Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пирамидті жол қазақша(1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.48 Mб
Скачать

Патологиялық рефлекстер (орталық салдануға тән)

Оральды автоматизм рефлекстері

Қолбасынан шақырылатын

Табаннан шақырылатын

Псевдобуль-

барлы салдану

Бульбарлы салдану

флексорлы

флексорлы

экстензорлы

Назо-лабиальды рефлекс– балғамен мұрын қырынан соққылағанда, m.orbicularis oris жиырылғандықтан, еріндері алдыға шүртиеді.

Жоғарғы Россолимо симптомы - дәрігер сырқаттың бос тұрған қолының II-V саусақтарының ұшын соққылағанда, саусақтар бүгіледі.

Төменгі Россолимо симптомы - II-V бақайлардың ұшын саусақпен ұрғылағанда, башпайлардың бүгілуі

Бабинский симптомы - табан рефлексінің бұрмаланған түрі, табанның сыртқы қырынан штрих жүргізгенде, башпайлардың «веер» тәрізді жазылуы.

Хоботковый рефлекс – жоғарғы және төменгі еріндерін балғамен ұрғылағанда, еріндері алдыға шүртиеді.

Вендерович симптомы – супинация қалпында II-V саусақтарының ұшын соққылағанда, саусақтар бүгіледі.

Жуковский симптомы -табан жақтан башпайлардың жастықшаларын балғамен ұрғылағанда, башпайлардың бүгілуі

Оппенгейм симптомы асықты жіліктің (tibiae) алдыңғы қырын жоғарыдан төмен бас бармақпен басып жүргізгенде, үлкен башпайдың жазылуы байқалады.

Сору рефлексі – еріндерін штрих жүргізіп тітіркендіргенде, еріндерімен сору қимылдары пайда болады.

Жуковский симптомы-сырқаттың алақанының ортасын неврологиялық балғамен соққылағанда, саусақтар бүгіледі.

Бехтерев I симптомы аяқ ұшының алдыңғы – сыртқы қырынан балғамен ұрғылағанда, башпайлардың бүгілуі

Гордон симптомы - балтыр бұлшық еттерін саусақпен қысқанда, үлкен башпайдың жазылуы байқалады.

Дистанс-оральды рефлекс – балғаны сырқаттың ерніне жақындата бастағанда, еріндерінің шүртиюі.

Якобсон-Ласка симптомы – біз тәрізді өсіндіні балғамен ұрғылағанда, саусақтардың бүгілуі

Бехтерев II симптомы – өкшені балғамен ұрғылағанда, башпайлардың бүгілуі

Шеффер симптомы ахилл сіңірін шымшып қысқанда, үлкен башпайдың жазылуы байқалады.

Маринеско-Радовичи рефлексі (алақан-иек рефлексі)-алақанда thenaris үстінен штрих жүргізгенде, сәйкес жағында m. Mentalis жиырылып, иегінің терісі жоғары жылжиды.

Орталық және шеткі салдану кестесі

Салдану түрі

Орталық немесе спастикалық салдану

Перифериялық, босаң немесе атрофиялық салдану

Зақымдану аймағы

Ми қыртысының қозғалтқыш проекциялық аймағы немесе пирамидті шоғырлар

Зұлынның алдыңғы мүйізі, алдыңғы түбіршіктер мен шеткі нервтердің қозғалтқыш талшықтары

Салданудың таралуы

Жиі диффузды

Жиі шектелген аймақ

Бұлшық ет тонусы

Спастика, гипертонус

Гипотония, бос-болбыр

рефлекстер

Сіңірлік рефлекстер жоғары, тері мен табан рефлекстері төмен немесе жойылған

Сіңірлік және тері рефлекстері төмендеген немесе жойылған

Патологиялық рефлекстер

Бабинский және т.б. белгілер

Болмайды

Синкинезиялар

бар

жоқ

Бұлшық ет атрофиясы

жоқ

бар

Перерождения реакциясы

жоқ

бар

Клинические синдромы перерыва двига­тельных путей.