Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пирамидті жол қазақша(1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.48 Mб
Скачать

Зақымдану деңгейіне байланысты клиникалық белгілер жиынтығы

1. Субкортикальды зақымдануда (ісік, гематома, инфаркт және т.б.) – қолдың немесе аяқтың контрлатеральды парезі дамиды. Қолдың майда жұмыстары нашарлайды. Моноплегия емес монопарез дамиды.

2. Ішкі капсуланың зақымдануы – спастикалық гемиплегия дамиды. Бет кейде тіл асты нервінің контрлатеральды салдануы мүмкін.

3. Ми аяқшаларының зақымдануы - контрлатеральды спастикалық гемиплегия

4. Ми көпірінің зақымдануы – контрлатеральды, кейде билатеральды гемиплегия. Әкеткіш және үшкіл нервтің ипсилатеральды зақымдануы мүмкін. Альтернирлеуші синдромдар тән: Вебер, Мияр-Гублер, Фовиль...

5. Пирамиданың зақымдануы – контрлатеральды бос шеткі салдану дамиды.

6. Мойын деңгейінде зақымдану, яғни латеральды пирамидті жол зақақымданады - Өз жағында спастикалық гемиплегия дамиды. Бүйірлік амиотрофиялық склероз немесе шашыранды склероз кезінде кездеседі.

7. Кеуде бөлігінде бір жақты зақымданса, ипсилатеральды аяқтың спастикалық моноплегиясы тән. Егер екі жақты зақымданса, спастикалық параплегия дамиды. БАС және шашыранды склероз ауруларында кездеседі.

8. Жұлынның алдыңғы мүйізі мен түбіршіктері зақымданса, ауру сезімсіз шеткі салдану және сезімталдық бұзылыстары болады. Сегментарлы түрде өтеді, созылмалы үдемелі үрдістерде \ фасцикулярлы жиырылулар кездеседі. Полиомиелит, Вердниг-Гоффман спинальды амиотрофиясында кездеседі

9. Алдыңғы түбіршіктің зақымдануы - перифериялық мотонейрон зақымданғандықтан, ипсилатеральды шеткі салдану тән.

10. Мойын, иық, бел, сегізкөз өрімдеры зақымданса, шеткі салдану ауру сезімі және сезімталдық бұзылыстары болады.

11. Шеткі нерв зақымданғанда, сол нервпен жүйкеленетін бұлшық еттердің шеткі салдануы, сонымен қатар ауру сезімі мен сезімталдық бұзылыстары болады

АЛДЫҢҒЫ ОРТАЛЫҚ ИРЕЛЕҢНІҢ ТІТІРКЕНУІНЕ ТӘН СИМПТОМДАР (ПЕНФИЛД КАРТАСЫ БОЙЫНША)

1. Егер алдыңғы орталық ирелеңнің жоғарғы бөлігі тітіркенсе, қарама-қарсы жақта аяқтың құрыспалы ұстамасы болады. Джексон эпилепсиясы

2. Егер алдыңғы орталық ирелеңнің ортаңғы бөлігі тітіркенсе, қарама-қарсы жақта қолдың құрыспалы ұстамасы болады

3. Егер алдыңғы орталық ирелеңнің төменгі бөлігі тітіркенсе, қарама-қарсы жақта беттің құрыспалы ұстамасы болады

АЛДЫҢҒЫ ОРТАЛЫҚ ИРЕЛЕҢНІҢ ЗАҚЫМДАНУЫНА ТӘН СИМПТОМДАР (ПЕНФИЛД КАРТАСЫ БОЙЫНША)

1. Егер алдыңғы орталық ирелеңнің жоғарғы бөлігі зақымданса, қарама-қарсы жақта аяқтың орталық салдануы, монопарез болады.

2. Егер алдыңғы орталық ирелеңнің ортаңғы бөлігі зақымданса, қарама-қарсы жақта қолдың орталық салдануы болады

3. Егер алдыңғы орталық ирелеңнің төменгі бөлігі зақымданса, қарама-қарсы жақта беттің орталық салдануы болады (беттің төменгі төрттен бір бөлігі).

Шеткі салдану (босаң, перифериялық, атрофиялық)

Жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан шеткі мотонейрон, БМН ядролары, алдыңғы түбіршік және жұлын мен БМН қозғалтқыш нервтері зақымданғанда, шеткі салдану пайда болады. Шеткі салдануға тән:

  1. Гипорефлексия (арефлексия)

  2. Гипотония (атония)

  3. Реакция перерождения бұлшық еттердің электр тогы әсерінен ширығуының жойылуы

  4. Фибрилляция мен фасцикуляция – жеке бұлшық еттердің дірілі

Арефлексия немесе гипорефлексия себебі рефлекторлы доғаның кез келген деңгейінде үзілуі. Атония немесе гипотония да сондай-ақ рефлекторлы доғаның үзілуімен түсіндіріледі. Бұлшық еттер бос, борпылдақ, артық енжарлы қимылдар, буындары босаған болып келеді. Бұлшық ет атрофиясы жұлынның алдыңғы мүйізінің қалыпты зат алмасуды қамтамасыз ететін нервті-трофикалық импульстарының жеткіліксіз келуінен болады. Нервтің қоғалтқыш талшықтары жойылғаннан кейін бұлшық еттің «денервациясы» жүреді. Нәтижесінде бұлшық етте дегенеративті үрдіс жүріп, бұлшық ет талшықтары қызметін тоқтатып, орнын майлы немесе дәнекер тін басады. Босаң сал болу кезіндегі бұлшық еттердің электр тогы арқылы қозуы бұзылуына байланысты бұлщық ет тұрақсыз токқа жиырылумен жауап бермейді. Ал гальваникалық токпен тітіркендіргенде баяу «құрт» тәрізді жиырылады. Мұндайда анод әсерінен ширығу катод әсерінен ширығудан жоғары. Яғни дегенерация әсері пайда болады.

ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ МОТОНЕЙРОН

Жұлынның алдыңғы мүйізінде құрылымдар соматотопиялық ретпен орналасқан. Мойын деңгйінде мотонейрондардың латеральды бөлігі қолды иннервациялайды, ал медиальды бөлігі мойын мен кеуде бұлшық еттерін иннервациялайды. Сондай-ақ бел бөлігінде аяқты иннервациялайтын құрылымдар латеральды орналасқан, ал денені иннервациялайтын құрылымдар медиальды орналасқан.

Жұлынның алдыңғы мүйізінің әр сегментінде аксондары алдыңғы түбіршік түзіп шығып, артқы түбіршікке қосылып, жұлын нервін түзеді. (сурет) Жұлын нерві афферентті, эфферентті талшықтардан және вегетативті эфферентті талшықтардан тұрады. Жұлынның алдыңғы мүйізінің клеткалары, аксондармен иннервацияланатын бұлшық ет талшықтары қозғалтқыш бірлік деп аталады.

Егер аралас перифериялық нерв үзілсе немесе кесілсе, сол нерв жүйкелендіретін бұлшық еттің бос салдануы болады, афференттік талшықтар үзілгендіктен сезімталдық та бұзылады. (Сурет)

Рис. 2.13 Ход важнейших перифе­рических двигатenьных нервов.

Рис. 2.14 Синдромы ВЯIlого паралича: а па­дающая кисть (лучевой нерв), б когтистая кисть (локтевой нерв). в благословляющая рука (срединный нерв), r ооезьянl,Я лапа (срединный и локтевой нервы).

Артқы түбіршік афферентті талшықтарадан, алдыңғы түбіршік эфферентті талшықтардан тұрады. Әр сегменттен түбіршіктер сәйкес омыртқа-арлық тесіктен шығып, жұлын нерві деп аталады. Барлығы 31 жұп жұлын нерві бар. Ең жоғарғы жұлын нерві шүйде сүйегі мен атлант арасынан өтеді, ең төменгі жұлын нерві 1-2 құйымшақтан шығады. Омыртқа дискі атрофиясына, протрузисында, омыртқаның қабынуында, травма мен ісік кезінде түбіршіктер де зақымданып, түрлі аурулар шақыруы мүмкін.

Кеуде сегменттерінен шыққан жұлын нерві қабырға-аралық тармақтар береді. Ал С2-С4 түбіршіктерінен шыққан жұлын нерві мойын өрімін plexus cervicalis түзеді. С5-Т1 түбіршіктерінен шыққан жұлын нерві иық өрімін plexux brachialis түзеді. Т12-L4 сегменттірінен пайда болған жұлын нервтері бел өрімін plexus lumbalis түзеді. L5-S1-S3 сегменттірінен шыққан жұлын нерві сегізкөз өрімін plexus sacralis түзеді.

Өрімдерден шеткі нерв талшықтары шығып, сәйкес бұлшық еттерді иннервациялайды. Шынтақ нерві, кәрі жілік нерві, шоңданай нерві, үлкен жіліншік нерві, кіші жіліншік нерві.... Олардың зақымдануы шеткі салдануға алып келеді. Ол иннервациялайтын аймақта гипотония, гипорефлексия, гипотрофия және вегетативті өзгерістер дамиды.