- •«Халықаралық маркетинг» пӘні бойынша
- •5В051300- Әлемдік экономика мамандығы үшін
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •3.1.Оқытушылар туралы мәлімет:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:
- •5. Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі:
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •1.1. Халықаралық маркетинг түсінігінің мазмұны
- •1.2. Халықаралық маркетингтің принциптері мен мақсаттары
- •1.3. Халықаралық маркетингті іске асырудың екі түрі
- •1.4. Халықаралық маркетингтің қазіргі мәселелері
- •Халықаралық нарықта қызмет ететін фирмаларды сыныптау
- •Халықаралық фирмалар, оларға тән сипаттар және қызметінің ерекшеліктері
- •Маркетинг халықаралық фирмалардың ерекше басқару функциясы
- •Халықаралық коммерциялық бизнестің ұйымдық варианттары.
- •3 Тақырып. Халықаралық маркетинг ортасы
- •3.1. Халықаралық маркетингтің ортасын анықтайтын факторлар.
- •3. 2. Халықаралық маркетингтің саяси ортасы.
- •3.3. Халықаралық маркетингтің құқықтық ортасы.
- •3.4. Халықаралық маркетингтің құқықтық ортасы.
- •3.5. Халықаралық маркетингтің әлеуметтік мәдени ортасы
- •3.6. Халықаралық маркетингтің ғылыми – техникалық ортасы.
- •3.7. Халықаралық маркетингтің демографиялық ортасы
- •3.8. Халықаралық маркетингтің табиғи – географиялық ортасы
- •4 Тақырып. Халықаралық маркетингтегі зерттеулер.
- •4.1 Маркетингті зерттеудің объективті қажеттілігі, ерекшеліктері және қиындықтары.
- •4.2 Халықаралық маркетингтік зерттеудің мақсаттары мен түрлері.
- •4.3. Екінші ақпарат көздері
- •4.4. Зерттеу жүргізу тәртібі
- •5 Тақырып Халықаралық маркетингте нарықтарды сегменттеу
- •5.1 Мақсатты нарықты таңдау
- •5.3 Нарықтың фирмалық құрылымын зерттеу
- •5.4 Нарықтың тауарлық құрылымын талдаудың кейбір ерекшеліктері
- •5.5 Бәсекелік ортаны зерттеу. Бенчмакинг.
- •5.6 Кәсіпорынның мүмкіндіктерін зерттеу.
- •6 Тақырып. Халықаралық тауар саясаты
- •6.1 Тауардың өмірлік циклі қағидасының халықаралық ерекшеліктері.
- •6.2 Халықаралық тауар саясатын әзірлеу
- •6.3 Стандарттау және бейімдеудің түрлері
- •7 Тақырып. Халықаралық маркетингте тауарларды қаптау және таңбалама
- •7.4. Штрих коды.
- •7.1.Сыртқы нарықтардағы қаптаманың негізгі қызметі.
- •7.2. Сыртқы нарықтарда тауар қаптамасына әсер етуші факторлар
- •7.3. Тауарлардың таңбалануы
- •7.4. Штрих коды.
- •8 Тақырып. Шет ел нарығында фирманың және оның тауарының бәсекеге қабілеттілігі
- •8.1 Сыртқы нарықта фирманың бәсекеге қабілеттілігі.
- •8.2 Сыртқы нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі. Тауардың бәсекелік қабілеттілігінің деңгейін бағалау.
- •8.3 Шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері.
- •9 Тақырып. Халықаралық баға саясаты
- •9.1 Әлемдік нарықтардағы бағалық стратегиялар
- •9.2. Сыртқы саудалық операцияларда қолданылатын баға түрлері
- •9.3 Белгілі бір елде оңтайлы сату бағасын анықтау
- •9.4 Базарға сәйкес келетін баға стратегиясы
- •10 Тақырып. Халықаралық маркетингтегі тауар қозғалысы
- •10.1 Сыртқы нарықтардағы тауарларды өткізу саясатының мәні және әдістемелігі. Тауарларды өткізу каналдары
- •10.2. Өткізу нарықтарын таңдау. Тікелей өткізу
- •10.3. Нарықтық құрылымдар және сыртқы нарықтарда тауарларды өткізу. Жанама түрдегі өткізу.
- •10.4. Халықаралық логистика.
- •11 Тақырып. Фирманың халықаралық коммуникациялық саясаты
- •11.1. Коммуникацияның маркетингтік құралдарының түсінігі.
- •11.2 Халықаралық жарнамалық шаралар тұжырымдамалары мен принциптері.
- •11.3. Жарнамаларды таратудың халықаралық құралдары.
- •11.4. Өнімді өткізуді ынталандыру.
- •12 Тақырып. Сыртқы нарықтарға шығу стратегиялары
- •12. 1. Халықаралық нарыққа ену әдістері
- •12.2 Тауар қозғалысының каналдарын таңдау
- •12.3 Кәсіпорындардың халықаралық қызметін ұйымдастыру нысандары
- •12.4 Бірлескен кәсіпкерлік қызметінің негізгі нысандары
- •12.5 Нарық субъектілерінің халықаралық қызметінің нысаны ретіндегі франчайзинг ерекшеліктері
- •13 Тақырып. Импортты маркетинг
- •13.2. Кәсіпорындағы сатып алу қызметі және коммерциялық қызмет
- •13.3. Кәсіпорында сатып алу қызметін ұйымдастыру
- •14 Тақырып. Халықаралық коммерциялық операцияларды маркетингтік қамтамасыз ету
- •1. Сыртқы саудалық операциялардың топтастырылуы.
- •15 Тақырып. Халықаралық маркетингті жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау
- •15.1 Халықаралық жоспарлаудың қажеттілігі
- •15.2 Халықаралық жоспарлау процесі
- •15.3 Халықаралық қызметті ұйымдастыру
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •№ 8 Тақырып. Шет ел нарығында фирманың және оның тауарының бәсекеге қабілеттілігі
- •№ 9 Тақырып. Халықаралық баға саясаты
- •Семинарда талқылануға арналған тапсырмалар мен сұрақтар:
- •8. Лабораториялық сабақтар жоспары қарастырылмаған.
- •9. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •11 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •3 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •4 Тапсырма. Кестені толтырыңыз. Халықаралық нарыққа шығу әдістері.
- •4 Тапсырма. Соңғы 20 жыл ішінде экономистер арасында қалыптастырылған бенчмаркингтің жеті қадамын суреттеңіз. Бұд қадамдар қандай әрекеттермен сипатталатынына тоқталыңыз.
- •1 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •2 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •3 Тапсырма. Кестені толтырыңыз
- •№ 8 Тақырып. Шет ел нарығында фирманың және оның тауарының бәсекеге қабілеттілігі
- •№ 9 Тақырып. Халықаралық баға саясаты
- •2 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •3 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •2 Тапсырма. Кестені толтырыңыз. Кәсіпорынды халықаралық маркетингке енгізу делелдері
- •12 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •№ 8 Тақырып. Шет ел нарығында фирманың және оның тауарының бәсекеге қабілеттілігі
- •№ 9 Тақырып. Халықаралық баға саясаты
- •13 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •14 Баға туралы ақпараттар
- •15 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Халықаралық маркетинг принциптері мен мақсаттары
- •17 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •Мазмұны
- •Халықаралық маркетинг
- •5В051300- Әлемдік экономика мамандығы үшін
- •470061, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
5.1 Мақсатты нарықты таңдау
Шетел базарын білу ондаған қалыптасқан жағдайды анықтау ғана емес, негізінде оның болашақтағы даму үрдістері мен бағыттарын болжау. Кәсіпкердің негізгі міндеті болашағы бар, сиымды базар табу. Басты назар мақсатты базарлардағы, оның сегменттеріндегі Әлеуетті тұтынушылардың талаптарын ескеруге, туындайтын және қанағаттандырылмаған қажеттіліктерді анықтауға бөлінеді.
Керекті базарды таңдап алу оларды саралау (рангілеу) және кәсіпорын мен оның тауары үшін тартымды базарады бөліп көрсету жолымен іске асырылады.
Базарларды саралау келесі факторлар бойынша іске асырылады:
Базардың әкелу сиымдылығы (әлуеті).
Базардың қол жетерлігі
Базардың өсу динамикасы.
Кәсіпорын ұсынатын тауарларды тұтынатын салалы мен сфералардағы инвестициялық саясат.
Саяси-экономикалық және құқықтық режимнің тұрақтылығы.
Елдің (аймақтың) ЖІО, ЖҰҰ, жан басына шаққандағы табыс деңгейі.
Географиялық жағдай.
5.2 Шетел нарығын сегменттеу ерекшеліктері және тұтынушыларды талдау.
Әлемдік нарықта әр түрлі тауарлар мен қызметтерді тұтынатын тұтынушылар баршылық. Оларға белгілі өнімнің тұтынушылары болып табылатын мемлекеттік немесе жеке меншік фирмалар, ұйымдар, компаниялар, жеке тұлғалар және делдал-фирмалар жатады. Экспортшы кәсіпорынның басты міндеті берілген тауар мен қызмет түрін пайдаланушы әлеуетті тұтынушылар ішінен осы кәсіпорынның өнімін қысқа мерзім ішінде тиімді сатып ала алатын (өткізе алатын) фирмалар мен ұйымдарды таңдап алу.
Тауар нақты тұтынушыға (конрагент-фирмаға) немесе, жалпы сұраныс тауары болса дистрибъюторлық сауда ұйымы (бөлшек сауда ұйымы) арқылы тұтынушыға өткізілуі мүмкін. Тауар делдал-фирмаға тұтынушыларға өткізу үшін берілуі мүмкін. Қалай болғанда да сұраныстың тұтыну көлемін, сонымен қоса қанағаттандырылмаған қажеттілік немесе нарық үлесін табу үшін оны сегменттеу жүргізіледі.
Сұранысты зерттеу келесі кезекпен орындалады:
нарықты сегменттеу;
сатып алушылар мінез-құлығын зерттеу;
қанағаттандырылмаған қажеттілік немесе нарық ұясын анықтау.
Халықаралық маркетингте жалпы маркетингтегідей сіздің кәсіпорынның өнімін алуға қызығушылық білдіруші мақсатты біртекті тұтынушылар тобын таңдап алу нарықты сегменттеу деп аталады. Мақсатты нарықты сегменттеудің, халықаралық маркетингте ішкі маркетингтегі сияқты мәні және маңызы бар зор. Таңдап алынған тұтынушылар сегментімен жұмыс істеу, олармен тұрақты байланыс жасау кәсіпорынға нарық туралы тауарлық, бағалық және өткізу саясатына ағымдағы және алдын ала өзгертулер енгізе отырып қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Өндірістік мақсаттағы тауарларды экспорттаумен байланысты шетел нарығын сегменттеудің жеткілікті дәрежеде ерекшеліктері бар. Оған мысал ретінде сол тауарды тұтынушылардың аз болатындығын айтуға болады. Бұндай өнімнің нарығын сегменттеу үшін келесі критерилер пайдаланылады:
- географиялық орналасу;
өнімді сатып алушы ұйымның тұрпаты;
сатып алу көлемі;
сатып алынған тауардың пайдаланылу бағыттары.
Әрбір кәсіпорын жалпы принциптерді басшылыққа ала отырып, таңдалған нарықты сегменттеу үшін өз тәсілдерін әзірлеу керек.
Шетел нарығын тұтыну мақсатындағы өнім үшін сегменттеуде, ұлттық нарықты сегменттегендегідей критерилер немесе Ресейде мақұлдаудан өткен ерекше әзірленімдер қолданылады. Оларға мыналар жатады:
а) географиялық орналасу;
б) әлеуметтік-экономикалық (табыс көлемі, білім, мекен жайы және басқалары);
в) демографиялық (жыныс, жас, жанұялық жағдайы және басқалары);
г) психографиялық (өмір салты, сатып алушылар әдеттері, ұлттық мінез ерекшеліктері және басқалары);
д) мінез-құлықтық (білім деңгейі, өнімді пайдалануды немесе оған кері әсерді сипаттайтын көзқарастар). Тұтынушылар көзқарасы деп бұйымдар мен адамдарға қатысты тұрақты оң немесе теріс бағалар, сезімдер мен бейімділіктер түсініледі. Ол (көзқарас) тұтынушылар мінез құлығына өте күшті әсер етеді.
