- •«Халықаралық маркетинг» пӘні бойынша
- •5В051300- Әлемдік экономика мамандығы үшін
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •3.1.Оқытушылар туралы мәлімет:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:
- •5. Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі:
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •1.1. Халықаралық маркетинг түсінігінің мазмұны
- •1.2. Халықаралық маркетингтің принциптері мен мақсаттары
- •1.3. Халықаралық маркетингті іске асырудың екі түрі
- •1.4. Халықаралық маркетингтің қазіргі мәселелері
- •Халықаралық нарықта қызмет ететін фирмаларды сыныптау
- •Халықаралық фирмалар, оларға тән сипаттар және қызметінің ерекшеліктері
- •Маркетинг халықаралық фирмалардың ерекше басқару функциясы
- •Халықаралық коммерциялық бизнестің ұйымдық варианттары.
- •3 Тақырып. Халықаралық маркетинг ортасы
- •3.1. Халықаралық маркетингтің ортасын анықтайтын факторлар.
- •3. 2. Халықаралық маркетингтің саяси ортасы.
- •3.3. Халықаралық маркетингтің құқықтық ортасы.
- •3.4. Халықаралық маркетингтің құқықтық ортасы.
- •3.5. Халықаралық маркетингтің әлеуметтік мәдени ортасы
- •3.6. Халықаралық маркетингтің ғылыми – техникалық ортасы.
- •3.7. Халықаралық маркетингтің демографиялық ортасы
- •3.8. Халықаралық маркетингтің табиғи – географиялық ортасы
- •4 Тақырып. Халықаралық маркетингтегі зерттеулер.
- •4.1 Маркетингті зерттеудің объективті қажеттілігі, ерекшеліктері және қиындықтары.
- •4.2 Халықаралық маркетингтік зерттеудің мақсаттары мен түрлері.
- •4.3. Екінші ақпарат көздері
- •4.4. Зерттеу жүргізу тәртібі
- •5 Тақырып Халықаралық маркетингте нарықтарды сегменттеу
- •5.1 Мақсатты нарықты таңдау
- •5.3 Нарықтың фирмалық құрылымын зерттеу
- •5.4 Нарықтың тауарлық құрылымын талдаудың кейбір ерекшеліктері
- •5.5 Бәсекелік ортаны зерттеу. Бенчмакинг.
- •5.6 Кәсіпорынның мүмкіндіктерін зерттеу.
- •6 Тақырып. Халықаралық тауар саясаты
- •6.1 Тауардың өмірлік циклі қағидасының халықаралық ерекшеліктері.
- •6.2 Халықаралық тауар саясатын әзірлеу
- •6.3 Стандарттау және бейімдеудің түрлері
- •7 Тақырып. Халықаралық маркетингте тауарларды қаптау және таңбалама
- •7.4. Штрих коды.
- •7.1.Сыртқы нарықтардағы қаптаманың негізгі қызметі.
- •7.2. Сыртқы нарықтарда тауар қаптамасына әсер етуші факторлар
- •7.3. Тауарлардың таңбалануы
- •7.4. Штрих коды.
- •8 Тақырып. Шет ел нарығында фирманың және оның тауарының бәсекеге қабілеттілігі
- •8.1 Сыртқы нарықта фирманың бәсекеге қабілеттілігі.
- •8.2 Сыртқы нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі. Тауардың бәсекелік қабілеттілігінің деңгейін бағалау.
- •8.3 Шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері.
- •9 Тақырып. Халықаралық баға саясаты
- •9.1 Әлемдік нарықтардағы бағалық стратегиялар
- •9.2. Сыртқы саудалық операцияларда қолданылатын баға түрлері
- •9.3 Белгілі бір елде оңтайлы сату бағасын анықтау
- •9.4 Базарға сәйкес келетін баға стратегиясы
- •10 Тақырып. Халықаралық маркетингтегі тауар қозғалысы
- •10.1 Сыртқы нарықтардағы тауарларды өткізу саясатының мәні және әдістемелігі. Тауарларды өткізу каналдары
- •10.2. Өткізу нарықтарын таңдау. Тікелей өткізу
- •10.3. Нарықтық құрылымдар және сыртқы нарықтарда тауарларды өткізу. Жанама түрдегі өткізу.
- •10.4. Халықаралық логистика.
- •11 Тақырып. Фирманың халықаралық коммуникациялық саясаты
- •11.1. Коммуникацияның маркетингтік құралдарының түсінігі.
- •11.2 Халықаралық жарнамалық шаралар тұжырымдамалары мен принциптері.
- •11.3. Жарнамаларды таратудың халықаралық құралдары.
- •11.4. Өнімді өткізуді ынталандыру.
- •12 Тақырып. Сыртқы нарықтарға шығу стратегиялары
- •12. 1. Халықаралық нарыққа ену әдістері
- •12.2 Тауар қозғалысының каналдарын таңдау
- •12.3 Кәсіпорындардың халықаралық қызметін ұйымдастыру нысандары
- •12.4 Бірлескен кәсіпкерлік қызметінің негізгі нысандары
- •12.5 Нарық субъектілерінің халықаралық қызметінің нысаны ретіндегі франчайзинг ерекшеліктері
- •13 Тақырып. Импортты маркетинг
- •13.2. Кәсіпорындағы сатып алу қызметі және коммерциялық қызмет
- •13.3. Кәсіпорында сатып алу қызметін ұйымдастыру
- •14 Тақырып. Халықаралық коммерциялық операцияларды маркетингтік қамтамасыз ету
- •1. Сыртқы саудалық операциялардың топтастырылуы.
- •15 Тақырып. Халықаралық маркетингті жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау
- •15.1 Халықаралық жоспарлаудың қажеттілігі
- •15.2 Халықаралық жоспарлау процесі
- •15.3 Халықаралық қызметті ұйымдастыру
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •№ 8 Тақырып. Шет ел нарығында фирманың және оның тауарының бәсекеге қабілеттілігі
- •№ 9 Тақырып. Халықаралық баға саясаты
- •Семинарда талқылануға арналған тапсырмалар мен сұрақтар:
- •8. Лабораториялық сабақтар жоспары қарастырылмаған.
- •9. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •11 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •3 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •4 Тапсырма. Кестені толтырыңыз. Халықаралық нарыққа шығу әдістері.
- •4 Тапсырма. Соңғы 20 жыл ішінде экономистер арасында қалыптастырылған бенчмаркингтің жеті қадамын суреттеңіз. Бұд қадамдар қандай әрекеттермен сипатталатынына тоқталыңыз.
- •1 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •2 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •3 Тапсырма. Кестені толтырыңыз
- •№ 8 Тақырып. Шет ел нарығында фирманың және оның тауарының бәсекеге қабілеттілігі
- •№ 9 Тақырып. Халықаралық баға саясаты
- •2 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •3 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •2 Тапсырма. Кестені толтырыңыз. Кәсіпорынды халықаралық маркетингке енгізу делелдері
- •12 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •№ 8 Тақырып. Шет ел нарығында фирманың және оның тауарының бәсекеге қабілеттілігі
- •№ 9 Тақырып. Халықаралық баға саясаты
- •13 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •14 Баға туралы ақпараттар
- •15 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Халықаралық маркетинг принциптері мен мақсаттары
- •17 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •Мазмұны
- •Халықаралық маркетинг
- •5В051300- Әлемдік экономика мамандығы үшін
- •470061, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
7.3. Тауарлардың таңбалануы
Сыртқы нарықтағы тауардың таңбалануы қаптамада көрсетілген мәтінді, шартты белгілерді немесе суреттерді, сонымен қатар сатып алушыларға тауарды дайындаушылар (өндірушілер), өнімнің сандық және сапалдық сипаттамалары туралы ақпараттарды жеткізу немесе тауардың жеке қасиеттері туралы басқа да мәліметтерді білдіреді.
Таңбалануды қолдану көптеген елдерде тауардың бәсекелік қабілеттілігінің жеке сипаттамалары туралы әлеуетті тұтынушыларға танысуға мүмкіндік береді. Мысалы, жапондық «Электротехникалық және тұрмыстық мақсаттағы тауарлар және олардың өндірісі үшін қолданылатын материалдарды бақылау туралы Заңға» сәйкес тауарды шетелдік өндіруші бұйымға оның қауіпсіздігін кепілдендіретін, арнайы таңбаламаны көрсетуі тиіс. .
Таңбаланудың негізгі иеленушілері заттаңбалар болып табылады. Олар жеке елдердің тарихи, мәдени және әлеуметтік – экономикалық дәстүрлеріне сәйкес келулері тиіс. Заттаңбалама ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес келуі тиіс. Ең алдымен, ресми тілді ескеру қажат, ол келесілерге мүмкіндік беретін ақпараттарды қамтуы тиіс:
- тауар өндіруші елді, тауар өндірушінің атын, сонымен қатар тауардың негізгі құрамдастырушылары мен құрылымын;
- тауардың жарымдылық мерзімін және оның сапалық сипаттамаларын анықтау (мысалы, сұрып);
- тауарды дұрыс қолдану;
- тауарды дұрыс қолданбау негізіндегі жағымсыз зардаптарға жол бермеу.
Әлемдік қауымдастықпен тауарлардың қапатамасы мен таңбалануының бірқатар тәртіптері әзірленген және келісілген. Мұндай келісімдердің ішінде негізінен келесілерді ерекшелеп көрсетеді:
- қауіпті тауарлардың тасымалдануы туралы халықаралық келісім шарттар;
- қауіпті тауарлар үшін халықаралық су кодтары;
- ауа жолымен тасымалданатын, қауіпті жүктерді таңбалау бойынша халықаралық келісімдер.
Көптеген елдерде, оның ішінде әсересе ЕО елдерінде тауардың экологиялық таңбалануы деп аталатын ұғым кеңінен қолданылады. Оның негізгі мақсаты экологиялық таза өнімді өндіруге және тұтынуға ынталандыру болып табылады. Экологиялық таза өнім қатарына қоршаған ортаға минималды зиян тигізетін өнімдер жатқызылады. Мұндай зиянды бағалау кезінде негізінен келесілер ескеріледі:
- өнімнің өндірісі үдерісінде қалдықтардың болуы;
- ортаның ластану деңгейі;
- ауаның ластану деңгейі;
- топырақтың ластануы және оның эрозияға ұшырау мүмкіндігінің деңгейі;
- жанжалдың болуы;
- табиғи ресурстарды пайдалану деңгейі;
- тұтынылатын электр қуатының саны.
7.4. Штрих коды.
Сыртқы саудалық тәртіптерді жетілдірудегі қалыптастырылған тәртіптерге сәйкес штрих кодының болуы экспорттық жеткізілімдерді іске асырудың міндетті шарт болып табылады. Штрих кодын иеленбеген тауар сауда фирмасымен қабылдана алмайды. Штрих кодының болмауы келесіні болжамдайтын, тауар қозғалысын басқаруды қажетті деңгейде іске асыруға мүмкіндік бермейді:
- тауардың автоматтандырылған түрде бірегейленуі;
- тауар қорларының автоматтандырыған есебі және бақылануы;
- тауар қозғалысын жеделдетілген түрде басқару;
- сатып алушыларға қызмет көрсету мәдениетінің жоғарғы деңгейі;
- маркетингтік зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету.
Болжамданатын тауарлардың 85 % артығында штрих коды болатын болса, ол экономикалық деңгейде ақталған болып есептелінеді.
Штрих коды әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолданылады. Мұндай код АҚШ – та барлық өндірілетін өнімнің 90%-да, Германияда - 80% жуық пайызында, ал Францияда - 70% жуығында болады.
Әлемде штрихтық кодтаудың 50-ден артық әртүрлі жүйелері қолданылады. Алайда, 1977 жылы қалыптастырылған, тауарлық нөмірленудің Еуропалық бірлестігімен құрылған EAN (European Article Numbering) код белгілі бір артықшылықты иеленеді. Бірлестікке еуропалық емес елдер енгеннен кейін, оның негізінде Брюсселде орталық – пәтері бар тауарларды кодтаудың Халықаралық бірлестігі құрылды.
Штрихтық кодтаудың EAN құрылған жүйесінің негізіне 1970 жылдың басында АҚШ-та және Канадада әзірленген UPC (Universal Product Code) әмбебап тауар кодтарын қолдануға бағыттар енгізілді. Бұл кодтар қазіргі кезде де қолданылады. Олар 8 және 12 сандардан тұрады. Сонымен қатар, кодтың сандық бөлігі нөлден басталады, ал кодтың бірінші және соңғы сандары – кодтың «басы» және «соңы» түріндегі штрихтарға бөлінген.
Әдебиеттер: 1 - 40
