Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пирамидті жол қазақша(1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.48 Mб
Скачать

Рефлекстердің жіктелуі

Беткей рефлекс

Терең рефлекс

Теріден шақырылатын

Шырышты қабықтан шақырылатын

Сіңірлік

Периостальды

Құрсақ рефлексі - құрсақ терісін қабырға доғасынан төмен; кіндік деңгейінде және пупартты байламнан жоғары штрих тәрізді қимылмен тітіркендіреді. Жауабына құрсақ бұлшық еттері жиырылады. Рефлекторлық доға: ThVII-VIII; ThIX-X; Th XI-XII

Корнеальды рефлекс – мақта немесе жұмсақ қағазды көздің мөлдір қабығына тигізеді, жауабына көз жұмылады.

Шынтақ-бүккіш рефлексі m. Bicipitis сіңірін балғамен ұрғылағанда, екі басты бұшық ет жиырылғандықтан білек бүгіледі. Рефлекторлық доға - n. musculo-cutaneus, СV-VI.

Қабақтық рефлекс - неврологиялық балғамен қас доғасы бойымен ұрғылайды, жауабына (m. orbicularis ocul жиырылғандықтанi) қабақ жұмылады.

Кремастер рефлексі –санның ішкі бетін штрих жасап тітіркендіргенде, m. Cremasteris жиырылып, сәйкес жақтан ума жоғары көтеріледі. Рефлекторлы доға - n. genito-femoralis, LI- II сегменттері.

Жұту рефлексі - қағазды аңқаның артқы қабырғасына тигізгенде, жұтыну, кейде жөтелу мен құсу қимылдары пайда болады.

Шынтақ-жазғыш рефлексі - m. Tricipitis сіңірін балғамен ұрғанда, үш басты бұлшық ет жиырылғандықтан, білек шынтақ буынында жазылады. Балғамен соққы olecranon деңгейінен 1,5 – 3 см жоғары болуы қажет. Рефлекторлық доға - n. radialis, СVII-VIII

Мандибулярлы рефлекс (Бехтерев) - балғамен иектен ұрғылайды, жауабына (m. Masseteris) шайнау бұлшық еттері жиырылып, жақ жабылады. Әдетте бұл рефлекс псевдобульбарлы салдануда жоғарылайды.

Табан рефлексі - табанның ішкі немесе сыртқы қырымен балғаның сабымен жоғары немесе төмен штрих жүргізіледі. Жауабына табан башпайлары жиырылады. Ал рефлекс жоғарылағанда, башпайлар веер тәрізді жазылады. Рефлекторлық доға - n. ischiadicus, V бел және I сегізкөз сегменттері.

Жұмсақ таңдай рефлексі-жұмсақ таңдайға шпательді тигізсе, жұмсақ таңдай және тілшік көтеріледі. Диагностикалық маңызы: егер рефлекс бір жағынан шақырылмаса, патологиялық болып саналады - IX және Х нервтердің бір жақты салдануының белгісі.

Карпо-радиальды рефлекс –кәрі жілікте processus styloideusті балғамен ұрғылағанда, қол басы бүгіледі және саусақтар бүгіліп, пронация қалпына келеді. Рефлекторлық доға - mm. pronatores, flexores digitorum, brachio-radialis және biceps; nn. medianus, radialis пен musculo-cutaneus; Сerv. V,VI,VII, VIII сегменттері.

Жауырын–иық рефлексі -жауырынның ішкі қырын балғамен ұрғылағанда, иықта приведение и ротация. Рефлекторлық доға - mm. teres major мен subscapularis; n. subscapularis, СV-VI сегменттері.

Тізе рефлексі-балғамен тізедегі lig.Pаtellae ұрғылағанда, m.quadricipitis жиырылып, аяқ жазылады. Рефлекторлық доға - n. femoralis, LIII-IV сегменттері.

Ахилл рефлексі-балғамен ахилл сіңірін ұрғылағанда, m. tricipitis surae жиырылып, табан бүгіледі. Рефлекторлық доға - n. tibialis (n. Ischiadici тармағы), SI - II сегменттері.

РЕФЛЕКСТЕРДІҢ ӨЗГЕРУІ.

  1. Рефлекстердің төмендеуі немесе болмауы - гипорефлексия, арефлексия

  2. Рефлекстердің жоғарылауы – гиперрефлексия

  3. Рефлекстердің бұрмалануы – патоллогиялық рефлекстер (қалыпты жағдайда шақырылмайтын).

Гипорефлексия мен арефлексия себебі – рефлекторлық доғаның кез келген бөлігінде (афферентті, эфферентті) бүтіндігінің бұзылуынан болады.

Гиперрефлексия сегментарлы аппараттың, яғни жұлын мен ми бағанының рефлекторлы қызметінің жоғарылауынан болады. Гиперрефлексияның ең жиі кездесетін себебі – пирамидті жолдың зақымдануы.

Клонус – рефлекстердің аса қатты жоғарылауы. Қандай да бір бұлшық еттің сіңірін созғылағанда, сол бұлшық еттің ырғақты жиырылуы, жиі тізе және табан клонусы кездеседі.

ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

Ерікті қимылдарды іске асыру үшін ми қыртысында пайда болған импульстар бұлшық етке жетуі керек. Оны кортико-мускулярлы жол деп айтады. Импульстың келуі 2 нейрондық жолмен қамтамасыз етіледі:

1 – орталық қозғалтқыш нейрон – ми қыртысы алдыңғы ортаңғы иірілімде lobulus paracentralis орналасқан.

2 – нейрон перифериялық қозғалтқыш нейрон - жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан.

Орталық қозғалтқыш жолдары зақымданғанда, барлық зақымдану қарама-қарсы жағында бола бермейді. Кейбір бұлшық еттер зақымданбайды. Бұл екі жақты қыртыстық иннервациямен түсіндіріледі: көз қимылдатқыш, жұтқыншақ, көмей, мойын, дене мен аралық бұлшық еттері. Себебі осы бұлшық еттерге қарама-қарсы ми жарты шарынан басқа өз жақ ми жарты шарынан да импульс келеді. Ал аяқ-қол, тіл және беттің төменгі бұлшық еттері тек мидың қарама – қарсы жарты шарынан импульстарды алады, сондықтан бір жақты орталық салдану пайда болады.

Кез келген бұлшық етте қимыл пайда болу үшін импульс ми қыртысынан бұлшық етке ешқандай кедергісіз жетуі қажет. Егер кортикомускулярлы жол қандай да бір деңгейде үзілсе, импуль өтпейді. Сондықтан сәйкес импульс келмеген бұлшық ет салданады. Парез дегеніміз – қимылдардың толық емес бұзылысы

Салдану түрлері:

  1. Моноплегия – бір мүшенің салдануы ( бір қол не бір аяқ).

  2. Гемиплегия - дененің жарты бөлігінің салдануы

  3. Параплегия – екі симметриялы мүшенің салдануы (екі қол немесе екі аяқ).

  4. Тетраплегия – төрт мүшенің салдануы (екі қол мен екі аяқ)

Егер парез немесе салдану жеке нерв бағаны зақымдануымен байланысты болса,она салдану сәйкес салдану атымен аталады. Мысалы: шынтақ нерві, кәрі жілік, шоңданай нерві. Сондай-ақ нерв өрімдері зақымданса, сәйкес өрімнің салдануы деп аталады.

Орталық мотонейрон зақымданса, орталық салдану дамиды. Шеткі мотонейрон зақымданса, шеткі салдану пайда болады.

ОРТАЛЫҚ НЕМЕСЕ СПАСТИКАЛЫҚ САЛДАНУ

Орталық салдану орталық қозғалтқыш нейронның кез келген бөлігі зақымданғанда дамиды. Қалыпты жағдайда ереже бойынша «субординация - төменгі жақ жоғарыға бағынады», яғни ми қыртысы жұлындағы рефлекторлық доғаға тежегіш әсер етеді, жұлын бас миына бағынады. Ал пирамидті жол зақымданғандықтан, рефлекторлық аппараттың қызметі жоғарылайды. Сол себепті орталық салдануға тән:

  1. Гипертонус

  2. Гиперрефлексия

  3. Патологиялық рефлекстер

Гипертонус - бұлшық еттер кернелген, тығыз, енжар қимылдарға қасарысу байқалады. Қолдардың спастикалық салдануында, қол кеудеге әкелінген және шынтақ буынында бүгілген, қол басы мен саусақтары пронация қалпында болады. Аяқтардың спастикалық салдануында, аяқ жамбас пен тізе буындарында жазылған, табан бүгілген және ішке қараған. Қал-аяқтың бұндай қалпы Вернике-Манна кейпін қалыптастырады. Орталық гемиплегияда аяғы жазылып, ұзарғандықтан аяғын шалыс алып жүреді.

Сіңір рефлекстерінің жоғарылауы (гиперрефлексия) - жұлынның автоматты қызметінің күшеюін көрсетеді, себебі жоғарыдан тежегіш қызмет зақымданған. Сүйек үсті (надкостница) мен сіңірлерден шақырылған рефлекстер жеңіл және үдемелі шақырылады: рефлексогенді аймақ кеңейген. Рефлекстердің аса қатты жоғарылауы клонусқа алып келеді.

Орталық салдануда тері рефлекстері керісінше төмендейді немесе жойылады.

Орталық салдануға тән түрлі синкенезиялар да бар. Мысалы: егер сырқат сау қолын бүгіп жазылуға қарсыласып тұрса, салданған қолы да бүгіледі. Сырқат горизонтальды жағдайдан қолын кеудесіне айқастырып , отырмақшы болғанда, салданған аяқ бірге көтеріледі.

Церебралды салдануда патологиялық рефлекстердің маңызы зор. Аса сезімтал рефлекстер – Бабинский, Россолимо және Бехтерев рефлексі. Оральды рефлекстер екі жақты ядро үстілік tractus cortico-bulbaris зақымдануда пайда болады, яғни псевдобульбарлы паралич.