнің, қоғамның және адамзаттың пайда болуы мен мазмұнын түсіндіретін көзқарастар жүйесін ұсынады. Мұндай дүниетаным арқылы әрбір дінге сенуші адам, өзі үшін өмір мәнін түсініп, соған сай тұрмыс құрып, өмір сүре бастайды. Сөйтіп, дін оның өмір сүру тәсіліне айналады. Дүние туралы мақсат, мұраттары діни қағидалар негізінде өз мәнісін табады.
