ҚОЗҒАЛТҚЫШ НЕМЕСЕ ПИРАМИДТІ ЖОЛ
Ерікті қимылдарды іске асыру үшін ми қыртысының нейрондарында пайда болған импульстар жұлынның алдыңғы мүйзіне, одан бұлшық еттерге жетуі қажет. Бұл жол қыртыс-жұлындық немесе пирамидті жол деп аталады. Пирамидті жол 2 нейроннан тұрады.
Орталық қозғалтқыш нейрон
Шеткі қозғалтқыш нейрон.
Орталық қозғалтқыш нейронның аксондары 4- Бродман алаңының 5-қыртыс қабаты Бец клеткаларынан басталады. Бұл алаң ортаңғы ирелеңді бойлай өтетін жіңішке жолақтан тұрады. 4-алаңның мотонейрондары қарама-қарсы орналасқан қаңқа бұлшық еттерінің мақсатты қимылдарын қамтамасыз етеді. Денедегі бұлшық ет топтарына импульс беретін нейрондар ми қыртысында адам денесіне қарама - қайшы орналасқан (яғни төңкерілген адам ретінде). Мысалы: аяқ бұлшық етінің ми қыртысындағы проекциясы алдыңғы ортаңғы ирелеңнің жоғарғы бөлімінде орналасқан. Қол бұлшық еттерінің ми қыртысындағы проекциясы – алдынғы ортаңғы ирелеңнің ортаңғы бөлімінде, ал бас, бет, тіл, жұтқыншақ және көмей бұлшық еттерерінің проекциясы алдыңғы орталық иірілімнің төменгі бөлімінде орналасқан. (сурет).
Пирамидті жол түрлері 2 жолдан тұрады:
1. Қыртыстық-ядролық, traktus corticonuclearis (corticobulbaris) - ми бағанындағы БМН ядроларында аяқталады .
2. Қыртыс-жұлындық жол, traktus corticospinalis –жұлынның алдыңғы мүйзінің мотонейрондарында аяқталады. Ол жерден шыққан импульс жұлынның алдыңғы түбірішіктері арқылы шеткі нервтерге беріліп қаңқа бұлшық еттерін қимылдатады. (сурет)
ҚЫРТЫС-ЖҰЛЫНДЫҚ НЕМЕСЕ ПИРАМИДТІ ЖОЛ
Қыртыс-жұлын жолы
Қыртыс-жұлын жолының (traktus corticospinalis) – аксондары алдыңғы ортаңғы ирелеңнің 5 - Бец қабатынан басталып, сәулелі тәж құрамында мидың ақ затынан өтіп, ішкі капсуланының артқы тізесі деңгейінде шоғырланып өтіп, ми аяқшаларында кішігірім шоғыр түзеді. Бұл шоғыр ми көпірі арқылы өтіп, сопақша ми деңгейінде төңкерілген ұзын пирамидаға ұқсап тұрады (сол себепті пирамида жолы деп аталады). Сопақша мидың төменгі бөлімінде пирамидті жолдың талшықтарының 80% қарама – қарсы жаққа өтеді – ол латеральды кыртыс-жұлындық жол (tractus corticispinalis lateralis) деп аталады.. Айқаспай қалған пирамиданың 15-20% талшықтары (аксон) алдыңғы қыртыс-жұлын жолын түзеді (tractus соrticоsрiпalis апtеriоr). Латеральды кыртыс-жұлын жолы жұлынның бүйір бағанымен төмен түсе отырып, жұлынның әр сегменттеріне тармақтар беріп, төмендей келе жіңішкере түседі.
Қыртыс-ядролық немесе қыртыс – бульбарлық жол
Қыртыс-ядролық жол түзетін талшықтар ортаңғы мидан шыққаннан кейін дорсальды орналасады. БМН ядроларына жетпес бұрын бір бөлігі қарама-қарсы жаққа өтеді, ал бір бөлігі айқаспайды. Қыртыс-ядролық жолдың талшықтары бет және ауыз бұлшық еттерерінің қимылын қамтамасыз ететін невртердің ядроларына барады: үшкіл нерв, бет нерві, тіл-жұтқыншақ, кезбе, қосымша және тіл асты нерві.
Сондай-ақ 8-Бродман алаңында басталатын импульс көздің сыбайлас (содружественный) қозғалуын қамтамасыз етеді. Оны қыртыс - ортаңғы ми жолы деп айтады. Ол көз-қимылдатқыш нерві, шығыршық және әкеткіш нервтерінің сыбайлас қимылдауын қамтамасыз етеді. 8-алаңнан басталатын импульстер көз бұлшық еттерінің жеке кимылдауына жуапты емес. Олар синергично бірге көздің қарама-қарсы жаққа қимылдатады (содружественное отклонение)
ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ЗАҚЫМДАНУЫН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Сырқаттың жалпы бейнесіне, мимикасына, сөйлеуіне, қалпына және жүрісіне көңіл бөлу
Белсенді қимылдардың көлемі мен күшін анықтау
Бұлшық еттердің енжар қимылы мен тонусын анықтау
Қимыл координациясын анықтау
Нерв пен бұлшық еттердің электрлік қозғыштығын анықтау
Сырқаттың қалпы, аз немесе артық еріксіз қимылдары көзге түседі. Сырқатпен әңгімелескенде, мимикалық бұлшық еттердің парезі, сөйлеу бұзылыстары, дыбыс ерекшеліктері байқалады. Дірілдеу, ұстамалық тырысулар көрінеді. Міндетті түрде сырқаттың жүрісне көңіл бөледі, жүрісі өзгерген: гемипарезде – гемиплегиялық жүріс, Вернике ө Манна кейпі; төменгі спастикалық парапарезде - спастикалық неемесе спастико-паретикалық жүріс. Босаң парапарезде сырқаттың табаны салбырап тұрады, жерге сүүйртпес үшін аяғын жоғары көтеріп жүруге мәжбүр («әтеш» немесе перонеальды жүрісі).
Белсенді қимылдар жоғарыдан төмен зерттеледі:
Бетте маңдайын жоғары тыржиту, қабағын жұму, көз алмасының қимылдары, ауызын ашу, езуін тарту, тілін шығару.
Басын қырына бұру көлемі, иығын жоғары көтеру. Қолын горизонтальды және одан жоғары көтеру, шынтақ, білезік және саусақ буындарында бүгу, пронация мен супинация қимылын жасау, саусақтарын біріктіру мен ажырату. Қайталап жұдырығын жұмып-ашуын сұрау жатады.
Еңкею-тік тұру, оңға-солға бүгілуді сұрайды.
Жамбас, тізе, тобық пен башпай буындарында бүгілу мен жазылу қимылдары зерттеледі. Аяқтың ұшымен және тлерсекпен жүруді зерттейді.
Бұлшық ет күшін анықтау; Бұлшық ет күші бес баллдық өлшеммен бағаланады: 0 балл – сал болып қалу; 1 балл –әзер пайда болатын қимылдар; 2 балл – ептеп қимылдау; 3 балл – қимыл көлемінің азаюы, бірақ аяқ-қолын көтеру; 4 балл – бұлшық ет күші азайғанме, қимылы толық; 5 балл - бұлшық ет күші қалыпты жағдайда сақталған. Салдануды анықтау мақсатында Барренің жоғарғы және төмен сынағын жүргізудің диагностикалық маңызы ерекше. Барренің жоғарғы сынағын анықтау үшін сырқатқа қолдарын горизонтальды деңгейде ұстап тұруын сұраймыз, сырқат салданған қолын ұзақ ұстай алмайды. Барренің төменгі сынағы – сырқаттың аяқтарын қиғаш деңгейде ұстап тұруын сұрайды. Салданған аяғын әлсіздіктен ұзақ ұстай алмайды.
Қол басы жұдырықтың күшін динамометрмен анықтайды.
Бицепстің күшін анықтау үшін сырқат қолын бүгеді де, дәрігердің қолды жазбақшы болған қимылына қарсыласады.
Трицепстің күшін анықтау үшін сырқат қолын екі жағына горизонтальды деңгейде ұстап түрады. Дәрігер сырқаттың қолдарының үстінен басып төмендетуге тырысады, сырқат қолын төменге түсірмес үшін қарсыласады.
Қолдың әкеткіш бұлшық еттерінің күшін анықтау үшін сырқат екі қолын алдына горизонтальды деңгейде созады. Дәрігер қолдардың іш жағынан сыртқа қарай итеруге тырысады, сырқат қолдарын алшақтатпай қарсыласу керек.
Қолдың әкелгіш бұлшық еттерінің күшін тексеру үшін сырқат екі қолын алдына горизонтальды деңгейде созады. Дәрігер қолдардың сырт жағынан ішке қарай итеруге тырысады, сырқат қолдарын жақындатпай қарсыласу керек.
Саусақтардың күшін анықтау үшін екі саусақтарын кезек кезекпен сақина тәрізді қысып тұрады, дәрігер сол сақинаны үзуге тырысады. Вендерович сынағы – барлық саусақтарды біріктіргенде, дәрігер 5-саусақты ажыратуға тырысады. Салдану кезінде 5-саусақ оңай ажырап кетеді.
Аяқтарда да бұлшық ет күшін анықтау қолдағыдай жүргізіледі.
Бұлшық ет тонусын зерттеу тыныштықтағы бұлшық еттің пальпациясынан басталады. Атония немесе гипотония кезінде бұлшық еттер бос және болбыр болады. Буындағы енжар қимылдар босаған болады. Гипертонус кезінде бұлшық еттер тығыз, кернелген. Ал буындағы қимылдар буындардағы қимылдар шектелген. Енжар қимылдарға қарсыласу тән. «Бүктелген бәкі» симптомы – орталықтан салданған мүшені дәрігер бүгіп-жазғанда, алғашында бұлшық еттердің қарсыласуы сезіледі, кейін бұл сезім жойылып қол-аяқты бүгу-жазу жеңілдейді.
РЕФЛЕКТОРЛЫ ДОҒА. ОНЖ РЕФЛЕКТОРЛЫ-ҚОЗҒАЛТҚЫШ ҚЫЗМЕТІ. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ РЕФЛЕКСТЕР.
Рефлекстер шартты және шарстыз болып үлкен 2 топқа бөлінеді.
Шартсыз рефлекс дегеніміз – ішкі және сыртқы тітіркеністерге туа пайда болған ОНЖ реакциясы. Шартты рефлекстер адамның өмір сүру барысында пайда болады. Рефлекторлы қызмет негізін қалайды:
Тітіркендіргішті қабылдау - рецепторлар және сезімтал аппараттар
Тітіркендіргішті жауап беретін мүшеге тасымалдау – эфферентті немесе қозғалтқыш
Нерв жүйесінің тітіркендіргішті қабылдап, жауапқа айналдыратын яғни релексті қамтамасыз ететін элементін рефлекторлы доға деп айтады. Рефлекторлы доғаның құрамы: афферентті және эфферентті доға. Мысалы: тізені ( lig. Patellae) балғамен ұрса, m. quadricipitis жиырылып, аяқ жазылады. Сан нерві ұшындағы рецепторлар lig. patellae түскен тітіркендіргішті қабылдап, оны жұлын ганглиіне алып келеді. Жұлын ганглиінен импульс артқы түбіршік арқылы жұлынның артқы мүйізіне келеді. Бұл жерде импульс қосалқы нейрондар арқылы жұлынның алдыңғы мотонейрондарына өтеді және алдыңғы түбіршік арқылы сан нервімен барып m. Quadricipitis жиырылуын қамтамасыз етеді.
