- •«Халықаралық маркетинг» пӘні бойынша
- •5В051300- Әлемдік экономика мамандығы үшін
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •3.1.Оқытушылар туралы мәлімет:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:
- •5. Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі:
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •1.1. Халықаралық маркетинг түсінігінің мазмұны
- •1.2. Халықаралық маркетингтің принциптері мен мақсаттары
- •1.3. Халықаралық маркетингті іске асырудың екі түрі
- •1.4. Халықаралық маркетингтің қазіргі мәселелері
- •Халықаралық нарықта қызмет ететін фирмаларды сыныптау
- •Халықаралық фирмалар, оларға тән сипаттар және қызметінің ерекшеліктері
- •Маркетинг халықаралық фирмалардың ерекше басқару функциясы
- •Халықаралық коммерциялық бизнестің ұйымдық варианттары.
- •3 Тақырып. Халықаралық маркетинг ортасы
- •3.1. Халықаралық маркетингтің ортасын анықтайтын факторлар.
- •3. 2. Халықаралық маркетингтің саяси ортасы.
- •3.3. Халықаралық маркетингтің құқықтық ортасы.
- •3.4. Халықаралық маркетингтің құқықтық ортасы.
- •3.5. Халықаралық маркетингтің әлеуметтік мәдени ортасы
- •3.6. Халықаралық маркетингтің ғылыми – техникалық ортасы.
- •3.7. Халықаралық маркетингтің демографиялық ортасы
- •3.8. Халықаралық маркетингтің табиғи – географиялық ортасы
- •4 Тақырып. Халықаралық маркетингтегі зерттеулер.
- •4.1 Маркетингті зерттеудің объективті қажеттілігі, ерекшеліктері және қиындықтары.
- •4.2 Халықаралық маркетингтік зерттеудің мақсаттары мен түрлері.
- •4.3. Екінші ақпарат көздері
- •4.4. Зерттеу жүргізу тәртібі
- •5 Тақырып Халықаралық маркетингте нарықтарды сегменттеу
- •5.1 Мақсатты нарықты таңдау
- •5.3 Нарықтың фирмалық құрылымын зерттеу
- •5.4 Нарықтың тауарлық құрылымын талдаудың кейбір ерекшеліктері
- •5.5 Бәсекелік ортаны зерттеу. Бенчмакинг.
- •5.6 Кәсіпорынның мүмкіндіктерін зерттеу.
- •6 Тақырып. Халықаралық тауар саясаты
- •6.1 Тауардың өмірлік циклі қағидасының халықаралық ерекшеліктері.
- •6.2 Халықаралық тауар саясатын әзірлеу
- •6.3 Стандарттау және бейімдеудің түрлері
- •7 Тақырып. Халықаралық маркетингте тауарларды қаптау және таңбалама
- •7.4. Штрих коды.
- •7.1.Сыртқы нарықтардағы қаптаманың негізгі қызметі.
- •7.2. Сыртқы нарықтарда тауар қаптамасына әсер етуші факторлар
- •7.3. Тауарлардың таңбалануы
- •7.4. Штрих коды.
- •8 Тақырып. Шет ел нарығында фирманың және оның тауарының бәсекеге қабілеттілігі
- •8.1 Сыртқы нарықта фирманың бәсекеге қабілеттілігі.
- •8.2 Сыртқы нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі. Тауардың бәсекелік қабілеттілігінің деңгейін бағалау.
- •8.3 Шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері.
- •9 Тақырып. Халықаралық баға саясаты
- •9.1 Әлемдік нарықтардағы бағалық стратегиялар
- •9.2. Сыртқы саудалық операцияларда қолданылатын баға түрлері
- •9.3 Белгілі бір елде оңтайлы сату бағасын анықтау
- •9.4 Базарға сәйкес келетін баға стратегиясы
- •10 Тақырып. Халықаралық маркетингтегі тауар қозғалысы
- •10.1 Сыртқы нарықтардағы тауарларды өткізу саясатының мәні және әдістемелігі. Тауарларды өткізу каналдары
- •10.2. Өткізу нарықтарын таңдау. Тікелей өткізу
- •10.3. Нарықтық құрылымдар және сыртқы нарықтарда тауарларды өткізу. Жанама түрдегі өткізу.
- •10.4. Халықаралық логистика.
- •11 Тақырып. Фирманың халықаралық коммуникациялық саясаты
- •11.1. Коммуникацияның маркетингтік құралдарының түсінігі.
- •11.2 Халықаралық жарнамалық шаралар тұжырымдамалары мен принциптері.
- •11.3. Жарнамаларды таратудың халықаралық құралдары.
- •11.4. Өнімді өткізуді ынталандыру.
- •12 Тақырып. Сыртқы нарықтарға шығу стратегиялары
- •12. 1. Халықаралық нарыққа ену әдістері
- •12.2 Тауар қозғалысының каналдарын таңдау
- •12.3 Кәсіпорындардың халықаралық қызметін ұйымдастыру нысандары
- •12.4 Бірлескен кәсіпкерлік қызметінің негізгі нысандары
- •12.5 Нарық субъектілерінің халықаралық қызметінің нысаны ретіндегі франчайзинг ерекшеліктері
- •13 Тақырып. Импортты маркетинг
- •13.2. Кәсіпорындағы сатып алу қызметі және коммерциялық қызмет
- •13.3. Кәсіпорында сатып алу қызметін ұйымдастыру
- •14 Тақырып. Халықаралық коммерциялық операцияларды маркетингтік қамтамасыз ету
- •1. Сыртқы саудалық операциялардың топтастырылуы.
- •15 Тақырып. Халықаралық маркетингті жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау
- •15.1 Халықаралық жоспарлаудың қажеттілігі
- •15.2 Халықаралық жоспарлау процесі
- •15.3 Халықаралық қызметті ұйымдастыру
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •№ 8 Тақырып. Шет ел нарығында фирманың және оның тауарының бәсекеге қабілеттілігі
- •№ 9 Тақырып. Халықаралық баға саясаты
- •Семинарда талқылануға арналған тапсырмалар мен сұрақтар:
- •8. Лабораториялық сабақтар жоспары қарастырылмаған.
- •9. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •11 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •3 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •4 Тапсырма. Кестені толтырыңыз. Халықаралық нарыққа шығу әдістері.
- •4 Тапсырма. Соңғы 20 жыл ішінде экономистер арасында қалыптастырылған бенчмаркингтің жеті қадамын суреттеңіз. Бұд қадамдар қандай әрекеттермен сипатталатынына тоқталыңыз.
- •1 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •2 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •3 Тапсырма. Кестені толтырыңыз
- •№ 8 Тақырып. Шет ел нарығында фирманың және оның тауарының бәсекеге қабілеттілігі
- •№ 9 Тақырып. Халықаралық баға саясаты
- •2 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •3 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •2 Тапсырма. Кестені толтырыңыз. Кәсіпорынды халықаралық маркетингке енгізу делелдері
- •12 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •№ 8 Тақырып. Шет ел нарығында фирманың және оның тауарының бәсекеге қабілеттілігі
- •№ 9 Тақырып. Халықаралық баға саясаты
- •13 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •14 Баға туралы ақпараттар
- •15 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Халықаралық маркетинг принциптері мен мақсаттары
- •17 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •Мазмұны
- •Халықаралық маркетинг
- •5В051300- Әлемдік экономика мамандығы үшін
- •470061, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
Халықаралық нарықта қызмет ететін фирмаларды сыныптау
Кез келген саудалық операция шет елдік әріптес–контрагентті таңдаудан басталады. Контрагенттерді дұрыс таңдап алу және сыртқы экономикалық байланыстарда тиімділікке жету нақты саланың ұйымдық құрылымына, халықаралық және ұлттық, тауарлық нарықтардағы фирмалардың роліне, шетел фирмаларының қызметін ұйымдастыру және құқықтық түрлеріне, олардың өткізу қызметіне, қаржылық және өндірістік мүмкіндіктеріне және басқа сұрақтарға байланысты.
Нарық экономикасы дамыған елдерде фирмаларды жіктеу жүйесі жақсы қалыптасқан.
Фирма – бұл белгілі бір құқықтық нысандарға сай тіркелген, қоғамдық еңбек бөлінісінде бөлініп шыққан шаруашылық бірлігі.[12, б. 139]. Фирмалар бірқатар өлшемдерге байланысты жіктеледі.
Шаруашылық қызметінің түріне және орындалатын операциялардың сипатына байланысты фирмалар былай жіктеледі:
-өнеркәсіптік;
-ауыл шаруашылық және агроөнеркәсіптік;
-саудалық;
-құрылыс;
-көліктік;
-сақтандыру;
-лизингтік және т.б.
Өнеркәсіптік компанияларға айналымның 50% - ы және одан да жоғарысы сол кәсіпорынның өзінің өндірген өнімін құрайтын фирмалар жатады.
Нарықтық экономикасы жоғары дамыған бірқатар елдерде (АҚШ, Франция, Бельгия, Нидерланд, Швеция, Дания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия) және кейбір дамушы елдерде (Аргентина, Бразилия, Мексика) шаруа шаруашылықтарының өнімдерінің негізгі түрлерін өңдеп өткізуді іске асыратын, ауыл шаруашылық және агроөнеркәсіптік компанияларының алатын орны зор.
Саудалық фирмалар сатып алу, сату операцияларымен айналысады. Олар өнеркәсіптік фирмалардың өткізу жүйесінің құрамында қызмет ете алады немесе тәуелсіз сауда делдалдары болуы мүмкін. Бұларға әр түрлі көтерме және бөлшек сауда, саудалық - делдалдық, экспорттық, импорттық, экспорттық-импорттық фирмалар, сонымен қатар өнеркәсіптік және басқада саудалық емес фирмалардың сатып алып-өткізуші және өткізуші еншілес компаниялары жатады.
Дамыған және дамушы елдерде құрылыстық, инженерлік-құрылыстық және инженерлік–консультациялық фирмалар мен компаниялар үлкен топ құрайды.
Соңғы жылдарда көлік түрлерінің қарыштап дамуына байланысты көліктік фирмалардың (автокөліктік, әуе жолы, темір жол, құбыр жолы, су жолы, көліктік-экспедициялық, көліктік қоймалық) саны көбейіп, өсті.
Дамыған және дамушы елдердің экономикасында телекоммуникациялық фирмалардың ролі айрықша.
Сонымен қатар барлық дамыған, көптеген дамушы елдердің экономикасында банктік, сақтандыру, қаржылық-инвестициялық компаниялар, жинақ кассалары, бағалы қағаздармен және жылжымайтын мүлікпен операциялар жүргізетін фирмалар маңызды орын алады.
Халықаралық фирмалар, оларға тән сипаттар және қызметінің ерекшеліктері
Әр түрлі елдерде орналасқан және өндіріс құрал-жабдықтары бір меншікке біріктірілген, көптеген кәсіпорындардың жұмысшыларының еңбегі кооперациялануға негізделген шаруашылық қызметінің ерекше ұйымдық түрін халықаралық фирма деп атайды.
Бұл анықтама халықаралық фирмалардың сапалық сипатын көрсетеді. Басты ерекшелік басқа елдердегі еншілес кәсіпорындарға технологиялық үдерістің белгілі бір бөлігін көшіру. Мысалы: БҰҰ сарапшыларының есебі бойынша 90-шы жылдардың соңында 60 мыңға жуық халықаралық фирмалар қызмет істеді, олардың құрамына 250,2 мың еншілес компаниялар кіреді. Ал 1980 ж. 10 мың халықаралық фирма, 90 мың олардың филиалдары мен еншілес компаниялары 125 елде қызмет еткен болатын.
Халықаралық фирмалардың ерекше сипатын және экономикалық табиғатын ашу, оның өндіріс пен капиталды интернационалдырудың жаңа сапалық деңгейі және әлемдік базарда өзгеріске ұшырайтын түрі ретінде ерекше белгілерін анықтауды қажет етеді. Бұндай ерекше сипаттарына мыналар жатады:
меншіктік және шаруашылықтық қызметінің өте көлемділігі;
шетелдік өндірістік қызметтің өсуіне байланысты өндіріс пен капиталдың трансұлттандырылуы;
фирмалар ішіндегі әлеуметтік–экономикалық қатынастардың ерекше сипаты;
көптеген хлықаралық фирмалардың көпсалалы концерндерге айналуы.
Ал ірі халықаралық фирмалар өте үлкен шаруашылықтық империяларға айналды. Ол өндіріс пен капиталдың интернационалдық масштабта шоғырлану деңгейінің жоғарлығынан көрінеді. Өндіріс пен капиталдың тарнсұлттандырылуының деңгейінің жоғарылығы шетелдік өндіріс пен өткізудің шұғыл кеңеюінің нәтижесі.
